Тақырып 8: Тақырыбы: Мата материалдарын өңдеу және олардан бұйым жасау технологиясы.
Мақсаты: мата материалдарын өңдеу технологиялық процесстерімен және безендіру техникасы туарылы білімін қалыптастыру.
Лекция мазұны.
Матадан жүмсак, ойыншык, тігу.
Жүмсақ ойыншықты тігу барысында оқушылар білімдері мен іскерліктерін жетілдіруімен қатар, адамгершілік, эстетикалық тәрбие алады, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамытады. Жүмсақ ойыншықты кез келген матадан тігуге болады. Ол үшін мынадай материалдар мен қүрал-саймандарды қодданады:
— мата, жіп;
- мақта, поролон т.б;
— былғары, тері;
- түрлі түймелер мен моншақтар;
- лекала (ойыншықтың қағаздан жасалған бөл-шектері);
— қайшы, ине;
— қарындаш, бор;
- желім (ПВА).
Жүмсақ ойыншықтың белшектерін лекала арқылы пішеді. Лекаланы мүғалім өзі аддын-ала дайындап оқушыларға үйлестіреді. Матаны пішкенде тігіске артық мата қосып пішеді. Жүмсақ ойыншықты тіккенде үлкен бөлшектерін қүраудан бастайды. Кез келген ойыншықты лекаласын суреттен торлар арқылы үлкейтіп немесе кішірейтіп дайындауға болады.
Бақылау сұрақтары:
бұйым жасау технологиясы;
тігістің түрлері;
бұйымды безендіру техникалары.
Әдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Тақырып 9. Саз материалдарын өңдеу технологисы. Пластиллин.
Мақсаты: саз немесе пластилин мтаериалынан бұйым жасау тәсілдері туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Техникалық еңбек бөліміндегі тақырьптардың ішінде қағаз жене қатырма қағазбен жұмысқа үлкен көңіл бөлінеді.
Себебі, бүл материалдар өңдеуге ең қолайлы.
Құрастыру жүмыстарыңда 1—2 класс оқушылары конструктордың жиынтықтарьнан бұрауышпен, кілтпен түрлі бүйымдар құрастыруға үйренеді. Ал, 3-4 кластарда осындай бұйымдарды белгілеу, өлшеу, қию, желімдеу арқылы қағаздан, картоннан жазық немесе көлемді ойыншықтар жасауға үйренеді.
Жапсыру – бейне кескінін пластикалық материалдардан жасауда, оның негізгі бөлігіне қосымша пластикалық материалдарды жапсыра отырып ауқымды денені алу болып табылады. Жапсыру материалына – саз және пластилин жатады. Саз – тау жынысынан алынған тұнба. Ол сумен араласа отырып жұмсақ, нәзік, тұтқыр, әртүрлі форма алынатын және кебе отырып бастапқы формасын сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Жапсыру жұмысына сазды дайындау төмендегідей болады: кепкен сазды ұсақтап ыдысқа салады. Әрбір ұсақ түйіршегін ыдысқа салуда жеке-жеке бөліктеріне су құйып тұрады. Біртұтас саз қамырын алғанша қолмен араластырады. Егер саз қолға жабыспаса, онда саз дайын болғаны. Дайын сазды ылғал шүберекке орап салқын жерге қойып қояды. Дайын саздан бұйымдар жасап, оларды ауа температурасындай бөлмеге кептіріп кейін муфельді пешке (900 градус) күйдіреді. Пластилин – балауыз, сала және саз құрамынан жасалған материал. Ол жұмсақ және қозғалмалы, өзінің жұмсақтық қасиеті ұзақ уақытқа дейін сақталады. Орындалған бұйым деформацияланбайды, жарылмайды. Бірақ, температураның артуына байланысты пластилин жұмсарып деформацияланады, кейде еріпте кетеді. Пластилин материалымен оқу процессіне қолдану сазға қарағанда әлде қайда қолайсыз болып келеді. Сондықтан оқу процессінде саз ең ұтымды және қолайлы материал болып табылады.
Жапсыру жұмыстарының барлығы адамның саусақтарымен орындалады. Үйлесімді саусақпен және алақан мүсіндеудің шығармашылық туындыларын жасауға болады. Балдардың жұмыстарында көбінесе стектер қолданады. Оның ұзындығы 10-12 см. Стектің ұш үшкірбіз және күрекше формада болып келеді. Стек арқылы артық пластмассалы материалды алып тастауға қоладанды. Сонымен бірге саусақ жетпейтін бөліктерін реттеуге де қолданады. Жапсыру жұмысына тағы тақтайша қажет етеді. Оның өлшемі 20-30 болу керек..оның беті грунтталған және жылтыр болғаны орынды. Күрделі жұмыстар орындалғанда шүберек және ыдыста су құйылып дайындалуы қажет. әралуан формадағы бұйымдар жасағанда төмендегі деформациялау процесстері қажет болады: илеу, жалпақтау, иіру, шымшылау, созу, тегістеу, басу және т.б..
Домалақтап илеу - формасыз пластилин материалға жылтыр бетті шар тәріздес форма беру. Илеу – цилиндар сияқты және жұмыртқа тәріздес форма беру. Жапсыру – шарик формалы пластилинді сыға отырып жазық формалы дене беру. Шымшылау процессінде беттің үстіне саусақтың ұшымен сыға отырып ұсақ жазық бет беру. Аздап сыға отырып созу – созу болады. Бетін тегістеу саусақпен немесе стекпен орындалады.
Помидор бейнесін жпасыру технологиясы. Шарик тәріздес пластилинді аздап сыға отырып сыртқы беттерін ішке қарай қолмен тарту керек. Жоғарғы жағынан баса отырып терең бет беріледі. Сол бетке қуыстарды стекпен жүргізіп бөледі. Пайда болған беттерді саусақпен немесе стекпен тегістейді. Кейін помидор формасының моделімен салыстыра, кеткен қателіктерін түзете отырып жұмысты аяқтайды.
Ермексаздан мүсіндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |