II Тарау
43
жетекшілік етеді. Емхананың ерікті жұмыскерлерін ынталандыратын басты нәрсе - өзінің кәсіби деңгейін
көтеру, клиенттермен жұмыс істеуде тәжірибе жинақтау. Емханалардың көпшілігі бастапқы құқықтың
айтарлықтай бөлігін адвокаттық кәсіби ұйымдардан жұмыстың бір бөлігін алу арқылы көрсетеді. Бұл
орайда заңгерлік емханалар гранттар түрінде мемлекеттен қосымша қаржыландыру ала алады (бізде
бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ыңғайлы жүйесі бірнеше жылдан бері қолданылады), сондай-ақ
жеке демеушілерден де қаржыландыру ала алады (қазіргі уақытта бұл осы ұйымдар әрекет ететін барлық
жерлерде едәуір кең тараған). Венгрияда, мысалы, тіпті үкіметтік емес ұйымдар мен университеттік
заңгерлік емханалар көрсететін тегін заңгерлік көмек бойынша қызметтерді де мемлекеттік бюджеттен
қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған. Ұсынылып отырған жүйе Қазақстанның көптеген аймақтарында
қолданылады және бүкіл қорғау жүйесінің пәрменділігін арттыруда. Ең бастысы – оны басып тастамай,
қолдау көрсету және барынша дамыту.
8. Біз ұсынып отырған тұжырымдамаға сәйкес заңгерлік қызмет көрсетушілер ретінде бір
жағынан адвокаттар алқалары, заң кеңселері, жеке практикамен айналысатын заңгерлер,
ал екінші жағынан – заңгерлік емханалар жұмыс істейтін болады. Олар тегін заңгерлік
қызмет көрсету нарығында бәсекелес болмайды. Осы екі құрылым бір бірін үйлесімді өзара
толықтырады деп топшыланады.
Заңгерлік көмекті іске асыруға сан алуан провайдерлерді тарту мемлекет бөлетін қаржылық ресурстар
үшін бәсекелестікті қолдауға мүмкіндік беретіні мәлім, бұл өз кезегінде мемлекеттік қаражатты құюдың
барынша тиімділігін қамтамасыз етудің және заңгерлік қызметтердің айтарлықтай жоғары сапасын
қолдаудың тәсілі болып табылады. Сондықтан заңгерлік емханалардың болуының өзі және олардың
тегін заңгерлік көмек көрсету мүмкіндігі барлық қалған адвокаттық құрылымдар үшін көрсетілетін
қызметтерінің сапасын арттыруда қозғаушы күш болып шығуға тиіс. Ал бұл тек егер олар өздерінің
қызметінде қиылысатын жағдайда ғана мүмкін болмақ. Сондықтан біз сертификатталған қызмет
көрсету құқығын заңгерлік емханалардың өкілдеріне де беруді ұсынамыз. Румынияда, мысалы, құқық
қорғаушы үкіметтік емес ұйымдар көрсететін заңгерлік қызметті мемлекеттік қорлардан қаржыландыру
преценденттері бар.
9. Ең соңында, үйлестіруші органға келейік. Бұл орган шешуге тиіс болатын мәселелер
- әрбір нақты іс үшін өтемақының мөлшерін тағайындау және істің нәтижесіне қарай
табыстылық қаламақысының сомасын айқындау ғана емес, сонымен қатар тағайындалған
адвокаттар көрсететін қызметтердің сапасы да. Мәселе мемлекеттік бюджеттік қорлардан
қаржыландыруды және тарифтік кестенің көрсеткіштерінің біріне істің сәйкестігі бой-
ынша оның күрделілігін айқындауды қозғайды. Қазіргі кезде адвокаттар көрсететін
заңгерлік көмектің ақысын төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеу ережелеріне сәйкес, «Адвокат көрсететін
заңгерлік көмектің төлемақысы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу
туралы қаулы немесе ұйғарым шығару үшін негіздеме адвокаттың арызы болып табылады».
44
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
Дәл осы құжатта төлемақының мерзімдері де ескерілген: «Адвокат көрсететін заңгерлік көмектің ақысын
төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен
өтеу туралы анықтау органының немесе тергеушінің қаулысы тек адвокат тапсырманы орындағаннан
кейін ғана, ал тапсырманы орындау бір айдан астамға созылған жағдайда – ай сайын шығарылады».
Осы ережелерді бұдан кейін де ұстана беруге болады, бұл орайда заңгерлік көмек бойынша төлемдерді
аванстық төлемдерге айналдыруға болады, себебі істің ақысының сомалары алдын ала белгілі болады,
немесе оларды бірнеше траншқа бөліп тастауға болады.
Тағайындалған адвокаттар көрсететін қызметтерді басқару міндеттерін жүзеге асыру және бақылау үшін
үйлестіруші орган құру ұсынылады, ол алқалы түрде төмендегі мәселелерді шешер еді:
•
адвокат көрсететін қызметтің сапасын бағалау;
•
іске қатысқаны үшін төлемақы ретінде адвокат сұрататын соманың сәйкестігін тарифтік кестеге
сәйкес бақылау;
•
тағайындалған адвокаттар мен мемлекеттік органдардың арасындағы қақтығыс жағдайларын
шешу;
•
заңгерлік қызметтер көрсететін органдарға басшылық нұсқаулар беру.
Бұл орган аймақтық деңгейде жұмыс істейді және төмендегі құрылымдардан тұратын болады деп
топшыланады:
•
адвокаттар алқалары (төралқаның өкілі);
•
әділет басқармасының өкілі;
•
құқық қорғау бағытындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілі. Тегін заңгерлік көмек көрсету
мәселесі тиісті деңгейде шешілген елдерде осы сияқты органдар түрлі атаумен жұмыс істейді.
«Мысалы, Нидерланды пен Оңтүстік Африка Республикасында бұл орган Заңгерлік көмек жөніндегі
кеңес, Англияда – Заңгерлік қызметтер көрсету жөніндегі комиссия, Израильде – Мемлекеттік
қорғаушылар бюросы деп аталады». Осындай құрылымдардың ұйымдық орналастырылуы,
құзыреті мен құрамы әр елде әр түрлі екені даусыз, алайда бұл бөлімшелердің ортақ сипаты
құқықтық көмекті қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі олардың тәуелсіздігі болып табылады»
22
.
Тағайындау бойынша жұмыс істейтін адвокаттарға тұрақты ақы төлеу үлгісі туралы
Бүгін қазақстандық үлгіні қайта құру туралы пікірталастар өтіп жатыр, бұл орайда адвокаттар мемлекеттік
айыптаушылардың жұмысына төленетін ақыдан кем емес тұрақты еңбекақы ала алатын нұсқа ұсынылады.
Біздің ойымызша, бұл үлгінің басты кемшілігі адвокаттардың мемлекеттік құрылымдармен бірте-бірте біте
қайнасып, оларға кірігіп кетуі болып табылады. Егер нақтырақ айтатын болсақ, мемлекеттік кеңседе жұмыс
істей жүріп және мемлекеттік қаржы көздерінен тұрақты еңбекақы ала жүріп, адвокат кәдімгі мемлекеттік
қызметшіге айналады. Тұрақты және басқа мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысына теңестірілген
22
Роджер Смит. Заңгерлік көмек көрсету жүйесін ұйымдастырудың үлгілері: салыстырмалы тәжірибе» // Әділсотқа жету мүмкіндігі. Орталық және
Шығыс Еуропа елдеріндегі тегін заңгерлік көмек проблемалары. «Қоғамдық мүдделер құқығы» бастамасы, Колумбия университетінің Будапешт
құқық орталығы. 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |