ПОӘК 042-14.05.01.20.33/03-2012
|
Баспа № 3 26.02.2010ж. орнына №4 ----------------------
|
беттің -сі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-14.05.01.20.33/03-2012
|
«Психотерапия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
Баспа №3
26.02.2010 орнына №4 --------------------
|
«Психотерапия»
ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
050503 «Психология» мамандықтарына
Семей 2012
Алғысөз
ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К.
Хаттама № 1 “______” ____09______ 2012ж
2.ҚАРАЛДЫ
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында
Хаттама №______”__»________ 2012 жыл
Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С
2.2.ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №______”__»________ 2012 жыл
Төрағасы _______Г.Григорьева
3.БЕКІТІЛДІ
3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №______”__»________ 2012жыл
Оқу ісі жөніндегі проректор__________ Б.Рскелдиев
Мазмұны:
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық және лабораториялық сабақтар
Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
Студенттің өздік жұмысы
1. Глоссарий – түсініктемелер.
Психотерапия – жанды емдеу «1872ж. Д.Тьюктың «Иллюстрация» влияние разума на тело» - кітабында енізіліп, 19 ғасырдың аяғынан қолдана бастады;
раппорт – «кезекші нүктелер» ұйықтамаған жағдайда дәрігер мен ауру адам арасындағы қарым – қатынас (көпір);
гипноз – ми қыртысындағы клеткаларда болатын тежез прцесіне негізделген жармы – жартылай ұйқы.
гипнопедия – табиғи ұйқы кезінде оқыту.
катарзис – тазалану (Аристотельдің темині).
психоталдау – катарзис әдісіне сүйене отырып Фрейд жасаған, артынан «санасыздық» туралы ойды дамытып құрады.
«Мәдениетті психоталдау», «психодрама» - психоталдаудың өзгертілген түрлері.
өзін - өзі жаттықтыру – неміс психотерапевті Генрих Шульц 1932 жылы ұсынған.
Гипноз, аутогендік жаттығу, сендіру мен өзін - өзі сндру – клиникалық бағдарлы психотерапияның әдістері.
магнитизм – магниттің құпия күшін емдеу ісіне пайдаланған әдіс XVV ғасырда Парацельс, Ф.Месмер қолданған.
суггестия – сендіру, өзін - өзі сендіру әдісі
аутогенді жаттықтыру - өзін - өзі жаттықтыру.
логотерапия – сөзбен емдеу, негізін салушы Ф.Франкл.
трансактілі анализ – Эрик Берннің топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдісі.
гештальттерапия – негізін салушы Ф. Перлз, «форма теориясы» - адамның өзін - өзі танып білуіне, өзіне - өзі көмектесуіне, өзін қабылдауына қабылданылады.
нейролингвистикалық бағдаурлау – психотерапияда кең қолданылатын әдіс.
аффект – «жан толқуы» - деген латын сөзі, адамның психикалық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйдің айқын көрінісі.
астения – грек сөзі «әлсіз» деген мағына.
рефлексия – латынша «бейнелеу», адам санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жан – күйін тануға бағытталуы.
ременисценция – «еске түсіру»
стресс – «шамадан тыс зорлану» деген мағынанны білдіреді.
патоенез – бұзушы, кемістік туғызушы.
саногендік тенденция – қлыпқа келтіруші
бивербальдық қарым – қатынас – ойымызда тек сөйлеп, не жазу арқылы ғана емес, өзге де жолдармен жеткізу, мысалы: бет - әлпетімізбен, жүріс – тұрыс қимылымызбен.
конформизм – адамның өзі қосылған топтың ықпалынан жүріс – тұрысын, бағалы құндылықтарын өзгерту тенденциялары.
симмуляция – қандай да бір әрекетті еліктеу арқылы жаңғырту.
сугестия – адам санасында қандай да бір әрекеттер мен кейбір көріністерді тудыру арқылы белігілі бір жағдайдға түрткі болу мақсатында орындалатын эмоциялық бояуға қанық вербальды және бивербальды үрдіс.
таксономия – жіктеу жүйесі .
трансформация – бір нәресінің қалпының өзгеруі.
фрустрация – маңызды мақсаттар мен қажеттіліктерді қанағаттандыру жолында тосқауылдарға (шынайы немесе қиялдан)құралған кезіккен адамда болатын қорқыныш, торығу, қысылудың психикалық қалпы.
фасилитация – ықпалдасу, бір нәрсені жүзеге асыруға көмектесетін үрдіс.
эгограмма – «эго» қалпын сипаттайтын интуитивті тәсіл, негізін салуына Джек Дюсей
рекалибровка – «байланыстырушы стратегия» терапиялық метафорада, қайталанып отыратын жағдайларда қолданылады.
Сенсибилизация – ішкі психикалық факторлардың әсерінен анализаторлар сезімталдығының жоғарлауы
десенсибилизация – жүйелеу әдістері мен адекватсыз сезімдердің әлсіреуі
«шин – кей – шит - цу» - адамның эгоцентрлік келбеті, адамның өмірлік үлкен күштерінің интеллектілік ағымдары мен үйлесілімділігі
иммерциондық әдістер – қорқыныштарды коррекциялауға арналған
имплазиялар – қорқыныш қиялдарын тудыру, қарқынды үрей мен қорқыныш қиялдарын тудыру арқылы нақтылы өмірдегі қорқыныш сезімдерін азайту
«жетондық жүйе» - негізін салушы Б. Скиннер, «модельге» сүйене отырып келісу
«холдинг» - эмоциялық бұзылулардың кең тараған түрлерін коррекциялауда қолданылады
«имаго» - «образ - бейне» - мағынасында, коррекциялық мақсатта клиенттің арнайы бейнелер комплексін жандандыра алуға жаттықтыру әдісі
2. Дәріс материалдары.
№1 Дәріс
Тақырыбы: Психотерапия пәні мен міндеттері
Сұрақтары:
1. Психотерапия туралы түсінік.
2. Ғылым ретінде қалыптасып дамуы.
3. Ғылыми – зерттеу әдістері.
Психотерапия – грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген мағынаны білдіреді. «Психотерапия» - термині 1872 жылы Д.Тьюктың «иллюстарция»влияние разума на тело» - кітабында енгізіліп, 19 – ғасырдың аяғынан кең қолдана бастады. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады. Психотерапияның негізі – логопедия (сөзбен әсер ету). Бұл арада К.С. Станиславскидің «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірімен астасып жатыр. Көп жағдайда психотерапия медициналық ұғым ретінде қабылданады. Медициналық әдебиеттерде және медицинамен аралас ғылыми салаларда психотерапия науқас адамның ағзасына психика арқылы емдік әсер ету ретінде қарастырылады. Психотерапия емдік әдіс ретінде әдістері педагогика, әлеуметтену, физиология, медицина, психология, т.б. ғылымдармен негізделеді. Психотерапия клиникалық мекемелерден тыс жерлерде де орын алуда, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде: жанұялық, әлеуметтік – психикалық көмек беру кабинеттерінде, сенім телефондарында, т.б. жерлерде.
Психотерапияның адам жан дүниесіне әсер етуі жөнінде төрт негізгі моделі бар:
психотерапияның емдеу әдісі ретінде медициналық моделі;
психотерапияны үйрету үрдісі ретінде психологиялық моделі;
психотерапия манипуляция ретінде қоғамды бақылап отыру мақсатындағы әлеуметтік моделі;
психотерапия адамдармен өзара әрекеттес құбылыс кешені ретінде философиялық моделі.
