40
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
41
Анықтау
Есеп
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға тәрбие мен білім
беретін интернат мекемелеріндегі 18 жасқа дейінгі балалардың 1000
балаға шаққандағы саны.
Алымы: интернат мекемелеріндегі 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы
саны.
Бөлімі: 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны.
Есеп: Интернат мекемелеріндегі 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы
саны ÷ 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны × 1000.
баспана мен күтімді, даму үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің
төмендеуі есебінен балаларың әл-ауқатына әсер етеді.
Тұрақты кедейлік IQ деңгейіне, мектептегі оқу үлгеріміне және әлеуметтік-эмоцио-
налдық жағдайына ықпал етеді.
Анықтау
Есеп
Тұтыну табысының деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен үй
шаруашылықтарындағы балалардың үлесі.
Алымы: Тұтыну табысының деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінен
төмен үй шаруашылықтарындағы балалар саны.
Алымы: 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны.
Есеп: Тұтыну табысының деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен
отбасларында тұратын 18 жасқа дейінгі балалар саны ÷ 18 жасқа дейінгі
балалардың жалпы саны × 100%.
Көрсеткіш балаларға күтім жасаудың институционалдану ауқымын өлшейді және кері
институционалдану бойынша бағдарламаларды әзірлеу қажеттілігін анықтайды.
Интернат мекемелеріндегі балалар осал топ болып саналады: олар басын қатерге тігуге
бейім мінез-құлқымен ерекшеленеді.
Мұндай балалардың төмен деңгейлі білім алуы, жұмыссыз болуы және жасөспірім
шағында ата-ана болып қалуы мүмкін.
Балалар мен жастарға тәрбие, білім беру және медициналық қызмет ұсынатын мемле-
кеттік және жеке меншік мекемелердің түрлері:
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері;
• Балалар үйі;
• Отбасылық типтегі балалар үйі;
• Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар;
• Жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған басқа мекемелер;
• Отбасылық типтегі балалар ауылдары;
• Жастар үйлері;
• Жетімханалар.
Интернаттық мекемелердегі балаларға психикалық бұзушылықтардың және жағым-
сыз әлеуметтік салдарлардың төнетін қатері жоғары.
Көрсеткіш балаларға күтім жасаудың институционалдану ауқымын өлшейді және
кері институционалдану бойынша бағдарламалар әзірлеу қажеттілігін анықтайды.
ИНТЕРНАТ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ЖЕТІМ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАСЫНЫҢ
ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР САНЫ, 1000 БАЛАҒА ШАҚҚАНДА
13
Анықтау
Асырап алынған, қамқорлықта және қорғаншылықта, патронаттық тәр-
биедегі балалардың саны.
Отбасы баланың өмірінде дамудың тиімді әдісі болып табылатыны жалпы танылған
халықаралық тәжірибеден айқын көрінеді. Мемлекеттік мекемеде тәрбиелеу баланың
ата-ана қамқорлығы мен жылуына қажеттілігін қанағаттандырмайды. Балалар мекеме-
лерінің түлектері, әдетте, ұжымнан тыс өмірге мүлдем дайын емес, олардың өзі өмір
сүретін қоғамның құрылысы туралы қажетті білімдері жетіспейді.
Мұндай білім мен дағдыларды тек қана отбасы жағдайында тәрбиеленіп қана алуға бола-
ды, сондықтан интернат мекемелеріндегі балалардың санын қысқарту бойынша мемле-
кеттің қабылдаған бағытына байланысты Қазақстанда асырап алу, қамқорлыққа алу және
патронаттық тәрбие сияқты тәрбиелеудің балама түрлері белсенді дамып келеді.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы
асырап алу
баланы орналастырудың негізгі
формасы болып табылады. Құқықтық көзқарас тұрғысынан алсақ, асырап алу – асыра-
ушы мен асыранды бала арасында туған ата-ана мен бала арасында болатын барабар
қарым-қатынас орнату. Заң асыранды баланы асыраушының туған баласына теңестіреді.
Қамқорлық пен қорғаншылық
– баланы тәрбиелеу және оқыту, сонымен бірге құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тәрбиеленуші құқығында отбасына қабылдау.
Қамқорлық 14 жасқа дейінгі балаларға, ал қорғаншылық 14 жастан 18 жасқа дейінгі
балаларға тағайындалады.
Патронаттық тәрбие беру
патронаттық тәрбиелеуші және қамқорлық пен қорғаншылық
органы (немесе оның уәкілетті мекемесі) арасында баланың құқығын қорғау бойынша
құқықтары мен міндеттері шектеулі болатын балаларды отбасына орналастырудың жаңа
формасы болып табылады. Патронаттық тәрбие балаларды орналастырудың икемді ны-
саны болып табылады, анықталған жетімдік дәрежесі бар немесе ата-ана қамқорлығын-
сыз қалған және отбасынан тікелей алынған кез келген жастағы баланы балалар үйіне
орналастырудың орнына отбасында өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Аталған индикатор балаларды тәрбиелеудің жаңа формаларын қолданудағы жетістіктерді
байқауға мүмкіндік береді.
АСЫРАП АЛЫНҒАН, ҚАМҚОРЛЫҚТАҒЫ ЖӘНЕ ПАТРОНАТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ
БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ
14
42
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
43
Анықтау
Есеп
Мектепке дейінгі біліммен қамтылған 3–6 жас аралығындағы балалар
пайызы.
Алымы: Мектепке дейінгі мекемелерге баратын 3–6 жас аралығындағы
балалардың жалпы саны.
Бөлімі: 3–6 жас аралығындағы балалардың жалпы саны.
Есеп: Мектепке дейінгі мекемелерге баратын 3–6 жас аралығындағы ба-
лалардың жалпы саны ÷ 3–6 жас аралығындағы балалардың жалпы
саны × 100%.
Білім беру саласындағы жетістікті қатысу және жетістіктер сияқты екі компонетті талдау
арқылы бағалауға болады.
Соңғы жылдары табысты білім алудың, сондай-ақ ақыл-ой, әлеуметтік және эмоционал-
дықжетістіктердің негізі академиялық білім беру басталғанға дейін екені мойындалған еді.
Осылайша мектепке дейінгі мекемелерге баруды ынталандыру барлық дамыған елдердің
іс-шаралары және инвестицияларының мақсаты болып табылады.
Жоғары сапалы мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына қатысу IQ деңгейіне қысқа
мерзімді оң әсерін тигізумен, дамудағы табыстар және баланың мектеп бітіруіне ұзақ
мерзімді оң әсерін тигізумен байланысты.
Білім сапасына сілтеме жасау үшін оқушылардың пайыздық көрсеткішін толық қатысу
эквиваленті ретінде есептеу қажет. Ол ең жоқ дегенде бағдарлама бойынша аптасына 30
сағат оқитын 3–6 жас аралығындағы балалардың пайыздық көрсеткіші ретінде анықта-
лады.
Аталған көрсеткіш баланы ерте дамытудың негізгі құрамдас бөлігін сипаттайды
және жақсартылған когнитивті, эмоционалды, әлеуметтік дамумен және теңсіздікті
қысқартумен байланысты. Ол баланы ерте дамытудың қажеттілігіне нақты дәлелде-
мелерді қамтамасыз етеді, сондай-ақ жеткен жетістіктерін бағалайды.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН 3–6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ
БАЛАЛАР ПАЙЫЗЫ
15
Анықтау
Есеп
Инклюзивті мектепке дейінгі біліммен қамтылған 3–6 жастағы мүгедекті-
гі бар және мүмкіндіктері шектеулі балалар пайызы.
Алымы: Инклюзивті мектепке дейінгі біліммен қамтылған 3–6
жастағы мүгедектігі бар және мүмкіндіктері шектеулі балалар саны.
Бөлімі: 3–6 жастағы мүгедектігі бар және мүмкіндіктері шектеулі
балалардың жалпы саны.
Есеп: Инклюзивті мектепке дейінгі біліммен қамтылған 3–6 жастағы
мүгедектігі бар және мүмкіндіктері шектеулі балалар саны ÷ 3–6
жастағы мүгедектігі бар және мүмкіндіктері шектеулі балалардың
жалпы саны × 100%.
Жоғары сапалы мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына қатысу IQ деңгейіне
қысқа мерзімді оң әсер етуімен, сол сияқтр баланың дамуындағы табыстармен қатар
баланың мектепті бітіруіне ұзақ мерзімді оң әсер етуімен байланысты.
Көптеген елдердің мектептерінде инклюзивті тәсілдің арқасында мүмкіндіктері шектеулі
және мүгедек балалар әдеттегі мектептен жақсы білім алады. Инклюзивті тәсілдің
арқасында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне «енгізілген» айрықша мұқтаждықтары
бар балалардың әлеуметтік мінез-құлқы сәйкесінше кеңінен дамиды, тілдік дағдылары
жақсарады. Олар көбінесе академиялық мақсаттарға жетеді, кейде одан да асып түседі.
Көбінесе, бұл жетістікке жетудің себебі айырықша мұқтаждықтары бар балаларға мү-
гедектігі жоқ құрбы-құрдастарының ықпалы болып табылады. Қарым-қатынас әдеттегі
сыныпта тұрақты түрде жүріп отырады және барлық балалар дұрыс қарым-қатынас
үлгісінің ықпалында болады. Мүмкіндіктері шектеулі оқушылар басқа балалармен әлеу-
меттік қарым-қатынас қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.
Инклюзивті білім беруге ынталандыру өмірдің ерте кезеңдерінде басталуы тиіс және от-
басының қолдауы мен қатысуына басты назар аудару қажет. Сонымен қатар, жүйеден
шығарып тастауға әкелетін факторларды жою бойынша профилактикалық іс-шаралар-
дың маңызы ерекше болмақ.
Мектепке бармайтын немесе арнайы мекемелерде оқитын мүмкіндіктері шектеулі және
мүгедектігі бар балалардың есебін жүргізу маңызды.
Тәжірибеден көретініміз, айрықша мұқтаждықтары бар балаларды мектепке дейінгі
білім беру жүйесіне «қосу» қаншалықты ерте басталса, олардың дамуы соншалықты
нәтижелі болады.
Көрсеткіш дамуында ауытқуы бар балалар мен мүгедектігі бар балалардың мектеп
жасынан бастап аталған бағыттағы жеткен жетістіктеріне дейін инклюзивті
бағдарламаларға қатысты мұқтаждықтарына баға береді.
Есеп
Алымы: 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны:
• асырап алынған;
• қамқорлықта және қорғаншылықта;
• патронаттық тәрбиелеуде.
Бөлімі: 18 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала-
лардың жалпы саны.
Есеп: 18 жасқа дейінгі асырап алынған, қамқорлықта және қорған-
шылықта, патронаттық тәрбиедегі балалардың жалпы саны ÷ 18 жасқа
дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны
ОБПР × 1000.
ИНКЛЮЗИВТІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІММЕН ҚАМТЫЛҒАН 3–6 ЖАСТАҒЫ МҮГЕ-
ДЕКТІГІ БАР ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ПАЙЫЗЫ
16