34
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Тағайындалған адвокаттардың көмек көрсетуінің және оны қаржыландырудың
жаңа үлгісін әзірлеу бойынша ұсыныстар
Бір мемлекеттің шегінде тегін заңгерлік көмек берудің бірнеше үлгісі қатар қолданылатын жайттар
жиі кездеседі – бұл олардың тиімділігін, құнын, сапасы мен мақсатты тобын іс жүзінде салыстыруға
көмектеседі. Бір үлгінің бірнеше сағатты қажет ететін қарапайым құқықтық мәселелерді шешу үшін
қолайлы екені, екінші үлгінің тергеу мен сот отырысын қамтитын күрделі көп айлық процестерге көбірек
жарайтыны құпия емес. Бұл орайда осы үлгілердің ұтымды өзара әрекеттестігі үшін мемлекеттік емес
үйлестіруші органның болғаны қажет, ол осындай жағдайда тек таза басқарушылық, ұйымдық және
үлестірушілік міндеттерді атқарып, осы үлгілерді ұсынатын барлық тараптардан тәуелсіз болар еді.
Әрине, тікелей көшіріп алу арқылы қандай да бір үлгіні артық деп санау туралы мәселенің өзі дұрыс
емес. Біріншіден, әр елдің және тіпті өңірдің нақты жағдайлары, соның ішінде қаржылық мүмкіндіктері,
құқықтық мәдениеті, салт-дәстүрі, халқының жас жағынан, ұлттық және әлеуметтік құрамы, жұмыс істейтін
заңгерлердің саны, күрделілігі жағынан әр түрлі санаттағы істердің таралу статистикасы және т.с.с. орасан
зор рөл атқарады. Екіншіден, тегін заңгерлік көмек көрсетудің кез келген біршама сәтті жүйесінде әр
түрлі үлгілердің қиысымы қолданылады. Алайда, түрлі жағдайда түрлі үлгілер әр түрлі дәрежеде жарамды
болуы мүмкін, сондықтан олардың оңтайлы қиысымын таңдап алу – қиын міндет. Сондықтан кез келген
үлгі әрқашан да икемді, ұдайы дамып отыратын және құқық қорғау саласындағы қоршаған жағдайдың
өзгерістеріне қарай жетіліп отыруға бейім болуға тиіс.
Қандай да бір үлгінің қолданылу мүмкіндігін айқындайтын аса маңызды факторлардың қатарында әдетте
заңнаманың ерекшеліктері, атап айтқанда, адвокаттың жұмысының көлеміне әсер ететін іс жүргізу
нормалары; азаматтардың заңгерлік мұқтаждарының көлемі мен құрылымы; көрсетілетін қызметтердің
түрі аталады.
Тегін заңгерлік көмектің жаңа жүйесі жекелеген мемлекеттің өзіне тән жағдайларынан тамырымен жұлып
алынған қандай да бір жалғыз үлгіге негізделмеуге тиіс, себебі ол көп жағынан жергілік жағдайлардың сан
алуандығына байланысты болады, оларды кешенді түрде қарастыру қажет. Кез келген құқықтық қызметтер
көрсетуді қаржыландырудың заңнамамен реттемеленетін мәселесін нақтылай келе, мұқтаж адамдарға
заңгерлік қызметтер көрсетудің тегін болуы мұндай қызметтерді көрсету ешқандай шығын мен күш салуды
қажет етпейді дегенді білдірмейтінін айта кеткіміз келеді. Адамдардың сапалы заңгерлік көмекке кепілді
түрде жете алу мүмкіндігі мемлекеттің тарапынан қаржылық және басқа да жұмсалымдарды талап етеді.
Бұл орайда жаңа тұжырымдама тағайындалған адвокаттардың жұмысын қаржыландырудың бұрыннан
бар тетігін оңтайландыру мен түзетуге ұмтылуға тиіс. Атап айтайық, біз ұсынып отырған тетік – бұл догма
емес, бұрынырақ айтылып өткендей – біріншіден, ол дамыту мен жетілдіруді көздеуге тиіс; екіншіден,
ол аймақтың немесе қаланың жергілікті жағдайларына қарай еліміздің жекелеген аймақтары үшін әр
түрлі болуы мүмкін. Мысалы, халқының тығыздығы мен табыс деңгейі жоғары ірі қалада адвокаттық
қызметтердің бағасы жоғары; аймақтарда бұл көрсеткіштер әлдеқайда төмен, демек, адвокаттарға деген
сұраныс та төмен. Сонымен қатар, істердің күрделілігі мен бағытына қарай жағдайлар да әр түрлі болуы,
және бұл орайда, аталған аумақтық бірліктегі заңгерлік көмек көрсетудің бүкіл тетігін түзетуді талап етуі
мүмкін. Тек осындай жағдайда ғана заңгерлік көмек көрсету жүйесі адамдардың мұқтаждарына барынша
көп
қызмет көрсете отырып, оңтайлы жұмыс істейтін болады.
II Тарау
35
Мемлекеттік бюджеттен заңгерлік көмекті қаржыландырудың қазіргі жүйесі.
Тағайындалған адвокаттардың жұмысына мемлекеттік бюджеттен ақы төлеу бірнеше бағдарлама бойын-
ша жүргізіледі. Төменде 2008 және 2009 жылдар бойынша нақтыланған көлемдер келтірілген:
2008 жыл
3-кесте
Ресми мекеме
Бағдарламаның нөмірі мен атауы
Қаржыландыру
көлемі
(мың теңге)
ҚР Ішкі
Істер министрлігі
003 бағдарламасы – «Қылмыстық
процеске
қатысушы
адамдардың құқықтары мен
бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз
ету», 102 кіші бағдарламасы – «Тергеуде
адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі»
163 000
Қазақстан
Республикасының
Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмыстылыққа
қарсы күрес
жөніндегі агенттігі
(қаржы полициясы)
002 бағдарламасы – «Қылмыстық процеске
қатысушы адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету», 102 кіші
бағдарламасы – «Тергеуде адвокаттардың
заңгерлік көмек көрсетуі»
6 275
ҚР
Әділет министрлігі
005 бағдарламасы – «Сотта адвокаттардың
заңгерлік көмек көрсетуі»
100 000
Қаржылық төлемақылардың жалпы көлемі:
269 275
2009 жыл
4-кесте
Ресми мекеме
Бағдарламаның нөмірі мен атауы
Қаржыландыру
көлемі
(мың теңге)
ҚР Ішкі Істер министрлігі
018 бағдарламасы – «Тергеуде
адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі»
207 475
Қазақстан Республикасының
Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмыстылыққа
қарсы күрес жөніндегі агенттігі
(қаржы полициясы)
002 бағдарламасы – «Қылмыстық процеске
қатысушы адамдардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету», 102 кіші
бағдарламасы – «Тергеуде адвокаттардың
заңгерлік көмек көрсетуі»
10 936
ҚР Әділет министрлігі
005 бағдарламасы – «Сотта адвокаттардың
заңгерлік көмек көрсетуі»
130 000
Қаржылық төлемақылардың жалпы көлемі:
348 411