16
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Мұндай жағдайларда үкіметтік емес ұйымдар мен адвокаттардың кәсіби бірлестіктерінің арасына теңдік
дәрежесін қоюға болмайды, себебі бұл институттардың қызметтері, міндеттері, құрал-тәсілдері мен
жауапкершілігінің арасында елеулі айырмашылық бар.
Үкіметтік емес ұйымдар мен адвокатураны сот өндірісінде азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша
өкілеттіктері жағынан теңестіру мүмкін емес, себебі осы мақсатта адвокатура мамандандырылған
институт болып табылады әрі қорғаушы адвокаттардың кәсіби бірлестігі ретінде осы жұмысты орындауға
көбірек бейімделген.
Бюджеттің есебінен заңгерлік көмек көрсету бойынша функциялар үкіметтік емес ұйымдарға немесе
басқа құрылымдарға табысталған жағдайда пайда болуы мүмкін тағы бір елеулі проблема кадрларды
қалыптастырудың ерекшеліктері болып табылады.
Адвокат – бұл дипломы бар заңгер, ол машықтанушы ретінде адвокаттар алқасында қосымша
дайындықтан өтеді, және лицензия алу құқығына ие болу үшін едәуір күрделі біліктілік емтиханын
тапсырады. Адвокат кәсіби әдептілік ережелеріне тәуелді, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарына
бағынады және оның қорғауында болып қана қоймай, сонымен қатар заңнаманы немесе корпоративтік
мінез-құлық нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Жалпы алғанда,
адвокатқа қойылатын осы талаптар қылмыстық процесте сапалы қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті
біліктілік деңгейі болатынына кепілдік беруге тиіс.
Үкіметтік емес ұйымдар кадрларды іріктеу, дайындау және кәсіби жағынан бақылау бойынша дәл осындай
немесе осыған ұқсас жүйені қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, айрықша құқықтық мәртебесі және
тәуелсіз кәсіби қызметін жүргізуге қосымша кепілдігі бар адвокатурадан өзгеше
9
, үкіметтік емес ұйымдар
құқық қорғау органдарының немесе басқа да мүдделі тұлғалар тарапынан болатын, қазіргі жағдайда
құтылу мүмкін емес теріс ықпал мен теріс пайдаланудан қорғалмаған.
Адвокаттың жұмысы әдетте құқықтық қақтығысқа қатысумен, соның ішінде кейде өз ведомствосына
ғана тән мақсаттарды көздейтін және өз қарсыластарына қысым жасау үшін едәуір үлкен әлеуеті бар
қылмыстық ізге түсу органдарымен бірге қатысумен байланысты. Мұндай жағдайларда адвокаттар
алқасының тарапынан көрсетілетін қолдау кәсіпқой қорғаушының қалыпты жұмыс істеуінің белгілі бір
кепілдігі болады.
Үкіметтік емес ұйымдардың қолында осындай құқықтық және ұйымдық ресурстар жоқ. Сондықтан,
халыққа кеңестеме беру арқылы құқықтық көмек көрсетуге үкіметтік емес ұйымдардың қатысу
мүмкіндігін түгелдей жоққа шығармастан, оларды қылмыстық немесе әкімшілік сот өндірісіне тарту иде-
ясына сақтықпен қарау керек.
Соңғы кезде «мемлекеттік» деген атау таңылған адвокатураны құру жөніндегі идеялар талқыланып жүр.
Әділет органдарының немесе жергілікті атқару органдарының жанынан құрылған заңгерлер топтары бюд-
жеттен еңбекақы ала отырып, адвокаттар алқаларының баламаларына айналады да, заңгерлік көмекке
өздері ақы төлей алмайтын адамдарға осындай көмек көрсетілуін қамтамасыз ете алады деп топшыла-
9
Мысалы, заңмен адвокаттарды қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қорғау көзделген (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 365-бабы).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» № 195-I Заңының 17-бабында
адвокаттық қызметтің кепілдіктерінің тұтас бір тізбесі белгіленген.
I Тарау
17
нады. Осы идеяның жақтастары осындай құрама топтарды заң бюросы деп айқындайды немесе оларды
«муниципалдық» адвокатура деп атайды.
Мұндай ұсыныстарды мүлде лайықсыз деп санаймыз. Қылмыстық сот өндірісінде жария айыптау істері
бойынша ізге түсу мен айып тағуды іс жүзінде атқарушы билік органдарына жататын мемлекет өкілдері
жүзеге асырады. Әкімшілік өндірістердің көпшілігінде шамамен осындай жағдай қалыптасуда. Әділет ор-
гандары немесе жергілікті әкімшілік органдары жанынан құрылуы топшыланып отырған «заң бюролары»
да атқарушы билік тармағының құрылымдары болаотырып,мұның өзіне тән барлық салдарын иемденеді.
