Лауазымдық міндеттері. Басылымның жоғары ғылыми және әдеби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір тақырыптық бағыттағы едәуір күрделі жұмыстарға ғылыми редакциялауын жүзеге асырады. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді басудың тақырыптық жоспарларының жобаларын жасауға, рецензенттерді іріктеуге, авторлармен баспалық шарттар және рецензенттермен еңбек келісімдерін дайындауға қатысады. Өзінің тақырыптық бағытындағы редакторларға тиісті сала бойынша отандық және шетелдік ғылыми және техникалық жетістіктер туралы консультациялар береді. Авторлардан келіп түскен қолжазбаларды және оған рецензияны қарайды, қолжазбаны тапсырылған күйінде немесе ұсынылған қателерді, толықтыруларды, қысқартуларды ескере отырып, пысықталғаннан кейін басып шығару мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды. Қолжазбаларды басудан бас тартқан жағдайда, шартта белгіленген мерзімдерде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап дайындайды. Баспаға келіп түскен қолжазбаларды редакциялап, авторға қажетті (қолжазбаның құрылымын жақсарту, терминдер таңдау, суретпен рәсімдеу және тағы басқа) көмек көрсетеді, ұсынатын өзгертулерін олармен келіседі. Ғылыми редакциялау процесінде басылуға дайындалып жатқан жұмыстарда ғылымның, техниканың және соңғы өндірістік жетістіктері қаншалықты көрсетілгенін, сондай-ақ авторлар рецензенттер берген ескертулер мен қолжазбаларды пысықтауға қойылған талаптар ескерілгендігін тексереді. Ұсынылған материалдардың жинақтылығын, қолжазбаның бекітілген жоспарға, бөлім атауларының мазмұнына сәйкестілігін, қанатты сөздер мен сандық деректердің дұрыстығын, есімдердің, нышандардың, ғылыми-техникалық терминдердің, өлшем бірліктерінің пайдалануы мен жазылуын, басылымның анықтамалық аппаратының рәсімделуін тексереді. Қолжазбаның қажетті әдеби редакциялануын жүзеге асырады. Қолжазбаның редакторлық паспортын жасайды, техникалық редакторға, корректорға, терушіге нұсқаулар мен түсіндірмелер береді. Авторлармен және техникалық редактормен бірлесіп суретті материалдарды қарайды, олардың басылымдағы орындарын белгілейді. Редакцияланатын жұмыстарды көркемдік және техникалық рәсімдеумен байланысты мәселелерді шешуге қатысады. Қолжазбаны шығаруға қол қояды, корректуралық баспа-таңбаларды өңдейді және жарыққа шығарар алдында сигналды нұсқаларын тексереді. Жіберілген қателердің тізімдерін жасайды.
Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және тиісті экономикалық қызмет түрінің негізгі бағыттарын айқындайтын, редакциялық-баспалық қызметке қатысты жетекшілік материалдар, осы салаға байланысты отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер, авторлармен, рецензенттермен шарттар жасау тәртібі, қолжазбаларды ғылыми редакциялау әдістері, қолжазбаларды шығаруға, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі, терминдерге, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар, қолданыстағы шартты қысқартулар, библиографияда шет тілдерінде қолданылатын шартты қысқартулар, қазақ (орыс) тілінің грамматикасы мен стилистикасы, авторлық құқық, редакциялаудың және түзеу жұмыстарының қолданыстағы нормативтері, баспа ісінің экономикасы, полиграфиялық өндірісі технологиясының негіздері, полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
291. Редактор
Лауазымдық міндеттері. Басылымның жоғары ғылыми және әдеби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында редакциялық-баспа бөлімшесі шығаратын ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді, ақпараттық әрі нормативтік материалдарды редакциялауды жүзеге асырады. Авторлармен баспалық шарттар және сыртқы рецензенттермен шарттар дайындауға қатысады. Қолжазбалар мен оларға рецензияларды қарайды. Қолжазбаны тапсырылған күйінде немесе ұсынылған қателерді, толықтыруларды, қысқартуларды ескере отырып, пысықталғаннан кейін басып шығару мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды. Қолжазбаларды басудан бас тартқан жағдайда, шартта белгіленген мерзімдерде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап дайындайды. Басуға қабылданған қолжазбаларды редакциялап, авторға қажетті (қолжазбаның құрылымын жақсарту, терминдер таңдау, суретпен рәсімдеу және тағы басқа) көмек көрсетеді, ұсынатын өзгертулерін олармен келіседі. Редакциялау процесінде авторлардың рецензенттер берген ескертулері мен қолжазбаларды пысықтауға қойған талаптардың орындалуын, ұсынылған материалдардың жинақтылығын, қолжазба бөлімдері атауларының мазмұнына сәйкес келетіндігін, сондай-ақ жұмыстарда ғылымның, техниканың және соңғы өндірістік жетістіктері қаншалықты көрсетілгенін тексереді. Түпдеректер бойынша қанатты сөздер мен сандық деректердің дұрыстығын, есімдердің, ғылыми-техникалық терминдердің, өлшем бірліктерінің пайдалануы мен жазылуын, басылымның анықтамалық аппаратының рәсімделуін, келтірілген нышандардың белгіленген стандарттарға немесе ғылыми әрі нормативтік әдебиетте қолданылатын белгілерге сәйкестігін тексереді. Қолжазбаның қажетті әдеби редакциялануын жүзеге асырады. Қолжазбаның редакторлық паспортын жасайды, техникалық редакторға, корректорға, терушіге нұсқаулар мен түсіндірмелер береді. Сілтемелер, телқұжаттар, жұмыс мазмұнын дайындайды. Авторлармен және техникалық редактормен бірлесіп суретті материалдарды қарайды, олардың басылымдағы орындарын белгілейді және кестелер мен клишелерді уақытында жасау үшін көркемдік редакторға тапсырады. Редакцияланатын жұмыстарды көркемдік және техникалық рәсімдеумен байланысты мәселелерді шешуге қатысады. Қолжазбаны шығаруға қол қояды, корректуралық баспа-таңбаларды өңдейді және жарыққа шығарар алдында сигналды нұсқаларын тексереді. Жіберілген қателердің тізімдерін жасайды.
Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және ғылыми-әдістемелік әдебиет, ақпараттық және нормативтік материалдарды редакциялау, сандарды, формулаларды, символдарды, суреттерді редакциялық өңдеу, басылымның анықтамалық аппаратын жасаудың әдістері, осы салаға байланысты отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер, қолжазбаларды шығаруға, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі, стандартты түзеу белгілері, терминдерге, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар, қолданыстағы шартты қысқартулар, библиографияда шет тілдерінде қолданылатын шартты қысқартулар, қазақ (орыс) тілінің грамматикасы мен стилистикасы, авторлық құқық, редакциялаудың қолданыстағы нормативтері, авторлармен баспалық шарттар, рецензенттермен шарттар жасау тәртібі, қолжазбаларды ғылыми редакциялау әдістері, баспа ісінің экономикасы, полиграфиялық өндірісі технологиясының негіздері, полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
292. Техникалық редактор
Лауазымдық міндеттері. Басылымның жоғары полиграфиялық сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен техникалық редакциялауды жүзеге асырады. Басылымды көркемдік және техникалық рәсімдеу жобасын жасауға қатысады. Басылым сипатына сәйкес қолжазбаның жасалуын нақтылайды, оның дұрыс құрылуын (бөлімдерге, бөліктерге, тарауларға және тағы басқа дұрыс бөлінуін) тексереді және тақырыбы мен мазмұнының сәйкестілігін тексереді. Түпнұсқаның теруге техникалық дайындығын анықтайды. Басылым түпнұсқасын белгілейді, теру техникасын, басылым суреттері мен рәсімдеу элементтерінің орналасу тәртібін көрсетеді. Күрделі басылымдардың, орналастыруы бойынша күрделі жолдарды (таблицаларды, суреттерді, оюларды) көркемдік және техникалық рәсімдеудің макеттерді дайындайды. Суреттердің авторлық түпнұсқаларын полиграфиялық туындыға жарамды түпнұсқаларын жасау үшін полиграфияда қолдану мүмкіндігін белгілеу мақсатында тексереді және олардың технологиялық дайындалу ерекшеліктерін айқындайтын. Техникалық баспа ерекшеліктерін жасайды және баспа басылымдарын полиграфиялық орындау бойынша нұсқаулардың орындалуын бақылайды. Баспа-таңбаларды тексереді және өңдейді, теру сапасын, әр жолдың және өрістердің композициясын бағалайды. Полиграфиялық ұйымдардың айрықшалықтармен белгіленген талаптарды сақтауын бақылайды, теруде жіберілген қателерді түзету және техникалық рәсімдеудегі кемшіліктер жөнінде тиісті нұсқаулар береді. Суреттердің сынамалы корректуралық баспа-таңбаларын өңдейді, оларды нөмірлеу тәртібінде жабыстырады. Редактордың мәтінді өзгерткен кезінде туындайтын бұзушылықтарын жояды, мазмұн мәтінімен салыстырып тексереді, тақырыптың дұрыс құрылуын және қаріптік рәсімделуін тексереді, жапсырмаларды белгілейді. Көркемдік редактормен бірлесіп, мұқабаны баспаға (түптеуге) дайындайды. Басылымның деректерін тексереді және толықтырады. Сигналды нұсқаларды қарайды, баспа сапасын, брошюралы-түптеп өңдеу жұмыстарын тексереді. Тиражды жасау кезінде басылымның полиграфиялық орындалуын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды. Жұмысында компьютерлік технологияларды пайдаланады.
Білуге тиіс. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, ақпараттық және нормативтік материалдарды техникалық редакциялау әдістері, кітап - журнал басылымдары үшін мәтіндік түпнұсқаларды дайындау мен белгілеудің, суреттердің түпнұсқаларды дайындау мен рәсімдеудің техникалық ережесі, техникалық басылымдық айрықшалықтар, басылымды көркемдік-техникалық рәсімдеу жобаларын жасау тәртібі, қолжазбаларды шығаруға, баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау ережесі, басылымды көркемдік-техникалық рәсімдеу жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттар, типографиялық қаріптер мен оларды қолдану ережесі, басылымның көлемін есептеу тәртібі, баспалық және полиграфиялық өнімдердің өлшеудің жоспарлық-есептеу бірліктері, стандартты түзеу таңбалары мен белгілері, техникалық редакциялаудың қолданыстағы нормативтері, полиграфиялық өндіріс технологиясы, полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
293. Көркемдік редактор (дизайнер)
Лауазымдық міндеттері. Басылымның жоғары сапалы полиграфиялық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында көркемдік редакциялауды және суреттеуді жүзеге асырады. Басылымдарды көркемдік және техникалық рәсімдеу жобаларын әзірлеуге қатысады. Суреттердің авторлық түпнұсқаларын полиграфиялық туындыға жарамды түпнұсқаларын жасау үшін полиграфияда қолдану мүмкіндігін белгілеу мақсатында тексереді және олардың технологиялық дайындалу ерекшеліктерін айқындайтын. Техникалық баспалық айрықшалықтар үшін басылымдарды көркемдік рәсімдеу бойынша нұсқаулар дайындайды және полиграфиялық өндіріс процесінде олардың орындалуын бақылайды. Графикалық материалдар жасау үшін және көркемдік рәсімдеу бойынша басқа да жұмыстарды орындау үшін тартылатын адамдармен еңбек шарттарының (келісімшарттардың) жобаларын жасайды, олар орындаған жұмыстар бойынша есеп айырысу бойынша құжаттарды дайындауға қатысады. Басылым графикасын уақыты және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және көркемдік бейнелеу сапасы және авторлық түпнұсқаға сәйкестілігі жағынан суреттердің түпнұсқаларын тексереді. Басылым мәтінін және суреттердің сынамалы корректуралық баспа-таңбаларын өңдейді. Теру сапасын, әр жолдың және өрістердің композициясын бағалайды, теру кезінде жіберілген қателер мен көркемдік рәсімдеу кемшіліктерін жою туралы типографияға қажетті нұсқау береді. Техникалық редактормен бірлесіп, мұқабаны баспаға (түптеуге) дайындайды. Сигналды нұсқаларды тексереді және тиражды жасау кезінде басылымның полиграфиялық, орындалу талаптарын орындау жөнінде шаралар қабылдайды. Компьютерлік технологияларды пайдаланады.
Білуге тиіс. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, ақпараттық және нормативтік материалдарды техникалық редакциялау әдістері, техникалық баспа айрықшалықтары, басылымдарды көркемдік-техникалық рәсімдеу жобаларын жасау тәртібі, суреттердің түпнұсқаларын дайындау және рәсімдеудің техникалық ережесі, басылымды көркемдік-техникалық рәсімдеу жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттар, типографиялық қаріптерді және оларды қолдану тәртібі, суреттерді редакциялық өңдеу, графикалық материалдарды дайындау әдістері мен технологиясы, полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындауға шарттар жасау тәртібі, баспа өнімдеріне арналған көркемдік-графикалық түпнұсқаларға қойылатын бағалар, қолжазбаларды шығаруға, коректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау ережесі, стандартты корректуралық таңбалар, сызбаларды және суреттердің басқа да түрлерінде қолданылатын шартты белгілер, полиграфиялық өндіріс технологиясы, полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
294. Типография менеджері (полиграфия) (шығарушы) Лауазымдық міндеттері. Редакторлық баспалық бөлімшенің тапсырыстарын қабылдаған полиграфиялық ұйымдардың тапсырыстарының уақытылы орындалуын жүзеге асырады. Жарнама берушілер мен полиграфиялық ұйымдармен полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын, басылымның редакциялық және өндірістік процестері кестесінің орындалуына шарттардың жобаларын дайындауға қатысады. Тапсырыстарды рәсімдеп, теруге дайындалған қолжазбаларды, суреттерді, сондай-ақ корректуралық баспа-таңбалар мен басылымның сигналды нұсқаларын полиграфиялық ұйымдарға белгіленген мерзімдерде тапсырады. Теру, басу және тираждар жасау бойынша кестелердің орындалуына есеп жүргізеді, басылымның жинақтығын және полиграфиялық орындаудың сапасын бақылайды. Басылымды шығару кестесін орындау барысының бұзушылықтарын алдын алу немесе жою бойынша шаралар қабылдайды. Суреттердің пленкалары мен сынамаларын уақытылы жасалуын және олардың жеткізілуін бақылайды. Полиграфиялық ұйымдардан корректуралық баспа-таңбаларын, басылымның сигналды нұсқаларын қабылдайды, олардың сапасының техникалық баспа айрықшалықтарының талаптарына және жасалған шарттардың талаптарына сәйкестілігін тексереді. Осы талаптар бұзылған кезде белгіленген тәртіппен корректуралық баспа-таңбаларды қосымша тексеруге қайтарады. Полиграфиялық ұйымдардан басылым тираждарын қабылдауға қатысады.
Білуге тиіс. Редакциялық - баспа жұмысының негіздері, басылымның редакциялық және өндірістік процестерінің кестесін әзірлеу тәртібі, полиграфиялық жұмыстардың орындалуына тапсырысты рәсімдеу тәртібі, полиграфиялық ұйымдар орындаған жұмыстардың ережесі мен оларға қойылатын талаптар, полиграфиялық өндіріс технологиясының негіздері, экономика мен менеджменттің, еңбекті ұйымдастырудың негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта (толық) білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс.
295. Кіші редактор Лауазымдық міндеттері. Редактордың басшылығымен қолжазбаларды теруге тапсыру үшін техникалық дайындықты жүзеге асырады. Түпдеректер бойынша қанатты сөздер мен сандық деректерді, библиографиялық сипаттамасының толықтығын және мәтіндегі түпдеректерге сілтемелердің болуын, нышандардың дұрыс жазылуын және бірізділігін, өлшем бірліктерін, суреттердегі, мәтіндегі белгілердің бірдей болуын тексереді. Қолжазбаны қайта басып шығарған соң салыстырып оқиды, жіберілген қателерді түзетеді, формулаларды, арнайы таңбалар мен әріптерді, сирек қолданылатын алфавиттерді, шетелдік мәтінді жазады. Полиграфиялық ұйымдарға жіберілетін қолжазбалардың жинақтылығын тексереді, баспа нұсқаларының беттерін нөмірлейді. Редактордың тапсырмасы бойынша авторлық түзетулерді жұмыс нұсқасына көшіреді. Қабылданған қолжазбаларды және авторлардың, сыртқы редакторлар мен материалды басуға дайындауға қатысатын, баспалық шарттар мен еңбек шарттары (келісімшарттар) жасалған басқа да адамдардың орындау мерзімдерін тіркейді. Қолжазбалар мен корректуралық баспа-таңбаларын дайындау және өту кестесінің орындалуы барысына жедел есеп жүргізеді. Авторлық қаламақыларды төлеу үшін бухгалтерияға өтінімдер дайындайды. Бөлімдегі іс қағаздарды жүргізеді, авторлық қолжазбаларды және оған қатысты құжаттарды қолданыстағы белгіленген ереже тәртібімен сақтайды.
Білуге тиіс. Редакциялық баспа жұмысының негіздері, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, ақпараттық және нормативтік материалдарды редакциялау әдістері, қолжазбаларды шығаруға, корректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі, қазақ тілінің (орыс тілінің) грамматикасы мен стилистикасы, корректура ережелері мен стандартты корректуралық белгілер, терминдерге, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар, қолданыстағы шартты қысқартулар, полиграфиялық өндірісі технологиясының негіздері, іс қағаздар жүргізу негіздері, экономиканың, еңбекті ұйымдастырудың негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.
296. Корректор
Лауазымдық міндеттері. Мәтіннің әр түрлі элементтерінің графикалық және лексикалық бірізділігін қамтамасыз ету, орфографиялық және пунктуациялы қателерді жою, терудің техникалық ережелерін сақтау, сондай-ақ мазмұндық және стильдік сипаттағы кемшіліктерді түзету мақсатында түзетілген қолжазбаларды оқуды және корректуралық баспа-таңбаларын оқуды жүзеге асырады. Қолжазбаларды оқу кезінде олардың жинақтылығын (титул парағының, кіріспенің, суреттердің, анықтамалық аппараттың болуын және т.п.), мазмұнындағы бөлімдердің реттік нөмірлерін тексереді, олардың атауын мәтіндегі тақырыптармен салыстырады, терминдердің, нышандардың дұрыс жазылуын және бірізділігін, өлшем бірліктерінің, шартты қысқартулар, суреттер мен мәтіндегі белгілердің бірдей болуын қамтамасыз етеді. Жекелеген әріптер мен белгілердің жазылуындағы көмескілікті жояды, мәтіндегі абзацтарды дұрыс бөледі, стилистикалық кемшіліктерді редактормен келіседі. Басылымдағы кестелердің, сілтемелердің, формулалардың дұрыс рәсімделуін, библиографиялық сипаттаманың толықтығын және мәтіндегі қанатты сөздерге, сандық деректерге тиісті сілтемелердің болуын тексереді. Терушіге дефистерді, тирелерді, көп мәнді сандарды және тағы басқа теруге нұсқау береді. Қолжазбаларды оқу ерекшеліктерін ескере отырып, редакторлық паспортты толықтырады. Баспа-таңбаларын оқыған кезде терілген мәтіннің түпнұсқаға сәйкестігін тексереді. Қолжазбаны терген немесе қайта басқан кезде жіберілген орфографиялық, пунктуациялық және техникалық қателерді түзетеді. Полиграфиялық өндірістің жалпы ережелері мен техникалық редактордың нұсқауларына сәйкес мәтіннің, тақырыптардың, ескертулердің және басылымның басқа да ерекшеленетін бөліктерінің дұрыстығын тексереді. Қолжазбаны теруге, бауға және жарыққа шығаруға қол қояды.
Білуге тиіс. Редакциялық баспа жұмысының негіздері, қолжазбаларды шығаруға, баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау тәртібі, қазақ тілінің (орыс тілінің) грамматикасы мен стилистикасы, қолжазбаны оқу техникасы, корректура ережесі мен стандартты корректуралық белгілер, терудің техникалық ережесі, терминологияға, белгілерге және өлшеу бірліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар, қолданыстағы шартты қысқартулар, шет тілдеріндегі библиографияда қолданылатын шартты қысқартулар, түзеу жұмысының қолданыстағы нормативтері, полиграфиялық өндірісі технологиясының негіздері, экономика, еңбекті ұйымдастырудың және еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |