Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4



жүктеу 1,41 Mb.
бет3/8
Дата25.12.2017
өлшемі1,41 Mb.
#5997
1   2   3   4   5   6   7   8

Науқастың психологиясы. Кез келген дерт, былайша айтқанда, соматикалық ауру организмге қосымша құн ретінде әсер етеді. «Қазіргі көзқарас бойынша, ауру дағдарыс ретінде қаралады» (И.Харди, 1972, Будапешт). Соамтикалық ауруы бар адамның психологиясы сау адамның психологиясынан өзгеше. Бұл сырқатқа ұшыраған адамның орталық нерв жүйесіндегі өзгерсітер төмендегідей болады: 1. Инфекцияның тікелей әсерінен мидың зақымдануы; 2. Ішкі мүшелер мен интерорецепторлар қызметінің өзгеруі салдарынан болатын рефлекторлық реакциялар; 3.Жеке адамның ауруға деген реакциясы. Бұл өзгерістер аурудың «қалыпты» деген психикасын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу органдары уланғанда адамның ықыласы төмендеп, ұйқысы бұзылады. Жүрек – қан тамырлары ауруларына ұшыраған адамның көңіл күйі төмендеп, ашуланшақ болып, интерорецепцияның патологиясына байланысты көңілсіз ойллар ұялайды. Жеке адамның ауруға деген реакциясы ерекше назарды талап етеді. Бұл ерекшелік жеке адамның ауырғанға дейінгі жағдайына, өмірлік тәжірибесіне, мамандығына, жасына және басқа себептерге байланысты.

Өткен тақырыптарда ауруды қалыпты деп бағалау, ауруды ескермеу, ауруды асыра бағалау сияқты теріс көзқарастардың болатыны анықталған – ды. Ал ауруға деген қалыпты көзқарас оны жеңуге ыңғайлы жағдай жасайды. Ауруды ескермеу уақытымен диагноз қоюға әрі оны емдеуге зардабын тигізеді. Ауруды асыра бағалау да зиянды. Бұл жағдайда адам қауіпті ауру туралы ойдан арыла алмайды. Өз ауруы туралы қалыптан тыс алдағы жағдайын елестетіп, қиялдайды. Мұны ипохондриялық қайғыру дейді.

Ауруға деген теріс көзқарастың төмендегідей түрлері болады.: 1) Аггревация – аурудың белгілері мен ауру адамның шығымын күшейту. 2) Симуляция – жоқ ауруды әдефі бар деп мида бейнелеу. 3) Диссимуляция – аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. Аггревация мен симуляция – сот – психиатриялық, еңбек – дәрігерлік және әскери сарап практикасында кездеседі.

Соматикалық ауруға душар болған адам психологиясы сау адамға қарағанда өзгеше болады. Ауырған адам ауруына адам аурына және оның зардабына да қайғырады. Дәрігерлік емдеуден кейін бұл ой сейіледі. Мұндай жағдай әсіресе ауруханаға түскенде байқалады.



Ауру баланың психологиясы. Әр түрлі соматикалық аурулармен ауырған баланың психикасында қалыпты өзгерістер байқалады. Аурудың алғашқы белгілері байқала бастағанда қызуы көтіріліп, денесі бөрткенде сәбилердің эмоциялық күйі төмендеп, олар жылауық және қыңыр болады. Ауырған бала бейжай күйге түсп, мазасызданады, өз ауруын сөзбен жеткізе алмайды. Мектеп жасындағы балалар, әсіресе төменгі класс оқушылары ауырғаны не көңіл күйінің нашарлығы туралы шағым айтпайды. Бұл мәліметтерді тек дәрігер сұраған кезде білуге болады. Балалардың соматикалық ауруындағы психикалық өзгерістер орталық жүйке жүйесінің тікелей улануымен не патологиялық себеппен байланысты. Балалар аурудың болашақ зардабын талдай алмайды.
8 Дәріс

Тақырыбы: Психодинамикалық бағыттарды қайта құру. Альфред Адлердің жеке адам теориясы.

Сұрақтары:

1. Психодинамикалық бағыттарға сипаттама

2. Психотерапиялық көмектің мақсаты

3. Теориялық көмектің регидті және дисфункционалды перцептивті реактивті позициясы

4. А.Адлердің жеке адам теориясының ерекшеліктері.

Психотерапияның ғылыми теориялық негіздеріне сүйене тырып терапевт психологтың алдына келген адамның өз проблемаларын шеше білуге үйрете білуге және жинақтаған тәжірибесіне сүйене отырып, кез – келген өмір сопақтарына төтеп бере алуға үйретуде рөлі айрықша. Әсіресе, қоршаған ортаны нақты қабылдау мен сол ортаның тәжірибелік аспектісіне қарым – қатынас арқылы қалыптасатын проблмеларға және оларды шешуге ерекше көңіл аударылады. Адамды сеңдірудің негізі нақты шындықты қабылдауына байлынысты психика мен мінез – құлық бұзылуларының тәуелділігі. Терапиялық көмектің мақсаты субъктінің бастапқы регидтті және дисфункционалдық перцептивті – реактивті позициясынан икемді регидсіз және үлкен перцептивті реактивті мүмкіншіліктеріне көшуіне көмектесі. Кез – келген қалыптасқан жағдайларда субъектінің реакциларына (икемді болу, проблемеларды шеше алатын жағдайда болу, регидтті болмау, бұрынғы қателіктерді болдырмау) жағымды әсер ету. Себебі регидтті перцептивті реактивті жүйе көп жағдайларда қайталанып отырады және кез – келген іс - әрекетте өз ізін қалдырады. Бұндай жағдайдан шығу үшін тренингтік жаттығулар жүргізіп жағымды көңіл күй орнатып аландататын ойлардан алшақтату. Мысалы: тоғыз нүктелерді қолды қағаздан көтермей бір мезгілде төрт түзу сызықпен қосу: . . . . . .

. . . . . .

. . . . . .



Психотерапевт субъектінің тәртібі мінез құлығы және елестетуіне тікелейй әсер етуді коммуникациялық тиімді әдістері мен стратегиялары арқылы өз қолына алады. Психотерапиялық әдістердің негізін білу үшін қазіргі психодинамикалық бағыттарға көңіл бөлу өте маңызды: логотерпия, гештельттерапия, трансактальды, рациоанльды – эмотивті терапия, Адлердің жеке адам терапиясы және т.б. Психотерапияның теориялық ерекшеліктерінде А.Адлердің индивидуалды психологиясы немесе Адлерияндық психология – жеке адамдық творчестволығымен жауапкершіліг бар алдығы ұмтылушы ретінде қарастырылады. Адлер адамның өмірі көңіл – күйіне байланысты емес дегенді тұжырымдайды. Егер психикасында патологиясы болса ол ауру емес, тек өз - өзіне сенімін жоғалтқан. Терапиялық шаралар адамның әлеуметтік қызығушылығына қарым – қатынас арқылы белсендіру, жаңаша өмір сүру шараларының жаңа әдістерімен оларды талдау арқылы әсерету деп қарайды. Адлер ілімінің негізгі ерекшеліктері:

  1. Кез – келген адам белгілі бір ортада туады және онымен қарым – қатынасқа түседі. Әлеуметке қатысты мінез – құлық қалыптасады.

  2. Индивидуалды психология – адам арасы психологиясы. Индивидтер бір – біріне әсер етеді. Адлердің айтуы бойынша, әрбір адам өзін әлеуметтің бөліггі ретінде қабылдауы. Қоғамдық өмірге өзіндік өзгеріс енгізу әр адамның қоғамдық өмірге қосар үлесі.

  3. Адлердің психологиясы редукционизмнен гөрі хомізлас ерекше көңіл бөледі. Өз зерттеулерінде Адлеризм (психология) психологиясы адамның тұтастығын өмір бойғы шараларына ерекше көңіл аударса адамның жеке функцияларына көп мән бермейді: Мысалы: «саналы», «санасыз»; «сана мен дене», «амбиваленттілік» және «конфликт». Яғни адамның саналы және санасыз әрекеттері бір – бірімен байланыспайды.

  4. Адлердің пікірінше «саналы» және «санасыз» әрекеттер мақсатқа жету үшін ғана керек.

  5. Адамды түсіну үшін өмірінің когнитивті ұйымдастырылуы мен малтын түсіну жеткілікті. Өмір сүру салты сендірумен байланысты, себебі, сендіру – қабылдаудың нәтижесі, сондықтан өмірр сүру салты дұрыс не бұрыс болмайды – адам нені көрсе, соны қабылдайды. Адамды түсінудің негізгі құралы объективті баға емес, керісінше субъектілік.

  6. Адамның мінез – құлығы өмір бойы жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Өмір сүру салты өмір бойы тұрақты болып қала береді, ал сендіруді психотерапияның көмегімен өзгертуге болады.

  7. Адлер концепциясы бойынша адамды тұқымқуалаушылық пен орта немесе себептер айқындалмайды. Адамдар өздері таңдаған мақсаттарына ғана ұмтылады. Адам жанының өмірі тек қалыптасу.

  8. Адамның тіршілікке ұмтылысы әртүрлі: аяқтау, жету, асып кету, өзін - өзі жетілдіру, компотенттілік және үстемдік. Егер ұмтылу жеке адамның ерекшеліктерін ұлғайтуға бағытталса, Адлердің пікірінше, бұл әлеметтік құндылығы жоқ, психикалық проблемелардың көрінісі. Ал ұмтылу өмірлік проблемеларды ұзартуға басғытталса, индивидтең өзін - өзі жеітлдіруге ұмтылысын көрсетеді.

  9. Индивидтің өмір сүру барысында көптеген альтернативалар көп.

Адлериан психологиясын (индивидуальды психологиясы) – Альфред Адлер жасаған. Тұлға және терапевтік жүйе теориясы – шығармашылығы, жауапкершілігі, өзінің феноминологиялық бағытталғандылығы бар тұлға ретінде қарастырады. Индивидуалды психология өз-өзін кем сезіну сезімінен, өмір стилі өз-өзін жою күшіне ие болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

«Психопатологиясы» бар индивид мүмкін ауру емес, ол тек өз-өзіне сенімділікті жоғалтқан шығар және мұндағы терапевтік міндет: мұндай адамды шабыттандыру керек, әлеуметтік қызығушылықтарын белсендіру қажет, қарым-қатынас, талдау және әрекет әдістері арқылы жаңа өмір стилін дамыту.

Адлердің негізгі болжамдарын келесідей көрсетуге болады:

-Кез келген қылық-әрекет әлеуметтік ортада пайда болады. Адам белгілі бір ортада пайда болады және сол ортамен өзара қарым-қатынасқа түседі.

-.Индивидуалды психология – тұлғааралық психологиясы. Индивидтер басқалармен өзара әсер ету мәселелерінің бірі.

- Адлердің психологиясы редукционизмнен бас тартып, хализманы жөн көреді. Адлериандықтар өз зерттеулерінде назарының негізін тұлғаның толық зерттеуіне бағыттайды, бөлек функцияларына қарағанда өмір барысындағы жалпы іс-әрекеттеріне көп көіңл бөледі. Бұл жалпы тұлғаның субъективті уайымдарын есепке алмағанда, «саналық» және «санасыздық», «сана» және «тән», «жазындау» мен «алшақтау», «амбеваленттілік» және «конфликт» сияқты қарама-қарсы мағыналардың маңыздылығын жоғалтуына әкеліп соғады. Яғни, адамдар психиканың саналы жағы бір бағытта, ал санасыз жағы басқа жаққа қарай бағытталға, сияқты өздерін ұстайды. Сыртқы бақылау бойынша барлық функциялардың бөліктері негіз функциялар ретінде көрсетеді., олар индивидтің өмір стиліне және мақсатына бағындырылған.

-Саналылық та, санасыздық та индивидке қызмет етеді. Ол оларды өзінің жеке мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолданады. Адлер санасыздықты затын білдіруші емес, сынын білдіруші ретінде қарастырады. «Конфликт», «бір адым алдыға, бір адым артқа» ұғымымен сипатталады, соның нәтижесінде индивид «тұрып қалған орталық» нүктесінде қалып қояды. Ол өзін конфликтердің әсерінен іс -әрекетке қабілетсіз сезінеді, ол шын мәнінде антагонистикалық сезімдерді ойларды, құндылықтарды ол өзі ойдан жасайды, өйткені ол өзінің мәселелерін шешу бағытына қарай әрекет етуге дайын емес.

- Индивидті ұғу үшін оның танымдық ұйымдасуы және өмір стилін түсіну керек. Соңғы концепция, өзінің тәжірибесін ұйымдастырып, жетілдіруге және де өзінің уайымдарын түсінуге, болжауға және басқаруға көмектесу үшін тұлғаның дамуы оның өмірінің бастапқы кезеңдерінде басталады деген пікірмен байланысты.

Пікір – бұл қабылдау нәтижесінде пайда болған қорытынды, қабылдаудың жөн болатын тәсілдерін анықтайды. Соған сәйкес, өмір стилі бұл дұрыс та емес, қате де емес, қалыпты да емес, қалыпты емес те емес, ол құр ғана «балл» сол арқылы тұлға өзінің өмір стилін көреді. Сондықтан тұлғаны түсінудің басты құралы объективтілік болады.

- Адамның қылық-әрекеті ұзақ мерзімді мақсаттары да, өмір стилі де өмір барысында жағдайлардың талаптарына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, бұл өмір стилі салыстырмалы түрде өмір барысында бір қалыпта болады, ал пікір психотерапияның әсерінен өзгеруі мүмкін. Мұндағы психотерапия жалпы кабинеттен тыс жағдайларды да айтуға болады, өйткені өмірдің өзі көп жағдайда психотерапевтік болатынын факт ретінде ескеруіміз керек.

- Адлердің концепциясына сәйкес адамды итермелейтін себептер емес, яғни анықтайтын тұқым қуалаушылықта, қоршаған ортада емес.Адлер өздері таңдаған мақсаттарына қарай әрекет етеді, ал бұл мақсаттар арқылы олар бұл өмірде өз орын табады, оларға қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және өз-өзін құрметтеу сезімін сақтайды. Өмір динамикалық талпыныс болып табылады. Адам жанының өмірі – бұл «тіршілік ету» емес «қалыптасу» болып табылады.

-Адам тіршілігінің басты талпыныстары әр түрлі сипатталған: аяқталғандылық, басымдылық, даралық, өз-өзін дамыту, өз-өзін маңызды ету, компоненттілік, билік. Мұнда бастысы талпыныс бағыты, ол үлкен маңызға ие. Егер талпыныс тұлғаның мерейін жоғарлатуға бағытталған болса, онда Адлер оларды әлеуметтік пайдасыз, кейбір жағдайларда психологиялық мәселелердің көрінісі ретінде қарастырда. Басқа жақтан қарастырсақ, егер талпыныстар өмір қиындықтарын шешуге бағытталған болса, онда индивид өз-өзін дамытуға, достық қарым-қатынастарды жақсартуға, әлемді өмір сүрудің ең жақсы жеріне айналдыруға талпынады.

-Өмір барысында индивид альтернативалармен соқтығысады. Адлердің ізбасарлары детерменистер болмағандықтан немесе детерменизмге үлкен мән бермегендіктен олардың пікірі бойынша, адам өз күшімен шығармашылықты, таңдаулы шешім қабылдай алатынына және де өзі қалайтын жеткісі келетін мақсаттарды таңдауға қабілетті. Ол пайдалы қоғамға өз септігін тигізетін мақсаттарды таңдауы мүмкін немесе керісінше өмірдің пайдасыз жағына бағыттауы мүмкін.Ол мақсатқа бағытталған болуы мүмкін немесе невратиктер тәріздес, тек өзін ғана, өзінің басымдылығы жайлы ойлап, өзінің жеке маңыздылық сезімін жамандық қорғауы да мүмкін.

-Таңдау еркі ұғымы психологияға құндылықтар және мағына ұғымдарын енгізеді. Бірақ адлериандықтар үшін ең маңызды мағынаға ие. «Әлеуметтік қызығушылық» термині. Адлердің айтуынша «әлеуметтік қызығушылық» бұл адамның туа біткен (немесе тым болмағанда жүре пайда болған потенционалды болып табылады) қасиеті, сонда да бұл критерийді қабылдау міндетті емес. Адлер басқалармен бірге тіршілік ету мен өзара әрекет етуге қабілетті. Ауыр психопаталогияның өзінде де әлеуметтік қызығушылықтың толық жойылуы болмайды.

- Невротиктің сезімдері мына пікірден шығады, өмір мен адамдар қарсылас, ал ол болса өзін кем, қалыпты адам емес сезінеді. Нәтижесінде ол мәселені тура шешуден қашқалақтайды, тұлғалық басымдылыққа оның өзіндік бағалауын қорғайтын құралдар арқылы жетуге тырысады: тым жоғары компенсациялық маска кию, бас тарту жолдары, нәтижесі нақты сәтті болатын тапсырмаларға ғана кірісу.

-Адлердің ізбасарларын процесстің өзі көп қызықтырғандықтан, диагностикалық терминологияға аз көңіл бөлінеді. Дифференциалды диагноз бен функционалды және органикалық бұзылулардың арасында көп, жағдайда мәселелер пайда болады. Кез келген қылық- әрекет мақсатқа бағытталған болғандықтан, психогендік белгіде психологиялық мақсаты болады, ал органикалық белгіде – саматикалық мақсат.

- Өмір біздің алдымызға өмірлік мәселелерді қояды. Адлер оның үшеуін атап көрсетті және басқалары жайлы да түсінуге және өзін ұғындыруға қабілетсіз. Соңында ол сол ортаның тілін, қылық-әрекетін меңермегенше ол бұл жердегі өз жолын таба алмайтынын түсінеді.Ата-ана, аға-апайлары, құрдастары, қоғам институттары, мәдениет оған әсер етеді, оның әлеуметтенуіне көмектеседі. Одан күтілетіннің барлығын меңгермейінше, ол салыстырмалы түрде әлсіз, компитенсіз, пайдасыз болады. Өзін қоршаған ортасын бақылап, бағалап ол өзіне өзінің құндылықтарына, өзінің қоршаған ортасына, одан не талап етілетініне, «бұл жаңа әлемде азаматтық қалай алуға болатынына» байланысты әр түрлі ой қорытындыларға келеді.

Бақылау, зерттеу, байқап көру және қателесу, қоршаған ортадан қайтымды байланыс алу арқылы немесе жақсы, не жаман, қандай көз өарасқа ие болатынын, қандай жолмен ол маңыздылыққа ие бола алатынын зерттейді. Бала жанұя әсерінің пассивті мұрагері болып табылмайды, ол тек қабылдап, бағалап қана қоймайды, ол өзінің қоршаған ортасын өзгертуіне белсенді және шығармашылық түрде қатысады; өзінің аға-апайларын «тәрбиелеуде», өзінің ата-анасын «жоғарлатуда». Ол үлкен мәні бар дауысқа ие бір тұтастың бөлігі болғысы келеді. Әр бала маңызды болғысы келеді, бұл биологиялық, жүре пайда болған қабілеттерге байланысты емес. Бала өзіне танымдық карта, өмір стилін жасайды, бұл оған «кіп-кішкентайға» «үлкен» әлемді тануға көмектеседі.

Мосак өмір сүру стилі туралы пікірді 4 топқа бөлген:


  1. Мен-концепциясы – бұл мен кеммін, өзінде бар өзі туралы пікірлер.

  2. Мен – идеал (Адлер бұл неологизмді 1912 жылы шығарған) - өз орнымды табу үшін мен қандай болуым керек, маған қандай болу қажет пікірлер

  3. «Әлем суреті» - мен болып табылмайтын (әлем, адамдар, табиғат т.с.с) және менен әлемнің не талап ететіні

  4. Этикалық пікірлер – «дұрыс-дұрыс емес» жеке заңдар жинағы

Егер мен және мен-идеал арасында сәйкессіздік болса (мен аласамын, мен ұзын болуым керек) бұдан өзін кем сезіну сезімі пайда болады. Сол сияқты мен және «әлем суреті» сәйкес келмесе: «мен әлсізбін, ал өмір қателерге толы» .Мұндай кем сезіну сезімдерінің алуан түрлілігі өз-өзінен «қалыпты еңбек» жағдайда болып табылмайды. Адлердің мына бақылауына қарсы шығу қиын, өмір – бұл кемшілік сезімін сезіну деген сенімнің жоғалуы кем сезінушілік комплексі деп атар еді.

Өмір стилі – құрал болып табылғанмен, ол көбінесе санасыз болады. Өмір стилінде қылық-әрекеттік емес танымдық ұйымдасуы басым. Мысалға мына пікірді алайық: «Маған қозудың басым болуы керек актер немесе автожарысушы болу үшін». Бір өмір стилінде адам өзін пайдалы немесе пайдасыз әрекет етуі мүмкін. Адлериандықтардың айтуынша, психотерапияның мақсаты өмір стилін өзгерту, ал кеңес берушінің мақсаты қалыптасқан өмір стиліндегі қылық-әрекетті өзгерту болып табылады. Махаббатта басқа эмоциялар тәрізді танымдық негізі бар. Адамдар эмоциялардың, құмарлықтардың құрбаны емес. Адамдар эмоцияларды өздері жасайды, өздерінің мақсаттарына жету үшін біз басқа адамдармен жақындасқымыз келген кезде, байланыстыратын махаббат сезімін жасаймыз.

Психологиялық дені сау немесе қалыпты индивидум – бұл өзінде әлеуметтік қызығушылығын дамытқан, өзін өмірге және өмірлік тапсырмаларға арнаған. Ол өзінің энергиясын өмір қиындықтарымен жеңуге, өз-өзіне сенімділікпен, оптимистілікпен қоғам мүшесі болуға бағыттайды. Ол біледі кемшіліктері бар болса да, басқалар оны керек етеді, қабылдайды. Біріншіден оның мәдениеті деп аталатын жалған құндылықтардан бас тартады, оның орнына «әлеуметтік өмірдің логикасына» сай құндылықтарды таңдайды. Мұндай тұлға болмайды және психотерапия ондай жасамайды. Бұл тек Адлер жасаған идеалы, бірақ психотерапия арқылы осыған біраз болсын жақындай аламыз. Бірақ көптеген адамдар психотерапияның көмегінсіз-ақ бұған жете алады.

Терапия мақсаты пациенттің әлеуметтік қатынасты дамыту болып табылады. Бұған жету үшін терапияға жалған әлеуметтік құндылықтарды өзгерту де кіреді. Пациент қайта үйренуден өтеді, өзінің өмір стилін, өмірлік мақсаттарына қарым-қатынасын өзгерту. Онда ескі жолмен жүру немесе басқа бағытта жылжудың таңдау құқысы болады. «Кез келген жағдайда клиентте толықтай еркін таңдау құқысы болуы керек. Ол өзгеріс жаққа жылжуы мүмкін немесе одан бас тартуы мүмкін, бұл өз еркі». (Adler 1956) Ол өзіне деген қызығушылығы арасындағы таңдау жасауы мүмкін. Бұл үйрету процессі келесідей мақсаттарды көздейді.

1) Әлеуметтік қызығудың стимулдау (жоғарылату)

2) Кем сезіну сезімін төмендету, жабырқаулықты кетіру. Өзінің ресурстарын ұғыну мен оларды қолдану

3) Тұлғаның өмір стилін өзгерту

4) Қате мотивацияларды өзгерту

5) Индивидтің әріптестер мен құрбылар арасында өзін қатарлас сезінуіне көмектесу

6) Ортақ іске өз үлесін қосатын адам болып қалыпасуына көмектесу

7) Егер «студент» бұл үйретулердің мақсатына жетсе, онда ол өзін қоғамға жататындығын, өзін басқалармен қабылданғанын сезінеді. Ол өзін-өзі қалай қабылдады басқалар да оны солай қабылдайды деп ойлайды.Белгілер кетеді және ол өзін сенімді, жігерлі, оптимистті, жақсы сезінеді.

Адлер бойынша психотерапиялық процесстің 4 мақсаты болады:

1) Қарым-қатынас – «жақсы» қарым-қатынастарды жасау және ұстап тұру

2) Талдау – пациенттің динамикасын, өмір стилін, мақсаттарын ашу және де олардың оның өміріне қалай әсер ететінін көрсету.

3) Алынған мәліметтерді интерпритациялау соның ішінде түс көруді оның кульминациясы инсайт болып табылады.

4) Жаңадан бағдарлану



Қарым – қатынас. «Жақсы» терапевтік қарым-қатынас – бұл тең қатарластардың арасындағы достық қарым-қатынас. Терапевт – адлериандық пен пациент бетпе-бет, орындықтары бір деңгейде орналасқан орындықтарда отыр, араларында үстем жоқ, өйткені бұл кедергілерді тудырады. Емделудің бастапқы кезеңінен пациенттің пассивті болмауы керек. Өйткені пациент терапевт белсенді роль атқарады. Терапия әріптестікті талап етеді, ал бұл ақылдасып қойылған мақсаттар болу керек деген сөз. Егер мақсаттар әр түрлі болса онда терапия орнынан қозғалмайды. Мысалы: пациент терапия керек емес деп ойлайды, ал терапевт керісінше терапия керек деп есептейді. Сондықтан алғашқы интервью кезінде тым болмағанда уақытша ортақ мақсаттарды қарастырып өту керек. Пациент терапевті жеңуді, оны өзінің қажеттіліктеріне бағындыруды қалауы мүмкін. Мұндай қақпандардан аулақ болу, бұл терапияның мақсаты болу керек. Пациент өзінің өмір стилін білдірткен кезде терапевтен басқалардан көрген реакцияларды тосады. Осыған байланысты онда терапевт оны дұрыс ұқпай тұр, оны дұрыс емдемей жатыр т.с.с. ойлар болуы мүмкін. Сондықтан терапевт байқатпау, растамау керек. Адлериандықтар бұны «белгілер» деп атайды, ал Эрик Берн «ойындар» деп атайды.

Анализ.Пациенттің динамикасын зерттеу екі бөлікке бөлінген. Терапевт алдымен пациенттің өмір ситлін, содан кейін бұл өмір стилінің пациенттің өмірлік мақсаттарын жүзеге асыруға қандай әсер ететінін түсінуге тырысады. Барлық мәселелер өмір стилінен байланысты пайда болмайды. Көптеген адекватті өмір стилі барлық пациенттерде қиын жағдайға түскенде, олар өз күшімен шеше алмаған кезде мәселе немесе оның белгілері пайда болады.

Өмір стилін зерттеу.Оның өмір стилі қалыптасуына негіз болған пікірлердің қалыптасу шарттарын, яғни жанұя жағдайларын зерттеу; бала жанұяда қандай орын алғандығы жанұяда, мектепте, құрбы-құрдастар арасында өз орнын табу үшін қандай өмір жолынан өтті.

Келесі диагностика пациенттің ертеде есінде қалған естеліктерді интерпритациялау. Бұл естеліктер айқын емес, тіпті ойдан шығарылған болуы мүмкін. Ерте естеліктерді түсіну – бұл пациенттің өмірбаянын ұғу, өйткені пациент өзінің «өмір стиліне» сай. Өйткені оқиғаларды таңдап еске түсіреді.

Ерте естеліктердің жинағы – пациенттің өмірбаяны – пациенттің «базистік қателіктерінің» пайда болуын анықтауға көмектеседі. Өмір стилі – жеке мифология тәріздес. Тұлға өзін мифтер шынайы болғандай әрекет етеді, өйткені оларға солай көрінеді. Мысалы, гректер Зевстің Олимптетұрады деп сенген және бұл шын болғандай әрекет ететін. Сонымен Зевс ойдан шығарылған, ал Олмип шынайы бар тау, мұндағы Зевс жалғандық, ал Олимп шындық. Сонда мифте «шындық» немесе «жартылай шындық» бар. Осылайша біз шындық пен мифті шатастырамыз, бұл базистік қателік болып табылады. Базистік қателіктер келесідей топтастырылуы мүмкін.

1) Тым жалпыланған: «Адамдар қарсы», «өмір қауіпті»

2) жалған немесе жету мүмкін емес: «Тағы да бір қате қадам жасалса, сен-өліксің», «Мен бәріне ұнамды болуым керек»

3) Өмірді және оның талаптарын қате қабылдау: «Өмір мған ешқандай демалуға үзіліс бермейді» немесе «Өмір сүру сондай ауыр»

4) Өзінің қабілеттерін кішірейту немесе жоққа шығару: «мен ақмақпын», «мен оған сай емеспін», немесе «мен құр ғана үй шаруасының адамымын».

5) Жалған құндылықтар: «бірінші болу керек, басқаларды мыжып өту керек болса да»

Сонымен қатар, терапевті пациент өзінің басымдылықтарын, қабілеттерін қалай қабылдайтыны қызықтырады. Түс көру.Фрейд бойынша ескі проблемалардың шешеуі қайта көру болып табылса, Адлер түс көруді проблеманы шешу болашаққа бағытталған деп есептеді. Адлериандықтар бойынща, егер біз ісімізді кейінге қалдырғымыз келсе, онда түсімізді ұмытпаймыз. Егер біз өзімізді өзіміз бір істен бас тартуды мәжбүрлесек, онда біз өзімізді жаман түстермен қорқытамыз. Түс көру емдеуде үлкен рөл атқарады, олар проблеманы алып шығады, пациенттің іс-әрекетінің бағытын көрсетеді.

Жаңадан бағдарлану. Жаңадан бағдарлану пациенті ақырын немесе белсенді түрде сендіру арқылы басталады, бұл оған жақсы болады деп түсіндіріп пациенттің қазіргі жағдайы оған «қауіпсіздік» береді, бірақ бақыт әкелмейді. Оған тәуекелге бару ұсынылады, «қауіпсіздіктің» бір бөлігін үлкен бақыт үшін, өз-өзін тәуекел еткісі келе ме? Бұл өте қиын жағдай

Инсайт. Аналитикалық психотерапевтер инсайтда көбінесе басты мағына береді, «базистік өзгерістер» онсыз жүрмейді. Қылық-әрекет өзгерісінің алдында инсайт болу керек деген ұғым қате, бұл көп жағдайда емделудің тым ұзаққа саозылуына әкеледі немесе жағдайды ушықтырып жібереді.

Интерпритация. Терапевт – адлериандық инсайтпен бірге әрекет етеді. Интерпритация көмегі арқылы ол түс көруді, қиялды, қылық - әрекетті, белгілерді, пациенттің терапветпен және басқа адамдармен трансакциясын интерпритациялайды. Интерпритация кезінде ол себепке емес мақсатқа, сипатына емес әрекетіне, қолданылуына емес қолдануына ерекше назар аудартады. Интерпритация – бұл терапевт пациенттің алдына ұстап тұрған айна, пациент өзін, өзінің өмірін қиындықтарды қалай жеңуде екенін көре алу үшін. Терапевт адлериандық пациент нәзік, әлсіз деп есептейді.

Басқа да вербалды техникалар. Адлериандықтар пациентті «ауру» емес, өз-өзіне сенімін жоғалтқан адам ретінде қабылдайды. Сондықтан олар пациенттің өз-өзіне сенімділігін жоғарлатады, «жақсылықты» ерекшелеп, ал негативтілікті кішірейтіп көрсетеді. Пациенттің үмітін қолдайды – бұның барлығы пациенттің үмітін қолдайды – бұның барлығы жағымды әсер етеді. Ол жүріп келе жатқанда сүрініп құласа, ештеңе етпейтінін, қорқынышты емес, ол қайта тұрып, жүре алатынын түсінеді. Терапия сонымен қатар пациенттің әрекеттік құндылықтарға әсер етеді, осылайша өмірге көзқарасты өзгертеді және оған жаңа бір мағына береді. Травмалық тәжірибені анықтау. Травма бастапқы кезінде мақсаттарға, күтулерге сенімдерге көп көңіл бөледі. Бұл жақсы нәтижеге әкелетініне проблеманы шешу, өзгерістерді жасау тек оған байланысты жауапкершлігін түсіндіреді.


9 Дәріс

жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау