Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет128/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162

337

«ономасиология» дегеннің де орнына жүре алады да, ол «семасио- 

логияның» қарсысында тұрады, яғни номинация – сөздің көрінісін, 

ал семасиология ұғымының мәнін қарастырады.

Номинация  тіл  біліміндегі  сөзжасам,  көпмағыналық  (полисе-

мия), сөзтіркесім проблемаларын карастыратындықтан, осы сала- 

лардағы  теориялық-танымдық  ұстанымдарды  тірек  етеді.  Зерттеу- 

шілердің  айтуынша,  номинация  мәселелерін  «өмір  (болмыс)  –  та-



ным (ұғым) – аталым (сөз)» деген үштікті ұстану арқылы зерттейді.

Номинация – қандай бір тілдегі жаңа сөздердің пайда болған негіз- 

дері,  жолдары  (әдістері),  атаудың  тілдік  (материалдық)  психоло- 

гиялық табиғаты туралы ілім болғандықтан, оның ең негізгі таным-

дары барлық тілдерге ортақ, универсал заңдылықтар екендігі әбден 

дәлелденген.  Жаңа  сөздердің  пайда  болуын  аталым  шарттарымен 

байланыстыра  зерделегенде  әр  халықтың  әлеуметтік-мәдени  және 

саяси  болмысына  қарай  оның  бүгінгі  сөздік  қазынасын  жеке-жеке 

зерттеуге жол ашылады.

Бір сөз бір емес, бірнеше мағынаны білдіретіндіктен, ол бірнеше 



атаулық (атауыш) бірлік бола алады. Демек, сөздерде номинативтік 

мүмкіндіктер аз болмайды. Сөздердің семантикалық кеңістігі неоло-

гияда (жаңа сөздердің пайда болуында) белгілі рөл атқарады.

Демек, неология тақырыптары номинацияның:

1) жаңа атаулардың пайда болу уәждері;

2) жасалу амалдары;

3) заттық және ұғымдық атаулары;

4) номинативтік классификацияның параметрлері;

5)  номинация  кластары  сияқты  мәселелерді  орайластыра  қарас- 

тырады.  Номинацияның  тек  теориялық  жақтары  ғана  емес,  жаңа  

атауларды  кезең-кезеңге  қарай  сөз  ету,  лексикалық  жаңалықтарды 

жинастыру,  сұрыптау,  сөздіктерін  жасау  сияқты  практикалық  қаре- 

кеттер де ұмыт қалмауға тиіс. Бұл көрсетілген зерттеу қырларының 

әрқайсысы қазақ тіліндегі неология құбылысын әр кезеңге қарай зер-

делеген алдағы тақырыптарда кеңінен сөз болады.

Жаңа  сөздер  туралы  зерттеулердің  тағы  бір  таңымдық  негізі  – 



сөзжасам теориясына барып тіреледі. Бұл күндердегі сөзжасамдық 

процесті  когнитивтік  аспектіде  қарастырудан  гөрі,  орыс  тіліндегі 

атаулардың  дұрыс  (дәл)  қазақша  аудармасын  ұсыну,  тілде  бар  ата-

уларды  үйлестіріп,  сұрыптау,  яғни  ең  дұрыс  деген  вариантын  тау-

ып,  қалыптандыру,  жаңа  пайда  болып  жатқан  зат,  ұғым  атауларын 

ұсыну (ол да көбінесе өзге тілдердегі сөздердің сол күйінде не ауда-

рылып берілуі болып келеді) сипатында (аспектісінде) орын алады. 

Мұнда  көпмағыналық,  синонимдік,  антонимдік  қатарлардың  рөлі 

айтарлықтай емес екендігін көруге болады.



338

Бүгінгі  сөзжасамда  ұғым,  мағына,  атау  категориялары  назарға 

ілінеді,  бұл  да  –  тілдегі  жаңалықтарды  танудағы  теориялық  негіз- 

дердің бірі екендігі осы жұмыстың өн бойында көрсетіледі. 

Қазақ тілінің неологиялық ізденістері үшін номинация саласының 

тағы  бірнеше  тұсының  мәні  зор.  Солардың  бірі  –  құрама  неме-

се  қосынды,  я  болмаса  аналитикалық  деп  аталатын  екі-үш  жеке 

сөздерден жасалған лексикалық бірліктер. Олардың табиғаты, жаса-

лу жолдары, бір сөз болып келетін атаулардан тек тұлғалық емес, ішкі 

(семантикалық) айырмашылықтары, бір тұстас тұлғаға ұласу әлеуеті 

де  арнайы  зерттеу  нысаны  болмақ.  Сондай-ақ  құрама  аталымдар 

заттық не ұғымдық бір сөз жасаудың «әзірге, запастағы» амалы ма 

әлде номинативтік «тең праволы» тәсілдердің бірі болып қала бере 

ме  деген  проблеманы  ғылыми-теориялық  тұрғыдан  шешу  міндеті 

тұрады, ол үшін жаңа құрама аталымдардың қолданыс жиілігі, үлгілік 

сипаты, терминдік «қасиеті», мағыналық дәлдігі есепке алынуға тиіс. 

Бұл да – қазақ тіл білімінде жеке өз алдына монографиялық ғылыми 

зерттеу түрінде әлі кең етек алмаған тақырып.

Екінші  –  арнайы  тағы  бір  зерттеу  нысаны  етіп  бірнеше  үлкен 

еңбектер жазылуға тиіс проблема – кірме бірліктер, яғни кірме сөз, 

кірме лексикалық тіркес, кірме сөз алды форманттар.

Кірме (заимствование) сөз деп танудың белгілері, кірме сөз бен 

өзге тілдік немесе бөгде сөз, интернационалдық терминдер, термин 

емес  қарапайым  интербірліктер,  олардың  арасалмағы  («тілдің  жат 

сөздермен былғану» проблемасы) сияқты тақырып та – бүгінгі қазақ 

тіл білімінің ең өзекті түбегейлі шешімін таппаған проблема.

Неология саласы терминология мәселелерімен тығыз байланы-

ста  екендігі  белгілі.  Демек,  лексикалық  жаңа  бірліктер  тақырыбын 

зерттеу барысы термин жасам теориясымен және ұстанымдарымен 

ұштасып жатады. Сондықтан болар, қазақ тіл біліміңдегі неологиялық 

жұмыстар  (ізденістер,  зерттеулер,  сөздіктер,  анықтамалық  басы-

лымдар)  терминдерден  алынған  материалдың  негізінде  жүргізіліп 

келеді.  Қарапайым  жұртшылық  та  жаңа  сөздер  проблемасы  тек 

терминологияға қатысты деп санайды. Ал терминжасам проблемасы 

– неологиялық ізденістерге қатысты болғанымен, бұл номинацияның 

бірден-бір,  жалғыз-дара  объектісі  емес.  Лексикалық  неологизмдер 

тек  зат  есім  (затты  не  ұғымды  атау)  ғана  емес,  сындық  (сын  есім, 

үстеу),  қимылдық  (етістік),  тіпті  сөздің  морфемдік  сегменттері  са-

ласында  да  (автоқалам,  авиабайланыс,  телебейне,  ультракүлгін 

сияқты  бірліктерде)  көрініс  табады.  Демек,  қазіргі  қазақ  тіліндегі, 

оның соңғы 10-15 жыл кезеңіндегі лексикалық жаңалықтары туралы 

зерттеу жұмысының ізденіс шеңбері әлдеқайда кең және кей тұстары 

(мысалы,  қазіргі  ауыл  мен  қала  тұрғындарының  сөйлеу  тіліндегі 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау