ІІІ Негізгі бөлім
3.1 Гельминтология ғылымының қыскаша тарихы.
Бүгінгі күні жұқпалы аурулар эпидемиялогиясында паразитарлы ауруларға айрыкша назар аударуға мәжбүр болып отырмыз. Ауыр паразитарлы ауруларға адамға тән емес жануарлар гельминттерінің
Дернәсілдері тудыратын ларвальдық гельминтоздар жатады.
Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т.б. жатады.
Гельминтоздың организмде дамуы құрттардың түріне, санына, организмнің иммундық кабілетіне тікелей байланысты. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау және жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу нәтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.
Гельминтология (грек. helmins- құрт және logos-ілім)- паразит құрттар және олар тудыратын адам, жануар, өсімдік аурулары туралы ғылым паразитологияның бір саласы. Гельминтология 18 ғасырдың 2 жартысында қалыптаса бастады. Оның негізін салушы неміс ғалымы К.А.Рудольфи (1771-1832) болды. Гельминттер фаунасы, жүйеленуі, даму сатылары туралы алғашкы деректер Дания зоологі И.Стенструп, неміс ғалымдары Р.Лецкарт, Г.Кюхенмейстер, француз А.Райе, тағы басқа еңбектерінде (19-20 ғ-лар) баяндалған.
Қазақстанда гельминтологияны дамыту ісіне К.И.Скрябин (КСРО-дағы гельмитологияның негізін салушы), Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, Р.С.Шульц үлкен үлес қосты. Республикада гельминтология саласындағы жүйелі зерттеулер Қазақ өлкелік мал дәрігерлік-бактериологиялык институтында, П.Г.Панова мен Н.В.Баданиннің ғылыми жұмыстарынан басталады. Қазір Зоология институтында, Тараз каласындағы К.И.Скрябин атындағы гельминтология лабораториясында жүргізіледі. Мал гельминттердің фаунасы зерттеліп, мал гельминтоздарының эпизоотологиясы, патогенезі, диагностикасы және олардың емдеу жолдары анықталды (С.Н.Боев, Шульц, Г.И.Диков, Н.Т.Кадыров, В.Т.Рамазанов, т.б.). қазір Зоология институтында гельминттердін жүйеленуі тіршілігі, таралуы, экологиясы зертеліп, гельминтоз ауруларының табиғи ошақтары анықталып, күрес шаралары белгіленді (Боев, Е.В.Гвоздев, В.И.Бондарева, В.Я.Панин, Э.И.Прядко, Х.Егізбаева, Ж.Жатканбаева, Б.Шайкенов, т.б.). Сондай-ақгельминтологиялық зерттеулер адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттарымен адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттарымен закымдануы, олардын патологиялык әсері, олардан емделу және корғану тәсілдерін жасау бағытында жүргізілуде.
Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте қауіпті. Сондытан елімізде гельминтозға қарсы күрес шараларын жүргізу адына-алынған.
Бұл салада атакты ғалым академик К.И.Скрябин және оның шәкірттері ғылымда және іс жүзінде пайланануға болатын өте маңызды нәтижелерге ие болды, гельминтоз ауруларына карсы күрес жүргізудің көптеген шараларын ұсынып, аурудын алдын алу тәсілдерін белгілеп берген. К.И.Скрябиннің бастауымен жүргізіліп жүрген денсаулықты жақсартатын жоспарлы шаралар дұрыс жолға қойыла бастады.
К.И.Скрябин 1905 жылы Юрьев каласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген соң еңбек жолын Шымкентпен Әулие атада бастады (1905-1911 жж.). жамбыл каласында К.И.Скрябин атындағы Қазақстанның алғаш өлкелік гельминтологиялык лаборатория мен музей ашылған және мемориал тактасы орнатылған. К.И.Скрябиннің трематодтар, цестодалар, нематодтар туралы бірнеше томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында маңызды роль аткарды.
Достарыңызбен бөлісу: |