Адвокатураның айрықша, мемлекеттік емес мәртебесіне негізделген құқықтық бостандығы мен іс
жүргізудегі тәуелсіздігі мәртебесі бұл бюроларда әуел бастан-ақ мүмкін емес, әрі олар бұған кепілдік
бере алмайды. Сонымен қатар, заң бюроларының алдын ала тергеу органдарымен тұрақты негізде
өзара әрекеттесуі сыбайлас жемқорлық үшін жаңа жағдай жасап, көрсетілетін заңгерлік көмектің жалпы
деңгейін төмендетеді.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мемлекеттік ықпалға түспеген заңгерлер
жүзеге асыруға тиіс. Бостандықтың қажетті дәрежесін тек өзін өзі басқаратын, өзін өзі қаржыландыратын
кәсіби қоғамдастық қана қамтамасыз ете алады.
Адвокатураны ұйымдастырудың ең тиімді нысандары туралы мәселе барынша пікір таластыратын
мәселелердің қатарына жатады
10
. ЕҚЫК Адами өлшем жөніндегі конференциясының Копенгаген кеңесі
құжатының 5.13-тармағында адвокаттардың тәуелсіздігі атап айтқанда, оларды жұмысқа қабылдау мен
іс-тәжірибесінің шарттарына қатысты жағдайларда мойындалады және қорғалады деп тура айтылған
11
.
Адвокатура өздерінің әдептілігі, корпоративтік мүдделері және мінез-құлық ережелері бар кәсіпқойлар
одағы болып табылады, және арнайы әдебиетте мемлекеттен анық оқшауланатын азаматтық қоғам
институты ретінде айқындалады
12
. Мұның өзінің терең мағынасы бар: адвокаттар көбінесе жазалаушы
органдар тарапынан болатын озбырлықтан азаматты қорғайтын ең соңғы шеп болып қалатын жайттар
жиі кездеседі. Адвокаттардың мемлекеттік аппаратқа қандай да бір ресми қатысы болмауға тиіс екені
даусыз болып көрінеді. Адвокаттардың атқарушы билік орындарына бағынуы олардың тәуелсіздігінің,
демек, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүмкіндігінің де тамырына іс жүзінде балта
шабады.
БҰҰ-ның қылмыстардың алдын алу жөніндегі сегізінші конгресі 1990 жылғы тамызда қабылдаған
Адвокаттардың рөлі туралы негізгі ережелердің 16-тармағы адвокаттардың қызметінің басқа
кепілдіктерінің қатарында олардың кәсіби міндеттерін қорқытып-үркітусіз, кедергісіз, мазалаусыз және
орынсыз араласусыз атқару мүмкіндігі сияқты кепілдікті де көздейді
13
. Мемлекеттік заң бюроларын құру
осындай орынсыз араласудың мысалы болатынына сеніміміз кәміл.
10
Қараңыз: Галоганов А.П. Ресей адвокатурасы: тарихы мен қазіргі жағдайы. М.: «Юрлитинформ» баспасы, 2003. 85-бет, Яртых И.С. Адвокатура
және билік. М.: «Юрлитинформ» баспасы, 2003. 92-93-беттер, «Адвокаттар алқалары: қоғамдық бірлестіктер ме әлде заң фирмалары ма?» //
Ресейдің әділет ісі. 1998. № 12. 35-бет.
11
Қараңыз: Адами өлшем саласындағы ЕҚЫК міндеттемелері. 2-том. Екінші басылым. Демократиялық институттар және адам құқықтары
жөніндегі бюро 2006 жылы жариялаған. 75-бет.
12
«Адвокатура қағаз жүзінде емес, іс жүзінде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының жүйесіне кіргізілмеуге тиіс.
Адвокаттарды шенеуніктерге айналдыруға болмайды, олар – «еркін кәсіптің адамдары». Дәл осындай мәртебесі болғанда ғана мемлекеттік
органдардың өкілдерімен тек қылмыстық қана емес, сонымен қатар азаматтық сот өндірісінде де пікірталасқа түсу мүмкін болмақ». Стецовский
Ю.И. Адвокатура және мемлекет. – М.: Юристъ, 2007. 83-бет.
13
Қараңыз: Адвокаттардың рөлі туралы негізгі ережелер // Адвокаттық қызмет және адвокатура. Нормативтік актілер мен құжаттар жинағы /
Семеняко Е.В., Пилипенко Ю.С. жалпы редакциясымен – М.: Юристъ, 2005. 23-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |