«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата01.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#6500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 

18 


 

 

-  Қайсысы  есеп?  (Біріншісі,  өйткені  мәтін,  накты  жағдаят,сұрақ 



және  амал  бар).  «Есеп  еместі»  есепке  айналдыруга  бола  ма?  (Иә. 

соңғы сөйлемді сұрақпен алмастыру керек). 



Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 7, 8,13,14,15,16 

Қосымша әдебиеттер: 1,2,6 

 

№2  дәрістің  тақырыбы:  Есепті  шешудің  жалпы  тәсілдерін 

үйрету технологиясы 

Жоспар 

1. Есепті шешудің жалпы тәсілдеріне сипаттама 

2.  Есепті  шешудің  жалпы  тәсілдері  үйрету  технологиясының 

мазмұны 


 

1. Есепті шешудің жалпы тәсілдеріне сипаттама 

Есепті  шеше  білудегі  негізгі  мәселе  есептің  шартында 

келтірілген.  соның  негізінде  арифметикалык  амал  таңдалатын  және 

орындалатын,  сұрақка  жауап  берілетін  деректер  мен  ізделінді 

арасындағы  байланысты  менгеру  болып  табылады.  Сондықтан 

бастауыш мектепте есептің топтарымен жұмыс жүргізіледі. Әр топта 

бір түрдегі (белгілі бір) есептер жатады. 

Бір түрдегі есептер — есепті шешу берілген дерек пен ізделінді 

арасындағы бірдей байланыска негізделген, бірақ нақты мазмұн және 

сандық деректермен ерекшеленетін есептер. 



2. Есепті шешудің жалпы тәсілдері үйрету технологиясының 

мазмұны 

Бір түрлегі есептерді шешуге үйрету реті (басқыштары). 

I. Қарастырылатын есеп түрін шығаруға дайындык. 

Максаты:  мұндай  есептерді  шешу  барысында  оқушылардың 

амал  тандауына,  негіз  болатын  берілген  деректер  мен  ізделінді 

арасындағы байланысты игсру. 

II.    Қарастырылатын  есеп  түрін  шығарумен  таныстыру. 

Максаты:  берілгсн  деректер  мен  ізделінді  арасындағы  байлаиысты 

тагаііыпдауга  жоис  соныц  негізінде  арифметикалық  амал  таңдауға 

үйрету,  яғни  есепте  суреттелген  нақты  жағдаяттан  сәйкес  амал 

таңдауға  көшуге  үйрету.  Соның  нәтижесінде  қарастырылатын  есеп 

түрін шығару тәсілі таныстырылады. 

III.    Қарастырылатын  есеп  түрін  шығара  алу  біліктерін 

қалыптастыру, 




 

19 


 

 

Мақсаты: 



қарастырылатын 

есептің 


нақты 

мазмұнына 

қарамастан,  барлық  түрін  шығаруға  үйрету,  яғни  осы  түрдегі  есепті 

шешу тәсілін жалпылау. 

I БАСҚЫШ. Қарастырылатын есеп түрін шығаруға дайындык,. 

1.  Көптеген  жағдайларда  есепті  шығармас  бұрын  элементтері 

нақты заттар немесе олардың суреттері болатын жиындармен жұмыс 

орындалады: 

а)  қосындыны  табуға  арналған  жай  есепті  енгізбес  бұрын 

жиындарды біріктіруге (жақындатуға) жаттығулар жүргізіледі; 

 

о) қалдықты табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын жиынды 



бөліп алу (алыстату) жаттығулары жүргізіледі; 

 

б)  көбейтіндіні  табуға  арналған  жай  есепті  енгізбес  бұрын  тең 



жиындарды біріктіруге жаттығулар жүргізіледі;  

 

в)  бөліндіні  табуға  арналған  жай  есепті  енгізбес  бұрын 



жиындарды  тең  қуаттас  ішкі  жиындарға  бөлуге  жаттығулар 

жүргізіледі; 

 

г)  санды  бірнеше  бірлікке  арттыруға  арналған  есептср  берілгсн 



жиыннан  бірнеше  элементі  артық  жиындар  құру  жаттығуларын 

көздейді (сонша және тағы екі); 

 

г)  санды  бірнеше  бірлікке  кемітуге  арналған  есептер  берілген 



жиыннан  бірнеше  элементі  кем  жиындар  құру  жаттығуларын 

көздейді (біреусіз сонша). 

 

2.  Оқушылар  қажетті  амалды  дұрыс  таңдап  алуы  үшін 



суреттерге  сәйкес  сөйлемдер  құрастыруға  арналған  дидактикалык 

ойындарды ұсынуға болады: 




 

20 


 

 

 



 

3. Көпгеген есептер шамалармен (ұзындық, масса, сыйымдылык, 

аудан,  көлем,  уақыт)  байланысты,  сондықтан  оқушыларды  сол 

шамамен  таныстыру  және  шамалар  арасындағы  байланысты: 

жылдамдык,  уақыт,  қашықтық;  бага-сы,  саны,  құны;  ұзындығы,  ені, 

ауданы; бір заттың массасы, заттың саны, жалпы массасы және т. б. 

ашу қажет. 

 

Мәселен.  Баға.  Саны.  Құны  арасындағы  байланысты  ашу  үшін 



дүкенге топсеруен жасап, бағалармен танысуға, ал содан соң сабакта 

белгілі  бағасы  мен  саны  бойынша  құнын  табуға  арналған  есепті 

құрастыру  және  көбейту  мен  бөлу  амалдарының  анықтамалары 

туралы  білімге  сүйеніп,  оларды  шешуге  болады,  осыдан  кейін 

көбейту  мен  бөлудің  өзара  байланысына  сүйеніп,  бағасын  және 

санын  табуға  арналған  өзара  кері  есептер  құрастыруға  болады. 

10+10+10=30 (тг)=> 10 • 3 = 30(тг)=>Қ = Б • С =* Б = Қ : С және С = Қ 

: Б. 


4.  Құрама  есептерді  шешу  оның  кұрамына  енетін  бірнеше  жай 

есептерді шешуге келтіріледі, сондықтан сәйкес жай есептерді шешу 

құрама есепті шешуге дайындық болып табылады. 

Мысалы: «Екінші сынып оқушылары 20 жалауша және 5 фонарь 

жасады.  15  ойыншықты  олар  бала  бақшаға  сыйлады.  Оларда  неше 

ойыншық қалды?» 

Бұл - екі жай есептен тұратын құрама есеп: 

а)  «Екінші  сынып  оқушылары  20  жалауша  және  5  фонарь 

жасады. Оқушылар барлығы неше ойыншық жасады?» — қосындыны 

табуға арналған есеп: 20+5=25 (о.). 




 

21 


 

 

ә)  «Оқушылар  барлығы  25  ойыншық  жасады.  15  ойыншықты 



олар  балабақшаға  сыйлады.  Оларда  неше  ойыншық  қалды?»  - 

қалдықты табуға арналған есеп: 25 - 15 = 10 (о.) 

Ендеше,  осы  есептің  шешуін  өрнек  түрінде  жазуға  болады: 

(20+5)-15= 10(о.). 

II 

БАСҚЫШ.  Қарастырылатын  есеп  түрін  шығарумен 



таныстыру. 

Есеппен жұмыста төмендегідей кезенді сақтау қажет. 

I  к е з е ң. Есепті қабылдау және талдау. 

Нсгізгі  мақсаты:  есепте  сипатталған  жағдаятты  түсіну;  есептің 

шартын,  мәтінде  кездесетін  терминдер  мен  белгілерді,  соңдай-ақ 

оның талабы мен сұрағын түсінуі. 

а) Түсініксіз сөздерді түсіндіру және бульдозер, салт атты, айлақ, 

көшеттер,  тігінші,  жас  натуралистер,  шаруа,  диірмен,  домбыра, 

қамшы,  қобыз  және  т.  б.  суреттерді  көрсету  арқылы  есеп  тақырыбы 

бойынша кіріспе әңгіме. 

о) Есепті оқу (мұғалімнің, бір оқушының, хормен, оқушылардыц 

жастарына қарай іштен), кейде қайталап оқу да қолданылады. 

б)  Есепте  не  туралы  айтылғанын  түсіну  үшін  оның  шартына 

сәйкес сурет салу.                                                         

в) Түсінікті болу үшін сұрақтар бойынша  есепті талдау: Есепте 

не (кім) туралы айтылған? 

Есепте не белгілі? Не белгісіз? (... белгілі ме?) «8-і артық (кем)», 

«3  есе  артық  (кем)»,  «сонша»,  «теңдей»  нені  білдіреді,  яғни 

терминдердің мәнін анықтау. 

г)    Есептің  мәтінін  сипатталған  жағдаятты  байланыстар  мен 

сандық  сипаттамалар  айқын  көрінетін  басқа  мәтінмен  ауыстыру 

арқылы  қайта  құру.  Мәселен.  «Екі  велосипедші  бір  уақытта  екі 

қаладан бір-біріне қарама-қарсы шықтыда, 2 сағаттан кейін кездесті. 

Егер  біріншісінің  жылдамдығы  12  км/сағ,  ал  екіншісінің 

жылдамдығы  18  км/сағ  болса,  екі  каланың  арасы  неше  километр?» 

Мұнда  сұрақ  деректермен  күрделенген.  сондыктан  сұрақта  берілген 

деректер болмайтындай етіп, есеп мәтінін кайта кұру қажет. 

ғ)  Есептің  мәтіні  өте  ауыр  немесе  дәстүрлі  емес  (әсіресе  4-

сыныпта)  болған  жағдайда  мәтінді  мағынасына  карай  бөліктерге, 

құрама есептің кұрамына енетін жай есептерге бөлуге болады. 

II к е з е ң. Есептің шешуін іздестіру және жоспарын кұру. 



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау