Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет3/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162

9

Кітап  соңында  осында  талданған  сөздердің  тізімі  алфавит 

тәртібімен берілді. Олардың ішінде сөзтізбеге кірмей, жол-жөнекей, 

яғни өзге сөздерді талдау үстінде әңгіме объектісі болғандар да бар.

Университеттер  мен  педагогикалық  институттардың  филология 

факультеттерінде қазақ әдеби тілінің тарихымен қатар, қазақ тілінің 

тарихи фонетикасы, тарихи морфологиясы, тарихи лексикасы деген 

пән  салалары  оқытылады.  Тарихи  фонетика  мен  тарихи  граммати-

кадан оқулықтар мен оқу құралдары біршама бар деуге болады. Ал 

қазақ тілі бойынша тарихи лексиокология саласына арнайы жазылған 

да, қосымша материал ретінде ұсынылған да еңбектер жоқтың қасы. 

Сондықтан  осы  сөздікте  қазіргі  қазақ  тіліндегі  кейбір  сөздердің 

қолданылу тарихын, яғни мағыналық қозғалыс-өзгерістерін талдаған 

негізгі материал бойынша тарихи лексикология курсының бірқатар 

мәселелерін кітап соңында қысқаша баяндап, қосымша құрал ретінде 

ұсынып отырмыз.




10

СӨЗДЕР СӨЙЛЕЙДІ

АБЖЫЛАНДАЙ  ТОЛҒАНУ.  Қазақтың  эпостық  жырларынан 

абжыландай толғанып деген сөздерді кездестіреміз. Мысалы, «Қыз 

Жібек» жырында Төлеген мен Қаршығаға Жібектің көшін тапқанға 

дейін кездесетін, бірінен бірі асып түскен сұлу қыздардың біреуі:

Алтынды қамшы қолға алып, 



Абжыландай толғанып

Бұралып кетіп барады, 

деп суреттеледі. Немесе «Алпамыс» жырында батырдың қарындасы 

балғын жас Қарлығаш та:

Алтыннан кемер байланып, 

Абжыландай толғанып, –

келе жатады. Бір ғажабы – бұл теңеу-образ сұлу қызды не батырды 

суреттегенде айтылады. Мысалы, жас батыр Алпамыс:

Саймандарын сайланып,

Алтыннан кемер байланып,



Абжыландай толғанып

Қызыл найза қолға алып, 

Шұбарға қарғып мінеді.

Осы  жырдың  1961  жылғы  басылымындағы  (Алматы,  «Ғылым» 

баспасы) ғылыми түсіндірмеде бұл тіркеске: «су жылан сияқты деген 

сөз, ол шапшаңдық пен тездіктің символы» деп анықтама берген.



Абжыландай  толғанып  деген  теңеуді  әдебиеттанушылардың 

көбі  шапшаңдықты  білдіретін  немесе  сұлу  қыздың  жүрісінде  тал 

шыбықтай  бұралған  түрін  суреттейтін  образ  деп  таниды.  Оған 

жыланның су ішіндегі тез қимылы, ирелеңдеген көрінісі негіз болып 

тұр деп біледі. Бұл – бір жағынан, абжылан дегенді сужылан (аб – 

парсыша «су») деп танудан шыққан түсінік. Сөздің бұл этимология-

сын (төркінін) бір кездерде тіл мамандары ұсынған болатын. Тіркестің 

ненің образы үшін қолданылғаны дұрыс көрсетілген, ал образға негіз 

болған нәрсе сужылан деп тану – жаңсақтық. Абжыланды сужылан 

деп ұққаннан кейін сужыланның «жүріс-тұрысын», «кескін-кейпін» 

іздеп, оның «тал бойынан» табылған қасиеттерін сұлу қыз бен батыр 

жігітті суреттейтін образды тіркеске икемдестіреді.

Ең  алдымен,  абжылан  –  сужылан  ба?  Жоқ.  Ол  жөнінде  алғаш 

пікірді  А.Махмұтов  айты  да  осы  сөздің  төркінін  жаңаша  «төрітті» 

(тудырды). Зерттеуші мұндағы аб бөлігі парсы сөзі емес, кейбір түркі 

тілдеріндегі  аба,  ап  сөзі  дейді,  якутша:  аба,  ап  –  «ащы  дәм,  суда 

өсетін  улы  шөптің  тамыры»  және  «сиқыр,  арбау,  жадылау»,  алтай-



11

ша: «екі жүзділік» деп келтіреді де, абжылан – «арбайтын, сиқырлы 

жылан», мұның ең бастапқы мәні – «улы жылан» деген этимология 

ұсынады (Этимол. сөздік, 17). Шынында да, якут тіліңдегі «сиқырлау, 

арбау, қызықтыру, магия» деген ұғымды білдіретін ап сөзінің төркіні 

– осы мәндегі монғолдық аб, һаб сөзі.

Егер абжылан дегеннің бірінші сыңары «сиқыр, арбау» мәніндегі 

сөз  деп  тапсақ,  әрине,  аб  сөзі  қазақ  тіліне  якут  тілінен  енді  деуге 

болмайды. Ол – сірә, ежелгі түркі-монғолға ортақ сөздердің бірі бо-

лар. Бұл жорамалға саятын және бір дәлелді осы тіркестің толғану 

сөзімен келуінен іздеуге болады. Толғану сөзі қазірде негізінен «ой-

лану,  терең  ойға  бату»  деген  ұғымда  қолданылады.  Ал  бұл  сөздің 

«жиырылу,  оралу,  бір  нәрсені  айналу,  төңкерілу»  деген  мағынасы 

бұл  күнде  қазақ  тілінде  ұмытылған.  Л.  Будагов  толғамақ  (толғау

сөзінің  өткен  ғасырдағы  қазақ  тілінде  «бір  нәрсені  орау,  айналды-

ру» мағынасы бар екенін көрсетеді (Будагов, I, 752). Шағатай тілінде 



толғаштырмақ сөзінің ауыспалы мағынасының бірі «алдап соғу, ал-

дап түсіру» екенін тағы да осы Будагов сөздігі білдіреді.



Толға етістігінің ертедегі түркі тілдеріндегі бір мағынасы «орау» 

екендігін XI ғасырдағы Махмұт Қашқари сөздігі танытады. Ол өзіне 



жіп  орап  алды  дегенді  сол  кездегі  түркі  тайпаларының  бірқатары: 

ол  өзүне  йуң  толғанды  деп  айтатындарын  мысалға  келтіреді  (ДС, 

573). Сонда абжыландай толғану дегендегі толғану сөзі «ирелеңдеп 

жылжыған»  немесе  «шиырылып  оралған»  деген  ұғымды,  одан  ба-

рып «арбаған, қызықтырған» деген ауыспалы мәнді білдіреді. Сірә, 

бүл тіркестің образдық қызметі жыланның әйтеуір жылжуына теңеу 

емес, оның адамды арбайтындай, қызықтыратындай көрінісіне теңеу 

болса керек.

Толғау  (толғану)  сөзі  ауыспалы  мәнде  «қызықтыру»  дегенді 

білдірер болса, абжыландай толғану деген тіркестің екі сөзінде де 

адамды өзіне тарту, қызықтыру ұғымын табамыз.

Абжылан  (әбжылан)  сөзін  «арбаушы,  сиқырлаушы,  қызықты- 

рушы»  деген  образ  ретінде  қолдану  тек  жырда  ғана  емес,  ақын-

жырауларда да кездеседі. Мысалы, Бұхар жырау (XVIII ғ.):

Ұрғашының жақсысы



Әбжыландай сумаңдап

Боз жорғадай бұлғады, – 

дейді. Немесе Жамбыл осы образды айдаһарға қатыстырып айтады. 

«Өтеген батыр» жырында айдаһар (қазақ ұғымында ол да – жылан):

Жүз құбылып толғанып, 

Өтегенді шақырды, – 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау