22
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
арқылы бір орталықтан үлестіру қамтамасыз етіледі, қазір қолданылатын, барынша шатысқан, мүлде
тиімсіз және адвокаттарды қорлайтын, құқықтық көмектің ақысын бірнеше құқық қорғау органдары
төлейтін төлем тәртібі жойылады.
Тергеушілер мен судьялар да тағайындалатын істер бойынша құқықтық көмектің ақысын төлеу туралы
арыздарға қол қою процедурасынан бас тартқан жөн. Мұндай төлемақыларды адвокаттар алқаларының
өздері тиісті салық органдарының бақылауымен жүзеге асыруға тиіс.
Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық көмек көрсетуге қатысуының түрлері мен тәсілдері туралы мәселені
ымыраға келу жолымен шешуге болады. Құқықтық көмек көрсетуге мамандандырылған үкіметтік емес
ұйымдар қандай да бір шектеусіз, қалаған адамдарға бастапқы кеңестеме беруді жүзеге асырып, қажетті
заңгерлік құжаттарды жасай алар еді. Азаматтық қоғамның өкілдерінің әл-ауқаты төмен адамдарды және
халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау туралы тілегі қуантады; осындай игі бастамаларды
қолдап, дамыту керек.
Азаматтарды қылмыстық, әкімшілік істер бойынша қорғауды жүзеге асыруды және олардың құқықтары
мен заңды мүдделерін тікелей сотта білдіруді арнайы стандарттарды ұстана отырып қалыптастырылатын
және кәсіби әдептіліктің шеңберінде әрі адвокатураны басқару органдарының да, сондай-ақ уәкілетті
мемлекеттік құрылымдардың да тарапынан бақылана отырып жұмыс істейтін айрықша заңгерлік қауым
ретінде адвокаттардың айрықша құзыретінде қалдыру қажет. Мұндай іс-тәжірибе дамыған демократиялық
мемлекеттердің көпшілігінде кеңінен қолданылады және өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Мысалы, Ұлыбританияда Инн деп аталатын төрт заңгерлік корпорацияның біреуіне мүше болып,
барристер мәртебесін алған заңгер ғана прокурор, адвокат немесе судья бола алады
18
. АҚШ-тың
шттарының көпшілігінде адвокаттық жұмысты жүзеге асыру үшін арнайы емтихан (Bar exam) тапсы-
рып, тиісті кәсіпқой бірлестіктің мүшелігіне өту қажет
19
. Осыған ұқсас тәртіп Еуропаның көптеген басқа
мемлекеттерінде
қолданылады
20
.
2.2. Мемлекеттік бюджеттің есебінен заңгерлік көмек көрсету үдерісін жалпы
басқару
Республикалық бюджеттің есебінен заңгерлік көмек көрсетуді жүзеге асыруды облыс (республикалық
дәрежедегі қала) деңгейінде, тиісті әділет басқармасының жанында жұмыс істейтін және осы құқықтық
қатынастардың мүдделі қатысушыларын біріктіретін, арнайы құрылатын алқалы органның (бұдан әрі –
«Уәкілетті орган») құзыретіне жатқызған дұрыс болар.
Уәкілетті органның негізгі мақсаты әрбір мұқтаж адам үшін барынша сапалы әрі қол жеткізе алатын
заңгерлік көмекті қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік ведомстволардың, адвокаттар мен азаматтық
18
Чельцов-Бебутов М.А. Кеңестік қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша курс. Құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекеттердегі
сот пен қылмыстық процестің тарихы туралы очерктер. СПб., «Альфа», 1995 ж., 408-бет.
19
Толығырақ ақпарат: АҚШ-тағы адвокатура // Интернеттегі адрес: http://www.sherbakova.ru/page=57, Уильям Бернам. АҚШ-тың құқықтық жүйесі.
3-ші басылым. – М.: «Жаңа әділет», 2006 ж. 247-248-беттер, Американдық құқыққа кіріспе. Мәскеу. «Прогресс» баспагерлік тобы, 1993.
201-202-беттер
20
Мысалы: Франциядағы адвокатура. // Интернеттегі адрес: http://www.sherbakova.ru/page=57.
I Тарау
23
қоғамның мүдделерінің арасында ақылға қонымды ымырагершілікті табу болуға тиіс
21
. Бұл орган да заңды
тұлға мәртебесі болуға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында заңгерлік көмекті ұйымдастыру
үдерісін басқару бойынша өкілеттіктерді иеленуге және кадрлық мәселелерді шешуге тиіс, бұл орайда
ол адвокаттар алқалары мен басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызмет аясына араласпауы керек.
Уәкілетті органның құрамына аумақтық әділет органдарының, адвокаттар алқасының және жергілікті
өзін өзі басқару органының (мәслихаттың депутаты) өкілдері кіре алады. Бұл органның құзыретіне
төмендегілерді кіргізуге болады:
1. адвокаттар алқасының ұсынысы бойынша оның мүшелерінің қатарынан тағайындалатын адво-
каттар
тізілімін қалыптастыру;
2. тағайындалатын адвокаттардың
санын және орналасуын айқындау;
3. тағайындалатын адвокаттарға ақы төлеудің тәртібі мен түрлерін үйлестіру және тиімділігін
қамтамасыз ету;
4. құқықтық көмек көрсетуге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың тиісінше жұмсалуын
бақылауды жүзеге асыру;
5. республикалық бюджеттің есебінен заңгерлік көмек көрсетуге тартылатын өзін өзі жұмыспен
қамтитын адвокаттардың қатарынан конкурстық
негізде тізімді айқындау;
6. мемлекеттік органдар мен адвокаттар алқаларына республикалық бюджеттің есебінен ақы
төленетін құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту бойынша
ұсыныстамалар әзірлеу;
7. тағайындалатын адвокаттар алқаларда және басқа жерлерде аттестациядан өткен кезде оларға
ұсыныстамалар (мінездемелер) беру.
Мемлекет бюджеттік қаражаттың жұмсалу үдерісін бақылауға және осы қаражаттың мақсатқа сай әрі
белгіленген тәртіпті ұстана отырып жұмсалатынының дәлелдемесін алуға құқылы. Алайда, бұл орайда ад-
вокат пен сенімгердің құпия қарым-қатынасына араласуға, адвокаттық құпияны бұзуға және кәсіпқой
қорғаушының тәуелсіздігін және оның қызметінің кепілдіктерін шектеуге жол берілмейді.
Қазіргі кезде адвокаттық көмектің сапасының анық өлшемдері жоқ екенін атап айту керек, себебі
әрбір нақты істе объективті де, субъективті де сипаттағы толып жақтан қыр-сырлар мен егжей-тегжейлі
жайттар өте көп болады. Сондай-ақ адвокаттың жұмысының сапасын тек оның сенімгерінің тілегі бой-
ынша және соның қатысуымен бағалауға болатынын, және де тек мамандықтың барлық қыр-сыры мен
ерекшеліктерін өте жақсы білетін заңгерлер, яғни адвокаттардың өздері ғана бағалай алатынын ескеру
қажет. Осыған байланысты адвокаттар мемлекет есебінен көрсететін құқықтық көмектің тиісті көлемін
бақылау мәселелері Уәкілетті органның құзыретінде болуға тиіс, бірақ адвокаттарға қатысты тәртіптік
21
Азаматтар үшін тегін заңгерлік көмек көрсету мәселесі қанағаттанарлық деңгейде шешілген дамыған елдердің көпшілігінде осындай
органдардың жұмыс істейтінін мойындау керек. Мысалы, Нидерланд пен Оңтүстік Африка Республикасында бұл орган Заңгерлік көмек
жөніндегі кеңес, Англияда – Заңгерлік қызметтер көрсету жөніндегі комиссия, Израильде – Мемлекеттік қорғаушылар бюросы деп аталады.
Осындай құрылымдардың ұйымдық орналастырылуы, құзыреті мен құрамы әр елде әр түрлі екені даусыз, алайда бұл бөлімшелердің ортақ
сипаты құқықтық көмекті қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі олардың тәуелсіздігі болып табылады. Қараңыз: Роджер Смит. Заңгерлік көмек
көрсету жүйесін ұйымдастырудың үлгілері: салыстырмалы тәжірибе. // Әділсотқа жету мүмкіндігі. Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін
заңгерлік көмек проблемалары. «Қоғамдық мүдделер құқығы» бастамасы, Колумбия университетінің Будапешт құқық орталығы. 2002. 458-бет.