Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет33/34
Дата04.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2861
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

 
102 
 
 
Әдістемелік ұсыныстар:   
Тапсырманы  орындау  үшін  әдебиеттер  тізімінде  көрсетілген 
негізгі  әдебиеттерді  және  «Бастауыш  мектеп»,  «Начальная  школа» 
журналдарындағы мақалаларды пайдалану керек. 
Негізгі әдебиеттер: 5,15,16,21,23,27 
Қосымша әдебиеттер: 1,3,4,6,11 
 
№10  СӨЖ  тақырыбы:  Бастауыш  мектепте  оқушылардың 
математика пәнінен білімдерін бақылау, бағалау және есепке алу  
Тапсырмалар 
Бастауыш 
мектепте 
оқушылардың 
математика 
пәнінен 
білімдерін бақылауға арналған тест тапсырмаларын құрыңыз.  
Әдістемелік ұсыныстар:   
Оқу  бағдарламасына  сәйкес  бастауыш  сынып  оқушыларының 
математикадан  білім,  білік,  дағдыларына  қойылатын  талаптарды 
ескере  отырып,  1  сыныптың  белгілі  бір  тақырыбы  бойынша  тест 
тапсырмаларын  құру  қажет.  Тест  тапсырмалары  4  нұсқадан  тұру 
керек, әр нұсқаның құрамында 20 тапсырма, жауаптардың нұсқалары 
5-еу болуы керек.  
Негізгі әдебиеттер: 1,3,8 
Қосымша әдебиеттер: 2,3,7,15 
 
2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары 
Реферат тақырыптары 
1.  Бастауыш математика курсының незгі мәселелері  
2.  Дайындық кезеңіндегі ұғымдарды оқытудың ерекшеліктері 
3.  Он  көлеміндегі  сандарды  нөмірлеу  тақырыбын  оқытудың 
мазмұны 
4.  Жүз  көлеміндегі  сандарды  нөмірлеуді  оқыту  кезеңдерінің 
сипаттамасы 
5.  Мың  көлеміндегі  сандарды  нөмірлеу  тақырыбын  оқытудың 
нәтижелері 
6.  Көп  таңбалы  сандарды  нөмірлеу  тақырыбын  оқытудың 
ерекшеліктері 
7.  Қазақ халқының шамаларды өлшеу тәжірибесі 
8.  Есептер  арқылы  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін 
дамыту 
9.  Қазақ халқының ауызша есептерімен жұмыс істеу әдістемесі 


 
103 
 
 
10.  Есеп арқылы оқушыларға экономикалық білім беру 
11.  Есептерді бірнеше тәсілмен шығару жолдары 
12.  Бастауыш  математика  курсында  ауызша  есептеулердің 
алатын орны 
13.  Оқушылардың  жүз  көлеміндегі  сандарды  қосу  және  азайту 
біліктерін қалыптастыру 
14.  Көбейту және бөлу амалдарын енгізу әдістемесі 
15.  Жазбаша 
есептеулердің  математикалық  білім  беруде 
атқаратын ролі 
16.   Бастауыш  математика  курсында  бөлшек  пен  үлесті  оқыту 
әдістемесі 
17.  Геометриялық  материалды  оқытуда  сәндік-қолднаьбалы 
өнер шығармашылығын пайдалану 
18.  Бастауыш  математика  курсында  алгебралық  материалды 
оқыту мазмұны 
19.  Бастауыш 
сыныптарда  математикадан  дәстүрлі  емес 
сабақтарды өткізу ерекшеліктері 
20.  Сыныптан 
тыс  жұмыстарда  қазақ  этнопедагогикасы 
материалдарын пайдалану 
21.  Математикадан үй тапсырмасын тексерудің тиімді жолдары 
22.  Математика 
сабақтарында 
оқытудың 
инновациялық 
технологияларын пайдалану мүмкіндіктері 
23.  Математиканы  оқыту  әдістемесі  бойынша  алдыңғы  қатарлы 
мұғалімдердің іс-тәжірибесін талдау 
24.  Математика сабақтарының тиімділігін арттыру шарттары 
25.  Математика  сабақтарында  деңгейлеп  саралап  оқытуды  іске 
асыру шарттары 
26.  Математика 
сабақтарында 
оқушылардың 
өзіндік 
жұмыстарын ұйымдатыру 
27.  Бастауыш  сыныпта  математиканы  оқытудың  сабақтастығын 
жүзеге асыру 
28.   Математикадан оқушылардың білімін бақылау мен бағалау 
29.   Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың құралдары 
30.  Бастауыш  сыныпта  математиканы  оқытудың  альтернативті 
бағдарламаларына талдау 
 
 
 


 
104 
 
 
2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары 
1.  Математиканы  оқыту  әдістемесінің  қалыптасуы  және  даму 
үрдістері (тарихи аспект) 
2.  Бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту  процесінде 
оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру 
3.  Математика  сабақтарында  бастауыш  сынып  оқушыларының 
оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру 
4.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  есептеу  дағдыларын 
қалыптастыруда техникалық оқу құралын пайдалану 
5.  Көрнекі  құралдардың  бастауыш  сынып  оқушыларының 
математикалық білім, іскерлік және дағды сапасына тигізетін 
ықпалы 
6.  Математикадан  мәтінді  есептерді  шығаруға  оқушыларды 
үйретудің тиімділігін арттыру жолдары (1-4 сыныптар) 
7.  Бастауыш  сыныптарда  математикадан  өзіндік  жұмыстарды 
ұйымдастыру 
8.  Бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту  процесінде 
оқушыларға дербестік қатынас 
9.  Бастауыш 
сыныптарда 
математика 
сабақтарында 
дидактикалық ойындарды пайдалану 
10.  Халық  ойындары  -  математика  сабақтарында  бастауыш 
сынып  оқушыларының  оқу-танымдық  іс-әрекетін  белсендіру 
құралы 
11.  Бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту  процесінде 
оқушылардың 
шығармашылық 
ойлау 
қабілеттарін 
қалыптастыру 
12.  Математикадан  сыныптан  тыс  жұмыстар  –  бастауыш  сынып 
оқушыларының  білім,  іскерлік  және  дағды  сапасын  арттыру 
құралы 
13.  Бастауыш  сынып  оқушыларына  математиканы  оқытуда  оқу 
мен ойын іс-әрекеттерінің өзара байланысы 
14.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  есептеу  іскерліктері  мен 
дағдыларын қалыптастыру 
15.  Бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту  әдістерін  таңдап 
алу 
16.  Бастауыш 
сыныптарда  математиканы  оқыту  ауызекі 
поэтикалық шығармашылық материалдарын пайдалану 


 
105 
 
 
17.  Сәндік-қолданбалы  өнер  туындылары  –  бастауыш  мектепте 
геометриялық материалды оқыту құралы 
18.  Бастауыш  сыныптарда  математика  сабақтарының  тиімділігін 
арттыру жолдары 
19.  Математиканы 
оқыту 
процесінде 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру 
20.  Бастауыш сыныптарда  математиканы  оқыту  процесінде жаңа 
ақпараттық технологияларды қолдану 
21.  Бастауыш  сыныптарда  математиканы  оқыту  процесінде 
практикалық жұмыстарды ұйымдастыру 
22.  Л.В.Занковтың әдістемелік жүйесінің негіздері 
23.  П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру жүйесі 
24.  Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
математикаға 
қызығушылығын 
қазақ 
халық 
педагогикасы 
арқылы 
қалыптастыру 
25.  Қазақ  халқының  ауызша  есептерін  шығарудың  әдістемелік 
жолдары 
26.  Шағын  комплектілі  мектептерде  математиканы  оқытудың 
тиімділігін арттыру 
27.  Математиканы 
оқыту 
процесінде 
бастауыш 
сынып 
оқушыларына ақыл-ой тәрбиесін беру 
28.  Математиканы 
оқыту 
процесінде 
бастауыш 
сынып 
оқушыларына эстетикалық тәрбие беру 
29.  Математиканы 
оқыту 
процесінде 
бастауыш 
сынып 
оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу 
30.  Математиканы 
оқыту 
процесінде 
бастауыш 
сынып 
оқушыларына эстетикалық тәрбие беру 
31.  Математикадан  дербес  үй  жұмыстары  арқылы  бастауыш 
сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру 
Курстық жұмыс жазуға әдістемелік нұсқаулар 
Курстық  жұмыстың  толық  барысын  мынадай  логикалық 
бірізділік тұрғысынан беруге болады: 
- таңдап алған тақырыптың көкейкестілігін негіздеу; 
- зерттеудің мақсаты мен нақты міндеттерін қою; 
- зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау; 
- зерттеуді жүргізу әдістерін таңдап алу; 
- зерттеу процесіне сипаттама беру; 
- зерттеу нәтижелерін өңдеу; 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау