II Тарау
27
Тегін заңгерлік көмек көрсетудің үлгілері:
1. Штаттық адвокаттар үлгісі – түрлі кәсіптер мен институттардан (мемлекет, адвокатура, заң
шығарушылар, ғылыми қоғамдастық және т.с.с.) құралатын арнайы тәуелсіз орган тарапынан
басқарылады, ол Заңгерлік көмек көрсету жөніндегі басқарма немесе комиссия деп аталауы мүмкін.
Ол бойынша жұмсалған уақыттың мөлшеріне қарай ақы төленеді.
2. Жария қорғаушының кеңсесі – адвокаттар ай сайын еңбекақы ала отырып, тек мемлекет ақысын
төлейтін істер бойынша толық жұмыс күні ішінде жұмыс істейді.
3. Келісімшарттық үлгі – арнайы орган, мысалы, Заңгерлік көмек жөніндегі басқарма заң фирмасымен
немесе адвокатпен аталған заңның аумақтық әрекет етуі аясындағы белгілі бір мөлшердегі істер бой-
ынша немесе барлық істер бойынша келісімшарт жасасады. Ақы төлеу – әр іс үшін жеке-жеке немесе
барлық істер үшін бірден жүзеге асырыла алады. Заңгерлер келісімшартты конкурсқа қатысу арқылы
жасаса алады.
Алдыңғы келісімшарттық үлгінің әрекет ету нысаны, мұнда мемлекеттік адвокаттардың ұлттық
қауымдастығымен келісім жасалады, ал қауымдастық мемлекеттік бюджеттен алынған қаражаттың
аударылуын өзі ұйымдастырады.
4. Ex officio – адвокаттарды мемлекеттің тағайындауы. Прокуратура немесе сот адвокатқа мұқтаж тарапқа
оны тағайындайды да, төлем жасаудың түрлі нысандарын пайдалана отырып, оған ақы төлейді: бір іс
үшін, сағат бойынша, сметаға сәйкес және т.с.с. ақы алынады, бұл жерде адвокат істі алғысы келетін
алқа мүшелерінің қатарынан немесе оның барлық мүшелерінің арасынан тағайындалады, себебі
тағайындау бойынша заңгерлік көмек көрсету адвокаттың міндеті болып табылады.
5. Заңгерлік емхана – жоғары оқу орындарының студенттері мен жас түлектері аға әріптестерінің
жетекшілігімен заңгерлік көмекті тегін көрсетеді.
6. Сақтандыру нысаны – сақтандыру оқиғасы орын алған кезде, яғни, сақтандырылған адам заңға
сәйкес заңгерлік көмек алу құқығына ие болатын жағдайлар орын алған кезде оған заңгерлік көмек
тегін көрсетіледі. Мұндай жағдайда адвокаттың көрсеткен қызметтерінің ақысы келісім бойынша
адвокаттардың қызметінің орташа тарифтерінің негізінде, заңгерлік сақтандыру қорынан төленеді.
7. JUDICARE жүйесі – MEDICARE сақтандыру медицинасына ұқсас түрде жұмыс істейді: мемлекет
клиенттің өзі таңдаған кез келген адвокаттың көрсеткен қызметтерінің ақысын белгілі бір істі жүргізуге
арналған қаламақының орташа мөлшерінің немесе орташа сағаттық мөлшерлеменің негізінде төлейді.
Адвокат іске өзінің қатысатыны немесе қатыспайтыны туралы шешімді өзі қабылдайды.
JUDICARE жүйесіндегі қаламақы жеке жұмыс істеген кездегі әдеттегі қаламақыдан әлдеқайда төмен
болғанымен де, адвокаттар заңгерлік көмек көрсетуге басқа бір себептерден мүдделі болуы мүмкін.
Кейбір елдерде адвокат заңгерлік көмек көрсеткен сағаттары үшін шотты заң фирмасының тарифтері
бойынша сол заң фирмасының өзіне ұсынады, себебі фирма заңгерлік көмек бағдарламасына қатысқаны
үшін салықтық жеңілдік алады. Қызмет көрсетуші клиенттерден қабылдайтын істердің санына ешқандай
28
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
шектеу қойылмайтыны тұрғысынан алғанда, әдетте
JUDICARE нысандары ашық болып табылады.
Заңгерлік көмек көрсету жүйесін басқару жөніндегі орган белгіленген негіздерге (білімі, тәжірибесі,
құқықтың белгілі бір саласында неше жыл жұмыс істегені және т.с.с.) сай келетін жеке адвокаттарға
арнайы куәліктер (сертификаттар) береді. Бұл куәліктер оларға қаржыландырылатын заңгерлік көмек
көрсету бағдарламаларының аясында қызметтер көрсетуге және мемлекеттік қорлардан өтемақы алуға
мүмкіндік береді.
Бюджеттік қорлардан жасалатын төлемдер нақты заңгерлік көрсетілген қызмет үшін (мысалы, екі жақты
келісім бойынша ажырасқаны үшін тұрақты сома) немесе сағат бойынша немесе қызмет көрсетудің оңды-
теріс нәтижесіне қарамастан, қызметтің ең үлкен ақысын есептеу негізінде іске асырылады.
8. PRO BONO – бұл үлгіде адвокаттың жұмысы ешқандай түрде өтелмейді. Әдетте мұндай көмекті
мемлекеттің қатысуынсыз, адвокаттық құрылымдардың өздері ұйымдастырады. Белгілі бір
жағдайларда тегін заңгерлік көмектің нақты көлемін мезгіл-мезгіл атқару адвокаттар қауымдастығына
мүше болу үшін қажетті шарт болып табылады.
9. Кезекші адвокат – әдетте клиенттерге кезекші адвокаттар олар сотқа бірінші рет келген күні беріледі.
Кезекші адвокаттың функцияларына жаңа міндеттер, соның ішінде тегін заңгерлік көмек алуға құқығы
бар клиенттердің мүдделерінде, тек сот тыңдаулары сатысында ғана емес, сондай-ақ іс бойынша
талқылау басталған сәттен бастап белсенді іс-қимыл жасау міндеттері кіргізілген. «Кезекші адвокат»
үлгісінің шеңберінде шешуге болатын істер тым күрделі болмауға тиіс, және олар адвокаттың іске сот
тыңдауы басталған кезде емес, одан ертерек сәтте араласуын қажет етеді. Кезекші адвокат салыстыр-
малы түрде қарапайым істерді реттей алады.
Тағайындалған адвокаттардың көмек беруінің және олардың жұмысының
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуының қолданыстағы тетігін талдау
Қазақстанда тегін заңгерлік көмек алу құқығы Конституцияның 13-бабының 3-тармағында мәлімденген,
онда былай делінген: «Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң
көмегi тегiн көрсетiледi». Одан әрі Конституцияның 14-бабында заң мен соттың алдындағы баршаның
теңдігі жария етіледі:
•
«1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең;
•
2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне,
дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды».
Егер қорғау мәселесін егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ, адвокаттың қылмыстық істерге қатысуы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71-бабымен реттемеленеді, онда адвокаттың
қатысуы міндетті болатын жағдайлар ескерілген. Төлемақы мәселелері 72-баппен реттемеленеді:
Достарыңызбен бөлісу: |