406
компьютер, кредит сөздерін Пірезійдент, кампійтыр, кіредит деп
жазбай, Prezident, kompiutr, kredit деп жазатын шығармыз, яғни бөгде
тілдік сөздердің екі дауыссыздан басталатындарын (пр, кр т.б.) арала-
рына қазақша айтылуда келетін ы, і (Пірезидент, кіредит) әріптерін
қыстырмай, «орысша» (President, kredit) жазу жөн сияқты. Әрине,
бұл айтылған пікір – болжамдар ғана. Жаңа жазудың емле ережелерін
түзуде еске алуға болатындығын ескерту ғана.
Жаңа бірліктердің қолданыс әлеуеті
Тіл дамуының белгілі бір кезеңдерінде жаңа қолданыстар көптеп
пайда болып, кейбіреулерінің аса жиі (актив) жұмсалатын фактісі
көзге түседі. Бұл неологиялық құбылысты танытатын қажетті
шарттар: жүйелілік (парадигмалық қатар түзу), қолданыс жиілігі,
тілдегі жұрнақтарды қабылдап, туынды тұлға жасау қабілетінің бо-
луы сияқты белгілер. Мұндай құбылыс әсіресе қоғам өмірінде бо-
лып жататын әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық, өндірістік-
техникалық, ғылыми жаңалықтар, табыстар, жаңғырулар сияқты
«дүмпулер» тұсында өте-мөте көзге түседі. Кейбір елдерде олар-
ды арнайы жиып-теріп, қазіргі кезде ең жиі қолданылып жүрген
сөздер деп тізіп көрсетіп те отырады. Олардың басым көпшілігі не-
ологизмдер болып шығады. Бірақ белгілі кезеңде ең актив сөздердің
ішінде байырғы (кәнігі) сөздер де болуы мүмкін. Мысалы, бүгінгі,
яғни соңғы 4-5, 5-10 жылдың барысында жазба тілде, одан ауысып
сөйлеу тілінде экономикаға қатысты құбылыстар мен іс-әрекеттердің,
қарым-қатынастың, жұмыс түрлерінің, мекемелердің, кәсіптердің
атаулары жиі қолданылып жүр. Оларды, әрине, бұл жұмыста түгел
көрсете алмаспыз (өйткені арнайы теріп- жинап алу әрекеті болған
жоқ). Дегенмен мына сөздер мен тіркестердің баспасөз беттерінде,
радио мен телехабарларда, жиын-жиналыстарда жиі көрінетінін
айтуға болады. Олар: атаулы көмек, акционер, аукцион, бизнес,
банкрот, брокер, бітімгерлер, бюджет, валюта, депозит, еншілес
кәсіпорын, жаһандану, жемқорлар, жемқорлық, жылжымайтын
қор, мүлік, зейнетақы, зейнеткер, импорт, инновация, интернет,
интерпол, ипотека, инфляция, кәсіпкер, концерн, көші-қон, көлік
кептемесі, мегаполис, маркетинг, мүшәйра, нарықтық қатынастар,
нарын, нашақорлар (-лық), оралман, полицей, рынок, сыбайлас
жемқорлық, тұтыну қоржыны, тең төраға, үлескер, үміткер,
ұлттық қор, шағын кәсіпкерлік, экожүйе, экспорт, іскер топтар.
Жаңа тілдік бірліктердің қолданыста әбден орнығып, қалыптасып
кетуі – біршама уақытты, әлеуметтік талғамды, сұрыптай түсетін
біршама шараларды (сөздіктердің ұсынылуы, нормалық сипаттарын
407
анықтауды) қажет ететін процесс. Сондықтан бір ұғым, зат атауының
екі-үш, кейде одан да көп варианты қатар қолданыла беруі орын ала-
ды. Мысалы, қазіргі күндерде лауреат – иегер, уәж – себеп, процесс
– үрдіс, үрдіс – процесс, архив – мұрағат, музей – мұражай, фонтан
– субүркек сияқты сөздер қатарласа қолданылып келеді. Бұл көрсетіл-
ген мысалдардың сан жағынан едәуір бар екенін айтуға болады,
өйткені, біріншіден, жаңаны бірден қабылдай қоймайтын қарсылық
актісі – консерватизм рөл ойнайды, екіншіден, тіл қолданысында
бұдан да рөлі зор дағды факторы қызмет етеді. Үшіншіден, таң-
дау, дұрысын іздеу, сұрыптау үрдісі де жүріп жатады. Сірә, бұл
құбылыстың әлі де біраз уақыт жүре берері айқын. Бұған бүгінгі
күнде мемлекеттік тіл санатындағы қазақ тілінің сапасына, қолданыс
мәдениетіне деген талаптың да мәні зор екендігі де себепкер бола-
ды. Демек, неологиялық бірліктердің мәні тек лексикалық құрамды
сан жағынан толықтыруда ғана емес, оны сымбатты, атауыштық
мүмкіндігі мол, икемді тіл ретінде дамытуда, ол үшін әлеуметтік,
ғылыми, тәжірибе жұмыстарын жүйелі түрде арнайы жүргізе беру
талабы алға тартылады.
Жаңа жасанды сөздердің қолданыс әлеуетін сөз еткенде, селек-
тивтік тұлғалар (сөздер) дегенге көңіл аудару керек сияқты.
Селективтік сөздер көбінесе «қолдан жасалған» неологизмдерге
қатысты болады. Айталық, мұзайдын, айнамұз, каток деген үш сөздің
біреуі іріктеп таңдап алынса, сол селективтік (іріктеу, таңдау) әдістің
қолданылғандығы. Мұндай талдауда көп нәрсе (сипат, белгі, қасиет)
назарда болады: каток сөзі «жарамайды», ол – интертерминдік
қасиеті жоқ бөгде тілдік сөз, айнамұз да келіңкіремейді: айнадай
мұз кішкентай ғана мұз кесегі туралы айтылған сөз болуы мүмкін,
сонда бұл үшеуінің ішінен мұзайдын «каток» ұғымына дәлірек
келеді: біріншіден, каток – көлемді алаң, жай алаң емес, тұтас
мұз қатқан алаң. Демек, мұзайдын – селективтік қолданыс әлеуеті
күшті сөз деуімізге болады. Сол сияқты сквозняк деген орыс сөзін,
әрине, қазақша атаған жөн: ол – ғылыми-техникалық термин емес,
халықаралық қордың сөзі де емес, сондықтан оны бір жерде желөт
деп, енді бір қолданыста өтпежел деп, тағы бірде бұлардан басқаша
аталып жүр. Айтылмақ ұғымға (сквозняк ұғымына) сәйкес келетін
біреуін таңдау керек те селективтік тұлға етіп қолданысқа түсіру ке-
рек.
Қолдан жасалған жаңа сөздердің ішінде өте сәтсіз ұсынылған,
бірақ таңдап алуға келетін қатарлары жоқ бірліктер де бар. Бұл
сәтсіздік семантикалық үйлесімсіздіктен, тіпті түсінігі ауыр, айтуға
ыңғайсыз екендіктерінен байқалады. Бұлардың кейбіреулері тілде бар
408
өзге ұғым атауларымен ассоциация береді. Мысалы «закусочная» де-
ген тамақтану орнын шайнама деп атау, «душевая» деген жуынатын
орынды шаптырғыш деп атау, пошта пойызын поштабай деп атау
қазақ құлағы үшін аса қолайсыз, тұрпайы, тіпті боғауыз ұғымымен
ассоциация беретін тұлғалар болып шыққан. Бұлардың селективтік
вариантын таңдау мүмкіндігі де әзірге жоқ. Сондықтан көрсетілген
жаңалықтар әдеби тіл айналымына түспей отыр. Бүл типтегі сөздерді
түгел теріп алып, қазақша дұрыс баламасын беру керек.
Қазақ тіл білімінің неология саласы бойынша алда қандай
міндеттер мен іс-шаралар тұр?
Алдымен, соңғы кезеңдерді (айталық, соңғы 20-30 жылдық
мерзімді) қамтитын лексикалық жаңалықтар сөздіктерін түзу керек.
Ол сөздіктер «Бүгінгі сөздер» деп аталуы мүмкін. Олар: 1) Жаңа
қолданыстар сөздігі, 2) Жаңа сөздер сөздігі, 3) Кірме сөздер сөздігі.
Алғашқы сөздіктің типі («жаңа қолданыстар») тіркеуші сөздік (фик-
сирующий словарь), ол – нормативтік (нормалаушы) құрал емес,
яғни мұнда әлі әдеби нормаға енбеген, бірақ тіл қажеттігін өтейді-
ау деп қолданыла бастаған немесе қолдануға ұсынылған жаңа сөздер
тіркеледі. Сондықтан бұл бірліктердің статусы – әлі әдеби нормадағы
жаңа сөз емес, жаңа қолданыстар ғана. Бұлар – уақыт (5-10 жыл-
дай, бұдан не ертерек, не кешірек) сұрыпталатын, біреулері орнығып,
тұрақталып, енді біреулері қолданыстан шығып қалатын бірліктер
болмақ. Бұлардың тағы бір қасиеті – жарыспа қатарларының көрініп
отыратындығында. Мысалы, соңғы 2-3 жыл барысында глобали-
зация дегеннің қазақша 3-4 түрлі жаңа атауы қолданыста болып
келгені жоғарыда айтылды. Бұл күнде бұлардың біреуі (жаһандану)
сұрыпталып келе жатқан сияқты. Бұндай сөздіктердің алғашқы
екеуі түсіндірме сипатта, мысалдармен (қолданыс көріністерімен)
түзілгені жөн. Тіпті аударма нәтижесінде пайда болған сөздердің
орысша баламасы қоса көрсетіліп отырса, түсініктілеу болады,
өйткені бұларды күні бүгінге дейін «орысша» (интербірліктер
ретінде) вариантын қолданып, олардың тұлғасы ғана емес, мағы-
наларын да біліп алған болатынбыз. Ал үшінші типтегі, яғни «Кірме
сөздер» сөздігінің материалы да дұрысында «Жаңа сөздер» сөздігіне
енуі керек (бөгде тілдік кірме сөздерді де тілдегі жаңалықтар
деп танылатындығы жоғарыда айтылды). Ал жеке сөздік түзудің
қажеттігі – мұның түсіндірмелік сипаты (мақсаты, принципі) басым
болмақ, бұл сөздердің мағынасы қазақ тілінде толық түсіндірілуі ке-
рек. Олардың материалдарын жинақтап, сұрыптап, әдеби нормаға
409
енгендерінен толық және бір сөздік жасалса. Оны шартты түрде
«Біздің заманымыздың сөздері» (XX-XXI ғасырлар) деп атауға бо-
лар еді. Бұл сөздіктегі әрбір сөздің грамматикалық көрсеткіші (зат
есім, етістік, сын есім, есімше, көсемше дегендер сияқты), орфоэ-
пиясы (дұрыс айтылу, дыбысталу түрі), мысалдары, тіркестері орын
алуы керек. Бұл сөздіктің тек түсіндірмелік емес, танымдық сипаты
да көзделуі керек. Тілдік жаңалықтардың тіркес арқылы жасалған
құрама бірліктердің де сөздігін түзу өте қажет. Алдымен, бұлар
да – неологиялық қазына және сан жағынан айтарлықтай мол. Бір
ерекшелігі – құрама (аналитикалық) жаңа бірліктерді бірден тауып-
тану қиындау, олардың жаңалық сипатын тану үшін олар атайтын
зат, ұғым, құбылыстардың жаңалығына назар аудару керек. Зерт-
теп отырған кезеңге дейінгі қолданылған-қолданылмағанын мұқият
іздестіру керек. Аналитикалық тәсілмен жасалған жаңа бірліктер
тек зат атауын емес (яғни зат есім ғана емес), қимыл, іс-әрекет ата-
уы да болуы мүмкін, сындық бағалауыштық (сын есім, үстеу) сипат-
ты болуы да мүмкін. Бұл категорияның өзі жақсы зерттелген, таныс
болғанымен, әр кезеңге қарай жаңалары мен ескілері қайсылар де-
ген тақырып – өз алдына жеке зерттелген емес. Алдымен, зерттеу
жұмысы керек, содан соң 1970-1990 жылдардағы және 1990-2010
жылдардағы жаңа тіркестердің сөздігін түзу – алдағы міндеттердің
бірі. Жаңа тіркес бірліктер лексикалық тіркес те, фразеологиялық
тіркес те, анықтаушы-анықталушы болып келетін тұрақты тіркес те
болуы мүмкін. Осыларды сүзіп, тізіп, хатқа түсіріп, сөздігін түзіп
ұсынар болсақ, қазақ тілінің сандық байлығы да, сапалық әлеуеті де
нақты көрінері даусыз.
Аталған сөздіктердің бізде әзірге «жаңа қолданыстар» түрі ғана
дүниеге келді (бірақ ол да XX ғасырдың 90-жылдарына дейінгі мате-
риалдар бойынша түзілген сөздік болатын). Қалғандары әзірге бізде
жоқ.
Лексикографияның өмірден («тіл тіршілігінен») артта қалып
отыратыны белгілі. Бұл – тек қазақ халқы мәдени дүниесінде емес,
барлық тілдердің тарихында да көрініп келген құбылыс.
Қысқаша қорытсақ, мыналарды айтуға болады:
1. Бүгінгі қазақтың ұлттық әдеби тіліндегі жаңалықтар деген
әңгімені (тақырыпты, құбылысты) зерттеу, тану-таныту тұрғысынан
қозғағанда, тек соңғы 5-10, әрі кеткенде 15-20 жыл барысындағы тіл
болмысына, оның прагматикалық жай-жапсарына қарата жүргізу
керек. Тілдегі, оның лексикалық қабатындағы ескіліктер мен жаңа-
лықтар, әсіресе жаңа қолданыстар (ізденістер) тек қана белгілі бір
кезеңдерге қарай сөз етілуі керек.
410
2. Кірме сөз бен интернационалдық сөздер – бір нәрсе емес. Екеуі
де – бөгде тілдік бірліктер болғанмен, олардың қабылдаушы тілде
қолданылу реттері, ортақтық сипаты, кездесетін орындары бір-бірінен
өзгеше болып келеді. Дегенмен қазіргі тілдерде халықаралық ортақ
сөздердің бір алуаны барлық параметрі жағынан кірмелік сипатқа ие
болып кеткені байқалады. Интерсөздер әдетте соларды пайдаланушы
тілдің сөздік қазынасынан алшақ тұрса, бүгінгі қоғам өмірінің саяси,
экономикалық, мәдени, оқу-ағарту салаларында аса жиі қолданылып,
өзге тілдік баламасын қажет етпейтін сөздер болғандықтан, біз олар-
ды лексикалық кірме қабатына қосқанды жөн көрдік.
3. Тіл-тілде төл сөздер, интернационалдық сөздер, кірме сөздер
қабаттарынан өзге бөгде тілдік деп аталатын қабат та бар. Әр алу-
ан ғылым саласында, өндіріс пен шаруашылық орындарында, ме-
дицинада көбінесе мамандар арасында ғана қолданылатын, қалың
көпшілікке бейтаныс сөздер болады. Мысалы, тіл білімінде бич-
ламар (қоспа тілдің бір түрі), инкорпорация (сөзжасамның түрі),
әдебиеттануда гекзаметр (алты тармақты өлең құрылымы), глосса
(жазба мұралардың түсініксіз тұстарының түсіндірмесі, аудармасы)
деген терминдер бар, олардың қолданыс өрісі өте тар. Сол сияқты
қазақ тілінде реалийлері жоқ, аббат, астахари, камер-юнкер тәрізді
сөздер және әр халықтың тұрмыс-салт атаулары, ұлттық киім-кешек,
тағам аттары да қолданыста кездесіп қалады. Бұларды не кірме
сөздер, не интертерминдер деп емес, бөгде тілдік немесе жат сөздер
деп таныған жөн.
4. Неологиялық қозғалыс, яғни тілге жаңа бірліктердін келуінің
қарқыны да әр кезеңде әртүрлі болады. Қазақ тілі тарихында жаңа төл
сөздерді жасау, өзге тілдерден сөз қабылдау, оларды игеру процестері
біркелкі, бір жүйемен жүріп отырған жоқ. Бүл процестердің ең
қарқынды және біршама сәтті орын алған кезеңдері болды, солардың
бірі – XX ғасырдың алғашқы онжылдықтары, XX ғасырдың 90-жыл-
дарынан бастап қазіргі дейінгі кезеңдер деп шартты түрде (жалпылай)
атауға болады. Әсіресе неологиялық қозғалыстың ең бір интенсивті
дамыған тұсы – 1991-2005 жылдар деп қарастыруға болады.
5. Бұл жұмыс соңғы 10-15 жылдар үзігінде лексика-семантика-
лық жаңалықтардың қарқынды қозғалысының уәждері, келген (жа-
салған) көздері, жасалу жолдарындағы амал-тәсілдердің өзгерген,
күшейген, жүйеленген тұстары, қолданыс әлеуеті талданды. Кірме
сөз категориясын тануда жаңа көзқарас ұсынылды.
6. Тілдегі жаңалықтарды тек кезеңдерге қарай әңгіме ету қажет-
тігі бұл тақырыпты жалғастыра беруді, айқындай түсуді, иллюс-
тративтік материалды жүйелі түрде жинай беру, жалғастыру қажет-
тігін баса айтып, дәлелдеуді жөн көрдік.
МАЗМҰНЫ
Сөздер сөйлейді ................................................................................................3
Алғы сөз ..........................................................................................................4
Тарихи лексикология (қысқаша очерк) ................................................182
Талданған сөздер .......................................................................................201
Қысқартылып көрсетілген әдебиет .......................................................205
Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар .......................................207
Сөз алды немесе кіріспе .....................................................................208
I бөлім
Лексикалық ескі бірліктер
Ескіліктердің танымы мен оның теориялық негіздері .....................213
Ескіліктер кездесетін орындар ................................................................225
Лексикалық бірліктердің көнеру, ескіру уәждері мен кездері ..............232
Лексикалық ескіліктердің түсініктілік дәрежесі ...................................236
Отан, ел-жұрт, мемлекет ұғымдарына қатысты атаулар ........................239
Ескіліктердің тақырыптарға қарай танылуы .......................................238
«Едіге би», «Едіге батыр», «Ер Едіге» және басқа да Едіге туралы
жырлардағы ескіліктер ..........................................................................273
Ескіліктерді зерттеудің амал-тәсілдері мен қиындықтары ...............306
Қадырғали бидің «Жами’ат-тауарих» атты жылнамасындағы
ескіліктер ...................................................................................................318
Сөз соңы немесе қорытынды ................................................................330
II бөлім
Лексикалық жаңа бірліктер
Тілдегі жаңалықтар туралы түсінік пен таным .................................333
Тақырыптың теориялық негіздері мен принциптері .......................336
Қазақ тіліндегі жаңалықтардың әр кезеңдегі көрінісіне қысқаша шолу ....343
Жаңа бірліктердің типтері (түрлері) .................................................359
1990-2005 жылдардағы лексикалық жаңа бірліктер .......................366
Сөздік қазынаның молаю уәждері, жаңа қолданыстардың пайда болу
себептері ....................................................................................................367
Жаңа сөздердің жасалу көздері ............................................................382
Жаңа сөздердің тақырыптық топтары ...................................................385
Жаңа сөздердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы, оның ішінде
күнделікті газет беттеріндегі көрінісі .............................................386
Тілдегі жаңалықтардың жасалу жолдары ........................................388
Бүгінгі жаңа қолданыстардың әдеби тіл нормасына ену әлеуеті және
қалыптану (кодификация) процесі .......................................................399
Жаңа бірліктердің қолданыс әлеуеті ..................................................406
Қазақ тіл білімінің неология саласы бойынша алда қандай міндеттер
мен іс-шаралар тұр? ..................................................................................408
Рәбиға
СЫЗДЫҚОВА
Көптомдық шығармалар жинағы
Төртінші том
СӨЗДЕР СӨЙЛЕЙДІ
Сөздердің қолданылу тарихынан
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕСКІЛІКТЕР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР
Редакторы: Сәрсен Құлманов
Техникалық редакторы: Ниязбай Оразымбет
Корректоры: Олжас Сүйінішәлиев
Компьютерде беттеген: Жәмила Айдос
ИБ № 160
Теруге 28.10.2014 ж. берілді. Басуға 20.11.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 84х108
1
/
32
. Қаріп түрі «Times New Roman».
Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 21,6.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры.
050009. Алматы қаласы.
Абай даңғ. 143, 413 бөлме
«Полиграфкомбинат» ЖШС
Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41
Достарыңызбен бөлісу: |