Баєдарлы оќытуды ўйымдастыру


Мазмұны: І. Химияның стехиометриялық заңдары...........................................7 сағат



жүктеу 1,51 Mb.
бет5/6
Дата24.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5862
1   2   3   4   5   6

Мазмұны:
І. Химияның стехиометриялық заңдары...........................................7 сағат

1. Моль зат мөлшерінің өлшемі

1.1 Зат мөлшерін «молярлық масса» және «масса» ұғымдары бойынша

есептеу..................................................................................................1 сағат

1.2.Зат массасын «молярлық көлем» және «жалпы көлем» ұғымдары

бойынша есептеу..................................................................................1 сағат

1.3.Зат мөлшерін «Авагадро тұрақтысы, «атом», «молекула» саны

бойынша есептеу...................................................................................1 сағат

1.4.Типтік есептерді шешу........................................................................1 сағат


2. Эквиваленттер заңы

2.1.Эквивалент және эквиваленттік массаны табу.................................1 сағат


3. Көлемдік қатынастар заңы

3.1.Газдардың химиялық қатынастарын химиялық теңеулер бойынша

есептеу...................................................................................................1 сағат

3.2.Газ заңдарын қолданып шығарылатын есептер...............................1сағат


ІІ. Атом құрылысы.................................................................................6 сағат

2. Атом құрылысы және радиоактивті өзгерістер

2.1.Атомды құрайтын бөлшектер санын анықтау..................................1 сағат

2.2.Элемент атомы изотоптарының салыстырмалы атомдық массасын

анықтау.................................................................................................1 сағат

2.3.Радиоактивті ыдырауғабайланысты есептер...................................1 сағат

2.4.Радиоактивті ыдырауды сандық жағынан өрнектеуге арналған

есептер..................................................................................................1 сағат

2.5.Ядролық реакциялар арқылы элементтерді синтездеу....................1 сағат

2.6.Шығармашылық тапсырмалар...........................................................1 сағат
ІІІ. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары.....................6 сағат

3.1.Жылу эффектісін табуға арналған есептер.......................................1 сағат

3.2.Энергия өзгерістерін есептеу.............................................................1 сағат
IV. Тотығу-тотықсыздану реакциялары...........................................2 сағат

4.1.Химиялық реакция теңеулерін теңестірудің электрондық

баланс әдісі..........................................................................................1 сағат

4.2.Химиялық реакция теңдеулерін теңестірудің иондық-

электрондық әдісі................................................................................1 сағат
V. Ерітінділер.........................................................................................12 сағат

5.1.Ерітіндінің молярлық концентрациясын

есептеу.................................................................................................1сағат

5.2.Ерітіндінің проценттік концентрациясын

есептеу.................................................................................................1сағат

5.3.Ерітіндінің нормальдық концентрациясын

есептеу..................................................................................................1сағат

5.4.Ерітінді концентрациясының титрін есептеу...................................1сағат

5.5.Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтау, көлемін,

зат массасын табу................................................................................1сағат

5.6.Типтік есептерді шығару...................................................................1сағат

5.7.Әртүрлі құармды еріген заты бар ерітінділерді араластыруға

байланысты есептер.............................................................................1сағат

5.8.Еріген зат пен еріткіштің әрекеттесуі нәтижесінде түзілген заттың

массалық үлесі.....................................................................................1сағат

5.9.Реакциялаушы заттардың бірі артық алынғанда химиялық

теңдеулер бойынша есептеу...............................................................1сағат

5.10.Теорияда алыну мүмкін шығымнан өнімнің массалық

және көлемдік үлесін анықтау...........................................................1сағат

5.11.Заттардың ерігіштігіне арналған есептер........................................1сағат

5.12.Олеумді сұйылтуға арналған есептер..............................................1сағат
VІ. Қоспалар....................................................................................................1сағат

6.1.Қоспаға байланысты есептер..............................................................1сағат


VІІ. Молекулалық формулалар............................................................4сағат

7.1.Бейорганикалық заттардың молекулалық формуласын

табу........................................................................................................1сағат

7.2.Органикалық қосылыстардың молекулалық формуласын

табу........................................................................................................1сағат

7.3.Типтік есептерді шешу.......................................................................1сағат

7.4.Шығармашылық жұмыс.....................................................................1сағат

Химиядан таңдау курсының тақырыптық жоспары


Р/с

Сабақтың тақырыбы

сағат

мерзімі

1


1-тарау Химияның стехиометриялық заңдары
Моль-зат мөлшерінің өлшемі (зат массасыныңсақталу және құрам тұрақтылық заңы)

Зат мөлшерін «молярлық масса» және «масса» ұғымдары бойынша есептеу




1




2

Зат масасын «молярлық көлем» және «жалпы көлем» ұғымдары бойынша есептеу

1




3

Зат мөлшерін «Авагадро тұрақтысы», «Атом», «Молекула» саны бойынша есептеу

1




4

Типтік есептердің шешілуі

1



5
6
7



Эквиваленттер заңы

Эквивалент және эквиваленттік массаны табу.

Көлемдік қатынастар.

Газдардың көлемдік қатынастарын химиялық теңдеулер бойынша есептеу

Газ заңдарын қолданып шығарылытын есептер

1
1
1










2-тарау Атом құрылысы және радиоактивті өзгерістер








8

9
10

11
12

13


Атомды құрайтын бөлшектер санын анықтау

Элемент атомы изотоптарының салыстырмалы атомдық массасын табу

Радиоактивті ыдырауға байланысты есептер

Радиоактивті ыдырауды сан жағынан өрнектеуге арналған есептер.

Ядролық реакциялар арқылы элементтерді синтездеу

Шығармашылық тапсырмалар.



1

1
1


1

1

1



1







3-тарау Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары






14

15


Жылу эффектісін табуға арналған есептер.

Энергия өзгерісін есептеу

1

1









4-тарау Тотығу-тотықсыздану реакциялары










16

17

18



19

20

21



22
23

24
25


26
27
28

29
30


31
32
33

34


Химиялық реакциялардың теңдеулерін теңестірудің электрондық баланс әдісі
Химиялық реакция теңдеулерін теңестірудің иондық-электрондық әдісі

5-тарау Ерітінділер

Ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеу

Ерітіндінің проценттік концентрациясын есептеу

Ерітіндінің нормальдық концентрациясын есептеу

Ерітінді концентрациясын титрін есептеу

Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтау,көлемін ,зат массасын табу.

Типтік есептерді шығару

Әр түрлі құрамды еріген заты бар ерітінділерді араластыруға байланысты есептер

Еріген зат пен еріткіштің әрекеттесуі нәтижесінде түзілген заттардың массалық үлесін табу.

Реакцияласушы заттардың бірі артық алынғанда химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

Теорияда алынуы мүмкін шығымнан өнімнің массалық немесе көлемдік үлесін табу.

Заттардың ерігіштігіне байланысты есептер.

Олеумді сұйылтуға арналған есептер.

6-тарау.Қоспалар

Қоспаға байланысты есептер.



7-тарау.Молекулалық формула табуға арналған есептер

Бейорганикалық заттардың молекулалық формуласын табу.

Органикалық қосылыстардың молекулалық формуласын табу.

Типтік есептер шығару.

Шығармашылық жұмыс.


1

1

1



1

1

1



1

1

1



1
1
1
1
1

1
1
1


1
1

1







Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№ 47 М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі

«Бекітемін »

Мектеп директоры: С.Апбасова
ХХ ғасыр әдебиеті

Қолданбалы курсының бағдарламасы

2007-2008 оқу жылы

10-сынып

Педагог :Назарова Злиха

Қоғамдық –гуманитарлық бағытындағы 10-сынып оқушыларына арналған «ХХ ғасыр әдебиеті» қолданбалы курс бағдарламасы.

Көркем әдебиетті оқыту көркем бейне арқылы көрінетін ақиқаттықты меңгертуді көздейді.

Көркем ойдың адамгершілік, эстетикалық байлығын игеру, оқырманның дамыған көңіл- күй, тебіреніс қабілетін туғызу ,көркем шығармаларды талдау және бағалаудың белгілі бір күрделі білік дағдыларының жүйелі қалыптасуын талап етеді.Оқушылардың

бойында туған жерге, елге, ұлттық салт- дәстүрге, ана тіліне, егемен мемлекетіне, оның заңдарына шексіз құрмет сезімін дарытады


Бағдарламаны құрастырушы:Назарова Злиха.

Курстың уақыты: 68 сағат (аптасына -2 сағат)

Курстың мақсаты:- Әрбір жеке тұлғаның өзін- өзі танып білуіне ,сол

арқылы өзгелерді де танып білуіне жол ашады



  • Оқушылар әрекетімен шығарманың өзіндік

көркемдік ерекшеліктерін ашуға, суреткер көтеріп отырған адамгершілік және әлеуметтік мәселелердің мәнін терең ұғындыруға бағытталады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар білуі тиісті:

  • Қазақ әдебиетінің классикалық көркем туындыларын өз халқының төл мәдениеті ретінде елжандылықпен меңгере алуы.

  • Өз бетімен оқуы және мұғалім жетекшілігімен талдауы.

  • Негізгі проблемаға қатысты кейбір көріністер мен эпизодтарды еске түсіру.

  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынас сырын ашу.

  • Лирикалық туындыдағы идеялық көркемдік ерекшеліктерді пайымдау.

  • әдеби –шығармашылық жұмыстар атқару: пікір айту, рецензия жазу, сценарийлер құру, көркем шығармаларды еркін жазуды меңгеру.


Курсты ұйымдастыру формасы : лекция,диспут, дебат,конференция сабағы, экскурсия.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: дихотомиялық жүйе: «игерілді», «игерілмеді».

Қоғамдық –гуманитарлық бағыт. 10- сынып

( жылына 68-сағ,аптасына-2 сағ)

Р\с

Өтілетін сабақтың тақырыбы

Сағаты

Мерзімі

1


I тоқсан (18 сағат).

А.Байтұрсынов-әдебиет зерттеушісі,педагог,ғалым, филолог.



2





2

М. Дулатов шығармашылығы

«Азамат", «Терме» жинақтары



2

2





3

С.Көбеев «Үлгілі тәржімә», «Үлгілі бала» жинақтары

2




4

«Орындалған арман» романы

2




5

Шығармашылық сабақ

1




6

С. Торайғыров «Адасқан өмір» поэмасы,

«Кім жазықты?» романы



2

2





7

Әдебиет теориясы

2




8

Сыныптан тыс оқу

1



1


ІІ тоқсан ( 14 сағат)

С. Торайғыров «Кедей» поэмасы

С.Торайғыров - ірі суреткер

1

2






2

С. Дөнентаев. Қазақ поэзиясының Бозторғайы

2




3

4


Сәбит- мысал жанрының шебері

Шығармашылық жұмыс



1

1





5

Ж. Аймауытов «Қартқожа » романы

2




6

«Күнекейдің жазығы »повесі

2




7

Әдебиет теориясы


2




8

Сыныптан тыс оқу

1



1


ІІІ тоқсан (20 сағат)

С. Сейфуллин «Аққудың айрылуы»


2





2

Прозалық шығармалары

2




3

«Тар жол , тайғақ кешу» романының композициясы

2




4

Б.Майлин поэзиясындағы «Мырқымбай» бейнесі

2




5

Прозалық шығармашылығы

2




6

Шығармашылық жұмыс

1




7

8


І.Жансүгіров поэмалары

Шығармаларының көркемдік сипаты



2

2





9

Ілияс-поэзия Құлагері

2




10

Әдебиет теориясы

2




11

Сыныптан тысоқу

1



1


IV тоқсан ( 7 сағат)

Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы


1





2

Жамбыл өлеңдері- отты жылдарда

1




3

Айтыскер ақын

2




4

С.Мұқанов өлеңдерінің тақырыбы

1




5

6


«Аққан жұлдыз» романы

Шығармашылық жұмыс



2

1





7

«Мөлдір махаббат» романы

2




8

Әдебиет теориясы

2




9

Сыныптан тыс оқу

2






Шығармаларды оқып , талдауға – 52 сағат

Шығармашылық жұмыс- 4 сағ.

Әдебиет теориясы-8 сағ.

Сыныптан тыс оқуға- 4 сағат

47 М В Ломоносов мектебінің қазақ тілді мұғалімі З Назарованың



«ХХ ғасыр әдебиеті» қолданбалы курсы бойынша өткен сабақ жоспарының үлгісі
10 «А» сыныбы

Пәні : Қазақ әдебиеті.

Қоғамдық- гуманитарлық бағыт.

(қолданбалы курс )

І.Сабақ тақырыбы: Мұқағали - лирик.

ІІ. Сабақ мақсаты:

а)Білімділік мақсаты: Оқушыларды Мұқағали

поэзиясын оқи отырып,лирикасының

тақырыбын ашуға бағыттау.

ә)Тәрбиелік мақсаты: Ақынның адамгершілік қасиеті мен

парасаттылығын, елін,жерін сүюін

үлгі ету.

б) Дамытушылық мақсаты: Ақын шығармаларын сүйіп

оқуға қызықтыру.



ІІІ. Типі: Жаңа сабақты меңгерту.

ІV.Түрі:1. Поэзия сағаты

2. «Аңсар» бағдарламасы бағытымен



V.Әдісі: 1.«Сөз-сурет әдісі»

2. Мәнерлеп оқу

3 Пікір алысу.

VI.Көрнекілігі: Мультимедия, компьютер

VII.Сабақта пайдаланылған әдебиеттер:


  1. М.Мақатаев «Аққудың қанатына жазылған жыр»жинағы

  2. М.Мақатаев «Аманат» жинағы

  3. Басылым беттері

  4. Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» жинағы

VIII.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Жаңа сабақ

Мұғалім: Заманымыздың ғажайып ақындарының бірі, алауратқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, көрінбейтін сиқыр бояулардан, естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын Мұқағали мұрасы таза да мөлдір, шынайы да сыршыл поэзиядан тұратыны анық.

1960 – 70 жылдары қазақ поэзиясы биік шыңға көтерген сырлы да сазды, мьұнды да қуатты жырларының көзінің тірісінде 11 жинағы,

1 таңдамалысы жарық көрсе, өзі дүниеден озғаннан кейін 17жинағы басылып шықты.

Ғасырлар ауысар тұста Қазақстан Жазушылар одағының шешімі мен «Ғасыр ақыны » атанса,

ХХІ ғасыр табалдырығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері болып аттады.

Мұқағали – бүгінгі әрбір жыр сүйер қауымның сырласы, мұңдасы. Сөз қадірін білер әр адамның жүрек пернесін дәл басар ақылшысы .

Жылағанды жұбатқан , жұбанғанды қуантқан, жалбақтаған жапалақ болмай, жарқ - жұрқ жасын боп өткен өмірлік қиял бейне.

Алуан түрлі көңіл – күй кешеміз ғой өмірде

Жан сырыңды бөлісер іздейсің серік көңілге.

Сол бір сәтте ақыным бір өзіне жүгінем

Сырлас , мұңдас досымдай ие бопсың сенімге.


Осындай ұлды өсірген, киелі неткен кең далам

Найзағайдай жарқ еткен ойларыңа таң қалам.

Қаулап өсіп келеді шәкірттерің бүгінде

Мұқағали жырларын күнтіз – түні жаттаған

Сол шәкірттің бір тобы алдарыңда мінеки

Мұқағали жырларын бастайықшы кәнеки

Сағатқа жетпес уақыт ықшамдап ойды көрейік

Ұнаған әрбір тұстарын талдап, оқып берейік.


І. Оқушылар ақын шығармаларын оқи отырып, өз көзқарастарын, зерттеулік талдаулары бойынша ойын ортаға салады.
ІІ. Ақынының туған жерге сүйіспеншілік, , достық адамгергершілік, махаббат лирикасын ашу үшін «Махаббат жыры » үзіндісін «Аңсар » бағдарламасы бағытында оқиды.
ІІІ. «Ақын ізімен... » тақырыбында оқушылар ой толғайды.
ІХ Бекіту . Мұғалім қорытындысы.

Х. Үйге тапсырма: Мұқағали – лирик.

47 М В Ломоносов атындағы орта мектебінің бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың 2007-2008 оқу жылына арнаған жылдық жоспары


І бөлім .Талдау –сараптау
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына » сәйкес еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептер бейінді –бағдарлы оқу процесіне көшті. Бейінді –бағдарлы оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз етеді.

2006-2007 оқу жылында мектеп оқушы сұраныстарына сәйкес жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда оқыды. Осы бағдарлар физика –математикалық , биология –экологиялық және филологиялық, қоғамдық-құқық бейімдері бойынша жұмыс жүргізді.Әр бағдар бойынша элективті курстар ұйымдастырылып, мұғалімдер авторлық бағдарламалар жасады.

Қоғамдық- гуманитарлық бағдар бойынша:


  1. ХХ ғасыр әдебиеті (қолданбалы курс) – З Назарова

  2. Ағылшын тілі 2 жылда (таңдау курсы)- Г Санақова

  3. Көшпенділер өркениеті (қолданбалы курс)-Ф Қасқабаева

  4. Сыр елінің мәдени мұралары (таңдау курсы)- Ф Қасқабаева

  5. Культура речи (таңдау курсы)- Ү Әлімова

Жаратылыстану-математикалық бағдар бойынша:



  1. Қиындығы жоғары есептерді шығару (қолданбалы курсы) - О Құрасбаева

  2. Елтану (таңдау курсы) – Б Сыздықова

  3. Қолданбалы физика (қолданбалы курсы)- М Темірова

  4. Тірі ағзалар физиологиясы (қолданбалы курсы)- Л Бекішева

  5. Экологиялық факторлар (таңдау курсы)- Ш Смайлова

  6. Экономикалық қатынастар (қолданбалы курсы)- Н Дүкенбаева

Осы бағдарламалар бойынша элективті курстар өз жұмыстарын жүргізді.

Мамыр айында «Жеке тұлғаға бағдарланған технология » тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылып онда екі бағдар бойынша элективті курстардан сабақтар өтілді.

Қоғамдық- гуманитарлық бағдар бойынша «Сыр елінің мәдени мұралары» таңдау курсынан

(курс мұғалімі Қасқабаева Ф), «ХХ ғасыр әдебиеті» қолданбалы курсынан

(курс мұғалімі З Назарова) және жаратылыстану-математикалық бағдар бойынша «Қиындығы жоғары есептерді шығару» қолданбалы курсынан (курс мұғалімі О Құрасбаева), «Экологиялық факторлар» таңдау курсынан (курс мұғалімі Ш Смайлова) жаңа әдіс –тәсілдерге негізделген мультимедиялықсабақтар, интерактивті тақтамен , техникалық құралдарды қолдана өткен сабақтары жоғары бағаланды.

Сонымен қатар бастауыш саты бойынша даярлық сыныптарында математикадан электронды оқулықпен(мұғалімі Ф Әбдраманова), 4 сыныптарда «Ертегілер елінде» мультимедиялық сабақтары да (Ж Түлкібаева) өз дәрежесінде өтті. Семинар барысында педагогикалық көрме ұйымдастырылып ол: 12 жылдық білім беруге, бағдарлы оқытуға, жаңа технологияларға негізделген құралдармен, оқушы және мұғалім портфолисының, әдістемелік көрнекіліктер үлгілерімен жабдықталды.

Өткен оқу жылында 50 оқушы екі бағдар бойынша білім алса, негізгі сатыны бітіріп жоғары сатыға көшетін 9 сыныпты 80 оқушы аяқтады.Осы оқушылардың кәсіби деңгейін анықтау мақсатында 12 жылдық білім беру проблемалары Республикалық ғылыми –практикалық орталығының ұйымдастыруымен жасалған диагностикалық дәптер арқылы әртүрлі бағыттағы сауалнамалар алынды.



Сауалнама қорытындысы төмендегідей көрсеткіштер көрсетті



Сонымен қатар оқушылардан «менің мамандығым- менің болашағым» тақырыбында шығарма алынды,КТМ –ге танымжорыққа апарылды,9 сынып оқушыларымен «12 жылдық білім және бағдарлы оқыту мәселелері» тақырыбында әңгіме өткізілді.

12 жылдық білім және бағдарлы оқыту мәселелеріне байланысты ата-аналармен де біршама жұмыстар жүргізілді. «12 жылдық білім беру – жеке тұлғаны дамыту» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді, олардан мамандық таңдаудағы балаға әсерін анықтайтын сауалнамалар алынды.

Зерттеу қорытындыларын сараптай келе қоғамдық- гуманитарлық бағдар бойынша 20 оқушы,

жаратылыстану-математикалық бағдар бойынша 22 оқушы жоғары сатыда оқуын жалғастыратын болды және олардан , ата-аналарынан өтініштері қабылданды.Олармен элективті курстартар да өз сұраныстарына сәйкес жасалынды.

Мектепте біршама жұмыстар жүргізілгенімен, нәтижеге қол жеткізу үшін проблемалар да баршылық. Мектеп сыйымдылығының төмендігінен элективті курстарды өткізуде кабинет мәселесі жөнінен және материалдық- техникалық базамыздың нашарлығынан курс бағдарламаларын да мектептің ішкі жағдайын ескере отырып жаскауға тура келді. Бұл жағдайларды болдырмау мақсатында арнайы орындарға сұраныстар берілді.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Алматы 2006 жыл

2.Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар. Алматы 1998 жыл

3. С Муканова : «Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений»

Алматы 2005.

4.Г И Горская, Р Г Чуракова Ғ Организация учебно-воспитательного процесса в школе М : Просвещение, 1986.

Кіріспе
Қазір заман мектебі жоғары деңгейде мамандаған кәсіпқой мұғалім күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершілікті педагог маманды қатыстыру қажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Республикамыздағы білім беру жүйесін реформалау ісі ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім беру жүйесіне кірігумен тығыз байланысты. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіне елеулі өзгерістер әкеледі.Елімізде соңғы жылдары « Білім туралы заң» (1999) ҚР азматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлық қалыптастыру тұжырымдамасы (1995) Білім беру мекемелеріне арналған тәрбие кешенді бағдарламасы (2000),2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы (2003) сияқты тарихи құжаттар қабылданып жаңа екпін жаңа леп әкелді. Білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілді. Елбасының халыққа жолдауында көрсетілгендей, шын мәніндегі бәсекелестікке қабілетті мемлекет болып қалыптасуымыз үшін мектеп қабырғасындағы оқушыларды жеке тұлға етіп тәрбиелеуіміз керек, біліктілігін арттыруымыз керек..

Осындағы біліктілік дегеніміз не? Ол–дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапарларының ( Білім ,іскерлік , дағды әрекет)жиынтығы. Біліктілік – адамның сол әрекетке , тәрбиеге деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес біліктілерді игеру, меңгеру.

Менің зерттеу тақырыбым: «Бағдарлы оқыту жағдайында біліктерді дамыту»

Мақсаты:


  • Бағдарлы оқытудың ғылыми –теориялық негізін тиімді ұйымдастыру арқылы біліктерді дамыту.

Міндеті:

  • Бағдарлы оқыту қызметінің нормативтік –құқықтық базасын жетілдіру;

  • Бағдарлы оқыту бағдарламаларымен қамтамасыз ету, ОӘК жетілдіру;

  • Бағдаралды дзаярлық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру;

Нәтижесі:

  • Бағдары анық, мақсаты нақты, кәсіби икемділігі анықталған, білімі мен білігі қалыптасқан тұлға қалыптастыру



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау