Бастапқы деректе Кожабеков З. Н. ред. Малдәрігерлік фармакология. Алматы



жүктеу 1,52 Mb.
бет4/14
Дата20.01.2022
өлшемі1,52 Mb.
#33885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Мәдениет Мерей курстық жұмыс 302

ІІ. Әдебиетке шолу
Аляутдин Р.Н. (2004) Фармакологияны жалпы және жеке фармакологияға бөледі. Жалпы фармакология – дәрілік заттардың тірі ағзалармен байланыстығының жалпы заңдарын зерттейді. Жеке фармакологияда – фармакологиялық топтар мен жеке препараттар талқыланады. Екі бөлімде де негізгі назар фармакокинетика мен фармакодинамикаға аударылады. Фармакокинетика – заттардың сіңірілуін, ағзада таралуын, метаболизмін және шығарылуын зерттейтін фармакологияның бір бөлімі. Фармакодинамика – заттардың биологиялық эффектілерін, оладың жинақталуын, әсер ету механизмін, рецепторлермен байланысуын зерттейтін бөлім.

Глазков Г.А. (2011) биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі. Ал құрамында фосфор бактериялары бар — фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы — ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.

Қожабеков З.К. (2000) Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі — мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал триходермин биологиялық препараттарн Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т.б.) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т.б.) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин,боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы — олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.

Лужников Е.А., Костомарова Л.Г.(2000) Кей кезде гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы: Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs.

Машковский М.Д. (2008) Инвазиялық аурулардың ішінде жануарларға тікелей жанасқанда жұғатындары аса көп емес. Бұған шағылысқанда жұғатын киеңкі ауруы, соз ауруы, саркоптоидоз немесе қотыр аурулары, биттеу және т.б. жатады. Көптеген эктопаразиттер өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада немесе аралық иесінде, немесе тасымалдаушыларда өткізеді.Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: қимен,несеппен, танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүтпен, көзден аққан жаспен, қанмен және т.б.Қоршаған ортада инвазиялық сатыға дейін дамитын қоздырғыштар, яғни топырақта, шөпте, суда дамитын геогельминттер мен кокцидиялардың инвазиялық сатыға дейін даму және сыртта тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға: ыстық-суыққа, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ құрамына және оның құрылысына байланысты. Бұл жағдайда инвазия көзі-ауру мал мен паразит тасығыштар, ал індет топырақ пен су арқылы жануарларға жұғады. Инвазияның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар, адамдар және т.б. механикалық тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, кейбір ішқұрттарда қоржинағыш иелер болады, олардың денесінде балаң құрттар жиналып, көпке дейін сақталады. Мысалы, құстардың гетеракис, шошқаның аскарида балаң құрттары шемен немесе жауын құрттарының денесінде қорланып жинала береді.

Минеева О.В. (2005) Инвазиялық ауруға бейімді жануарларға оның қоздырғыштары ауыз арқылы, тері арқылы, тасымалдаушылар және тікелей жанасу арқылы да, сондай-ақ аралас жолмен де жұғады (ауыз және тері арқылы).Паразиттерге қарсы шараларды жүргізгенде, олардың табиғатта өсіп-өнуіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ тасымалдаушылары мен аралық иелерін, яғни аймақтық, эпизоотологиясын ескеру шарт.Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді. Көптеген инвазиялық аурулар, әсіресе протозойдтық және ішқұрт аурулары жануарларды жаппай өлім-жітіміге ұшыратады. Ірі қара малдың тейлериоз бен бабезидоздардан әжептеуір шығынға ұшырайтыны барша жұртқа мәлім, сондай-ақ тауық балапандары және үй қояндары эймериоздан және көптеген ішқұрт ауруларынан, қой мен бұзаулардың диктиокаулез бен мониезиоздан, қой мен ірі қара малдың фасциолездан, қойдың ценурозбен мониезиоздан көп шығынға ұшырайтыны белгілі.

Рабинович М.М. (2003) Кейде гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы: Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs.

Ордабеков С., Әміреев С., Сүлейменов М., Бердіқұлов М. (2012) Бірқатар инвазиялық ауруларда тікелей өлім-жітім болмағанымен жануралардың өнімі төмендейді, сондай-ақ олардың қалыптағы физиологиялық өсіп-жетілуі тежеледі. Мысалы, астыртын өтетін ірі қара малдың фасциолез ауруында сүт өнімі 20-50% дейін, ал кейде одан да көп төмендейді. Фасциолезбен ауырған қойдан, сау малмен салыстырғанда, 10-30 % жүн кем қырқылады.

Харкевич Д.А. ( 2005) Аскаридоз және гетеракидозбен зақымдалған тауықтардың жұмыртқа өнімі 15-20% дейін төмендесе, ал простогонимоз ауруында тауықтың жұмыртқа салуы мүлдем тыйылады.Ішқұрт ауруларына шалдыққан мал өнімінің сапасы да төмендейді. Мысалы, фасциолез ауруларында витаминдердің деңгейі әжептеуір төмендейді, жануарлар денесінде микроэлементтердің мөлшері өзгереді, ал белок мөлшері азайғандықтан және гидремия (қанның сұйылуы) салдарынан ет сапасы мен қоректік қасиеті де күрт төмендейді. Мысалы: эхинококкозбен ауырған шошқаның, сау малмен салыстырғанда етінің ылғалдылығы 4,48 % артық, ал майы 1,11 % және протеині 3,36 % кем болады. Сондай-ақ, ауру шошқаның 1 кг етінің жылу беру қабілеті 194,2 калория кем.Ірі қараның трихомонозында, жылқының киеңкі ауруында мал іш тастайды, қысыр қалады және бедеулікке шалдығады. Оқыра ауруының мал шаруашылығына келтіретін зияны көпшілікке мәлім. Терісінің сапасы күрт төмендеуімен қатар, гиподерматозға шалдыққан әрбір сиыр жылына 50-80 л сүтті кем береді.Көптеген қансорғыш өрмекші тәрізділер адам мен малдың бірқатар инвазиялық және инфекциялық ауруларын тасымалдайды. Сондай-ақ, бірқатар инвазиялық аурулар, әсіресе ішқұрт аурулары малдан адамға жұғады. Сонымен инвазиялық ауралардың халық шаруашылығына көптеген зиян тигізуімен қатар, олардың әлеуметтік маңызы да зор.Осы ауруларға қарсы емдік-дауа шараларын ұйымдастыруға жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады.

К.И.Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс аттарынан шығады. Атау берудегі осы бастама протозоологияға да енгізілген. Мысалы: Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар - эймериоз ауруын, ал Pіroplasma туысына жататындары пироплазмоз ауруын қоздырады. Ғылыми атаулармен қатар кейбір басты-басты аурулардың жергілікті қазақша аттары да бар. Мысалы: су-ауру-трипанозамоз, айналма, тентек-ценуроз, жылауық - цистицеркоз (тенуикольный), бөген-оксиуроз, бауыр-құрт ауруы-фасциолез, өкпе құрт ауруы-диктиокаулез, оқыра-гиподерматоз, құмыр-цефалопиноз, киеңкі, қарақаптал-трипаносомоз және т.б. Бұл ауру атаулары жергілікті халық арасында кеңінен қолданылады.

П.П.Вибенің деректерінше, эхинококкозбен ауыр зақымданған қойдың орташа салмағы сау жануарлармен салыстырғанда 8 кила аз. Эхинококкозбен орта дәрежеде зақымданған әр қой: 1 кг ет, 140 грамм тоң май және 105 грамм жүнді кем береді. Ал аскаридозбен ауырған торайлар 3 ай бордақылағанда жоспарлы салмағының үштен бірін жоғалтады.

А.Фостер белгілегендей АҚШ да жануарлардың инвазиялық ауруы жыл сайын бір миллионға долларға жуық зиян тигізеді. Паразиттік аурулардың адам денсаулығына да залал келтіретіні белгілі. Кейде олар, тіпті, адам денсаулығын нашарлатып, өлімге жеткізуі де мүмкін. Мысалы, описторхоз, альвеококкоз, эхинококкоз сияқты аурулардың емі тек хирургиялық операция. Кез келген операция адам өміріне қауіп төндіретіні аян.

Қазіргі кезде инвазиялық аурулардың аты бірыңғайланып, олардың қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан шыққаны белгілі. Ең алғашқыда (1928) К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп, олар қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез” деген қосымша қосуды ұсынды. Әр зоологиялық түрдің латынша қос аты бар: туыстық және түрлік. Мысалы: Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар қоздыратын ауруларды дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды.

К.И.Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс аттарынан шығады.




жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау