81
әдістемесін ашып көрсетіңіз (сандардың натурал қатарының
құрылу принципі, екі қосылғыштан тұратын сандар құрамы
және т.б.).
3. «Жүздік» концентрінде сандарды нөмірлеу тақырыбын оқыту
міндеттерін жазыңыз және жоспарын құрыңыз. Тақырыптың
негізгі мәселелерін меңгерту бойынша жүргізілетін жұмыс
әдістемесін ашып көрсетіңіз (екі таңбалы сандардың
разрядтық құрамы, цифрдың орнына байланысты мәні және
т.б.).
Әдістемелік нұсқаулар
Дайындық кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
бойынша мұғалім жұмысының мазмұнына жалпы сипаттама беру
барысында оқушылардың математикалық білім деңгейін анықтау,
математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, пәнді
оқытуға қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру мәселесіне көңіл
бөлу қажет.
«Ондық» және «Жүздік» концентрінде сандарды нөмірлеу
тақырыбы бойынша математика пәнінің 1-2 сыныпқа арналған оқу-
әдістемелік кешеніне сүйену керек.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№4 семинардың тақырыбы: Арифметикалық амалдар және
олардың қасиеттерін оқыту теориясы мен технологиясы
Сұрақтар
1. Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын, математикалық
белгіленуін және олардағы сандардың атауларын оқыту.
2. Қосу мен көбейту амалдарының ауыстырымдылық және
терімділік қасиеттерін оқыту. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін
оқыту.
3. Қосындыны санға көбейту мен бөлуді оқыту. Санды көбейтіндіге
көбейту мен бөлуді оқыту.
4. 5. 0 мен 1 сандарының қасиеттеріне негізделген арифметикалық
амалдарды оқыту (Арифметикалық амалдардағы 0 мен 1қасиеттерін
оқыту)
6. Қосу мен азайту амалдарының байланысын оқыту. Көбейту мен
бөлу амалдарының байланысын оқыту.
8.
82
Тапсырмалар
1. Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын, математикалық
белгіленуін және олардағы сандардың атауларын оқыту
әдістемесін ашып көрсетіңіз.
2. Қосу мен көбейту амалдарының ауыстырымдылық және
терімділік қасиеттерін оқытуәдістемесіне сипаттама беріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар
Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын, математикалық
белгіленуін және олардағы сандардың атауларын оқыту әдістемесін
ашып көрсетуде бастауыш сыныптардың математика оқулықтарын
және соған сәйкес жасалынған оқыту әдістемелірін пайдалану керек.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,26,31,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№5 семинардың тақырыбы: Маңызды шамаларды және
оларды өлшеуді оқыту теориясы мен технологиясы
Сұрақтар
1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік
стандартына сәйкес математикадан шамаларды оқыту мазмұны
2. Маңызды шамаларды және оларды өлшеуді оқыту теориясы
мен технологиясының жалпы сипаттамасы
3. Маңызды шамаларды және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі
Тапсырмалар
1. Математика пәнінің оқу бағдарламасы бойынша әр сынып
бойынша шамаларды оқыту мазмұнына талдау жасаңыз.
2. Бастауыш
мектепте маңызды шамаларды оқытудың
міндеттерін бөліп көрсетіңіз.
Әдістемелік нұсқаулар
Математика пәнінің оқу бағдарламасына сүйене отырып, кесте
түрінде әр сыныпта оқытылатын шамаларды бөліп көрсету керек.
Бастауыш мектепте маңызды шамаларды оқытудың міндеттерін
бөліп көрсетуде мына әдебиетті оқып-үйреніп, басшылыққа алу
керек: Т.К.Оспанов және т.б. Жаңа буын оқулықтары бойынша
бастауыш сыныптарда математикасны оқыту әдістемесі. - Алматы:
Атамұра, 2005. – Б.219-248.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,17,18,19,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
83
№6 семинардың тақырыбы: Геометрия және алгебра
элементтерін оқыту теориясы мен технологиясы
Сұрақтар
1. Геометрия элементтерін оқыту міндеттеріі және оның жалпы
сипатамасы.
2. Қарапайым геометриялық фигуралармен алғаш таныстыру
әдістемесі
3. Алгебралық материалды оқыту әдістемесінің жалпы
сипаттамасы
4. Өрнектерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді, теңдеулерді оқыту
әдістемесі
Тапсырмалар
1. 3, 4 сыныптарда геометриялық фигураларды оқыту әдістемесі.
2. Бастауыш мектепте әріптік өрнектермен жұмыс істеу
әдістемесі.
Әдістемелік нұсқаулар
Оқушылар 3,4 сыныпта танысатын геометриялық фигураларды
атаңыз, олардың әрқайсысымен таныстыру әдістемесін жазыңыз.
Геометриялық фигуралар туралы түсінікті қалыптастырумен
байланысты тапсырмалардың барлық түрін оқулықтан теріп
жазыңыз, олармен жұмыс істеу әдістемесін баяндаңыз.
1 сыныпта әріптік өрнектерді енгізу әдістемесін ашып
көрсетіңіз. Математика оқулығынан әріптік өрнектердің мәнін табуға
берілген тапсырмалардың барлық түрін теріп жазып, олармен жұмыс
істеу әдістемесін көрсетіңіз.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,14,15,17,18,19,20, 33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№7 семинардың тақырыбы: Мәтінді арифметикалық
есептерді шығаруға үйрету теориясы мен технологиясы
Сұрақтар
1. Математиканың бастауыш курсында есептің алатын орны.
2. Есептермен жұмыс істеу әдістемесінің жалпы сипаттамасы.
3. Есеппен алғаш таныстыру әдістемесі.
4. Жай есептің түрлері және олармен жұмыс істеу әдістемесі.
5. Құрама есептердің түрлері және олармен жұмыс істеу
әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |