Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет41/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162

119

алтын-күміс, тон, кілем сиякты «капиталдың» сақталатын жері, орны. 

Демек, қазына сөзінің мағынасы заман өткен сайын сәл өзгерген. Бұл 

күнде қазына «мемлекет, қоғам байлығы» сияқты абстракт ұғым ата-

уына айналған, нақты заттық мағынасы кемде-кем қолданылады.

ҚАЙДАҚ. «Қобыланды» жырында:

Хан қасында қайдақтар, – 

деген жол бар. Мұндағы қайдақ деген сөз бұл күнде қолданылмайды. 

Бұл сөз қырғыз тілінде «салт басты, сабау қамшылы бойдақ, үй-күйсіз 

жалғыз  басты  адам»  деген  ұғымда  келеді.  «Қазаны  жоқ  –  қайдақ, 

қатыны жоқ – бойдақ» деген мәтел де бар. Сірә, бұл сөз осы мәнде бір 

кезде қазақ тілінде қолданылған болу керек. Келе-келе ұмыт болып, 

жырларда ғана сақталған.



ҚАЙНАҒАН  ХАЛЬІҚ,  ҚАРА  ҚҰРТТАЙ  немесе  ҚҰЖ-ҚҰЖ 

ҚАЙНАУҚайна- етістігінің ауыспалы бір мағынасы «қаптап кету, 

құжынап  жату»  деп  көрсетіледі.  Қайна-/қайын-/қадна-  етістігінің 

көне  түркі  тілдерінде  де  «бейберекет,  ерсілі-қарсылы  сапырылысу, 

құжынап  жату»  деген  ауыспалы  мағынасы  болған.  Сонда  қайнаған 



халық  «әрлі-берлі  сапырылысқан  адамдар»  дегенді  білдірсе,  қара 

құрттай  қайнау,  құж-құж  қайнау  деген  тіркестер  «құжынап,  са-

пырылысып  жату»  деген  мағынаны  береді,  демек,  бұларда  қайна

етістігінің көне замандардан келе жатқан бір мағынасы сақталғаны 

байқалады.  Көне  кездегіден  айырмасы  –  бұрын  бұл  етістік  осы 

мағынада  жеке  тұрып,  еркін  тіркесте  қолданылған  болса,  қазіргі 

қазақ тілінде тек тұрақты тіркес құрамында ғана тұрғанда сақталған 

(адамдар қайнады деп айтылмайды) немесе «сапырылысу» мәніндегі 

қайна-  етістігіне  бұл  күндегі  қазақ  тілінде  бұл  етістіктен  кейін 

анықталғыш сөз келген (қайнаған халық дегендегі халық сөзі сияқты) 

құрамда қолданылады.

ҚАЙРАҚАН/ҚАЙРАҒАН. Сәкен Сейфуллин өзі зерттеген ауыз 

әдебиеті  үлгілерінің  ішінде  қазақ,  халқының  салттық  мейрамының 

бірі – ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектен:

Көш, қайраған көш десіп, 

Көз көрместей өш десіп, – 

деген  жолдарды  келтіреді.  Мұндағы  қайраған  –  бұл  күнде  бейта-

ныс  сөз.  Ол  тіпті  батырлар  жырлары  мен  ертедегі  ақын-жыраулар 

тілінде  де  кездеспейді.  Бұл  сөзді  Мұхтар  Әуезов  «Қарақыпшақ 

Қобыланды» пьесасында Тоқтарбай мен Қараманның аузына салады. 



120

Әдейі қолданады. Пьесадағы оқиғаның өте ертеде, ислам діні қазақ 

халқына әлі еніп үлгермеген дәуірде өткендігін суреттеу үшін тіл сы-

рын тамаша білген ұлы жазушы мұнда ондаған көне сөзді немесе осы 

күнгі бар сөздің ертедегі қолданысын (мағынасын) келтіреді. Соның 

бірі – қайрақан.

Тоқсандағы  Тоқтарбай  баласы  Қобыланды  мен  Құртқаның 

қосылған  тойында  От  ананың  құрметіне  арналған  сыйыну  ырым 

үстінде (демек, ислам дініне дейінгі салт бойынша):

Қарғысы қатты қайрақан 

Қарғысынан сен сақта, – 

дейді. Жазушы бұл сөзді Қараманның аузына да салады. Қайрақан 

сөзін  В.Радлов  Сібір  түркілерінде  (алтайлықтарда,  тувалықтарда, 

телеуіттерде т.б.) «Жаратқан иенің қастерлі аты, жебеуші періште» де-

ген мағынаны білдіреді дейді (Радлов, т. II, ч. I, 22). Осы анықтаманы 

Л.  Будагов  те  береді.  Ол  бұл  сөздің  монғол  тілінде  келіп,  «тау,  су 

сияқтылардың иесі» дегенді білдіретіндігін көрсетеді (Будагов, т. II,  

32).  Қазіргі  монғол  тілі  сөздіктері  де  хайрхан  дегеннің  көне  сөз 

екендігін  және  «керемет,  құдіретті»  (таудың  қастерлі  аты)  деген 

мағынаны беретіндігін көрсетеді (Монг.-русск. сл., 500).

Сөйтіп,  тау-тас  сияқты  табиғат  күштерінің  «иесінің»  атауы 

ретінде,  яғни  табынатын,  сыйынатын,  қорқатын  «Тәңірлердің»  аты 

қатарында қайрақан/қайраған сөзі ертедегі қазақтардың да, дәлірек 

айтсақ, қазақтарды құраған кейбір ру-тайпалардың да тілінде жұм- 

салған деген тұжырымға келуге болады.

ҚАЛЫҚПАН.  Махамбет  өлеңдерінің  екі-үш  жерінде  қалықпан 

сөзі кездеседі:

Мен қарақұстан туған қалықпан... 

Жалаулы найза қолға алып, 



Қалықпандай қомданып…

Ақын  мұрасының  1962  жылғы  басылымында  қалықпан  сөзіне 

«қыран  құс»  деген  түсініктеме  берілген.  Контекске  қарағанда, 

оның құс екені және асқақтықтың, биіктіктің образын беруге алын- 

ғандықтан, қыран сияқты құс екені танылады. Бұл сөздің құс атауы 

екендігі сөз түбірінің мағынасынан да шығады: қалық – көне түркі 

тілдерінде  «көк,  аспан»  мағынасындағы  сөз.  Демек,  қалықпан  – 

«аспан көкте, биікте самғайтын құс» дегенді білдіретін атау. Бұл атау 

бір замандарда ата-бабаларымыздың тілінде өзінің тура (номинатив) 

мағынасында белгілі бір құстың аты ретінде қолданылғанымен, кейін 

келе,  мысалы,  Махамбеттер  заманында  образ  жасайтын  тарпаң, 

тарлан, құлан, бұлан сияқты сөздердің қатарына көшіп, поэтикалық 



121

сөзге (поэтизмге) айналған болар. Бұл сөздің сирек кездесетін көне 

сөздердің бірі екендігі сондай, ол қазіргі түсіндірме және екі тілдік 

сөздіктерге енбей қалған.



ҚАРАЛДЫ.  М.Әуезов  «Қарақыпшақ  Қобыланды»  пьесасын-

да  қаралды  сөзін  батырдың  анасы  Аналықтың  аузына  салады.  Ол 

сапарға аттанып бара жатқан баласына берген бата-тілегінде:

Қаралдының қызығын 

Қарық боп көрер сәтті бер... 



Қаралдымның жұлдызын 

Оңынан туғыз, Қамбар-ау! – 

дейді.  Бұл  жердегі  қаралды  сөзі  –  В.Радловтың  көрсетуі  бойын-

ша, қазақ тілінде «таяныш, үміт артқан тірек» мағынасында балаға 

қатысты айтылатын сөз, ал Л. Будагов башқұрт, татар тілдерінде бұл 

тұлға «1) аула ішіне салынған қосалқы құрылыс, үй» дегенді білдіреді 

дейді (Будагов, II, 47). Демек, М.Әуезов бұл сөздің ертеректегі қазақ 

тіліндегі мағынасын (Радлов көрсеткен) пайдаланған.



ҚАРА ОРМАН, ҚАРА ОРЫН. 1723 жылғы қазақ халқының басы-

на түскен атақты ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама босқынында 

шыққан «Қара таудың басынан көш келеді» деген өлең тексінде:

Қарындас пен қара орман қалғаннан соң, 

Мөлтілдеп екі көзге жас келеді, – 

деген  жолдар  барын  екінің  бірі  біледі.  Осы  жолдар  кейбір  басы-

лымдарда  «Қарындас  пен  қара  орын  қалғаннан  соң»  деп  берілген 

(Сейфуллин, VI, 41). Қара орын деген тіркесті «Тауарих хамса»-дан 

да кездестіреміз:

Қарақыпшақ Қобыланды



Қара орыннан айырылды. 

Бұл  екі  түрлі  тіркестің  қара  орман  варианты  жиірек  кездеседі. 

Мысалы, Махамбетте:

Жаудан аман жан қалса, 



Қара орман малым садаға...

Қатын-бала, қара орман 

Баршасын жауға алдырған.

Қара  орман  тіркесі  қазақ  тілінде  «мал,  мүлік»  деген  мағынаны 

береді  дегенді  В.  Радлов  сөздігі  көрсетеді.  Өткен  ғасырдағы  өзге 

сөздіктер  де  қазақ  тіліндегі  қара  орман  тіркесін  «барша  байлық» 

деп  танытады  (Кирг.-русск.  сл.,  1897).  Шындығында  да,  мұндағы 



орман  сөзі  –  ағаш  өскен  орман  емес,  контекске  қарай,  В.  Радлов 

көрсеткендей, «мал-мүлік» деген ұғымда деп түсінуге болады.




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау