Бастаманы Казакстан Республикасында ж зеге асыру дiстемесi



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет11/16
Дата15.01.2020
өлшемі0,71 Mb.
#26801
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

32

Балаға мейірімді қала          Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі 

Балаға мейірімді қала          Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі 

33

Анықтау



Есеп

Созылмалы аурулармен ауыратын 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 

(профилактикалық медициналық тексеру нәтижелері бойынша 3, 4 және 

5-денсаулық топтарындағы балалар)



Алымы: 3, 4 және 5-денсаулық топтарына жататын 18 жасқа дейінгі 

балалар саны



Бөлімі: 18 жасқа дейінгі балалар саны

Есеп: 3, 4 және 5-денсаулық топтарына жататын 18 жасқа дейінгі бала-

лар саны ÷ 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны × 100%



денсаулығы, өсуі және дамуы саласындағы озық тәжірибе туралы хабардар етудің 

жалпы көрсеткіші болып табылады. 

Анықтау


Есеп

6 айға дейін тек емшек еметін балалардың пайызы (емшек еметін және 

денсаулық жағдайына байланысты тағайындалған ауыз арқылы реги-

дратацияға арналған ерітіндіні, дәрумендерді минералдық қоспалар мен 

дәрі-дәрмектерді қоспағанда, басқа қандай да бір сұйықтықты немесе 

тағам өнімдерін қабылдамайтын балалар) 



Алымы: 6 айға дейін тек емшек еметін балалардың жалпы саны

Бөлімі: 6 айға толмаған балалардың жалпы саны

Есеп: 6 айға дейін тек емшек еметін балалардың саны ÷ 6 айға толмаған 

балалардың жалпы саны × 100%



СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРМЕН АУЫРАТЫН 18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 

(профилактикалық медициналық тексеру нәтижелері бойынша 3, 4 және 5-денсаулық 

топтарындағы балалар)

4

Көрсеткіш балалар арасында созылмалы аурулардың таралу деңгейін бағалау үшін пайда-

ланылады. Көрсеткішті есептеуге арналған негізгі компоненттер мыналар: 

3 денсаулық тобы:

 организмнің жұмыс істеуінде қандай да бір өзгерістерсіз компенсация-

ланатын жағдайдағы созылмалы аурулармен ауыратын балалар.

4 денсаулық тобы:

 организмнің жұмыс істеуінде шектеулі өзгерістерсіз субкомпенсация 

жағдайындағы созылмалы аурулармен ауыратын балалар.

5 денсаулық тобы:

 организмнің жұмыс істеуінде елеулі өзгерістері бар декомпенсация 

жағдайдағы созылмалы аурулармен ауыратын балалар.



Балалар арасында созылмалы аурулардың таралуы туралы деректер мыналар  

үшін қажет:   

а) денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызмет саласындағы қажеттіліктерді 

бағалау;  

б) босанғанға дейінгі және босаннан кейінгі кезеңдердегі балаларға арналған профилакти-

калық бағдарламаларды жоспарлау. 

Анықтау


Есеп

Осы топтағы 1 000 әйелге шаққанда жылына 15–17 жас тобындағы 

жасөспірім қыздар арасындағы туу.

Алымы: 15–17 жас тобындағы жасөспірім қыздар арасындағы тірі 

туылған балалар саны  



Бөлімі: 15–17 жас тобындағы жасөспірім қыздардың жалпы саны

Есеп: 15–17 жас тобындағы жасөспірім қыздар арасындағы тірі туылған 

балалар саны ÷ 15–17 жас тобындағы жасөспірім қыздардың жалпы 

саны) × 1000.

Жасөспірім қыздар арасындағы туу көрсеткiшiнiң төмендеуi репродуктивті денсаулыққа 

жаппай қолжетімділікке жету бойынша Мыңжылдық даму мақсаттарын орындау инди-

каторы болып табылады. 15 жастан 19 жасқа дейінгі (тұрмысқа шыққан және тұрмысқа 

шықпаған) шамамен 14 миллионға жуық әйелдер мен қыздар жыл сайын босанады. Осы 

жас ерекшеліктегі топ үшін жүктілік және туу кезіндегі аурудың асқынуы өлім-жітімнің 

негізгі себебі болып табылады. Мұндағы негізгі фактор – денсаулыққа қауіпті болып та-

былатын жасанды түсіктер (БҰҰ Халықты қоныстандыру саласындағы қорының деректері 

(ЮНФПА), 2005 ж.). Жасөспірім аналардың салмағы жетіспейтін сәбиді дүниеге әкелу, 

жеткіліксіз тамақтану және қан аздығы ықтималдығы неғұрлым жоғары, бұл жас аналар 

есейген кезде жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуына бейім болады. Бұған қоса, ерте 

бала туу акушерлікпен байланысты болатын терең жарамен, әйелдерді кіші дәретін ұстай 

алмауға, мүгедектікке, сол сияқты созылмалы ауруларға алып келетін әлеуметтік тұрғыдан 

оқшаулануға және денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін. Бүкіл әлемде бала туу 

көбінесе әйелдердің жалпы туу деңгейінің жоғарылауына, дамудағы жіберіп алған мүм-

кіндіктерге, шектеулі өмірлік мүмкіндіктерге және денсаулық жағдайының нашарлауына 

алып келеді. 

Ерте жүктіліктің алдын алу ұрпақтан – ұрпаққа ауысып келе жатқан қазір де бар қолайсыз 

жағдайларды азайтады. 

Бұл көрсеткіш ерекше қызығушылық туғызады және ол қалалар мен аудандарда 

жасөспірімдердің қажет емес жүктілік оқиғаларын азайтуға бағытталған репродуктивті 

денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау үшін қолданылады.  



КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ  

ТУУ КОЭФФИЦИЕНТІ  

5

ДДСҰ «өзін-өзі өлтіру» ұғымына адамның алдын ала ойластырып, өлімге әкелетінін толық 

сезініп немесе оның өліммен аяқталуын күтіп, қасақана жасаған әрекеті деген анықтама 

береді. Аталған көрсеткішті есептеу үшін соңы өлімге әкеп соққан өзін-өзі өлтіру ғана 



назарға алынады. Өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет ету немесе өзін-өзі өлтіру аяқтал-

маған жағдай есепке алынбайды.

Өзіне-өзі қол жұмсау – біреу өзін-өзі өлтіргісі келген оймен әрекет еткенде болатын 



100 000 БАЛАҒА ШАҚҚАНДА 18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ОРЫН 

АЛҒАН СУИЦИД САНЫ

6


34

Балаға мейірімді қала          Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі 

Балаға мейірімді қала          Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі 

35

Анықтау



Есеп

100 000 балаға шаққанда 18 жасқа дейінгі балалар арасында суицид саны



Алымы: 18 жасқа дейінгі балалардың өзіне-өзі қол салуы нәтижесінде 

өлім-жітім саны



Бөлімі: 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны 

Есеп: 18 жасқа дейінгі балалардың өзіне-өзі қол салуы нәтижесіндегі 

өлім-жітім саны ÷ 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны × 100 000.

жағдай, өйткені ол өте ауыр эмоционалдық ауруды, жанын қатты жаралайтын сезім-

дерді немесе күйзеліске әкеп соғатын жеке басындағы жағдайды жеңе алмайды. Суицид 

тұтастай ықпал етуші алуан түрлі факторлардың бірқатарға қойылатын соңғы нүкте болуы 

мүмкін және ол күйзеліс, биополярлық бұзылыс, жеке тұлғаның көңіл-күйінің болмауы, 

шизофрения және токсикомания сияқты ауруларды қоса алғанда, көптеген аурулармен 

тығыз байланысты. Солай бола тұрса да, психикалық ауру біреудің өзін-өзі өлтіруінің 

себебі болып табылмайды. Бұл психикалық аурудың, ауыр күйзелістің, психологиялық 

жабырқаудың және басқа да факторлардың жиынтығы. 

АҚШ-та жасөспірімдер суициді жас жеткіншектер арасындағы өлімнің үшінші негізгі себебі 

болып табылады. Суицидтік әрекеттердің жиілігі жасөспірім жастың ортасында шегіне жетеді, 

ал өзіне-өзі қол салу нәтижесіндегі өлім-жітім көрсеткіші жасөспірімдер арасында артып 

отыр әрі ол жасөспірім кезеңдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. 

Халықаралық тәжірибеге сәйкес мектептерде, отбасында және тұрғылықты жері бойынша 

қорғаушы факторларды күшейту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің психикалық 

денсаулығын сақтау бойынша көрсететін қызметтердің сапасын арттыру өлімнің мөл-

шерін азайтып, қаламыздың, жалпы алғанда еліміздің әлеуметтік капиталын арттырады. 

Суицид, суицидтік мінез-құлық және өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау туралы мәліметтер 

жастармен, отбасылармен, қоғаммен, мемлекеттік органдардың басшыларымен, ден-

саулық сақтау және білім беру саласындағы мамандармен жұмыс жасауға бағытталған 

кешенді профилактикалық бағдарламаларды дайындау үшін пайдаланылады.



100 000 БАЛАҒА ШАҚҚАНДА 14–17 ЖАСТАҒЫ ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН  

БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ

7

Көрсеткіш қайталанылатын қылмыс санын емес, құқық бұзушылардың санын бағалайды.

Жасалған қылмыс кінәлі екенін мойындауға немесе қылмыс жасауға қатысқанын мойын-

дауға негізделеді.

Бала құқықтық жүйеге сәйкес заңмен жазаланатын қандай да бір әрекетті жасай отырып, 

қылмыс жасайды.

Кең таралған қылмыс санаттарына мыналар жатады:  

• ауыр емес (бұзақылық, мысалы төбелеске қатысу) 

• ауыр (ұрлық, тонау) 

Анықтау


Есеп

100 000 балаға шаққанда 14–17 жас аралығындағы қылмыс жасаған 

балалар саны.

Алымы: 14–17 жас аралығындағы қылмыс жасаған балалар саны

Бөлімі: сол кезеңдегі (1 жыл) 14–17 жастағы балалардың жалпы саны

Есеп: 14–17 жас аралығындағы қылмыс жасаған балалар саны ÷ 14–17 

жас аралығындағы жалпы бала саны × 100 000.

18 жасқа толмаған адамдарға қатысты жасалған барлық қылмыстар, сондай-ақ ұлттық 

заңнамада белгіленгендей, балаларға қатысты жасалатын қылмыс болып саналатын әре-



100 000 БАЛАҒА ШАҚҚАНДА БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС САНЫ

8

• аса ауыр (адам өлтіру, адам өміріне қастандық жасау, шабуыл жасау, сексуалдық зор-

лық-зомбылық, зорлау).

Көрсеткішті жынысына, этникалық тиістілігіне, қылмыс түріне қарай және т.б. жіктеуге 

болады. Алынған мәліметтердің жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстардың 

(қылмыстардың қайталануын азайту есебінен немесе  бірінші кезекте  балалардың заңға  

қарсы шығуын болдырмау арқылы) алдын алуды күшейту және  балалардың жалпы 

құқығын қамтамасыз ету үшін шешуші мәні бар. 

Қылмыстың алдын алудың бірнеше деңгейлері бар:

• қылмыстың бірінші рет алдын алуы

 кәмелеттік жасқа толмағандар жасайтын құқық 

бұзушылықтардың түпкі себептерін жоюға бағытталады. Бұл кедейлік, қаңғыбастық, 

жұмыссыздық және мектепке бармау, сондай-ақ ата-аналардың өз балаларына қамқор 

бола алмауы (әсіресе «әл-ауқат жағдайы төмен» отбасылар мен әлеуметтік қолдаудан 

айырылған отбасылар). Қылмыстың бірінші рет алдын алудың мақсаты барлық балалар 

үшін қамқор орта құру болып табылады;

• қылмыстың екінші рет алдын алуы

  жекелеген адамдардың заңсыз немесе әлеумет-

тік тиімсіз әрекетке қатысуын болдырмау үшін, бұл адамдарды жоғары қатер тобынан 

бөліп алуға бағытталады. Жалпы тәсіл «қатер тудыратын топтың» балаларын полицияға 

тіркеуде көрінеді (мысалы, «қиын» отбасылардың балалары немесе мектепке барғысы 

келмейтін балалар). Мақсаты: мұндай балалардың мінез-құлқын байқау және олардың 

болашақта қылмыс жасауының алдын алу;

• қылмыстың үшінші алдын алуы

 жастардың қоғамдағы өмірге қайта бірігуі үшін оларды 

босатуға және ұзақ мерзімді қолдаумен қамтамасыз етуге  дайындауға бағытталады.

Жасөпірімдердің қылмыс жасау деңгейін төмендету үкімет пен адам құқығы саласын-

дағы стандарттарды іске асыруға бағытталған халықаралық ұйымдардың жалпы міндеті 

болып табылады.

Аталған көрсеткіш балаларға арналған әділсот саласындағы қызметтер мен қыл-

мыстардың алдын алу бағдарламаларын жоспарлау және әзірлеу үшін қолданылатын 

мәліметтер ұсынады. Оны сонымен қатар қылмыс санаты және жасы сияқты фак-

торларға жіктеуге болады.



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау