Жұмыс бағдарламасы «Машина жасау технологиясы»



жүктеу 183 Kb.
бет1/2
Дата15.04.2020
өлшемі183 Kb.
#29462
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2

ПОӘК 042 – 18 – 8.1.60/02- 2013

№1 басылым

12 беттің -беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042 – 18 – 8.1.60/02- 2013

ПОӘК

Пәннің жұмыс бағдарламасы

«Машина жасау технологиясы »

студенттерге арналған


№1 басылым


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Машина жасау технологиясы» пәнінен

5В072400 Технологиялық машина және жабдықтар

мамандығына арналған
ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013





ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырған __________02 «__09__» _______2013 ж. «Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасының профессоры Д. Жайлаубаев


  1. КЕЛІСІЛДІ

«Машина жасау және механика» кафедрасы мәжілісінде қаралды

Хаттама № ____ «____» _____________2013 ж
Кафедра меңгерушісі _________ C. Тоқаев
Инженерлік –технологиялық факултетінің оқу әдістеме қеңесінің мәжілісінде
Хаттама № ____ «__» _________2013ж

Факултеттің оқу әдістеме қенңесінің төрайымы________ С. Төлеубекова

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу әдістеме қеңесінің отырысында талқыланды және басылымға рұқсат етілді

Хаттама № ____ « » _______2013ж
ОӘК төрағасы ___________ Г.К.Искакова



  1. АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ







М А З М Ұ Н Ы




1.

Жалпы ережелер ………………………………………………………........

4

2.

Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқаулар ………………........

5

3.

Курс форматы ……………………………………….....................................

6

4.

Курс саясаты...................…….........................................................................

6

5.

Баға қою саясаты ……………………….........................................................

7

6.

Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу ................

8

7.

СОӨЖ және СӨЖ мазмұны ……………………...........................................

8

8.

Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигі……………................

10



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1. Оқытушы мен пән туралы жалпы мәліметтер


  • Жайлаубаев Д.Т., профессор «Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасы

  • Ақпараттық байланыс – № 10 оқу корпусы, № 3кабинет

  • Сабақ өткізу орны – № 10 оқу корпусы, № 3 аудитория

  • Пәннің атауы – «Машина жасау технологиясы »

  • Кредиттер саны – 2.


1.2. Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме (3.1-кесте)
Кесте 3.1 – Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семестр

Кредиттер

ДС

ЗС

СОӨЖ

ОӨЖ

Барлығы

Қортынды бақылау формасы

4

7

2

15

15

45

45

135

емтихан


1.3. Пән мазмұнының қысқаша сипаты
«Машина жасау технологиясы» – қазіргі заманғы конструкциялық және аспаптық материалдардың құрлысын, құрылымын, қасиеттерін және олардың беріктендірілу тәсілдерін; сонымен бірге машина бөлшектері мен бұйымдар жасаудың өндірістегі прогрессивті технологиялық тәсілдерін оқытады. Олар: әртүрлі құю тәсілдері және қысыммен өңдеу, пісіру, механикалық кесу сияқты дайындамалардың пішінін қалыптастыру технологиясы.

Болашақ маман технологиялық машиналар мен қондырғылардың эксплуатациялық техникалық сипаттамаларын және машиналар мен олардың тораптарының жұмыс сенімділігін қамтамасыз етуді, сонымен бірге оларды жасап шығарудың экономикалық тиімділігін білуі керек.
1.4. Курстың мақсаты
Аталған курстың мақсаты – студенттерге, келешекте арнаулы пәндерді оқып-үйренуге және мамандық бойынша практикалық қызметіне қажетті, материалдардың құрлысы мен қасиеттері, машина бөлшектері мен дайындамалар жасаудың негізгі технологиялық әдістері туралы білім беру; қазіргі заманғы өндірістің мүмкіншіліктерімен, өңдеудің әртүрлі технологиялық әдістерінің даму және жетілдірілу перспективаларымен, сондай-ақ конструкциялық материалдарды өңдеу және беріктендіру тәсілдерімен таныстыру.
1.5. Курстың негізгі міндеті
Курсты оқытудың негізгі міндеті – студенттерге:

 конструкциялық материалдардың құрлысы мен қасиеттерінің негізгі заңдылықтарын;

 термиялық және химия-термиялық өндеу режимдерін белгілеуді;

 көміртекті және қосындылы болаттар мен шойындар, түсті металл қорытпаларын топтастыру мен маркалауды;



 металл және металл емес материалдарды дұрыс таңдап, қолдана білуді және сонымен бірге, аталған курстың негізгі міндеті студенттерге белгілі мәліметтер (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді шешу тәсілдері) қорын ғана беру емес, оларды қолдана білуді үйрету.
1.6. Пәнді оқыту нәтижесінде студент:
5В072400 – «Машина жасау технологиясы» мамандығының бакалаврі жоғары базалы білімнің (бакалавриат) мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес:

  • технологиялық машиналар мен қондырғылардың қажетті эксплуатациялық қасиеттерін қамтамасыз ететін материал, оның құрлысы, қасиеттері сонымен бірге бастапқы және соңғы термиялық өңдеу режимдері туралы түсінігі болуы керек;

  • өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін машина бөлшектері мен дайындамаларын алу мен өңдеудің технологиялық тәсілдерін білуі керек;

  • конструкциялық материалды дұрыс таңдап, қажетті қасиет мен құрылым алу мақсатында өңдеу тәсілдерін белгілеуді меңгеруі керек;

  • материал құрылымын металлографиялық талдауды; әртүрлі өңдеу тәсілдерінен кейінгі дайындаманың механикалық қасиеттерін; қалып, өзекше, поковка және пісірілген конструкциялар жасауға практика жүзінде дағдылану керек;

  • конструкциялық және аспаптық материалдар, олардың құрлысы мен қасиеттері, металл және металл емес материалдардан машина бөлшектері мен бұйымдар жасау технологиясына, термиялық өңдеудің әртүрлі тәсілдерінің технологиясына компетентті болу керек.



1.7. Курстың басты деректемелері:


  • Физика;

  • Химия;


1.8. Курстың деректемелері:


  • Машина жасау технологиясы;

  • Машина бөлшектері және құрастырмалау негіздері.



2. ПӘНДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Курсты оқып-үйренуге кірісер алдында тақырыптың негізгі мәселесін меңгеріп шығуға ерекше көңіл бөлу керек.

Бұл мақсатқа пайдалануға осы оқу-әдістемелік кешен ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің міндеті – студенттердің оқулықтармен жұмыс істеуін жеңілдету болып табылады. Әрбір тақырыптың қысқаша дәрістер конспектісі студенттің өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтарымен аяқталады.

Пәнді игерудегі ең маңызды мәселе – оқулықты дұрыс таңдай білу. Бір мезгілде бірнеше кітапты пайдалануға болмайды. Ұсынылған әдебиеттер арасынан – біреуі, негізгі оқулық ретінде таңдалып алынуы шарт. Қалған оқулықтар немесе методикалық әдістемелер, егер қажетті материал негізгі оқулықта болмаған немесе жеткіліксіз қамтылған жағдайда пайдаланылады.

Пәнді арнайы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, көрсетілген ретпен тақырыптар бойынша оқып-үйренуді мақсат еткен жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде берілген материалды сараптап, қажетті схемалар (сызықтар) мен диаграммаларды өздігінен салып үйренуге бейімделу шарт. Осыдан кейін бақылау сұрақтарына жауап беру керек.

Оқу материалдарын, егер сен практикалық шешімдерге теорияны дұрыс қолдана білген жағдайда ғана толық меңгердім деп есептеу керек.
3. КУРС ФОРМАТЫ
Дәріс сабақтары аптасына бір рет СОӨЖ-бен бірге 50 минуттан, практикалық сабақтар аптасына бір рет (СОӨЖ-ді қоса есептегенде) 50 минуттан, ал зертханалық сабақтар аптасына бір рет (СОӨЖ -ді қоса есептегенде) 100 минуттан өткізіледі. Курс форматы – аралас. Дәріс сабақтары неғұрлым күрделі, проблемалық сұрақтарға арналады. Дәріс құрылымы – тақырыпты талқылау немесе блиц-сұрақтар (10-15 минут), дәріс (25-30 минут), материалды қайталау, және ОСӨЖ-ға бөлінген 5-10 минут уақыттан тұрады. Сабақ жүргізудің мұндай формасы студенттен жеке, жүйелі жұмыс істеуді және жаңа дәріс тақырыбы бойынша материалды білуін қажет етеді.

Зертханалық сабақтар теориялық материалды неғұрлым терең меңгеруге мүмкіндік беретін практикалық жұмыстарға арналады.

Аудиториялық ОСӨЖ уақыты дәріс немесе зертханалық сабақтарға әзірлену процесінде, сонымен бірге жеке үй жұмыстарын орындау кезінде туындайтын сұрақтарды қарастыруға арналады.

Сонымен бірге, аптасына бір рет, кафедра бекіткен график бойынша әрбір студентпен жеке немесе топ студентерімен консультация түрінде бір сағаттық ОСӨЖ сағаты өткізіледі.

Пәнді оқып-үйренуге бөлінген оқыту уақытының үштен бір бөлігінде, сендер әрбір аудиториялық сабаққа міндетті даярлық; үй тапсырмаларын орындау; пәннің кейбір теориялық сұрақтарын оқып-үйрену сияқты жеке, менің көмегімсіз жұмыс істеулерің шарт.

Жеке жұмыстарға арналған тапсырмалар түрлері СОӨЖ және СӨЖ жоспарының кестесінде келтірілген.
4. КУРС САЯСАТЫ
Мен, пәнді оқып-үйренуге бөлінген барлық кезең барысында, Сіздерге мен қоятын талаптар бойынша біз өзара түсіністік табамыз деп үміттенемін.

1. Сабаққа міндетті түрде қатынасу. Мен Сіздерден сабаққа кешікпеуді және сабақ уақытында әңгімелеспеуді сұраймын. Әрбір дәріс және зертханалық сабақтарға қатынасу 1 баллмен бағаланады, ал әрбір босатылған сабақ үшін Сіздерге минус 1 балл қойылады.

Әрбір атқарылмаған сабақ үшін Сіздер тағы екі баллмен жазаға тартыласыздар. Сонымен бірге, атқарылған сабақ үшін Сіз максимал баллға ие бола алмайсыз.

2. Белгілі себеп бойынша сабаққа келмеу, сізді пәнді міндетті әрі толық игеруден босатпайды. Мен, сіздің факультет басшылығы берген анықтама-рұқсат қағазыңызды маған көрсеткеннен кейін, сізді сабаққа кіргіземін. Сіз босатылған сабақтар бойынша, өз еркіңізбен меңгеру үшін, өтеу мерзімі белгіленген тапсырма аласыз. Мұндай жағдайда, ешқандай айып санкциясын қолданбаймын, бірақ сіз босатылған сабақ үшін бірде-бір балл алмайсыз.

3. Сіз оқу процесінде аудиториялық сабақтарға белсенді қатысып, үй жұмыстарын белгіленген мерзімінде уақытымен және тиянақты орындауға міндеттісіз. Жауапкершілікті әрі пунктуальды болу керек. Бұл сізге жоғары рейтингтік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.

4. Аудиториялық сабақ кезінде сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіріліп тұруы керек.

5. Сіздер шыдамды, ашық әрі курстастарың мен оқытушыға мейірімді болуларыңыз керек.

6. Қорытынды бақылау (емтихан) компьютерлік тестілеу формасында өткізіледі. Әрбір тест сұрағына 5 жауап беріледі, олардың біреуі дұрыс жауап болып табылады. Тест тапсырмалары қатаң түрде жұмыстық бағдарламаға сай құрастырылған. Емтиханға дайындалу үшін оқу-әдістемелік кешенде сұрақтар келтірілген.
5. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Пән бойынша үлгерімді бақылау мынадай формада жүргізіледі:

– ағымдағы бақылау («Машина жасау технологиясы » пәні бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигіне сәйкес жүргізіледі. )

– межелік бақылау (7 және 15 апталар)

– қорытынды бақылау (компьютерлік тестілеу формасындағы – емтихан, академиялық кезеңнің соңында бір рет өткізіледі).


6. ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
Кесте 6.1 – Пән мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу





Тақырыптар атауы

ЛК

ЗС

СОӨЖ

СӨЖ







3

4

5

6

1

Металдарды кесу арқылы өңдеуді топтастыру

1

1

2

2

2

Кристалдану кезіндегі металл құрылымының қалыптасуы

1

-

2

2

3

Қорытпалар теориясы

1

4

3

3

4

Металдардың пластикалық деформациясы мен механикалық қасиеттері

1

2

3

3

5

Термиялық өңдеу теориясының негіздері

1

1

2

2

6

Термиялық өңдеу технологиясы

1

1

2

2

7

Конструкциялық болаттар мен қорытпалар

1

-

2

2

8

Түсті металдар мен олардың қорытпалары

1

2

2

2

9

Құю өндірісінің негізі

1

-

3

2

10

Металдарды қысыммен өңдеу

1

1

3

3

11

Пісіру мен дәнекерлеу

1

1

2

2

12

Металдар өңдеуді топтастыру

1

1

3

3

13

Металдарды токарь және бұрғылау станоктарында өңдеу

1

1

2

2

14

Фрезерлеу, сүргілеу, протяждау және соғу

1

-

2

2

15

Машина бөлшектерінің беттерін әрлеп өңдеу тәсілдері

1

-

2

2

Б а р л ы ғ ы

15

15

30

30


7. СОӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ МАЗМҰНЫ
Пәнді оқып-үйренуге барысында әрбір аудиториялық сабаққа міндетті даярлық; үй тапсырмаларын орындау; пәннің кейбір теориялық сұрақтарын оқып-үйрену сияқты жеке жұмыстарға арналған тапсырмалар түрлері бойынша студенттің оқытушымен өзіндік жұмыстары (ОСӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) жоспары 7.1- кестеде келтірілген.
Кесте 7.1 – СОӨЖ және СӨЖ жоспары




Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыстары

Студенттердің өзіндік жұмыстары

аудиториялық

аудиториядан тыс

1

2

3

4

1

Тапсырма түрлерімен танысу

Бірінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

1-тақырыпқа әзірлік. 1- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

2

1- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Екінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

2-тақырыпқа әзірлік. 2- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

3

2- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Үшінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

3-тақырыпқа әзірлік. 3- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

4

3- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Төртінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация.

4-тақырыпқа әзірлік. 4- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

5

4- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Бесінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

5-тақырыпқа әзірлік. 5- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

6

5- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Алтыншы зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация.

6-тақырыпқа әзірлік. 6- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

7

6- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Жетінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

7-тақырыпқа әзірлік. 7- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

8

7- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Сегізінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

8-тақырыпқа әзірлік. 8- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

9

8- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Тоғызыншы зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

9-тақырыпқа әзірлік. 9- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

10

9- зертханалық жұмыс бойынша консультация

Оныншы зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

10-тақырыпқа әзірлік. 10- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

11

10- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Он бірінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

11-тақырыпқа әзірлік. 11- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

12

11- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Он екінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

12-тақырыпқа әзірлік. 12- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

13

12- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Он үшінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

13-тақырыпқа әзірлік. 13- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

14

13- зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Он төртінші зертханалық жұмыс бойынша жеке консультация

14-тақырыпқа әзірлік. 14- зертханалық жұмысты орындауға дайындық

15

14 зертханалық жұмыс бойынша жауап беру

Емтихандық тестілеу бойынша жалпы консультация

15-тақырыпқа және емтиханға дайындық


8. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК ГРАФИГІ
Кесте 8.1 – Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигі





Апталар


2


3


4


5


6


7


7


8


9


10


11


12


13


14


15


15

1

Бақылау түрі

ЛБ1

Т; ПР1; ЛБ2

ЛБ3

ЛБ4

Т2; ПР2; ЛБ5

БЖ1; ЛБ6

МБ1

ЛБ7

Т3; ПР3; ЛБ8

ЛБ9

ЛБ10

Т4; ПР4; ЛБ11

ЛБ12

БЖ1; ЛБ13

Т5; ПР5; ЛБ14

МБ2

2

Балл

10

10;

20;

10

10

10

10;

20;

10

10;10

120

10

10;

20;

10


10

10

10;

20;

10

10

10;10

10;

20;

10

300

Шартты белгілеулер

Т – тестілеу; ПР – практикалық жұмыстар; ЛБ – лабораториялық жұмыстар;

БЖ – бақылау жұмысы; МБ – межелік бақылау.

жүктеу 183 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау