288. Бөлімше басшысы Лауазымдық міндеттері. Бөлімшенің редакциялық-баспа және өндірістік әрекеттеріне басшылық жасайды. Әдебиетті (ғылыми және әдістемелік, сондай-ақ ақпараттық және нормативтік материалдарды) редакциялауды және басып шығаруды ұйымдастырады, баспаның ғылыми және әдеби мазмұнын, көркемдік әрі техникалық ресімделуін бақылауды жүзеге асырады. Шығарылатын әдебиеттің нарықтағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету, басылымның рентабельдігі мен табыстылығын арттыру мақсатында оның сұранысына талдау жасайды. Тұтынушылардың сұранысын және нарық конъюктурасын ескере отырып, ұйым жұмысының тақырыптық бағытына сәйкес әдебиеттерді басып шығарудың перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын жасайды. Редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарларын, өндірістік-қаржылық жоспарларды, басып шығарудың редакциялық және өндірістік процестерінің кестесін әзірлеуді басқарады. Қолжазбалардың уақытылы ұсыну, баспа таңбаларын теруге және өңдеуге дайындау мерзімдерін, полиграфиялық ұйымдардың басылым тиражын теру, басу және шығару бойынша кестенің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Авторлармен баспалық шарттардың және әдебиетті шығару бойынша жұмыстарды орындауға тартылатын сыртқы редакторлармен, рецензенттермен, суретшілермен және де басқа адамдармен шарттардың (келісімшарттардың) уақытылы жасалуын, басқа ұйымдармен әр түрлі полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындауға шарттар жасауды және тапсырыстарды рәсімдеуді ұйымдастырады. Олар орындаған жұмыс үшін есеп айырысу құжаттарын дайындаудың, авторлық қаламақылар мен штаттан тыс қызметкерлерге төленетін ақы мөлшерін белгілеудің дұрыстығын бақылайды. Нарық өнімінің даму жағдайы мен келешегін ескере отырып, басылым номиналы мен тиражын бекітеді. Баспа қызметін лицензиялау үшін құжаттарды дайындайды. Бөлімшенің өндірістік қызметін уақыты материалдық қамтамасыз етуді, шығарылатын әдебиетті жарнамалау және сату бойынша жұмысты, жасалған шарттарға есеп жүргізуді ұйымдастырады. Бухгалтерлік есеп негізінде бөлімшенің қаржылық-шаруашылық қызметін талдайды, қолжазбалардың өту мерзімдерін қысқарту, әдебиетті басып шығару кезінде қаражатты үнемдеп жұмсау, полиграфиялық орындау сапасын жақсарту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырады. Бөлімше қызметкерлерінің жұмысына жетекшілік етеді, олардың ішкі еңбек тәртібін сақтауы бойынша шаралар қолданады. Қол астындағы қызметкерлерді ынталандыру немесе тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар жасайды, олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.
Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және тиісті экономикалық қызмет түрінің негізгі бағыттарын айқындайтын, редакциялық-баспалық қызметке қатысты жетекшілік материалдар, осындай ұйымдардың баспа қызметіндегі озық тәжірибесі, осы салаға байланысты отандық және шетелдік ғылыми–техникалық жетістіктер, әдебиетті басып шығару жоспарлары, басылымның редакциялық және өндірістік процестері кестелерін әзірлеу тәртібі, авторлармен баспалық шарттар жасау, полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындау үшін шарттар мен еңбек шарттарын (келісім шарттарды) жасау, баспа ісінің экономикасы, тұтынушылардың сұранысы, әдебиет өнімі нарығын дамыту жай-күйі мен келешегі, редакциялық-баспа бөлімшелері қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесі, авторлық құқық, шарт бойынша есептесу тәртібі, қолжазбаны өндіріске тапсыру, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі, полиграфиялық өндірістің технологиясы, баспа қызметін лицензиялау тәртібі, еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және мамандығы бойынша, оның ішінде басқарушы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
289. Бас редактор
Лауазымдық міндеттері. Ғылыми және әдістемелік әдебиетті, сондай-ақ ақпараттық және нормативтік материалдардың редакциялауды ұйымдастырады. Әдебиетті, оның нарықтағы сұранысын ескеріп басып шығарудың перспективалық және жылдық тақырыптық жоспарларының жобаларын, редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарларын және басып шығарудың редакциялық және өндірістік процестерінің кестесін әзірлеуді басқарады. Қолжазбаларды ұсынудың, оларды теруге тапсырудың, корректуралық баспа-таңбаларын өңдеудің және әдебиетті басып шығарудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ басылымның ғылыми әрі әдеби мазмұнын және полиграфиялық орындаудың сапасын бақылауды жүзеге асырады. Авторлармен баспалық шарттар және әдебиетті шығару бойынша жұмыстарды орындауға тартылатын сыртқы редакторлармен, рецензенттермен, суретшілермен және де басқа адамдармен еңбек шарттарын (келісімшарттарды) жасау үшін материалдар дайындайды, олар орындаған жұмыс үшін есеп айырысу құжаттарын рәсімдеуге қатысады. Қолжазба жұмыстарын жазуда авторларға көмек көрсету мақсатында консультациялар өткізуді ұйымдастырады. Келіп түскен қолжазбаларды қабылдайды, олардың баспалық шартта көзделген ережелер мен талаптарға сәйкес рәсімделуін тексереді, қолжазбаларды рецензиялауға және редакциялауға жібереді. Авторлардың шарт талаптарын орындауға байланысты мәселелерді, редакторлардың қолжазба бойынша қорытындыларын қарайды және оларды мақұлдау немесе басып шығарудан бас тарту туралы шешімдер қабылдайды, авторлар мен редакторлар арасындағы келіспеушіліктерді шешеді, редакторлардың бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, олардың жұмысын бөледі және қолданыстағы нормативтерге сәйкес басылымды редакциялау мерзімін белгілейді. Өндіріске тапсыруға дайындалған қолжазбаларына бақылау оқуды жүзеге асырады, редакцияланған материалдың сапасын талқылауды ұйымдастырады. Басылымның көркемдік және техникалық рәсімделу жобаларын әзірлеуге қатысады. Келіп түскен корректуралық баспа-таңбаларының сапасын айқындайды және техникалық баспа айрықшалығының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда белгіленген тәртіппен оларды полиграфиялық ұйымға қосымша түзетуге қайтару туралы шешім қабылдайды. Басылымды өндіріске, басуға және шығаруға қол қояды. Басылымда жіберілген қателердің себептерін және оған кінәлі адамдарды белгілейді. Қолжазбалардың өту мерзімдерін қысқартуға, әдебиетті басып шығару кезінде қаражатты үнемдеп жұмсауға, полиграфиялық орындау сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Бөлімше қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі. Әдебиетті басып шығару бойынша орындалған жұмыстар туралы есептер жасайды.
Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және тиісті экономикалық қызмет түрінің негізгі бағыттарын айқындайтын, редакциялық-баспалық қызметке қатысты жетекшілік материалдар, осы салаға байланысты отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер, әдебиетті басып шығару жоспарлары, басылымның редакциялық және өндірістік процестері кестелерін әзірлеу тәртібі, авторлармен баспалық шарттар жасау, полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындау үшін шарттар мен еңбек шарттарын (келісім шарттарды) жасау, баспа ісінің экономикасы, редакциялық-баспа бөлімшелері қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесі және редакциялау мен түзеу жұмыстарына нормативтер, авторлық құқық, шарт бойынша есептесу тәртібі, ғылыми нормативтік қолжазбаларды редакциялау әдістері, қолжазбаларды өндіріске тапсыруға, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі, терминдерге, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар, полиграфиялық өндірістің технологиясы, полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру, баспа әдебиеттеріне сұраныс нарығының даму келешегі, еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |