96
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жүз көлеміндегі сандар такырыбы бойынша сабақтарға
әдістемелік нұскаулар дайындау үшін оқу бағдарламасынан
тақырыптарды таңдап алып, 1-2 сынып математика оқулықтары мен
соған сәйкес оқыту әдістемесін пайдалану қажет.
Математиканы
оқытуды
жаңашылдық
тұрғысынан
ұйымдастыру оқудың дәстүрлі түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы
жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі
болуына мүмкіндік береді. Мұның өзі сабақты әртүрлі жаңа
технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. Математикадан
дәстүрлі емес сабақтарда мынадай оқытудың жаңа технологияларын
пайдалануға болады: ойын, ақпараттық-компьютерлік, проблемалық
оқыту, деңгейлік саралап оқыту технологиялары, т.б.
Негізгі әдебиеттер: 8,10,13,24,25
Қосымша әдебиеттер: 5,9,12
№14
СОӨЖ
тақырыбы:
Бастауыш
сыныптарда
математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі
формалары және оларды өткізу технологиялары
Тапсырмалар
1. Математика пәні бойынша белгілі бір тақырыпқа жасалынған
сыныптан тыс жұмыстың жоспар-конспектісін әдістемелік тұрғыдан
талдау.
2. Математика пәні бойынша белгілі бір тақырыпқа сыныптан
тыс жұмыстың жоспар-конспектісін жасау.
СОӨЖ өткізу түрі: іскерлік ойын
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны өткізудің
әдістемелік негіздері мыналар екендігін ескерген жөн:
-
сыныптан тыс жұмысты оқушының сабақта алған білімдері,
біліктері мен дағдылары негізінде ұйымдастыру;
-
сыныптан тыс жұмыс оқушының белсенділік танытуынан
басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей
бағытта жүргізілуі тиіс;
-
сыныптан
тыс
жұмыс
оқушыларды
математикаға
қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.
97
Негізгі әдебиеттер: 5,15,16,21,23,27
Қосымша әдебиеттер: 1,3,4,6,11
№15 СОӨЖ тақырыбы: Бастауыш мектепте оқушылардың
математика пәнінен білімдерін бақылау, бағалау және есепке алу
Тапсырмалар
1. Математикадан оқушылардың білімін бағалау үшін қандай
жағдайларды ескеру қажет?
2. Математикадан оқушылардың үлгерімін бағалау жүйесіне
сипаттама беріңіз.
3. Математикадан оқушылардың білімін есепке алу қалай жүзеге
асырылады?
СОӨЖ өткізу түрі: дербес-топтық жұмыс, кеңес беру
Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Дидактика курсынан алған білімді және оқу бағдарламасына
сәйкес бастауыш сынып оқушыларының математикадан білім, білік,
дағдыларына қойылатын талаптарды ескере отырып, тақырыптың
мәнін ашып көрсету керек.
Негізгі әдебиеттер: 1,3,8
Қосымша әдебиеттер: 2,3,7,15
2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар
жоспары
№1 СӨЖ тақырыбы: Бастауыш мектепте математиканы
оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні және педагогикалық
ғылым саласы ретінде
Тапсырмалар
1.
Педагогика және психология, ғылыми-педагогикалық
зерттеулер әдістемесі курстары бойынша алған білімге сүйене
отырып, математиканы оқыту әдістемесінде қолданылатын
зерттеу әдістерінің негізгі мәнін ашып көрсетіңіз.
Әдістемелік ұсыныстар:
Математиканы
оқыту
әдістемесінде
қолданылатын
зерттеу
әдістерінің әрқайсысына сипаттама бере отырып, олардың қолдану
аясын ашап көрсету керек.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,17,18,19,26,31,33
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
98
№2 СӨЖ тақырыбы: Математиканың бастауыш курсы оқу
пәні ретінде және оны оқыту технологиялары
Тапсырмалар
1.
Математикадан оқу-әдістемелік топтаманың құрамды
бөліктеріне мазмұндық сипаттама беріңіз.
2. Бастауыш сынып оқушыларының әр сынып бойынша
математикалық
білім,
білік
және
дағдысына
қойылатын
бағдарламалық талаптарды бөліп көрсетіңіз. Жекеленген тақырыптар
(1-2) бойынша білім, білік және дағдыға қойылатын талаптарды
анықтаңыз.
3. Бастауыш сынып оқушыларын математика пәнінен бағалау
өлшемдері анықтай отырып, оның басқа пәндер бойынша бағалау
өлшемдерімен ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
Әдістемелік ұсыныстар:
Математикадан
оқу-әдістемелік
топтаманың
құрамды
бөліктерінің - бағдарламаның, оқулықтардың, мұғалімдерге арналған
құралдардың, дидактикалық материалдардың, көрнекі көрсету
кестелерінің, әдістемелік нұсқаулардың атқаратын қызметін,
мазмұнын ашып көрсету қажет.
«Математиканың бастауыш курсы» оқу пәнінің бағдарламасын
талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының әр сынып бойынша
математикалық
білім,
білік
және
дағдысына
қойылатын
бағдарламалық талаптарды бөліп көрсетуге болады. Жекеленген
тақырыптар бойынша білім, білік және дағдыға қойылатын
талаптарды сол тақырыпты оқыту мақсаты мен мазмұнына сәйкес
анықтау қажет.
Бастауыш сынып оқушыларын математика пәнінен бағалау
өлшемдері Н.Д.Хмель, Ж.Б.Қоянбаев ұсынған бағалау өлшемдерін
негізге ала отырып, математика пәнінің ерекшелігіне сәйкес анықтау
қажет.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 14, 17,22
Қосымша әдебиеттер: 8,9,14,15
№3 СӨЖ тақырыбы: Теріс емес бүтін сандардың
нөмірленуін оқыту теориясы мен технологиясы
Тапсырмалар
1. 2-сынып математика оқулығынан сәйкес тапсырмалардың
барлығын көшіріп жазыңыз және олармен жұмыс істеу әдістемесін
Достарыңызбен бөлісу: |