Баєдарлы оќытуды ўйымдастыру


Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар



жүктеу 1,51 Mb.
бет3/6
Дата24.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5862
1   2   3   4   5   6



Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
Оқу әдістемелік кешен деп оқушыларды жеке дара дамытуға қызмет жасайтын және нақты пән бағдарламаларындағы көрсетілген оқу және тәрбие міндеттерін толық жүзеге асыру мақсатында құрылған дидактикалық оқу құралдырының жүйесін айтады.

Оқу - әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы бағдарлама болып табылады.



Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдерден тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат болып табылады.

Бағдарламаларды құрастырғанда, оларға қойылатын дидактикалық талаптарға жүгіну қажет.

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің мазмұнын белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұныны нақты оқу процесіне енгізу үшін оқу материалы деңгейіне аударылады, яғни жоспарланған мазмұнның оқу процесінде іске асырылуы үшін қызмет етеді.

Сонымен қатар бағдарлама мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және сабақты мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы ретінде болуы тиіс.

Бағдарламаға қойылатын жалпы талаптарға олардың толықтығы, нақтылығы, процессуальдық сипаты жатады.

Толықтық дегеніміз алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл-ойының дамуымен тығыз байланыстыру, ең соңында негізгі көрсеткіш ретінде алған білімді қолдана алу және қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық қажетті және жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.

Нақтылық дегеніміз бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары дегенді көрсетеді.

Процессуальдық деп білім мазмұнының оқыту процесімен бірлігін көрсететін бағдарламаның құрылымы түсініледі, барлық элементтерінің жүйелі орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс-әрекеттік жағын, оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде әдістерді, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдарын айқындайды.

Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:


  • түсініктеме;

  • тұжырымдық бөлік;

  • нормативтік;

  • ақпараттық-әдістемелік бөлік

І. Түсініктеменің негізгі құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: оқу пәнінің мақсаттарын ашу, білім мазмұнын таңдап алу мен жалпы логиканы негіздеу және оның жүйелілігін тағайындау; оқу процесінің, әдістерінің, жұмыс формасының, құралдарының жалпы сипаттамалары; алдыңғы бағдарламалармен салыстырғандағы бағдарламаға енгізілген жаңалықтарды түсіндіру, бағдарламаның текстіне техникалық нұсқаулар беру.



ІІ.Бағдарлама тексті бағдарламаның негізгі құрылымдық-тұжырымдық (мазмұндық) бөлігі болып табылады, онда оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы аса толықтылықпен және нақтылықпен қамтылып көрсетіледі. Бағдарламаның бұл бөлігінің негізіне нақты пәннің мазмұныны іріктеу мен түзеудің теориялық аспектілері алынған.

Оқу пәнінің мазмұнын түзу бағдарлама мәтінінің, уақытына сай және сыныптар бойынша бөлінуі оның түсініктемесінде белгіленген барлық мақсаттардың іске асуының көрнекі және нақты түрде көрсетілуі болып табылады.

Бағдарлама тексті өзінің құрылуы, тақырыптарға бөлімдерге бөлінуі бойынша оқу пәні мақсаттарының өзара байланысы мен иерархиясын бейнелейді, яғни бағдарлама текстінде тек білім ғана емес біліктілік те, шығармашылық іс-әрекет тәжірибиесі де, тәрбие берудің де ескерілуі қажет.

Оқу пәнінің қызметі мен оның барлық мақсаттарының жүзеге асырылуы бағдарламаның осы бөлігінің құрылымы арқылы ашылады: бөлім мен итақырыптарды бөлу: олардың берілген пән үшін жетекші болып табылатын мазмұн компонентімен толтырылуын және жүйелерін көрсету. Мазмұнның жетекші, компоненті «ғылыми білім» (ғылым негіздері) болып табылатын физика, химия пәндерінде бағдарлама текстінің негізін дүниетанымдық идеяларымен үйлесімді түрде құрылған білімдер құрайды.

Бағдарламаға зертханалық, саранымдық жұмыстар, экскурциялар, көрсетілімдер, техникалық құралдар сияқты оқыту құралдары туралы нұсқауларды енгізу толықтылық, нақтылық пен процессуальдық сипаттарға сәйкестікті көрсетеді. Оқыту құралдары тақырыптар бойынша бөлініп, нақты материалдармен үйлестірілуі тиіс.

Текстке қойылатын келесі талап-бағдарлама мазмұнының міндеті және қосымша бөліктерге анық түрде бөлінуі.

Сонымен, бағдарламаның мазмұндық (тұжырымдық) бөлігі бірнеше қызметтерді атқарады:

1. оқу материалының мазмұнын анықтайды,

2. тараулардың көлемін анықтайды,

3. көрсетілген мазмұнды меңгерудің минимал міндетті деңгейін анықтайды.



ІІІ. Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқыту процесін және оның нәтижелерін реттейді. Бағдарламаның нормативтік бөлігіне жеке тақырыптарды оқып-үйренуге бөлінетін уақыт және арнайы айдармен берілген.

«Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар» дегеніміз оқытудың жоспарланған нәтижелерін белгілеуге, көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың нені қалай меңгеру керектігін, қызметтің қай түрлерінде қайсыбір білімдері мен біліктерінің көрінуі қажеттігі оқушылардың қандай қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Басқаша айтқанда , талаптар білім мақсаттарының нақтылануы болып табылады, әр түрлі деңгейлерде берілетін және оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады.

Оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелеріне қойылатын талаптарды дайындауда мыналарға сүйену керек:



  • оқу пәнінің (физика, математика және басқалары) бөлшектеніп берілуі, яғни қандай жолдармен қай обьектілер оқыту мақсаттарын нақтылайтынын ашып көрсетуге сүйенеді;

  • оқытуға деген іс-әрекеттік тәсіл, оған сай оның кез-келген нәтижелері оқушылардың сәйкес іс-әрекетінде байқалады;

  • оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктерін, жас ерекшеліктерін және олардыңдаму, білімділікжәне тәрбиелік деңгейлерін ескертетін жеке тұлғалық тәсіл.

Бағдарламаларда оқу қызметі мен оқыту нәтижелерін бейнелеу үшін «Білу», «Игеру» сияқты дәстүрлі терминдер қолданылады.

Өзініңқызметтері бойынша ерекшеленетін білім берудің мына түрлерін ескерген және бөліп көрсеткен орынды:



  • негізгі ұғымдар мен терминдер,

  • актілер,

  • ғылым заңдары,

  • теориялар,

  • идеялар,

  • іс-әрекет тәсілдері жайлы білімдер,

  • әдіснамалық білімдер,

  • бағаланатын білімдер.

Бұл біліктер оқу қызметін сипаттау тәсіл ретінде білім мазмұнының құрамды бөлігі болып табылатындықтан, оқушылардың оқу дайындығына қойылатын талаптарғаолар қажетті компонент болып кіруі тиіс. Оқушылардың біліктеріне қойылатын талаптарды анықтағанда оқу қызметініңмаңызды түрлері имыналарға сай келтірілуі мүмкін:

  • нақты пәнді оқып-үйренгенде оқушыларда қалыптасқан біліммен тығыз байланысты біліктер:

  • оқытуда жалпы мәні бар болып табылатын әр түрлі білім көздерін пайдалану, өзіндік оқу қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, оқу қызметінің нәтижелерін бақылау және түзету біліктері (жалпыланған оқу біліктері);

  • оқу қызметінің өзегін құрайтын, ондағы оқытудың дамытушылық эффектісі (анализ, синтез, жалпылау, саралау, салыстыру және аналогиялар, және т.б. операцияларын білу) көрінетін интеллектуальды біліктер.

Білім, білікпен дағдаларға қойылатын талаптарға толыққанды сипаттам беру үшін, оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын және қажетті оқу қызметімен қарулану деңгейін көрсеткен орынды.

IV. Бағдарламаның ақпаратты-әдістемелік бөлігі мынадай айдарлардан тұрады:



  • «Пәнаралық байланыстар»;

  • «Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалауға арналған нұсқаулар»;

  • «Пән бойынша оқу-әдістемелік кешеннің тізімі»;

  • «Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі».

Төменде №47 М В Ломоносов мектебі мұғалімдерінің бейіналды даярлық, қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары үлгі ретінде ұсынылады.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№47 М. В. Ломоносов атындағы орта мектебі

«Бекітемін »

Мектеп директоры: С.Апбасова

Анорганикалық химия

Бейіналды даярлық курсы

2007 – 2008 оқу жылы



9 сынып


Пән мұғалімі: Аширова Гүлнәр

Түсінік хат


Егеменді еліміздің халық шаруашылығының барлық саласында химияландыру іске асырылуда.

Көптеген қуатты зауыттар қайта жабдықталып жатыр.Өндірістің түрлі салаларында химиялық әдістер барған сайын кеңінен қолдануда; ауыл шарушылығын химияландыру жүзеге асырылуда. Бұл үрдістер жедел дамып бара жатқан химия ғылымына сүйенеді де, өз тарапынан теориялық химияның,сонымен қатар бірсыпыра техникалық ғылымдардың, химиялық технологиялардың және т.б даму қарқынын тездетуге себепші болады.

Өнеркәсіпте барған сайын күрделі химиялық үрдістер іске асыруда, қысқа мерзімде өндірістің жаңа салаларды жасалып, бұрыннан келе жатқандарды түбегейлі өзгеруде.

Оқушылардың химияға деген құштарлығы химиямен жеке танысуға талпыну кезінде айқындалды.Оқушы бейіналды курсында мектеп бағдарламасымен шектеліп қоймайды,ол химияға арналған ғылыми көпшілік әдебиеттері, журналдарды оқиды., сабақтан тыс уақытта химия кабинетінде, ал кейде үй зертханасында сынақтәжірибемен айналысады. Оқушылардың химия жоғары үлгерімі – пәнге көбірек қызығудың басты көрсеткіштерінің бірі. Оқушылар зертханалық және сарамандық жұмыстарды әзірлеп, өткізуге жәрдем береді, үйірме жұмыстарына, химиялық кештер мен олимпиадаларға және т.б. жұмыстарға белсене қатысады. Оқушылар химияны тыңғылықты оқып үйренгенде оған деген құштарлық тиянақты болады да мектеп бітіргеннен кейін химиялық кәсіптерді біршама тез игерумен химия мамандықтарын оқып меңгеруді жалғастыра беру мүмкіндіктері пайда болады.

Бейіналды даярлық курсы : Анорганикалық химия негіздері

Бағдарламаны құрастырушы: Аширова Гүлнәр
Мақсаты:

Анорганикалық химияның негізгі мәселелері: химияныңнегізгі заңдары, атом құрылғысы, химиялықбайланыстар, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,

металдар және бейметалдар туралы ҚазақстанРеспубликасы Білім берудің Мемлекеттік Стандартынасай білім беру химиядан шынайы ғылыми жаратылыс

дүниетанымдық көзқарасты , жоғарғы ізгі тілектерменсаналылыққа, еңбекке дайын болу және өз бетінше білім алуға қажетті базамен қамтамасыз ету.

Оқушылардың интеллектуалды дамуын, ойлау қабілетін, ой өрісін, икем-дағдысын қалыптастыру.
Міндеті:


  • оқушыларды химиялық негіздермен таныстырып, эксперименттік деректер,

заңдар, теориялар жөнінде білім қалыптастыру

  • қауіпсіздік ережелерін есте сақтау, жұмыстарды сауатты орындау

  • практикалық іс-әрекетке қажетті білімдермен қамтамасыз ету



Күтілетін нәтиже:

  • табиғат ресурстары шикізат, энергетика бойынша адамзат проблемаларының шешілуі

  • политехникалық дайындық мақсатында химиялық өндірістер және олардың негізгі бағыттары: озық қалдықсыз технология, автоматтандырылған басқару құралдарын меңгеру

  • айналадағы ортаны қорғау бойынша жасалатын нақты шаралар


Оқушылар білуі тиіс:

  • Зат құрылымының әртүрлі деңгейлері. Микроскопиялық және макроскопиялық бөлшектер, қатты денелер, газдар туралы білімдер

  • Химиялық элементтердің символдары, химиялық тіл ұғымы

  • Химиялық экспериментті орындауға қойылатын талаптар

  • Деректерді меңгеруге қойылатын талаптар

  • Теориялық материалды меңгеруге қойылатын талаптар

  • Сандық есептер шығара білу

Пәнаралық кіріктіру: физика, математика, биология, геология, химиялық

анализ, физколлойдты химия, экономика, медицина



Кәсіпке бағдарлау: технолог, инженер, химик, дәрігер, геолог, фармацевт, Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: «5» балдық жүйемен және портфолио арқылы.

Оқушылар нені меңгеруі тиіс

Атау:

  • таңбасы бойынша химиялық элементті;

  • химиялық формулалары бойынша заттарды.

Анықтау:

  • заттардың сапалық және сандық құрамын;

  • бинарлы қосылыстағы химиялық элементтердің валенттілігі мен тотығу дәрежесін;

  • бинарлы қосылыстар мен жай заттардағы химиялық байланыстардың түрін;

  • көмірқышқыл газын, қышқылдар мен сілтілерді;

  • ерітіндідегі сульфат, карбонат иондарын;

  • химиялық реакциялардың типтерін.


Сипаттау:

  • Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны мен атом құрылысының ерекшеліктерін;

  • Осы элементтердің жоғары оксидтерінің, қышқылдары мен негіздерінің қасиеттерін;

  • Тұрмыста қолдануына байланысты адам ағзасына әсерін.



Есептей білу:

  • химиялық формула бойынша салыстырмалы молекулалық массаны;

  • берілген зат мөлшері бойынша зат массасын және массасы (зат мөлшері) белгілі болған жағдайда зат мөлшерін ;

  • реакциядағы өзара әрекеттесуші немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың біреуінің массасы (зат мөлшері) берілген жағдайда зат мөлшерін (массасын);

  • біреуі артық берілген жағдайда әрекеттесуші заттардың берілген мөлшері бойынша түзілген заттардың массасын, көлемін және зат мөлшерін;

  • салыстырмалы тығыздығы бойынша газ тәрізді заттардың молекулалық формуласын;

  • салыстырмалы тығыздығы бойынша газ күйіндегі заттардың молекулалық формуласын;


Қолдана білу:

  • техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, тәжірибелер жасауға;

  • қарапайым лабораториялық ыдыстарды және құралдарды;

  • газдарды алуға арналған аспаптарды білу және оларды көмірқышқыл газын алуға;

  • жылыту аспаптарын;

  • суды қатты заттарды және сұйықтарды ерітуге;

  • бейорганикалық заттардағы катиондар (Ва2+,Са2+,Ғе2+) және аниондарды ( SO 2-,СО 2-,СІ ) анықтай білуге тәжірибелер жасауды.


Оқушылар үшін әдебиеттер

1.К. Аханбаев «Химия негіздері» «Мектеп» баспасы 1987 жыл Алматы


2. Қ. Бекішів. «Химиядан олимпиада есептері» «Мектеп» басапсы 2005 ж

Алматы


3.Г.Л Абкин « Задачи и упражнение по химии» «Москва «просвещение»
4. «Химия тұрмыста» «Қазақстан» Алматы, 1988 жыл
5. Г.Садуақасова. Ә. Тапалова. «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарына арналған тест тапсырмасы» ҚМУ, 2000 жыл
6. Я.Л.Голдфард 8-11 химия есептер мен жаттығулар жинағы.
7. Г.П Хомченко Задачи по химии москва «Высшая школа »
8.Б.М. Ділманов Анорганикалық химияның теориялық негіздері Қызылорда
9.Ә. Темірсұлтанова «Химиядан есептер мен жаттығулар жинағы Алматы.
10. Химиядан –оқушы анықтамасы 2007 жыл

Мұғалімдер үшін әдебиеттер

1. Е.С.Чухрай «Молекула, жизнь, организм» Москва «Мир знании»

2. Ж.Асанов «Пәндерді байланыстырып оқыту» ҚМУ-1991 жыл

3. М.Ж.Жадриан «Оқушыларды химиядан алған білімін пайдалануға

дағдыландыру» Алматы, Рауан 1992 жыл

4. И.В.Петрянов «Великиий закон» Москва педагогика

5. Р.Қаржаспай , Қ.Нүриева «Химиядан анықтамалық материалдар» Алматы,

2006 жыл


6. Ж.асанов, К.Атабаев «Химиялық анализ негіздері» Оқу құралы ҚМУ..

7. Биология, география, химия журналы . 2005-2007ж

8. Оқыту және тәрбиелеу технологиясы журналы 2007ж №4,5.

9. Қ. Бекішев. Химияның олимпиада есептері

10. Химия мектепте журналы. 2004-2005 ж.


Бағдарлама мазмұны мен құрылымы
І тарау

Атом – молекулалық ілім және

химияның негізгі заңдары

(8 сағат)
Заттардың микробөлшектері – молекулалар мен атомдар.

Атом- молекулалық ілім М.В. Ломоносов пен Д. Дальтонның атом-молекулалық ілімнің негізін құрудағы рөлі.

Химиялық элементтердің символдары. Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Зат құрамының тұрақтылық заңы.

Моль – зат мөлшерінің бірлігі. Зат массасының сақталу заңы және оны химиялық реакциялардың теңдеулерін құруда пайдалану.


ІІ тарау

Атом құрылысы және

химиялық байланыстар

(9 сағат)
Атом құрылысының күрделілігі және кванттық механика. Квант сандары және Паули принципі. Полюсті, полюссіз – ковалентті байланыс. Ионды байланыс. Сутектік байланыс. Тотығу дәрежесі. Тотығу – тотықсыздану реакциялары туралы ұғым. Комплекс қосылыстар. А.Вернер теориясының негізгі қағидалары, номенклатурасы, изомериясы
ІІІ тарау

Бейметалдар (6 сағат)
Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі бейметлдардың орны, атом құрылысының негізгі ерекшеліктері. Электртерістілік. Бейметалдарға тән физикалық қасиеттер және аллотропиясы.

Қоршаған ортадағы бейметалдар.

Қазақстандағы бейметалдардың қорлары. Бейметалдардың сутекті, оттекті қосылыстарының қасиеттері.Көміртегі, күкірт, фосфордың қасиеттері және маңызды қосылыстарының химиялық қасиеттері.

Сан есептер:

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымының массасын есептеу.

Лабораториялық тәжірибелер:

1. Хлорид, сульфат, карбонат иондарға сапалық реакциялар.

2. Көмірқышқыл газын алу және оны танып білу.

Практикалық жұмыс:

«Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер.



ІV тарау

Металдар

(8 сағат)
Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың орны. Атом құрылысы мен кристалдарының ерекшеліктері. Металдарға тән физикалық қасиеттер және химиялық қасиеттер. Металдардың қышқыл мен тұздар ерітінділеріне қатынасы. Табиғи ортадағы металдардың рөлі (биогендер мен ластағыштар).

Металдар коррозиясы – сыртқы ортаны ластаушы фактор және одан сақтану шаралары.

Металдардың табиғатта таралуы. Қазақстанның маңызды металл кендері. Металлургия туралы түсінік. Металдарды қазіргі заманғы техникада қолданудың негізгі бағыттары.

Лабораториялық тәжірибелер:

1. Алюминий гидроксидінің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесулері.

2. Металл үлгерімімен танысу.

3. Кальций, алюминий және темірдің табиғи қосылыстарымен танысу.

4. Алюминий және оның құймаларының үлгерімімен танысу.

5. Шойын мен болат үлгерімімен танысу.


Практикалық жұмыстар

«Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер.


Сан есеп

Құрамында басқа заттың қоспасы бар зат массасы белгілі болғанда реакция теңдеуі бойынша заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу.



«Анорганикалық химия негіздері» бейіналды даярлық курсы бойынша оқу-тақырыптық жоспар


Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


Қолданылатын әдебиеттер

І-тарау

Атом-молекулалық ілім және химияның негізгі заңдары

4





1

Атом- молкулалық ілімнің негізгі қағидалары

1




Н.С.Ахметов «Общая и неорганическая химия» Москва Высшая школа

2

Заттардың массасының сақталу заңы.

Құрам тұрақтылық.



1




«Химия в школе» журналы

3

Еселік қатынас заңы

Эквиваленттер заңы

Авагадро заңы


1




К.Аханбаев «Химия негіздері»

4

Периодтық заң

1





«Великий закон» детская энциклопедия




Практикалық сабақ

4







5

Элементтің эквивалентін анықтау

1




М.А.Прокофьев «Химия в школе»

6

Салыстырмалы молекулалық массаны анықтау тәсілдері

1




Химиялық анализ негіздері

7

Атомдық массаларды анықтау тәсілдері

1




Химиядан анықтамалық материалдар

8

Есептеу есептерін шығару

1




Б.М.Ділманов «Бейорганикалық химия сандық есептерін шығару»

ІІ-тарау

Атом-құрылысы химиялық байланыстар

6







9

Атом құрылысы күрделілігі.

Кванттық механика.



1




Н.Глинка

«Общая химия»



10

Квант сандары және Паули принципі

1





Анорганикалық химия негіздері

11

Полюсті, полюссіз – ковалентті байланыс

1





М.Ф.Прокофев

«Химия в школе»



12

Ионды байланыс.

Сутектік байланыс.



1




Дидактикалық материалдар

13

Комплекс қосылыстар

1




Жалпы химияның теориялық негіздері

14

Тотығу – тотықсыздану реакциялары

1




Химиядан оқушы анықтамасы

Практикалық сабақ

3







15

Қарапайым комплекс қосылыстардың алынуы

1




Жалпы химия

16

Бейтарап, қышқылдың және сілтілік ортада калий перменганатының натрий сульфитімен әрекеттесуі

1




Т.А.Глориозов

В.А.Рысс

«Химиядан 8-9 сыныптарға арналған тексеру жұмыстары»


17

Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңдеуін құрастыру

1




И.Г.Хомченко

«Задачи по химии»



ІІІ-тарау.

Бейметалдар

4







18

Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі бейметалдардың орны, атом құрылысы

1






К.Аханбаев

«Химия негіздері» Алматы, Мектеп



19

Бейметалдардың металдармен, сутегімен, оттегімен әрекеттесуі

1




Г.Л.Абкин

«Задачи и упражнение по химии»



20

Бейметалдар аллотропиялық түр өзгерістері

1




Химия тұрмыста

21

Бейметалдардың сутекті, оттекті қосылыстарының қасиеттері

1




Қ.Бекішев

«Химиядан олимпиада есептері»






Практикалық сабақ

2







22

Көміртегі, күкірт, фосфор элементтерінің химиялық қасиеттері

1




Аудандық олимпиада есептері

23

Есептер шығару

1




Ә.Темірсұлтанова

Химиядан есептер мен жаттығулар жинағы



IV-тарау.

Металдар

5







24

Периодтық жүйедегі металдардың орны және атом құрылысының ерекшеліктері

1





Интерактивті сабақ

25

Металдардың физикалық қасиеттері

1




Практикалық сабақтар

26

Металдардың кристалл торлары

1







27

Металл оксидтері.

Металдардың химиялық қасиеттері



1




Сарамандық жұмыстар

28

Құймалар

1




Экскурциялар

Практикалық сабақ

3







29

Хром және марганец құрамдарын зерттеу

1




Химия мектепте журналы

30

Металдар үлгілерін анықтап қарау

1




Сарамандық дәптер

31

Жаттығулар орындау

1




Жұмыс дәптері

32

Эксперименттік есептер

1




Қ.Бекішев «Сандық сапалық есептер»

33

Интерактивті сабақ

1




Электрондық оқулық

34

Қорытындылау. Тест алу

1




Тест тапсырмалары

жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау