Р. Е. Ағыбетованың Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығының



жүктеу 39,94 Kb.
Pdf просмотр
Дата30.05.2018
өлшемі39,94 Kb.
#18436
түріДиссертация


 

«6D090200 – Туризм» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) 

ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Р.Е.Ағыбетованың 

«Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсету нарығының 



әлеуметтік-экономикалық аспектілері: тенденциясы және даму 

болашағы» тақырыбындағы диссертациясына 

 

АҢДАТПА  



 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.  

Қазіргі  жағдайда  әлемдік  экономиканың  дамуы  жеке  экономикалық 

жүйелердің  дамуына  әсер  ететін  шаруашылық  жүргізудің  жаңа 

жағдайларының 

қалыптасуымен 

сипатталады. 

Бірқатар 

дамыған 


мемлекеттердің  ұлттық экономикасы дамуының қолайлы жағдайы, демалыс 

және  бос  уақыт  саласындағы  тұтынушылық  қажеттіліктердің  өзгеруі, 

туристік  қызметтердің  қолжетімділігінің  артуы  әлемдік  туристік  ағынның 

өсуіне  айтарлықтай  дәрежеде  әсер  етіп,  дамыған  мемлекеттер  ғана  емес, 

сонымен  қатар,  дамушы  мемлекеттердің  де  туристік  қызмет  нарығының 

экономикалық,  әлеуметтік,  инновациялық  және  басқа  да  аспектілеріне 

ықпалын тигізді.     

Шет  ел  тәжірибесіндегі  туризм  саласының  дамуына  құйылған 

қаражаттың  мемлекетке  айтарлықтай  пайда  әкелегендігін  көріп  отырмыз. 

Негізгі  әлеуметтік  және  экономикалық  құбылыс  ретінде  туризм  заманауи 

жағдайларда  көптеген  елдің  экономикасына  оң  әсер  етті.  Қазіргі  уақытта 

экономиканың  табысты  саласы  бола  отырып,  ол  елдегі  жалпы  ішкі  өнімді 

қалыптастыру  мен  сыртқы  сауда  балансын  нығайтуда,  қосымша  жұмыс 

орындарын  құру  мен  халықты  еңбекпен  қамту  үрдісінде  үлкен  маңызға  ие 

болып  отыр.  Туризм  экономиканың  негізгі  салаларына  әсер  етеді,  атап 

айтқанда, көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтыну 

тауарлары өндірісі және т.б., яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік 

катализаторы болып табылады.  

Қазіргі  таңда  елдегі  туризм  саласын  дамытуда  негізгі  5  туристік 

кластерді  іске  асыру  жолға  қойылып,  2014  жылы  «2020  жылға  дейінгі 

туризмді дамыту Тұжырымдамасы» қабылданды. Сонымен бірге, биыл еліміз 

2017  жылғы  халықаралық  деңгейде  ұйымдастырылатын  «ЕХРО-2017» 

көрмесін өткізу алдында, көрменің өткізілуі еліміздің халықаралық деңгейде 

ынтымақтастығын  кеңейтіп,  ел  имиджін  арттыруға  оң  әсерін  тигізеді.  Осы 

шараны 

өткізуде 



елімізде 

жетпістен 

аса 

туристік 



маршруттар 

ұйымдастырылып,  ірі  ойын-сауық  орталықтары  ашылып,  тұрғылықты 

халыққа  қосымша  жұмыс  орындары  ұсынылуда,  біліктілікті  арттыру 

курстары жүргізіліп, туризм саласының дамуына үлкен серпін беріп отыр. 

Диссертациялық зерттеу жұмысы ел экономикасының дамуындағы жаңа 

бір  өркендеу  түйіні  ретінде,  өңірлердің  тұрақты  дамуы  мен  халықты 

жұмыспен  қамту,  әл-ауқатын  жақсарту,  ішкі  сұранысты  арттырып, 

инфрақұрылымдарды  жетілдіріп,  ел  экономикасының  дамуына  оң  әсерін 




тигізетін  туристік  қызмет  көрсету  нарығының  тенденциясы  мен  даму 

болашағына  әлеуметтік-экономикалық  аспектілердің  әсерін  жан-жақты 

қарастырады.  

Қазақстандағы  туристік  қызмет  көрсету  нарығының  әлеуметтік-

экономикалық  аспектілерінің  жете  зерттелмеуі,  туристік  қызмет  көрсету 

нарығын 


қалыптастыру 

мен 


тұрақты 

дамыту 


әдістемелерінің 

жүйелендірілмегендігі,  аймақтардың  жалпы  туристік  кызмет  көрсету 

нарығының даму динамикасын талдай отырып, жеке аймақтар бойынша әсер 

ететін  факторлардың  толыққанды  анықталмауы,  еліміздегі  туристік  қызмет 

көрсету  нарығын  дамыту  бағыттары  мен  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайының  тұрақты  дамуға  әсері  мен  оның  компоненттерінің  ғылыми 

тұрғыда  нақтыланбауы  диссертациялық  тақырыптың  өзектілігін  нақтылай 

түседі. 


Сонымен,  қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  туристік  қызмет 

көрсету  нарығының  ел  экономикасы  мен  әлеуметтік  саласының  дамуына 

тигізер  әсерін  зерттеу  маңызды  және  ол  терең  теориялық  ізденістер  мен  

кешенді  талдау  арқылы  осы  саланы  дамыту  бойынша  ғылыми  дәлелденген 

негіздеме дайындауды қажет ететіндігі тақырыптың өзектілігін айқындайды.

 

Зерттеудің  мақсаты:  туристік  қызмет  көрсету  нарығының  теориялық-

әдіснамалық  негіздерін  кешенді  зерттеу  мен  оған  әсер  ететін  әлеуметтік-

экономикалық  жағдайды  саралау  және  оның  практикалық  ұсыныстарын 

әзірлеу. 

Зерттеудің міндеттері: 

туристік  кызмет  көрсету  нарығының  қалыптасуы  мен  дамуының 

теориялық негіздеріне шолу; 

- туристік қызмет көрсету нарығын институционалдық талдауды дамыту 

кұрылымы  мен  рекреациялық  және  туристік  бизнес  аймақтарын  дамыту 

әдістемесінің заманауи жолдарын саралау; 

-  Қазақстан  Республикасында  туристік  қызмет  көрсету  нарығы 

дамуының  жалпы  жағдайын  талдау  мен  нарықтың  мүмкіндіктерін 

маркетингтік зерттеулер арқылы бағалау; 

- туристік аймақтың ресурстарын пайдалану мен оның туристік әлеуетін 

дамыту  жолдарын  ұсыну  және  туристік  қызмет  көрсету  нарығының 

әлеуметтік-экономикалық  жүйе  құрылымын  жетілдіру  және  тұрақты  даму 

механизмін қалыптастыру. 



Зерттеу  нысаны:  Қазақстан  республикасындағы  туристік  қызмет 

көрсету нарығы.  



Зерттеу  құралы:  туристік    қызмет  көрсету  нарығын  реттеу,  оның 

қалыптасуы  мен  қызмет  атқаруы  кезінде  қалыптасатын  экономикалық 

қатынастар болып табылады.    

Зерттеудің  теориялық  және  әдіснамалық  негізін    туристік  қызмет 

көрсету  нарығы  дамуының  теориялық,  ұйымдастырушылық-экономикалық 

мәселелері  бойынша  қазақстандық  және  шет  елдік  ғалымдардың  еңбектері 

құрайды.  




Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасында 

туристік  кызмет  нарығының  тенденциясы  мен  дамуына  жүйелік, 

статистикалық,  сипаттау,  контет,  сұхбаттасу,  сауалнама  және  аудандастыру 

мен 


картографиялық 

әдістер, 

SPSS 

статистикалық 



бағдарламасы 

қолданылды.     



Зерттеудің ақпараттық базасын туристік саланы және туристік нарық  

жүйесін  реттеу  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  нормативті-

құқықтық  актілері  мен  заңнамалары,  халықаралық  ұйымдардың  құжаттары, 

Қазақстан  Республикасының  Статистика  комитетінің  деректері  және 

статистикалық  жинақтары,  ғылыми  конференциялар,  форумдар  мен 

семинарлар  мәліметтері,  мерзімді  басылымдар  және  басқа  да  мәліметтер 

пайдаланылды.  

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 

Туристік қызмет көрсету нарығының теориялық-әдіснамалық негіздерін және 

оған  әсер  ететін  экономикалық  және  әлеуметтік  факторларды  бір  жүйеге 

келтіру,    туристік  жүйе  элементтерін  сипаттайтын  негізгі  ерекшеліктерін 

анықтау  мен  толықтыру,  нарықта  әрекететушілердің  іс–әрекетіне 

институционалдық  талдау  жүргізу    және  өңірлерді  рекреациялық  және 

туристік  бизнес  аймақтарға  бөлу,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайды 

саралау мен тұрақты даму институттарының құрылымын ұсыну.  



Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар: 

-  туристік  қызмет  көрсету  нарығының  дамуында  көрініс  табатын 

әлеуметтік-экономикалық факторлар анықталды; 

- туризм саласындағы  қызмет көрсету нарығының дамуына әсер ететін 

әлеуметтік-экономикалық  факторлардың  ғылыми-әдістемелік  тұжырымдары 

мен ұсыныстары берілді;  

-  туристік  қызмет  көрсету  нарығының  даму  серпініне  ықпал  ететін 

институтционалдық факторлардың өзарабайланысы нақтыланды;  

-  рекреациялық  және  туристік  бизнес  аудандардың  туристік  саласының 

дамуына ықпалы бағаланып, жаңа аймақтарға бөлінді;  

-  туризм  саласындағы  қызмет  көрсету  нарығының  тұрақты  даму 

тенденциясы анықталып, болашақтағы мүмкіндіктері әзірленді.  



Зерттеудің  ғылыми-тәжірибелік  маңыздылығы.  Диссертацияның 

ғылыми 


нәтижелері 

Қазақстан  Республикасының 

туристік 

нарық 


саласындағы болашақ зерттеулерде пайдаланылуы мүмкін.  

Зерттеу  нәтижелері  туризм  саласының  нормативтік-құқықтық  базасын, 

соның  ішінде  туристік  қызмет  көрсету  деңгейін  дамытуға  қатысты 

ұсыныстар,  дамыту  бағдарламаларын  жетілдіру  үшін  қызмет  көрсету  және 

туризм  салаларын  басқарушы  ұйымдармен  қолданылуға  ұсынылады.  Атап 

айтқанда,  диссертацияда  берілген  ұсыныстар  Жамбыл  облысының 

Кәсіпкерлік  индустриялды-инновациялық  дамыту  басқармасымен  және 

Астана  қаласындағы  туристік  кәсіпорындарда  қолданысқа  енгізілу  үшін 

қарастыруға қабылданды, сонымен қатар диссертацияның кейбір нәтижелері 

Жамбыл облыстық туризм және кәсіпкерлік қызметтер орталығының жұмыс 

үрдісіне енгізілді.  



Диссертациялық  зерттеудің  мәліметтерін  туристік  қызмет  көрсету 

нарығында  қызмет  ететін  кәсіпорындарды  тиімді  басқаруда  және  олар 

ұсынатын  қызметтер  спектрін  кеңейтуде,  қызметтің  басқа  да  бағыттарын 

дамытуда пайдалануға болады.  



Диссертация  нәтижелерінің  апробациядан  өтуі.  Зерттеу  жұмысының 

нәтижелері отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда  18 мақала, оның 

ішінде,  2  мақала  Scopus  мәліметтер  базасының  тізіміне  енгізілген  ғылыми 

басылымдарда,  9  мақала  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 

министрлігінің Ғылым комитеті бекіткен журналдарында, 4 мақала шет елдік 

конференциялар 

жинақтарында, 

мақала 



Қазақстанда 

өткізілген 



халықаралық конференциялардың жинақтарында жарық көрді.  

 

жүктеу 39,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау