Баєдарлы оќытуды ўйымдастыру



жүктеу 1,51 Mb.
бет4/6
Дата24.12.2017
өлшемі1,51 Mb.
#5862
1   2   3   4   5   6

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№47 М.В. Ломоносов атындағы орта мектеп

Адам физиологиясы

Қолданбалы курсының бағдарламасы

2007-2008 оқу жылы

11 сынып




Орындаған :Бекішева Ләззат

Түсініктеме
Қоғамда болып жатқан саяси - әлеуметтік және экономикалық өзгерістер білім беру қызметінен жауапкершілікті талап етеді. Президентінің қазақстан халқына « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына қойылған мақсат» әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білім беру. Оның алғашқы шарты – жалпы білімінің 12 жылдық мерзімі. Жаңа мектептің мазмұны да мүлдем жаңарады. 12 жылдық оқытудың жаңа стандартына сай жоғары мектепте бейіндік оқыту жалғасады. Оның мақсаты – оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламасын құрудың және оны жүзеге асырудың, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушыларды орта және жоғары оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламасындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан оқушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында жартылыстану бағытындағы 11 сынып оқушыларына арналған «Адам физиологиясы» қолданбалы курс бағдарламасы жасалынды.

Бағдарламада медицина және білім беру саласында физиология ғылымы ерекше орын алады. Адам физиологиясы барлық ғылымдардың түбегейлі негізі болып саналады. Ол болашақ дәрігердің организмнің тіршілік әрекеті мен таныстырып технологиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыда ұсынуға жағдай жасайды.

Қалыпты физиология жастардың дәйекті қарастырып және кәсіби ойлау қабілетін арттыру мақсатында және мамандық таңдау бағытына орай жаратылыстану бағытындағы 11 сынып оқушыларына ұсынылып отыр.(Дәрігер мамандығын таңдауға байланысты)



Бағдарламаны құрастырушы : Бекішова Л

Курс мақсаты; оқушыларды адам физиологиясымен таныстырып, жан- жақты адамда тану мүнкіндігін арттыру.

- Физиологияны білу медецина үшін қажеттілік екенін ұғындыру арқылы экологиялық заманда медецина маңызына тоқталу.

- Адам денесіндегі бұзылған механизмді дәл тез арада табудың маңызын түсіндіру.

-Дұрыс емделу мен күтінудің жолдары өмір қажеттілігі екендігіне

көз-қарас қалыптастыру.

-Адам қоғамдағы құндылықты ең үлкені екендігіне көз жеткізу.



Курс міндеті: биологиялық білімін дамыту, тереңдетілген ұғымдар беру, биологиялық мамандықтарға даярлау.

Күтілетін нәтиже:

-физиология ғылыми туралы білімін кеңейту

-Өз-өзіне сын көзбен қарап, денсаулығын жақсартуға дұрыс демалуға

дағдыландыру.

-физиологияның аурулар мен емдеу шаралары туралы мағлұмат

алу тағы басқа.



Пән аралық кіріктіру:

Биология, физика , химия анатомия т б



Кәсіпке бағдарлау: медицина маманы, дәрігер психолог, биолог

мұғалім.


Курс уақыты : 34 сағат

Курсты ұйымдастыру формасы: формасы : лекция семинар, пікірталас, топтық жұмыс .

Курс аяқтау формасы: жоба қорғау.

Оқушылардың оқу жетістіктерін «5»баллдық жүйемен бағалау.


«Адам физиологиясы» қолданбалы курс бағдарламасы
Кіріспе. (Адам физиологиясының маңызы, физиология ғылымы,

қызметі)


Физиология мәні, негізгі бөлімдері. (Жалпы, жеке, қолданбалы спорт

Физиологиясы. Патологиялық аурулар физиологиясы)

Физиологияның қазіргі даму ерекшеліктері.(Физиология ғылымының

тарихы. )

Жас кезеңдері.(Адам өміріндегі физиология бөлімдері)

Жалпы физиология.


  1. Қозғыш тканьдер физиологиясы. (Жалпы қасиеттері,қозу мен қозғыштық)

  2. Еттің жиырылуы, қаңқа еттерінің физиологиялық

қасиеттері, еттің жиырылу түрлері Қаңқа етінің физиологиялық қасиеті

  1. Қозу процесінің жүйке талшықтары және синапс арқылы өтуі.

  2. Синапстар.Синапстар туралы мағлұмат беру

  3. Орталық жүйке рефлекстері. Жүйке рефлекстерінің маңызы

6. Рефлекс түрлері қызметін маңызын түсіндіру

Жеке бөлімдер физиологиясы.

  1. Орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдер физиологиясы қызметі,маңызы

Жұлын.Құрлысы,қызметі,маңызы

  1. Мишық.Құрлысы,маңызы,қызметі

  2. Орталық ми.Құрлысы,маңызы,қызметі

  3. Аралық ми.Құрлысы,қызметі

  4. Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері Жүйке жүйесін талдау.

  5. Ішкі сөлініс бездер физиологиясы.Бездер туралы мағлұмат беру

  6. Гипофиз.қызметі маңызы

  7. Қалқанша безі, қалқан серік бездер қызметі ,маңызы .

10 Айырша без.құрлысы , қызметі

11 Ұйқы безі.Ағзадағы қызметі маңызы

12 Бүйрек үсті безі.Құрлысы,маңызы

13 Жыныс безі.құрлысы,маңызы

14 Эпифиз.құрлысы,маңызы

15 Плацента.Ағзадағы қызмет» маңызы



Физиология негізі.

  1. Қанның тіршілік үшін маңызы.Қан туралымағлұмат,қан аурулары

  2. Қанның құрамы.Қызметі,маңызы

  3. Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері.Ағзадағы маңызы

  4. Тромбоциттер., олардың атқаратын қызметі.ағзадағы маңызы

Лимфа жүйесі, лимфаның түзілуі.

  1. Қан айналу жүйесі.Қызметі,маңызы

  2. Жүректің қозуды өткізуі, жүрек жұмысын зерттеу әдісі қызметі,маңызы.

  3. Лимфа жүйесі, лимфа түзілуі.

  4. Асқорыту жүйесі. Ұйқы безінің сөлі зәр шығару жүйесі.

10. Организмнің қоршаған ортамен өзара қатынасы.


«Адам физиологиясы» қолданбалы курс жоспары



Р/с


Тақырыбы


Сағат саны


Мерзімі




Кіріспе







1

Физиология мәні, негізгі бөлімдері

1




2

Физиологияның қазіргі даму ерекшеліктері

1




3

Жас кезеңдері

1




Жалпы физиология

4

Қозғыш тканьдер физиологиясы

1




5

Еттің жиырылуы, қаңқа еттерінің физиологиялық қастеттері, еттің жиырылу түрлері

1




6

Қозу процесінің жүйке талшықтары және синапс арқылы өтеуі.

2




7

Синапстар

2




8

Орталық жүйке рефлекстері

Рефлекс түрлері.



2




Жеке бөлімдер физиологиясы

9

Орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдер физиологиясы

2




10

Жұлын.

1




11

Мишық.

1




12

Ортаңғы ми

1




13

Аралық ми

1




14

Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері

1




15

Үнемі сөлініс бездер физиологиясы

1




16

Гипофиз.

1




17

Қалқанша безі, қалқан серік бездер

1




18

Айырша без

1




19

Ұйқы безі

1




20

Бүйрек үсті безі

1




21

Жыныс безі

1




22

Эпифиз

1




23

Плацента

1




Физиология негізі

24

Қанның тіршілік үшін маңызы

2




25

Қанның құрамы

1




26

Лейкоциттер, олардың саны мен түрлері

1




27

Тромбоциттер, олардың атқаратын қызметі

1




28

Лимфа жүйесі, лимфаның түзілуі

1




29

Қан айналу жүйесі

2




30

Жүректің қозуды өткізуі,жүрек жұмысын зерттеу әдісі

2




31

Лимфа жүйесі, лимфа түзілуі.

1




32

Асқорыту жүйесі, ұйқы безінің сөлі зәр шығару жүйесі

2




33

Организмнің қоршаған ортамен өзара қатынасы

1




34

Жинақтап қорыту (жоба қорғау )

1





Қызылорда облысы Шиелі ауданы

47 М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі

«Бекітемін »

Мектеп директоры: С.Апбасова


Химиядан типтік есептерді шешудің тиімді жолдары

Таңдау курсының бағдарламасы

2007-2008 оқу жылы

10-сынып


Педагог : Қапбарова Меруерт

Түсінік хат
Химия пәні жаратылысытану ғылымының негізгі пәндерінің бірі болып саналатындықтан жаратылыстану-математикабағытында оқитын 10-сынып оқушылары үшін негізгі пән болып табылады. Мектептегі білім беру және тәрбие жүйесінде химия пәнінің алатын ерекше орны бар. Химияны зерттеу, химияныңәртүрлі типтегі есептерін шығарабілуге үйрету оқушыларды «химиялық» мамандыққа бағдарлайды.

Бұл бағдарламаның мазмұны мен құрылымы негізінен мектеп химия курсына сәйкес жасалынған, ал кейбір тапсырмалардың күрделенген және аралас сипатта болуы оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулиды.

Бағдарлама негізі 10 сынып химия курсында қамтылған мәселелерді тереңдетіп, сандық және сапалық есептерді шешудің әртүрлі жолдарын химияның негізгі заңдарын қолдана отырып шығаруға негізделген.

Әрбір тарау теориялық кіріспеден басталып, онда негізгі теориялық мәселелер барынша қысқаша түрде баяндалған. Одан кейін негізгі әдістемелік тәсілдермен типтік есептерді шешудің үлгілері берілген.

Әрбір тараудың негізгі мазмұнын өз бетінше шешуге арналған, қарапайымнан біртіндеп күрделенетін есептер мен жаттығулар құрайды.
Бағдарламаны құрастырушы: Қапбарова Меруерт

( химия,биология пән мұғалімі)



Таңдау курсының тақырыбы : «Химиядан типтік есептерді шешудің тиімді жолдары»

Сыныбы: 10 -сынып ( жаратылыстану- математикалық бағыт)



Курстың мақсаты:

Химияның стехомертриялық заңдарын, химиялық құбылыстарды

және теорияларды сандық тұрғыдан жүйелі қарастыра отырып

оқушыларды әртүрлі типтегі есептерді шығарудың тиімді жолдарын

меңгеруіне бағыттау

Курстың міндеттері :

1. Оқушыларды үрдістердің химизмін көре білуге үйрету

және пәнге деген қызығушылығын арттыру

2. Химияның негізгі заңдарын меңгере отырып есептерді

шешудің тиімді жолдарын қарастыру

3. Оқушылардың химиялық ойлауының басты көрсеткіштерін

дамыту.

4. Мектепте білім беру және тәрбиелеу жүйесінде химияның



пәнінің алатын өзіндік орнын қалыптастыру


Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар :

  1. Химиялық ұғымдар мен терминдері толық білуі

  2. Оқушылардың органикалық және бейорганикалық химия курсынан алған білімдерін қолдана білуі

  3. Химиялық реакциялардың жүру жағдайы мен типтерін ажыратуы

Оқушылар жасай алуы тиіс :

  1. Химиялық элементтерді, заттардың химиялық, физикалық қасиеттерін білуі

  2. Химиялық формулалар құрастыру

  3. Есептерде кездесетін заттардың өлшем бірлігі мен қарапайым есептерді шығару жолдарын білуі тиіс.

Пәнаралық кірістіру :

Физика, математика, биология, экономика.

Кәсіпке бағдарлау :

Химик, технолог-инженер, лаборант, фармацевт.



Курсты ұйымдастыру формасы :

  1. сарамандық ( тәжірибелік) жұмыстар

  2. семинар

  3. Рольдік ойындар

  4. Бақылау жұмыстары

  5. Тест тапсырмалары

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі :

5 балдық баға бойынша бағаланады.



Курсты оқыту формасы :

Реферат, жоба, тест, бақылау жұмысы

Ұсынылатын әдебиеттер :

А ) Оқушылар үшін

1. «Оқушы анықтамасы» 8-11 сынып

2. «Қазақстанның ұлттық энциклопедиясы »

3.Сәдуақасқызы «Химия есептері»

4. Қызықты тәжірибелер

5.Химия тұрмыста
Ә) Мұғалімдер үшін

1.Аханбаев А «Жалпы химия негіздері»

2.Исакулова Ж, рафикова Х, доланбева Ж «Шың» кітап . Алматы 2006жыл

3. «Химия мектепте» журналы

4. «Химиядан сандық есептер» әдістемелік нұсқау

5.Бекішев «Химиядан олимпиада есептері»



жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау