«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет21/25
Дата01.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#6500
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 

72 


 

 

в)  схемаға  (сызба,  график)  сәйкес  есепті  өзгерту.  Схемалар, 



сызбалар, графиктерді  есептің  шешуін  тексеру  және  қатемен жұмыс 

кезінде де қолданған тиімді. 

Мысалы,  «Мектепті жөндеу  үшін  28  ағаш, ал  одан  соң  тағы  10 

ағаштан  4  машина  әкелінді.  Барлығы  неше  ағаш  әкелінді?»  есебін 

шығаруда оқушылар мынадай қате жібереді: 

 

Қыскаша жазу:                          Шешуі:  



 І- 28а                                         28 + 4 + 10= 42(а.)                              

                                            ?       Жауабы: 42 ағаш 

ІІ -?, 10а. 4 машина                    

Оқушылар есепті шығару барысында шамалар 4 машина және 10 

ағаш  арасындағы  байланысын  анықтап  алмай,  барлығы  канша...? 

сұрағына  жауап  бере  отырып,  барлық  шамаларды  тек  қоса  салған. 

Шамалар  арасындағы  байланысты  схемалық  сурет  арқылы  былай 

иллюстрациялауға болады: 

 

Шешуі:  


28+10 •  4=68 

Жауабы: 68 ағаш                                               

 

Схемадан  оқушылар  екінші  рет  неше  ағаш  әкелінгенін  көрнекі 



түрде көреді: 10 ағаштан 4 машина, ал бұл амал

 

көбейту: 10 •  4=40 



(а.) 

Жаңа  буын  математика  оқулықтарының  негізгі  әдістемелік 

ерекшелігі  әр  түрлі  есептерді  салыстыру  болып  табылады.  Мұнда 

модельдеу тәсілін қолданған пайдалы. 

Мысалы («М— 1», 60-бет): 

«Төбешіктен  шанамен  7  бала  сырғанап  жүр  еді.  Тағы  2  бала 

келді. Барлығы неше бала болды?» 

Төбешіктен  шанамен  9  бала  сырғанап  жүр  еді.  2  бала  үйлеріне 

кетті.

 

Неше бала қалды?» 



Оқулықта мынадай схема берілген: 

 

Берілген схемалар есептерді алғашқы талдауды жүзеге асырады. 



Есептерді  салыстыру  кезінде  төмендегі  ұсынылған  схемалар  үлкен 


 

73 


 

 

көмек  көрсетеді,  өйткені  олар  деректер  мен  ізделінді  арасындағы 



байланысты бейнелейді: 

 

 



Мына  схемалар  берілген  есептердің  айырмашылығын  көрнекі 

көрсетеді:  біріншісі  қосумен  шығарылады,  өйткені  онда  барлығы 

қанша  екенін  табу  керек  (стрелкамен  көрсетілген);  екіншісі 

азайтумен  шығарылады,  өйткені  қалғаны  қанша  екенін  табу  керек 

(стрелкамен көрсетілген). 

Графиктік  және  схемалық  модельдерді  пайдалану  мәтіндік 

есептерді  шығаруға  үйретуде  логикалық  ойлауды  дамытады  және 

оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін арттырады. 

Есептің шарты бойынша амалды саналы және дұрыс таңдап алу 

көрнекілікті  тиімді  қолдануға  септігін  тигізеді.  Мұнда  әрбір  нақты 

жағдайда  қолданылатын  көрнекі  құралдың  түрін  оқушылардың 

дайындық деңгейін ескере отырып, сондай-ақ есептің берілген түрін 

қарастырудың  ролін,  орнын  және  уақытын  мұғалім  анықтайды. 

Есепті  шешуге  үйрету  барысында  көрнекіліктің  барлық  түрі  бірдей. 

Біршама  абстрактілі  көрнекілікке  біртіндеп  көшу  қарастырылатын 

есептің  мақсатына  сай  анықталады.  Жоғарыда  айтылғандарды 

қосындыны  табуға  арналған  есепті  шешуге  үйрету  мысалында 

көрсетейік. 

Мысалы:  «Дана  қорапқа  3  шар,  ал  Сара  2  шар  салды.  Қорапта 

барлығы  неше  шар  бар?»  Мұндай  есеп  түрі  бірінші  сыныпта  алғаш 

енгізіледі  («М—  1».  54-бет).  Есептің  мәтіні  нақты  заттық 

иллюстрация  (қорап,  оған  қыздар  кезекпен  шар  салады)  қолдануға 

бағыттайтынын байқау  қиын емес. Қорапты көтеріп,  «Қорапта неше 

шар бар?» деп сұрауға болады. Шарлар бір қорапқа салынғаңдықтан, 

бұл  —  біріктіру  операциясы,  демек,  есеп  қосумен  шығарылады. 

Нақты  осы  жағдайда  қосу  амалын  таңдау  нақты  заттық 

иллюстрацияға  сүйенеді.  Егер  келесі  сабақтарда  есептің  осы,  яғни 

қосындыны табуға арналған түрі қарастырылатын болса, онда заттық 




 

74 


 

 

иллюстрация  қолданылмайды.  Біршама  абстрактілі  көрнекіліктің 



түрлерін қолдану қажет. 

Мысалы,  «Ұл  бала  3  дәптер,  ал  қыз  бала  2  дәптер  сатып  алды. 

Балалар  барлығы  неше  дәптер  сатып  алды?»  есебін  шығаруда 

мынадай схемалық иллюстрация қолданған жөн: 

 

Қара шаршыларды жақындату, яғни ақ және  қара шаршыларды 



біріктіру, ал ендеше қосу амалын орындау керек: 3+2. 

Бірінші сынып оқушыларын белгілер мен қысқартулардың мәнін 

түсіндіре  отырып,  есептің  мәтіні  бойынша  қысқаша  жазуға  үйрету 

қажет. мысалы: 

 

 

Сонымен  бірге  мұндай  есептің  түрін  шығарумен  таныстыру 



барысында иллюстрацияны оқушыларға схема түрінде ұсынут қажет: 

 

Мұндай  түрдегі  схемалар  оқушыларға  есепті  шешудегі  амалды 



дұрыс  таңдап  алуға  негіз  болатын  дерек  пен  ізделінді  арасындағы 

байланысты қатесіз тағайындауға көмек береді. 



Негізгі әдебиеттер: 1,3,8, 13,1415,16 

Қосымша әдебиеттер: 1, 2,3,4,5,6 

 

2.3 Семинар сабақтарының жоспары 



 

№1  семинардың  тақырыбы:  Бастауыш  мектепте  есептерді 

шығаруға үйрету технологиясының пәні, мақсаты мен міндеттері 

Сұрақтар 

1. 


«Бастауыш 

мектепте 

есептерді 

шығаруға 

үйрету 

технологиясы» оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері 




 

75 


 

 

2.  «Бастауыш 



мектепте 

есептерді 

шығаруға 

үйрету 


технологиясы» пәні бойынша білім мазмұны 

Тапсырмалар 

1.  «Бастауыш 

мектепте 

есептерді 

шығаруға 

үйрету 


технологиясы»  оқу  пәнінің  мәнін  ашып  көрсететін 

проблемаларды анықтаңыз. 

2.  «Бастауыш 

мектепте 

есептерді 

шығаруға 

үйрету 

технологиясы» 



оқу 

пәнін 


оқытудың 

мақсаты 


мен 

міндеттеріне сипаттама беріңіз. 



Әдістемелік нұсқаулар 

«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы» 

оқу  пәнінің  мәнін  ашып  көрсетуде  бастауыш  мектепте 

математиканы оқыту теориясы мен технологиясында қарастыратын 

негізгі  проблемалары  -  оқытудың  мақсатын,  мазмұнын,  әдіс-

тәсілдерін, құралдары мен ұйымдастыру формаларын айқындау мен 

жетілдіру керектігіне баса назар аудару қажет. 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 14, 16 

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 

 

№2 семинардың тақырыбы: Есеппен және оның құрамымен 



таныстыру технологиясы 

Сұрақтар 

1. Есепті шығаруға үйрету технологиясының сипаттамасы 

2. Есептердің міндеттері 

3. Есепті шығаруға үйрету технологиясын оқыту міндеттері 

4. Есеппен және оның құрамымен тансытыру технологиясының 

ерекшеліктері 



Тапсырмалар 

1.  Есепті  шығаруға  үйрету  технологиясының  сипаттамасын 

анықтаңыз. 

2.  Есеппен және оның құрамымен таныстыру технологиясының 

ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз. 

Әдістемелік нұсқаулар 

Есепті  шығаруға  үйрету  технологиясының  сипаттамасын 

әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде анықтауға болады. 

Есеппен  және  оның  құрамымен  таныстыру  технологиясының 

ерекшеліктерін  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  теориясы 



жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау