24
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
іс-тәжірибе алқаның айрықша қарауында қалуға тиіс деп ойлаймыз. Құқықтық көмектің тиісті көлемде
көрсетілуін бақылауды құжаттаманы тексеру, осындай көмек алған тұлғаларға сауал қою арқылы және
заңнама мен кәсіби әдептілікке қайшы келмейтін басқа да әдістермен жүзеге асыруға болады.
Уәкілетті органды қаржыландыру мемлекет есебінен көрсетілетін құқықтық көмектің ақысын төлеуге
арналған республикалық бюджеттің қаражатынан қамтамасыз етілуге тиіс.
Уәкілетті органның құрамы төмендегідей түрде болуы мүмкін:
1. Төраға: әділет органының қызметкері – министрліктің немесе департаменттің басшылығы өз қарауы
бойынша тағайындайды. Міндеттері: органның қызметіне жетекшілік етеді, отырыстардың күн
тәртібін қалыптастырады, әкімшілік-техникалық қызметкерлерді басқарады, мемлекеттік органдар
мен азаматтық қоғамның өкілдерін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2. Төралқа мүшесінің кандидатурасы – адвокаттар алқасының Төралқасы бекітеді. Міндеттері: Уәкілетті
органда адвокаттардың мүдделерін білдіреді.
3. Жергілікті өзін өзі басқару органының өкілін аталған орган тағайындайды. Міндеттері: аталған
әкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтарының мүдделерін білдіреді.
Уәкілетті орган отырыстар өткізуге тиіс, олардың мерзімділігі қажетіне қарай айқындалады, бірақ айына
кем дегенде бір рет өткізіледі. Күн тәртібін аталған органның алдына қойылған мәселелеріне байланы-
сты төраға айқындайды. Органның құзыретінің шегінде шығарылған шешімдері мемлекеттік органдар,
кәсіпорындар мен мекемелер үшін міндетті болуға тиіс.
Баяндалған Тұжырымдама басқа елдерде қолданылатын жүйелердің жай ғана көшірмесі емес. Біз
адвокатураның құрылымын белгілі бір шамада қайта құруды және отандық ерекшеліктерді есепке ала
отырып, заңгерлердің кәсіпқой қоғамдастығы мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипатын
өзгертуді ұсынамыз.
Ұсынылған нұсқада бұрыннан бар тәртіпті түбегейлі қайта құру туралы ұсыныстар жоқ, ол мемлекеттік
шығындарды елеулі түрде арттыруды топшыламайды, кадрлық мәселеге дұрыс көзқарас болуын көздейді,
нарықтың осы бөлігіндегі жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді және құқықтық көмекті
ұтымдырақ ұйымдастырудың және бюджеттік қаражатты оңтайлы пайдаланудың белгілі бір элементін
ұсынады.
II Тарау
25
II Тарау
Қазақстан Республикасында тегін заңгерлік көмек көрсетудің жаңа
үлгісін әзірлеу бойынша ұсыныстар
Голендухин Е.
Қорғалу құқығы туралы заңнамалық актілерге шолу
Қылмыстық процесте қорғалу құқығы – адамның іргелі құқықтарының бірі, ол бүкіл дүние жүзінде
танылған, көптеген халықаралық актілермен кепілдік берілген, сондай-ақ ұлттық конституциялар мен
қылмыстық заңнама тарапынан қамтамасыз етілген. Адамның өзін-өзі немесе адвокаттың көмегімен
қорғау құқығы әділетті сот талқылауының кеңірек тұжырымдамасының бір бөлігі бола отырып, заңның
үстемдік құруы қамтамасыз етілген демократиялық мемлекеттер үшін өзіндік бір сынақтардың бірі болып
табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы – құқықтың өзіндік ерекшеліктері бар саласы. Процестегі тараптардың
жағдайының айырмашылықтары айтарлықтай. Бір жағынан өзінің барлық құқықтық өкілеттіктері және
тергеу органдарын, прокуратура мен сотты (тәуелсіз болғанымен де, мемлекеттен өкілдік ететін) қамтитын
институттары бар мемлекет әрекет етеді. Екінші жақта көбінесе материалдық және іс жүргізу бойынша
заңнаманы көп жағдайда білмейтін, заңгерлік білімі мен машықтары жоқ қорғансыз адам болады. Егер
оның үстіне осы адам қамауға алынса, бұл оның қандай да бір әрекеттерді іске асыру мүмкіндігін тағы
да шектей түседі.
Әр адамның соттағы сапалы өкілдікке құқығы бар. «Әр адам» деген ұғым адвокаттың көрсететін
қызметтеріне ақы төлеуге қаражаты жоқ адамдарды да қамтиды. Халықаралық стандарттар осындай
адамдарға мемлекет тағайындаған адвокаты болу құқығына кепілдік береді, оның қызметтерінің ақысын
мемлекет төлейді. Бұл құқық ондаған жылдар бойы даму үстінде болды: ол Адам құқықтарының жалпыға
бірдей декларациясында сөзбе сөз тұжырымдалмаған. Алайда, тегін заңгерлік көмек алу құқығы осы
декларацияның 11-бабынан туындайды, оған сәйкес: «қылмыс жасағаны үшін айып тағылған әр адамның
оған қорғану үшін барлық мүмкіндіктер берілетін жария сот талқылауы арқылы заң тәртібімен оның
кінәлі екендігі белгіленбейінше, кінәсіз деп саналуға құқығы бар». Сонымен қатар, Декларацияның
2-бабында алалауға тыйым салынады және «әр адам мүліктік... жағдайына қатысты қандай да бір
айырмашылықтарсыз осы Декларацияда жария етілген барлық құқықтар мен барлық бостандықтарға ие
болуға тиіс» деп белгілейді.
Заңгерлік көмек алу құқығы Қазақстан Республикасы 2005 жылғы қарашада ратификациялаған Азаматтық
және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде барынша толық әрі дәл тұжырымдалды. Пактінің 14.3.d)-
бабында әрбір адамның қорғалуға құқығы бар және «...осындай құқығы бар екендiгi жөнiнде хабардар
етiлiп, қандай жағдай болмасын әдiл сот мүдделерi талап етсе, өзiне тағайындалған қорғаушының көмегiн