36
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
37
Анықтау
Расчет
Қылмыстың құрбаны болғаны туралы ресми мәлімделген 18 жасқа дей-
інгі балалардың 100 000 балаға шаққандағы саны.
Алымы: Қылмыс құрбаны болғаны туралы ресми мәлімделген 18 жасқа
дейінгі балалардың 100 000 балаға шаққандағы саны.
Бөлімі: 18 жасқа дейінгі балалар саны.
Есеп: Қылмыстың құрбаны болғаны туралы ресми мәлімделген 18 жасқа
дейінгі балалардың 100 000 балаға шаққандағы саны ÷ 18 жасқа дейінгі
балалар саны × 100 000 бала.
кеттер (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-тарауы «Отбасы және кәмелетке
толмағандарға қарсы қылмыстар»). Көрсеткіш балаларды қорғау жүйесінің жұмыс жасау
деңгейін өлшейді. Сәйкесінше жұмыс жасайтын жүйе істерді анықтауы, мәлімдеуі, тергеуі
және тиісті қолдау ұйымдары мен қызметтеріне тапсыруы қажет.
Көрсеткішті жасы, жынысы, этникалық тиістілігі және қылмыс түрі бойынша жіктеуге
болады.
Көрсеткіш балаларды қорғауға қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияны бұзу
дәрежесінің сандық бағасын береді және тиісті саясат пен бағдарламаларды әзірлеудің
соңғы сатысы болып табылады.
100 000 БАЛАҒА ШАҚҚАНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ САЛДАРЫНАН
БОЛҒАН БАЛАЛАР ӨЛІМ-ЖІТІМІ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ САНЫ (жазатайым оқиғалар,
улану және жарақат алу салдарынан болған өлім-жітім оқиғаларынан бөлек)
9
Қоршаған орта және денсаулық сақтау саласындағы Еуропа ақпараттық жүйесіне сәйкес
(ENHIS) жол-көлік оқиғалары 5–14 және 15–29 жас аралығындағы балалар арасындағы
өлімнің негізгі себебі болып табылады. Өлім жол апаты немесе жол апатынан кейінгі 30
күнмен тікелей байланысты.
Балалар мен жас адамдардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары олардың ерте
өліп қалумен байланысты өмір сүрмеген жылдарының біршама мөлшеріне және көбі-
несе тірі қалғандар арасында ауыр әрі өмір бойы мүгедек болып қалуына байланысты
қоғам шығындары жоғары болуына әкеп соғып отыр. Бұл құрбандар мен олардың отба-
сыларының өмірі үшін және жұмысқа қабілеттілігінен айырылу апаттық салдарларымен
қоса қоғамға қымбатқа түсіп отыр: алдын ала есептеулер жол-көлік оқиғаларынан келетін
шығынның жалпы ішкі өнімнің шамамен 2 %-н құрайтынын көрсетіп отыр.
Мемлекет пен азаматтық қоғамның біріккен күшінің арқасында, сондай-ақ қауіп-қатердің
негізгі факторларынан өту үшін тиімді шараларды іске асыру арқылы және жол қозғалы-
сының қауіпсіз әрі жан-жақты жүйесін құруды қамтамасыз ету өлім-жітімнің алдын алуға
мүмкіндік береді.
Көрсеткішті жас топтарына және жол-көлік оқиғаларының түрлеріне қарай жіктеуге
болады (жаяу жүргінші, автокөлікте келе жатқан адам, жүргізуші/жолаушы, мотоцикл
жүргізуші, велосипед жүргізуші). Көрсеткіш жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға
Анықтау
Расчет
Жол-көлік жарақаты нәтижесінде 18 жасқа дейінгі балалардың 100 000
балаға шаққандағы өлім-жітімінің саны.
Алымы: Жол-көлік жарақаты нәтижесінде 18 жасқа дейінгі балалар
өлімінің жалпы саны.
Бөлімі: 18 жасқа дейінгі балалар саны.
Есеп: Жол-көлік жарақаты нәтижесінде 18 жасқа дейінгі балалар
өлімінің жалпы саны ÷ 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны)
× 100 000.
Анықтау
Расчет
Жазатайым оқиға, улану, жарақат алу салдарынан 18 жасқа дейінгі бала-
лардың 100 000 балаға шаққандағы өлімжітімінің мөлшері.
Алымы: Жазатайым оқиға, улану, жарақат алу салдарынан 18 жасқа
дейінгі балалар өлім-жітімінің жалпы саны.
Бөлімі: 18 жасқа дейінгі балалар саны.
Есеп: Жазатайым оқиға, улану, жарақат алу салдарынан 18 жасқа дейінгі
балалардың өлім-жітімінің жалпы саны ÷ 18 жасқа дейінгі балалардың
жалпы саны) × 100 000.
Кенеттен болған жарақаттар 5–19 жастағы балалар өлімінің негізгі себебі болып та-
былады. Мұнымен қоса, жарақат алған балалар аурухана жағдайындағы күтімді қажет
етеді. Олардың көпшілігі қалған бүкіл өміріне әсер ететін белгілі бір мүгедектік түріне
шалдығады. Ауру деңгейі балалар арасында тегіс тарамайды, кедей отбасының балала-
ры қауіп-қатерге көбірек шалдығады. Кедейлікпен байланысты қауіп-қатер түрлерінің
бірі қауіпсіз емес орта болып табылады. Мысалы, ойын ойнау үшін қауіпсіз аймақтың
болмауы, қанаты жоқ баспалдақтар, құлпы жоқ есіктер мен терезелер сияқты қауіпсіз
емес құрылғылары бар үйлерде тұру және т.б
Аталған көрсеткіш балалардың үйде және қоршаған ортадағы қауіпсіздігі үшін қа-
уіп-қатердің жалпы деңгейін және соған сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі бағдарламалардың қажеттілігін сипаттайды.
бағытталған шаралардың әсері мен тиімділігін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш қатер деңгейін және соған сәйкес жол жобалауды жақсарту, жол қозға-
лысын және көлік қаупісіздігін басқару бойынша бағдарламаларға әсері мен қажеттілігін
сипаттайды.
100 000 БАЛАҒА ШАҚҚАНДА ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ, УЛАНУ МЕН
БАСҚА ДА ЖАРАҚАТТАРДЫҢ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН БАЛАЛАР ӨЛІМ-ЖІТІМІ
ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ САНЫ (ЖКО салдарынан болған өлім-жітім оқиғаларынан бөлек)
10
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
39
Балаға мейірімді қала Бастаманы Қазақстан Республикасында жүзеге асыру әдістемесі
38
Өлшенген бөлшектердің көлемі балалар мен ересек адамдардың денсаулығына қатерлі
салдарлармен тығыз байланысты
17
. Бөлшектердің мөлшері денсаулыққа қауіп төн-
діру деңгейіне тікелей қатысты. Диаметрі 10 мкм-ден аз ұсақ бөлшектер ерекше әсер
етеді, өйткені мұндай бөлшектер өкпе мен жүрекке әсер етеді. Қалалардың балаларға
мейірімділігін бағалау үшін іріктелген ұсақ бөлшектердің құрамына: диаметрі 2,5 ми-
крометрден артық және 10 мкм-ден кем «ірі бөлшектер» (мысалы, жолдың жанынан
немесе шаң өндірістердің жанынан табуға болады); және диаметрі 2,5 мкм-ден аз «ұсақ
бөлшектер» (түтіндегі және тұмандағы бөлшектер сияқты) жатады.
Көптеген ғылыми зерттеулер ластаушы бөлшектердің ықпалын түрлі проблемалармен,
оның ішінде жүрек және өкпе аурулары бар адамдардың ерте өлімі, өлімге әкеп соқпай-
тын инфаркт, жүрек аритмиясы, демікпе, өкпе қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолда-
рының тітіркенуі, жөтел және ауыр тыныс алумен байланыстырады. Жүрегі және өкпесі
ауыратын адамдар, балалар және қарияларға ластаушы бөліктер кері әсерін тигізеді.
Қорғасын
әрбір органға және организмдегі жүйеге әсер етеді. 6 жасқа дейінгі бала-
лар қорғасынның әсеріне өте сезімтал келеді. Бала қанындағы қорғасынның ең төмен
деңгейінің өзі мінез-құлық пен оқудағы проблемаларға, яғни IQ төмендеуіне, гипербел-
сенділікке, өсуінің тоқтауына, есту қабілетінің бұзылуы және анемияға шалдықтыруы
мүмкін. Көп уақыт өткен соң қорғасын кальциймен бірге сүйекте сақталады. Жүктілік
кезінде қорғасын сүйектен аналық кальций ретінде босап шығып, баланың сүйегін
қалыптастыруда пайдаланылады. Бұл әсіресе тағамында кальций жетіспейтін әйелдерге
қатысты. Қорғасын плацентарлық кедергіден өтіп, балаға да кері әсерін тигізеді. Бұл ана
және дамып келе жатқан бала үшін өте қауіпті, ол баланың дамуын тоқтатып, ананың
уақытынан ерте босануына әкеп соғады.
Азот тотығының
адамдар мен қоршаған ортаға әсері көп. Ол өзінің жоғары химиялық
белсенділігінің арқасында ауадағы басқа қоспалармен реакцияға түседі де тұмша мен
қышқылдардың түзілуіне ықпал етеді. Адамның денсаулығындағы проблемалар: тыныс
алу және тыныс алу жүйесіндегі проблемалар, өкпе тінінің зақымдалуы және уақытынан
ерте өлім.
Ғылыми дәлелдемелер
күкірт қос тотығының
5 минуттан 24 сағатқа дейінгі қысқа
мерзімді әсерін бронхтың жиырылуы және демікпе белгілерінің күшеюі сияқты тыныс
алу органдарына жағымсыз әсерімен байланыстырады. Бұл салдарлар демікпемен аура-
тындар үшін жоғары қарқынды желдету кезінде (мысалы жаттығулар жасау немесе ойын
әрекеті кезінде) әсері ерекше. SO2 ауадағы басқа да қосылыстармен әрекетке түсіп ұсақ
зиянды бөліктерді түзеді. Бұл бөліктер өкпенің сезімтал бөліктеріне тереңдей түседі де
эмфизема және бронхит сияқты респираторлық ауруларды туғызады немесе нашарлата-
ды, сондай-ақ жүрек ауруларын да асқындырады.
Көмір қышқылы
(СО) денсаулыққа органдар мен дене тіндеріне (мысалы, жүрек пен
миға) отттегін жеткізуді төмендетіп, зиянды әсер етеді. СО деңгейінің өте жоғары болуы
өлімге әкелуі мүмкін. СО әсері оттегін тасымалдау бойынша қан функциясын төменде-
теді. Жүрек ауруының кейбір типтері бар адамдарда жүректерінде оттегімен байытылған
қанды айдау қабілеті төмен болады да, соның салдарынан миокард ишемиясы дамиды
(жүрекке құрамында оттегі аз қан жеткізу), оның белгілері жаттығулар жасағанда не
болмаса күйзеліс кезінде кеуде тұсы ауырады (стенокардия). Бұл адамдарға СО қысқа
мерзімді әсер етуі салдарынан жаттығу жасау немесе дене-күш жүктемесі кезінде оттегі-
ЖЕКЕЛЕГЕН АУАНЫ ЛАСТАЙТЫН ЗАТТАРДЫҢ ОРТАША ЖЫЛДЫҚ
КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ
11
Анықтау
Есеп
Қала атмосферасындағы ластаушы заттардың орташа жылдық кон-
центрациясы: күкірт қос тотығы, азот қос тотығы, көміртегі қос тотығы,
өлшенген заттектер, қорғасын.
«Казгидромет» РМК есептеп берген мәліметтер дайын есеп түрінде
ұсынылады.
ге қажеттілігі артқанда олардың ағзаларының әрекет ету қабілетіне де кері әсер етеді.
Өлшенген бөлшектердің көлемі ауаны ластаушы болып табылады және балалар
денсаулығының зардаптарымен тығыз байланысты. Ауаны ластаушылар әсерінен
балалардың қорғана алмаушылығы олардың өмірінің алғашқы жылдарында көбірек.
«Казгидромет» РМК мәліметтеріне негізделген көрсеткіш балалардың экологиялық
денсаулығы бағдарламалары аясында басым болып табылатын қоршаған орта/таза
ауа бойынша бағдарламалардың әсерін сипаттайды және бақылайды. Жеке ластаушы
заттардың деңгейлері қала немесе аудандағы тұрғындарды, әсіресе балаларды қорға-
уға бағытталған нақты шаралар жүргізудің қажеттілігін анықтайды.
Көрсеткіш балалар тап болатын кедейлік деңгейін және олар әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан өздерін аласталған, бәрінен тыс қалған адамдай сезінетін деңгейді бағалауға
қолданылады. Ол сол қалада және сол қоғамда қалыпты деп есептелетін экономикалық
мүмкіндіктерден тыс қалған балалардың пайызын көрсетеді.
Экономикалық тұрғыдан тыс қалу балалардың жақсы өмір сүруіне кері әсерін тигізіп,
ата-аналардың балаларын тәрбиелеу қабілетін әлсіретеді, ата-аналардың өз балалары
үшін тұрақтылықты қамтамасыз ету, оларды қарау және өз балаларының танымдық да-
муына ықпал ету қабілетін төмендетеді.
Тұрақты кедейлік IQ деңгейіне, мектептегі оқу үлгеріміне және әлеуметтік-эмоционалдық
жағдайына ықпал етеді.
Тұтыну табысының деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларда тұратын
балалардың көптігі тұрғындардың мұндай жіктері үшін білім беру және әлеуметтік қолдау
саласында бағдарламалар әзірлеу қажеттігін көрсетеді.
Көрсеткіш есебі үшін қолданылатын негізгі терминдер:
Отбасы:
әдетте бір шаңырақ астында тұрып, бірге тамақтанатын немесе үйдегі ортақ
тағамды бөлісіп жейтін, туыстық қарым-қатынасы болуы міндетті емес тұлғалар жиын-
тығы.
Ең төмен күнкөріс деңгейі:
құнының шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетіне тең
болатын халықтың жан басына шаққандағы қажетті ең төмен ақшалай табысы.
Экономикалық түрғыдан тыс қалу ата-аналардың балаларына тиісті тамақты,
ТАБЫСЫ ЕҢ ТӨМЕН КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІНЕН ДЕ ТӨМЕН ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТА-
РЫНДА ТҰРАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ
12
17
«Ауа ластануының денсаулыққа әсері туралы мәліметтерге шолу» Қоршаған орта және денсаулықты қорғау жөніндегі БДҰ Еуропалық орталығы, 2013 ж.