Патриоттық сезім- келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне қозғау салу, ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді. Патриоттық сезім- жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және көңіл күйге байланысты моральдық сезімдерге» қатысты болып келеді, ол сананың жетілуімен тығыз байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады [20; 26-38].
Философиялық еңбектерді талдау барысында біз «Отан» және «Атамекен» ұғымдарының іс-жүзінде мағыналас екеніне, бірақ Қазақстан Республикасы осы мемлекетте туып, тұрғылықты тұрып жатқан барлық ұлт өкілдеріне Отан болғанымен тек тұрғылықты қазақ халқына ғана Отан және Атамекен болып саналады.
«Отансүйгіштік» ұғымының құрылымын айқындау кезінде біз үшін М.Н.Росенко ұсынған «моральдық таным» деген ұғым жақын болды. М.Н.Росенко бойынша моральдық таным тұлғаның мінез-құлық нормалары мен принциптерінде, нысаналы қондырғыларда, сенімдерінде анықталады. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынастарда реттеуіштердің екі деңгейінде қызмет етеді: олар эмоционалды-сезімдік және рационалды-теориялық. Осылардың негізінде моральдық танымнан туындайтындардың бірі ретінде эмоционалдық және интеллектуалдық компоненттерді қамтиды. Интеллектуалдық компонеттерді қалыптастыру өз Отанының тарихы, мәдениеті, дәстүрлері және т.б. туралы білімдерді игеруді көздейді. Оқушы патриотизмнің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін оқу-тәрбие факторларын айқындау кезіндегі өз зерттеулерімізде біз этномәдени білім берудің мемлекеттік тұжырымдамасында көрсетілген үш бағыт туралы ережеге арқа сүйейміз: институционалдық (балабақша, мектеп, гимназия, лицей, колледж, ЖОО-лар және т.б ); институционалдық емес (курстар, кітапханалар, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени ұйымдары, орталықтар, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар), ресми емес (отбасында оқыту мен тәрбиелеу, достармен, таныстармен, көршілермен араласу және т.б.) [21; 87-92].
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары-ана тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін сақталып, тәулелсіз мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған қазақ халкының тарихына көз жіберсек сонау Күлтөгін, Білкеқаған, Тоныкөктен бастап ерін, елін, жерін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Күлтегін жазбасында:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнаттым…- дейді.
Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне қылышпен қарсы шабуылға щығуына да осы потриатизмнің қуатты күші. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендіксөз, айтыс өлеңдері, ою-өрнектері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандарды ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса тәуелсіздік туы желбіреген еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүйушілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ұлттық құндылықтарды басшылыққа алсақ, өте ұтымды болар еді [22; 135-139]
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадыр- қасиет тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари т.б. айтқан болатын.
Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші ғалым Ш. Уалиханов өзінің патриотық сезімін білдіре келіп, Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде бір сандық), мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарым, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін,- деген екен. [23; 96-105]
Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпелі елдің басына дүнияуи ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ жастарды ерлік рухта, потриатизімге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін оятуды үнемі мақсат етті. Оның Азаматтың бәрін сүй бауырым-деп деген сөзі ұлы гуманистік идеяның айқын көрінісі еді. [24;10-15]
Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқараспен қарап, соған сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды, оқушыларың білім сапасын жетілдіруді талап етуде.
Орта мектепте оқытылатын жаратылыстану курстарының мазмұндарын халық педегогикасымен сабақтастырудың мүмкіндіктері мол. Осы мүмкіндіктердің бірі- жаратылыстану пәндерінің сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарында халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Педагогикалық зерттеулерде оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру мәселесі жеке дара қарастырылмаған, көптеген зерттеулерде оқушыларға адмгершілік (Р.Төлеубекова, Р.Елубаев, А.Қисымова, Ж.Сәдірмекова, А.Аманжолова, С.Әбілдина ), патриоттық (К.Әбілғазиева, А.Жұмаханов, С.Иманбаева,) т.б. тәрбиелерімен үнемі бірге жүріп жатыр. Біздің ойымызша, атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыратын тәрбиемен білім беру мәселесін арнайы зерттеулерде жеке бағыт ретінде бөліп қарастыруға болады, өйткені оның өзіндік мақсаты мен өзіне тән міндеттері бар. Бүгінгі таңда атамекен ұғымына әр ғылым саласындағы ғалымдар әртүрлі анықтамалар беріп жүр. Атамекен сөзі араб этимологиясында мекен – жай, орын деген сөзден туындап, кір жуып, кіндік кескен аймақ, өңір дегенді білдіреді. Атамекен сөзі түркі қауымына ортақ ата сөзімен қосылып, әуелде ата қоныс ұғымында қолданған [25; 366-378]
Атамекенге деген сүйіспеншілік Асан Қайғы бастаған XV-XVIII ғғ. Ақын-жыраулардың сыртқы жаудан қазақ жерін қорғаудағы ерлік және жауынгерлік дәстүрлерінде, қазақ демократ-ағартушыларының ұлттық мұраларымызды өркендету жолындағы еңбектерінде, қазақ зиялыларының қазақ қоғамын, оқу-ағарту және мәдениет салаларының дамуына қосқан үлестерінде, Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлерінің Кеңестік Отанды қорғаудағы көзсіз ерліктері мен кешегі Желтоқсан оқиғасында өрімдей қыздарымыз бен жігіттеріміздің еліміздің бостандыққа ұмытылып, азаттық алу жолындағы күрестерінде көрініс тапты. Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастырушы тәрбие адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты. Өйткені адам бойындағы асыл қасиеттер атамекенге деген сүйіспеншіліктен де туындайды. Оқушылардың атамекенге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда жеке тұлғаның әлуметтік жағынан құнды, жағымды қасиеттерін дамыту ғана емес, сонымен халық педагогикасы арқылы оқушыларға сапалы білім беріліп, біліктері мен дағдыларын орнықтыруға да назар аударылған. Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыру кең мағынада ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет, ол оқушыларға халық педагогикасы негізінде сапалы білім беру, оларда іскерлік пен дағдыны дамытуға шығармашылықты арттыруға, жеке тұлғада атамекенді қадірлеу, сүю, көркейту секілді атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгілерін, қалыптастыруға, саяси сана мен ойлау қабілетін арттыруға бағытталған. Мысалы география пәнінде оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыратын халық педагогикасымен сабақтастыруда пәнаралық байланыстардың артатыны байқалады. Туған өлке географиясы– тақырыбын өткенде ауылдың, яғни атамекеннің өсімдігі мен жануарларын түсіндіргенде биологиямен, атамекен шежіресін өткенде тарих пәнімен, атамекен жырларын келтіргенде әдебиетпен, тіпті атамекеннің көрікті жерлерінің суреттерін салдырғанда бейнелеу өнері пәндерімен байланыстырамыз. Мысалы, Туған өлке географиясы тақырыптарын өткенде поэзия жанры мен туған өлке материалдары арқылы оқушыларды атмекенді сүю қорғау, қастерлеу және көркейту сияқты борыштарын дамыту көзделді. Оқушылар өздері тұратын жерлердің өсімдік, жануар дүниесімен танысып су, ауа мен топырағына зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Теориялық тұрғыда өз жерлерінің тарихи шежіресіне шолу жасап, мәдениеті мен тарихын қарастырады. Нәтижесінде олардың шығармашылық, іздемпздық, орындауылық қабілеттері дамиды. Осы тақырыпты орта мектепте өткенде оқушыларға көптеген тапсырмалар беріліп, материалдар жинақталды. Ауылдың ландшафтын білу үшін оқушылар таным жорықтар мен топсеруендерге шықты. Бұл ауыл жайында өлең-жырлар жинақталған. [26;12-17]
Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын «советтік патриотизм» Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, коммунистік мораль қалыптастыру аясында жүргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрады. Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизм мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көз қарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриотизм қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан рухани сезім болып, ауыз әдебиетінен кең орын алған. Орхон-Енесей жазбаларында патриотизмнің қайнар көзі «Мемлекет, Отан, Атамекен, ел-жұрт» - деген сияқты ұғымдар келтірілсе, Қорқыт ата кітабында жауынгерлердің мінез- құлқына сипаттама беріледі. Отанға, елге деген сүйіспеншілік батырлықтың келіп шығу тегі, батырлардың мінез-құлық ерекшеліктері, батырлық кәсіптің маңызы, ер азаматтардың міндеті жайлы Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауй, Сайф-Сайран, Әбу-Насыр-әл–Фараби, Махмұд Қашқари т.б. еңбектерінде пікір айтылған. Мектептегі тәрбие жұмысын халықтың педагогика негізінде ұйымдастыру туралы көп жылдардан бері айтылып келеді. Егер осы идея толығымен жүзеге асатын болса, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу мәселесін ерекше бөліп қараудың қажеті бола қоймас еді. Өкінішке орай сабақтан тыс тәрбие жұмысы бір жүйеге түсе қойған жоқ, әлі де болса стихиялы сипатқа ие. Өсіп келе жатқан жас буындарға патриоттық тәрбие берудің психологиялық тетіктерін Ә.Алдамұратов, С.Әсімбетовалар «Азамат болу, ел қамын ойлау» атты еңбектерінде көрсеткен. Сонымен бірге Қ.Б.Жарықбаев халықтық педагогика, ұлттық психологияға қатысты еңбектерінде отаншылдыққа тәрбиелеуге мән берді. Жастардың бойында ұлттық патриоттық сана-сезім қалыптастыруға зиянын тигізіп отырған аппарат құралдарын сынай келе «Рухани жұтаңдық қайдан шығады» атты мақаламен Б.А.Абыраев жастарымыздың кафе, мейрамханаларға әуес болып, жеңіл-желпі ән-күйлерге еліктеуінің рухани жұтаңдыққа апаратынын баяндайды. [27;10-15 ]
Қазіргі таңда қоғамның сұранысына сай “Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы” дайындалды. Тұжырымдаманың мақсаты – қоғамның әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталды. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында төмендегі міндеттер жүйесі қамтылды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;
- мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;
- халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты, дін аралық қатынастар бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету;
- Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен тұтастығын, Отанның экономикалық байлығын дамытуға, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу;
- жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік, ізгілік, тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету);
- мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мектептегі әр қызметкерлердің өзіндік атқарар міндеті бар.
- Мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда пән сабақтарына қойылатын негізгі талаптар айқындалды:
- пән сабақтарының мектептегі және сыныптағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық, оқушылардың іс-тәжірибесі;
- пән сабақтарының алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;
- сабақтың құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, сабақ мазмұнының оқушылардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен оқушылардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;
- пән сабақтарында оқушылардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;
- сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, сабақтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;
- сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.
Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды. Төмендегі сызбадан көруге болады [28; 79-82].[Қосымша А]
Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы.
Бауыжан Момышұлы балаларға айтқан тілегінде: «Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болыңдар!» деген болатын. Сондықтан , өз Отанынымызды сүйіп, құрметтей, қорғай білейік![29; 108]
Білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш сынып оқушыларын айналадағы дүниемен белсенді әріптестік тәрбие түрлеріне бай сезім қарым-қатынас дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Басты назар аударатын мәселелердің бірі - отансүйгіштік. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспешілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының басым ұстанымы екендігін атап көрсетіп отыр. Отансүйгіштік тәрбиесі проблемасын зерттеумен біздің Қазақстандық бірқатар ғалымдар айналысады. [30; 46-48]
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан өмірде болып жатқан бетбұрыстар қоғамдағы саяси көзқарастар әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің тарихына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүріне құрметпен қараумен қатар оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр. [31;28-36]
Бастауыш сыныптардағы ана тілі – маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың шығармашылығын дамытудың арнасы.
Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда ана тілі сабағында оқулық материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Патриоттық тәрбие беру әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына байланысты бұл мәселені шешуде ана тілі оқулықтарында берілген материалдардың мазмұнының мәні айрықша. Ана тілі оқулығын саралау барысында патриоттық тәрбиеге қатысты көптеген материалдар Отанға, елге, жерге арналған. [32; 78-86]
Оқулықта берілген әрбір тараудан кейін тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Осының барлығы бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбиені қалыптастыратыны сөзсіз. Дегеменде, жеке тұлғаның бойында елжандылықты қалыптастыру бірнеше жағдайларға байланысты.
Бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мазмұны оқушыларға патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік береді.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аударылды:
-туған тіліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлей алу және жаза білу; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білу – оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;
-туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің орман – көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп баптау;
-туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық аясы;
-отбасына сүйіспеншілік, ата-анасын, туыс –бауырын сыйлап, құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
-Қазақстанда мекен еткен халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру – ұлт өкілдеріне, түсініктікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу - қатынас мәдениетінің аясы. [33; 56-59]
Бастауыш сынап ана тілі оқулығында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында көптеген тақырыптар бар. Соның ішінде бірінші сынып оқулығындағы тақырыптар:
«Туған тілім» 6-бет
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
(Дихан Әбілов)
Осы өлеңде бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке, өз тілін құрметтеуге, қастерлеуге,оны барлық тілдерден үстем қоюға, өз ана тілін сүюге ынталандырған. Автор өз ойын белгілі сөздермен жеткізуге тырысып ана тілімізді асқақтатып көрсеткен. Егер әр елдің өз тілдері болса сол сияқты біздіңде қазақ тілімізді жақсы меңгеріп, құрметтеу керек екенін айтқан. Автор өз өлеңінде «Туған тілім тіл болудан қалса егер», «Жүрегімді суырып-ақ алыңдар» деп айтқан сөзі қазақ тілін соншалықты қадірлейтінін, қастерлейтінін, егер туған тілім болмаса мен неге өмір сүремін деген өзін өлімненде қорықпайтынын айтқан. Сол сияқты қазіргі жас ұрпақтың бойына осындай қасиеттерді сіңдіріп тәрбиелеу керек сондықтан туған тіл туралы өлеңдерді бастауыш сыныпқа көптеп енгізген.
«Отан» 39-бет
Отан - атам,
Отан - әжем!
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: «Атамекен?!»
(Әбдірашт Жарасқан)
Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу керек, сонда келешек ұрпақ отанын сүйіп оны қорғай біледі. Осы өлеңде оқушыларды отанын сүюге, оны қастерлеуге, адалдыққа, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында ана тілі кітабына енгізген. Автор өз ойын Отанды ата, әже, әке, анаға теңеп оқушыларды осы ұғымдар арқылы отанын сүюге шақырған.
«Туған өлкем» 41-бет
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
(Өтебай Тұрманжанов)
Қазақстан жерін сұлу, әсем екенін айтып, өлеңде оқушыларды отанын сүюге тәрбиелеген. Кең байтақ, сұлу, әсем жеріміздің көгінде күн, жерінде гүл жайқалып тұрғанын автор айтып өткен. Осы сұлу, әсем, көркем Қазақстанымызды жаудың қолына түсірмей қорғап қалу керектігін оқушылардың санасына сіңдіру мақсатын көздеген. Әрбір оқушы туған өлкесін сүйіп оны қастерлеп өтуін де үйрету керектігін білдірген.
«Жусанда туған жердің иісі бар» 47-бет
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты. Бір күні Бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп, өсіп тұрған жусанға көзі түседі. Жұлып алып иіскейді. Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін толқытады. Қазақта: «Жусанда туған жердің иісі бар» деген осыдан қалған.
(«Менің алғашқы энциклопедиям» кітабынан)
Оқушыларды туған жерге деген ұлы сезімдерін, өз еліне деген сағыныштарын осы мәтінде көрсетіп, түсіндірілген. Әрбір оқушы қай жақта жүрседе өз елін, жұртын ұмытпай есте сақтау керектігі айтылған. Сонда мәтінді оқып оқушылар өздеріне отанды сүйіп, оны қастерлеп, ұмытпау керек екенін ойларына түйеді.
«Қазақстан байрағы» 51-бет
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы.
Нұрын күндей төгіп тұр
Жылдарымыз жайдары.
(Мұзафар Әлімбаев)
Қазақстан туы көгілдір түсті, қыран бүркіт, қазақтың ұлттық оюы бейнеленеген осының бәрін оқушылар біліп үйренгені дұрыс. Осы мақсатта автор өлеңінде барлық мәлімметтер көрсетілген. Ал оны оқушылар осы өлеңнен оқып біледі. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үшін рәміздердің барлығын көрсетіп оны жете түсіндіру қажет.
«Біздің елтаңба» 54-бет
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
(Оразақын Асқар)
Әрбір оқушы өз елінің рәміздерін біліп жүруі керек. Елтаңба туралы білімдерін арттырып, елтаңбаның бөліктерін, қандай бейне бар екенін оның жай бейне емес екенін түсіндіріп көрсеткен. Бұл өлеңде автор елтаңбаныңәр бөлігін жекелеп көрсеткен. Осы арқылы оқушылар өз білімдерін арттырып, тәрбиеленеді.
«Мемлекеттік тіл» 55-56 бет
Егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақстан Республикасы конституциясының 7-бабында «Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп көрсетілген.
(«Менің алғашқы энциклопедиям» кітабынан)
Әрбір оқушы өзінің қазақ тілінде сөйлеп, осы тілді жете меңгеруі керек. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Әрбір елдің ең басты белгілерінің бірі ол тіл. Осыны оқушыларының санасына ұғындыру үшін бастауыш сыныпта оқып жатқан кезден бастап үйретеді. Осындай мәліметтер арқылы оқушыны өз тілін үйренуге, қадірлеуге, қастерлеуге, өз отанын сүюге үйретеді.
«Әнұран» 57-бет
Әні
Сөзбен толығып,
Маздар бойда мал үміт.
Намыс, жігер жұптасқан,
Ол – әнұран.
(Өтепберген Ақыпбекұлы)
Рәміздердің бірі ол әнұран. Әнұранды Қазақстанда тұрған барлық ұлт өкілдері жақсы біледі. Оны әріп танығанан бастап жаттатқызып, үйрету керек сонда оқушылар әрқашан өз әнұранымызды біліп жүреді. Автор әнұранды әні мен сөзі адамға рух беріп отырады деп айтқан. Әнұранды тыңдаған әрбір адам өзіне рух алып шабыттанады.
«Ағайынбыз бәріміз» 63-бет
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша – бау.
(Әнуарбек Дүйсенбаев)
Оқушылардың санасына отанды сүюге, мемлекетімізде тұрған әрбір ұлт өкілдерімен тату тәтті тұруға, отанды қадірлеуге сонымен бірге қастерлеуге үйрету үшін осындай өлеңдер оқып үйренгені жақсы. Оқушыларды барлығымыз бір Қазақстанда тұрғандықтан ағайын екенімізді оларды ажыратып бөлмей тату болып өмір сүруіміз керек деген сезім қалыптастыруымыз керек. Осы жолда автор өлеңіде көрсетіп жазылған.
«Балаларыма» 67-бет
...Талай жылдар өтті, бірақ ешкім де біздің армияны жеңе алмады. Бұл армия Ұлы Отан соғысында фашистердің сағын сындырды. Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады.
(Бауыржан Момышұлы)
Айбынды армиямыздың қалай жеңіске жеткендігін ол үшін талай жастардың жаны қыршын қиылғаны жайлы айтылған осы мәтінді басауыш сыныптан бастап оқытып оларға патриоттық тәрбие беріп, кең байтақ жеріміз оңайлықпен келмегенін оны қадір тұту керек екенін саналарын сіңдіреді.
«Шығыс жұлдыздары» 124-125 бет
Қапылыста қазаға ұшыраған Әлияны майдандас жолдастары «Шығыс жұлдызы» деп атады. Үкімет Әлияның майдандағы ерлігін жоғары бағалап, оған Кеңес Одағының Батыры атғын берді. Әлия Молдағұлованың асқан ерлігі мәңгі ұмытылмайды.
(Сейілхан Асқаров)
Ұлы Отан соғыс жылдарында біздің елден жастарымыз тыл жұмыстарына, отан қорғауға алып кетіп жатты. Сол жылдары біздің батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүк өз еріктерімен соғысқа баруға келісті. Соғыс жылдарында майданда ерлікпен қаза табады. Осы туралы соғыста қалай ерлікпен қаза тапқаны жайында айтылған. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанын сүйіп, қастерлеп оны қадір тұтуға үйрету керек. [34; 6, 39, 41, 47, 54, 55-56, 57, 63, 67, 124-125]
Достарыңызбен бөлісу: |