12
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
I Тарау
Республикалық Бюджет есебінен көрсетілетін Білікті заңгерлік көмек
жүйесін жетілдіру
3
Канафин Д.
КІРІСПЕ
Қорғану және білікті заңгерлік көмек алу құқығы азат әрі демократиялық мемлекеттегі жеке тұлғаның
мәртебесін айқындайтын іргелі қағидалардың қатарына жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында былай делінген: «Әркiмнiң бiлiктi
заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi». Қазақстан Респу-
бликасы бекіткен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде (14-бабының 3-тармағы,
бұдан әрі – «Пакт») былай деп белгіленген:
«…Әрбiр адамның өзiне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды қарау кезiнде, ең кем дегенде,
төменде көрсетiлген, толық теңдiк негiзiнде берiлетiн кепiлдiктерге: d) өз қатысуымен сотталуға және
өзiн өзi дербес қорғауына немесе өзi таңдап алған қорғаушы арқылы қорғалуына: егер оның қорғаушысы
жоқ болса, онда осындай құқығы бар екендiгi жөнiнде хабардар етiлiп, қандай жағдай болмасын әдiл сот
мүдделерi талап етсе, өзiне тағайындалған қорғаушының көмегiн пайдалануына және де қорғаушының
еңбегiне төлейтiн жеткiлiктi қаражаты жоқ болса, оның көмегiн ақысыз пайдалануына құқығы бар».
Осы ізгілікті ережелерді іске асыру тәртібі мен тәсілдері туралы мәселе бүгін пікірталас тудыратын
мәселелердің бірі болып табылады. Республикалық бюджеттің есебінен көрсетілетін білікті заңгерлік
көмек жүйесін жетілдіру проблемасы ең жоғары деңгейде талқылануда, кәсіпқой заңгерлердің
ортасындағы пікірталас нысанына айналды, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен ашып көрсетіліп,
халықтың кең ауқымды топтарының назарын аударуда.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясатының
тұжырымдамасында ең бірінше кезекте табыс деңгейі төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесін
жақсарту
қажет екені айтылады
4
.
Өкінішке орай, құқықтық әдебиетте және басқа да арнайы дерек көздерінде осы уақытқа дейін осы
саладағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөніндегі нақты ұсыныстар жеткілікті түрде
айқын тұжырымдалмаған.
3
Бұл зерттеу Американ халқының Америка Құрама Штаттарының даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында дайындалды. Автор ақпараттың
мазмұнына тікелей жауапты, және де ол
ақпарат USAID-тың, немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің пікіріне сай келмеуі мүмкін.
4
«Казахстанская правда» газетінің 2009 жылғы 27 тамыздағы санын қараңыз.
I Тарау
13
Осы Тұжырымдама республикалық бюджеттің есебінен көрсетілетін заңгерлік көмек жүйесін қайта құру
нұсқаларының бірінің теориялық үлгісі болып табылады. Кейбір ережелердің даусыз емес болып көрінуі
мүмкін. Билік пен азаматтық қоғамның барлық тармақтарының өкілдерімен бірлесе әрі сындарлы жұмыс
істеу барысында тұжырымдаманы талқылау, түзету және одан әрі дамыту керек.
1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЕСЕБІНЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ
Қазақстан Республикасында заңмен белгіленген жағдайларда кез-келген тұлға қылмыстық, әкімшілік
және азаматтық істер бойынша тегін заңгерлік көмек ала алады.
Осындай көмек көрсетілетін жағдайлар және көрсету тәртібі тиісті салалық кодекстелген нормативтік
актілерде – Қылмыстық іс жүргізу (бұдан әрі – «ҚІЖК») және Азаматтық іс жүргізу (бұдан әрі – «АІЖК»)
кодекстерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінде
(бұдан әрі – «ӘҚтК») реттемеленген.
Қазіргі сәтте республикалық бюджеттің есебінен көрсетілетін заңгерлік көмекке қатысты айтылатын
басты кінарат-талаптар оның сапасының төмендігіне, көмекке мұқтаж адамдарға уақтылы көрсетілмеуіне
және қол жеткізу мүмкіндігінің жеткіліксіздігіне қатысты.
Қалыптасқан жағдай әдетте адвокаттың еңбегіне төленетін ақының аз болуымен, осындай көмек
көрсетудің тәртібі мен нысандары туралы анық мәліметтің азаматтарда болмауымен, қылмыстық істер
бойынша ҚІЖК-ның 71-бабының және әкімшілік істер бойынша ӘҚтК-ның 590-бабының тәртібінде
адвокаттарды тарту процедурасының көмескілігімен, жекелеген адвокаттар мен құқық қолдану органдары
қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық байланыстардың болуымен, заңнамада азаматтық
істер бойынша тегін заңгерлік көмек алу тетіктерінің (АІЖК-ның 114-бабы) олқы әрі жаңсақ реттелуімен
түсіндіріледі. Қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша іске қатысуға тартылатын
адвокаттар іске асырылған еңбек шығындарының көлемін осы орган растағаннан кейін ғана оның қаулысы
бойынша еңбегіне ақы алады. Соның нәтижесінде осындай тәртіп кәсіпқой қорғаушылардың өздерінің
қорғауындағы адамнан гөрі сотқа, немесе одан да сорақысы, өздерінің іс жүргізушілік қарсыласына
көбірек бүйрегі бұрылуына ықпалдасады
5
.
Сонымен қатар, құқықтық мәдениеттің жалпы алғанда төмен деңгейіне байланысты азаматтар әдетте
қажет болғанда адвокатты қалай табу керек екенін білмейді. Өкінішке орай, қоғамның санасында пара
беру кез келген құқықтық мәселені шеше алады деген таптаурын пікір едәуір мығым орныққан. Адвокатты
мақсатты түрде тартудың заңда жеткілікті реттелмеген тәртібі кейде кейбір тергеушілердің тарапынан,
сондай-ақ жекелеген алақол адвокаттардың тарапынан да сыбайлас жемқорлық пен теріс пайдалану
5
Бұл мәселенің сипаты жалпыға ортақ екенін айта кеткен жөн. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Израильдегі судьялар қарастырылатын санаттағы
істер бойынша қорғауды қай адвокаттың жүзеге асыратынын өздері айқындап, процесс аяқталғаннан кейін төленуге тиісті қаламақының
мөлшерін белгілеп келді. Соның нәтижесінде: «Тағайындалған адвокаттар сотталушыны қорғауға деген адал ниеті соттың көңілінен шығу туралы
тілегіне қайшы келгенде, «санасының екіге жарылуынан» жиі зардап шегетін. Осылайша, тағайындалған адвокат айыпталушының ісін бар күшін
сала жүргізуден көбінесе тартынатын, әсіресе мұндай жағдай осы іс туралы судьяда теріс пікір қалыптасқан кезде жиі орын алатын». Моше
Хакохен (Иерусалим бойынша округтық мемлекеттік қорғаушы). Израильдің мемлекеттік қорғаушы бюросы: өткеннің сабақтары, болашақтың
жоспарлары // Әділсотқа жету мүмкіндігі. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. «Қоғамдық мүдделер
құқығы»
бастамасы, Колумбия университетінің Будапешт құқық орталығы. 2002. 555-бет.