Психотерапияны тәжірибеде қолданылатын және өзінің нәтижелілігін дәлелдеген бірқатар әдістер жүйесі деп түсінеміз. Психотерапияның тиімділігі мен психосоматикалық медицинаның кең танымалдылығы психотерапия мен медицинаның байланыс тенденциясын құрайды. Күнделікті тұрмыста психотерапия деп адамның жан дүниесіндегі күрделі жағдайларды қалыпқа келтіру барысында байқалған әсерлерді айтамыз. Бұл әсерлер релаксациялаушы (босаңсыту) және психотерапияның көмекші әдістерінің бірін құрайтын суггестивті әдістің ықпалдарынан пайда болады. Психотерапия үрдісі үш кезеңнен тұрады:
алдын – ала дайындық кезеңі;
психотерапияны жүргізу кезеңі;
адамдар мен кері байланысты жүзеге асыру кезеңі.
Неміс ғалымдары М. Перре мен У. Бауманн психотерапияны құрылымы әртүрлі және әрбіреуіне белгілі бір мақсаттары мен құрылымдары сәйкес келетін бөлек–бөлек кезеңдерден (фазалардан) тұратын үрдіс деп көрсеткен. Психотерапия үрдісінің фазаларына жататындар: терапиялық қарым–қатынасты орнатуды көрсету мен мақсаттарды түсіндіру, терапиялық шараларды қолдануды үйрету және көрсету, терапияның басталуы мен аяқталуын дұрыс бағалау. Әрбір фазаның өзіне сәйкес мақсаттары бар:
-қарым–қатынасты орнатуды көрсету фазасының мақсаттары:
диагноз қою;
психотерапиялық әдістерді таңдау;
қажетті жағдайда медициналық тексеруден өткізу;
ақпаратталған келісім.
-терапиялық шараларды қолдануды үйрету және көрсету мыналарға бағытталған:
рөлдік құрылымдау;
жағымды өзгерістерді қалыптастыру;
қажетті жағдайда этиологиясын (себептерін) түсіндіру.
-терапиялық жаттығуларды жасап көрсету фазасының мақсаттары:
қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеру;
әрекет – қылық мотивтеріне талдау жасау;
«мен» образын қайта құрылымдау.
Психотерапия үрдісінің ақырғы фазасының мақсаттары: мақсатқа жетудің психодиагностикасы; нәтижеге жетуге кепілдік беру.
Барлық жоғарыда көрсетілген мақсаттар түрлі жолдармен жүзеге асырылады:
интервью алу, анамнез (психикалық жағдайлар жайлы мәліметтер) толтыру;
тұлғалық және клиникалық тестілерді жүргізу;
эмпатияның (жағымды күйдің) көрінуі;
«ойын шарттарын» түсіндіру;
терапиялық байланыс орнату;
психотерапиялық әртүрлі техникаларды қолдану;
терапияның өткізілуін үздіксіз бақылау мен бағалау;
сеанстар санын диагностикалау мен қысқарту.
Психотерапия – тәжірибеде меңгерілген манипулятивті техникалар жиынтығы ғана емес, ол әрбір жағдайға психологтың тиімді шешімін дербес қолдануы, ғылым мен өнер арасында орнайтын шығармашылық үрдіс. Терапияның аяқталуы кезеңінде кері байланысты орнатудың міндеттілігі психотерапевттің жауапкершілігін арттырып, кәсіби сенімділіктің жоғарылауына жағдай туғызады.
Психотерапия психикалық жағдайларға кірісудің басқа да стратегиялық жолдарымен тығыз байланысты. Құрамына психиатр, әлеуметтік қауіпсіздік саласының маманы, біліммен қаруланған психолог пен психотерапевт кіретін ұжым жұмыс істеген жағдайда ғана психикалық саулық қызметі ұйымдастырылуының идеалды үлгісі қалыптасады.
Адамды қарастыруда бірін–бірі өзара анықтап, толықтырып отыратын үш әлем мен үш тәсілдің маңызы ерекше:
тәндік – табиғи әлем;
психикалық әлем;
рухани әлем.
Тәндік – табиғи әлем жаратылыстану – ғылыми тәсілдер арқылы зерттелінсе, психикалық әлем – психологиялық әдістер арқылы, рухани әлем – рухани – ғылыми тәсілдер көмегімен қарастырылады. Психотерапия аталған үш әлемнің әрқайсысына әсер ете отырып, әрбіреуіне қажетті сәйкес тәсілдерін пайдаланады. Психотерапияның векторы – адамның психикасы мен тәнін психикалық әлем арқылы емдеу. Шарттарға сәйкес маманның алдына қойылған міндеттеріне байланысты психотерапиялық барлық әдіс тәсілдерді мынандай типтерге бөлеміз:
релаксациялық – адамның психикасын салыстырмалы түрде тепе – теңдік қалыпқа әкелуші;
нақты мақсатқа бағдарланған – белгілі симптомды (себеп–салдарды) қалыпқа келтіруге бағытталған;
тұлғаға бағдарланған – жеке тұлғаның терең өзгерістеріне бағытталған.
Психотерапияның бағдарлы тәсілдері өзара тәуелсіздігіне қарамастан принциптер мен ойлардан бастау алады. Философиялық ойлар психологиялық мектептер мен психотерапиялық әдістердің пайда болуының алғышарттары бола тұра, психотерапияның гуманитарлық бағытталғандығын анықтайды. Сондықтан да психотерапиялық шараларды қолданатын психолог маман табиғи–ғылыми білімнен емес, гуманитарлық білімнен бастау алуы керек. Психотерапиялық жұмыстың мақсатына белгілі бір нәрсені (симптомды, білімді, диагнозды, жағдайды, емдеу тәсілін және т.б.) тек тіркеу ғана емес, жеке тұлғаның өзін–өзі және өзінің өмірлік жолын тануына әкелуші қабілеттерге ие болуына көмектесу жатады. Науқас адамның анамнезі ішкі анамнезбен – индивидтің өзіндік санасының қалыптасу тарихына жататын оқиғаларды бекітуімен толықтырылады.
«Сыртқы» биографияны тану анамнезі мен «ішкі» биографияны тану анамнезі арасында бірқатар маңызды айырмашылықтар бар:
біріншісіне жету оңай, оған ешбір күш салусыз қол жеткізуге болады, өзіндік шыңдалуды талап етпейді;
екіншісіне жету неғұрлым қиынырақ, көп уақытты және зерттеуші санасының жаңа деңгейіне жетуді талап етеді;
біріншісі ғылыми критерийге жақынырақ болса, екіншісі шындық пен өмірге жақын;
біріншісі жүйелеуге келтіріледі, екіншісі жүйеленбейді;
біріншісі симптом мен диагнозды анықтауға, екіншісі – тұлғаның қайта құрылуына бағытталған;
біріншісі психикалықтың барлық жалпы заңдарын тұлғалық және жағдаяттық факторларының жиынтығын орнатуға бағытталса, екіншісі мәселе қалыптасуының дербес шарттары мен рухани дүние өзгерістерінің белгілерін анықтауға бағытталған.
Ю.В.Каннабих «Психотерапия дегеніміз – ауруларды емдеуге психикалық әдістерді жоспарлы түрде қолдану» дейді. Психотерапияда ауруға себепші болатын психикалық әсерлер аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы, жүйелі және біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған адаммен күнделікті жұмысы – психотерапия. Оған дәрігер диагноз туралы ойы, сырқат адамға дертін түсіндіруі, жазылған рецепті берердегі жігерлендіру сөздері т.б. жатады
Психотерапияның бұл күндері кең мағынада қолданылуы туралы Страсбург қаласында Европа психотерапевтер ассоцияциясының 1990 жылы қабылданған Декларациясында көрсетілген. Аталған декларацияда психотерапия «көңіл – күйдің жалпы гармониясы» - на бағытталған және төмендегі міәндеттерді қамтиды:
психотерапия гуманитарлық ғылым саласы ретінде мамандықтарды еркін қолданылады;
психотерапия білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық дайындықты талап етеді.
психотерапия әдістердің көптеген түрлері қолданылады.
Психотерапия дегеніміз – ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негіздлген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі – сөзбен әсер ету. Бірақ психотерапияда сөзден де басқа көптеген факторлар қолданылады. Жалпы және арнайы психотерапия болады. Психотерапияның көптеген әсерлерін барлық маман дәрігерлер қолдануы керек. Психотерапияның кейбір арнайы түрлерін (гипноз, өзін - өзі жаттықтыру) тәжірибелі, бұл саланың арнайы тәселдерін игерген психотерапевтер жүргізуі керек.
Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия), оларға күн сәулесі де, есік пен желдеткішті ашып – жабуда, оларғакүн сәулесі де, әтірдің иісі де тез әсер етеді. Ауру адам сыпайылығын сақатап осыларды кейде айтпауы мүмкін. Ал мұны дәрігер түсінуі керек.
Ауру адамдарды қарау, процедуралар мен белгілеулердің орындалуында адамдардың табиғи ұялшақтығын ескеру керек. Сондықтан айтылған ерекшеліктерді естен шығармау қажет. Аурухана жағдайында мейіркештер дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқаша болған жағдайда, ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл күйі төмендеп, жүйке жүйесі зақымданады. Қорғау режимін сақтауда қызметкерлердің өзара қарым – қатынасы үлкен рөл атқарады. Лауазымы жоғары тұрған қызметкерлер басқаларға ауру адамның көзінше даусын көтеріп сөйлемегені, ескерту жасамағаны дұрыс.
№ 2 Дәріс
Тақырыбы: Ауру және адам
Сұрақтары: 1. Ауру туралы сипаттама
2. Психикалық және соматикалық аурулар
3. Ауруды тудыратын себептер
4. Этимиология және патогенез
Мұнда қорғау режимі операциядан бұрын, операция кезінде және операциядан соң іске асырылады. Ауру адамға операция жасау қажет болған жағдайда отбасылардың абыржуы, аурузананың ерекше жағадайы және басқа себептер (үрей, қорқу, мазасыздану) сияқтылар ішкі қобалжуларды тудырады. Американ дәрігерлер қауымдастығының мәліметі бойынша, жылан шақққаннан кейін өлгендердің көбіудың әсерінен емес, қорыққанынан болғанын айтады. Оперцияға дайындау кезінде және ауру адамның палатада болған жағдайында қорғау әрекеттері жасалуға тиіс. Операция жасайтын бөлмелерде қан іздері (қан мүшелер) болмауы керек. Белгілі бір мүшесі жансыздандырылған операция кезінде де байқап сөйлеген дұрыс.
Операциядан кейін адамды қалайда сауығатынына сендіру керек. Бұл ауру адамның көңіл күйіне, сергектігіне байланысты. Напалеон армиясының хирургі Ларрет «жеңген армияда жаралар жылдам жазылады» деп жазады. 1941 – 1945 жылдардағы хирургиялық жылнамаларда жау қолындағыдан гөрі тылда қалған жаралыллардың жылдам жазылғаны туралы айтылған.
Акушерлік және гинекология клиникасында босанатын әйел организмінде күрделі эндокриндік өзгеріс болып, ішкі мүшелері жұмысының өзгеруіне байланысты оның психикасы да өзгереді. Ананың бұл кезде дүниеге келетін сәби туралы ойлайтыны кімге болса да түсінікті. Ол іштей мазасызданады. Босану кезінде қатты қиналады. Жүктілікті үзу кезінде не гинекологиялық рперация кезінде әйелдерде ұнамды эмоция пайда болмайды. Егер жүктілікті ұзу отбасылық жағдайға байланысты болса (ері болмаса), онда гинекологиялық оперция қолайсыздыққа ұшыратады (келешекте бала тұмау). Босану ме гинекологиялық бөлімге түскен әйелдің қатты қайғырып, мұңаюы оның жүйке – психологиялық жағдайларына әсер етпей қоймайды. Сондықтан күтушілерден бастап дәрігерлерге шейін қорғау режимін сақтауы, ауру адаммен қалайда тіл табысып, сөйлесуге тырысуы керек. Адамгершілік жөніндегі мәселелер, олардың шешілуі адмның отбасылық жағдайына, жеке басының ерекшелігіне және басқа себептерге байланысты айтылуы тиіс.
Жұқпалы, мерез және психикалық аурулармен ауырған адамдарға дәрігер ерекше жағдайларға байланысты қорғау режимін сақтауы керек. Кейбір аурулармен ауырған адам ауруханаға жатқызылып, міндетті түрде емделуге тиіс. Бұл емдеу шараларындағы алғашқы қадам ғана. Ауруханада мұндай аурумен ауырған адамдарға қызметкерлер жылы жүзбен қарап, барлық жағдайды жасауы қажет. Жалпы емдеу – қорғау шараларын іске асыруда дәрігердің алатын орны ерекше.
Жалпы психотерапиядан басқа арнайы психотерапия бар. Мұнда психотерапевт дәрігерлер ауру адамның психикасына тікелей әсер етеді. Психотерапияныңбір түрі гипнотерапия мен өзін - өзі жаттықтыруға байланысты. Бұған ұйықтамаған кездегі сезім тұғызу, сендіру және көңілді бөлу әдістері жатады. Рационалдық психотарепия практикада кең таралған. Аранайы психотерапияның барлық түрлері ең алдымен психогенді ауруларға қолданылады. Аурулардыңң бұл тобына нейроздар жатады. Бұл жағдайда психотерапевт дәрігердің мақсаты – ауру адамға аурудың себептерін, оның даму жолдарын түсіндірудің, осындай ауруларды емдеуге терапиялық әсерлерден (транквилизаторлар, физиоемдеу т.б.) басқа түсіндірудің мәні зор. Рационалдық психотерапияны психотерапевтер қолданады, бірақ бұл терапияның жеке элементтерін кез келген дәрігер өз жұмысында пайдалана алады. Енді дәрігердің практикасында маңызы бар жайттарға тоқталайық.
Рационалдық психотерапия ауру адламның арқасынан қағып, мақұлдау және өрескел жұбатумен шектелмейді. Кейде өрескел жұбату ауру адамды ызаландыруымүмкін. Психотерапиялық әсер дәрігердің білімділігін және алдындағы ауру адамды терең біліуін қажет етеді. Білігнен аурудың белгілерін, келешегін жақсы білген дәрігер ғана адамға жете түсіндіре алады.Арнайы, бағытталған раационалдық психотерапияның әсерлерінің (әңгімелерінің) кезеңдерін кез келген дәрігер пайдалана алады. Ауру адаммен алғаш рет танысу мен анамнездіжинаған кезде психотерапиялық әсер негізгі орын алады. Психотерапевт дәрігер басқа дәрігерлер сияқты, ауру адамның анамнезімен танысқан кезде диагнозды қоюға қажет мәліметтерді жинайды.
Біріншіден, ауру адамның берген мәліметтерін жете түсіну керек. Бұл жағдайда дәрігер өзіне қажет мәліметтерді алу үшін ауру адамның айтқанын сыпайы түрде түзетіп отырады. Әңгіме арасында ауру адамға қосымша сұрақтар қоя отырып, аурудың белгілерін дәлдеп түсінудің өзі психотерапиялық әсер еткенмен бірдей. Басқаша айтқанда, ауру адам дәрігердің оны толығымен түсінгенінен көзі жетеді.
Анамнез мәліметтерін жинау тек ауру адамның бір жқты мәліметімен шектелмейді. Жақсы жиналған анамнез (кейбір жағдайда диагноз қоюдың 90 проценті осыған байланысты, мыфсалы жүйке – психикалық ауруларда) ең күшті психотерапиялық әсер болып саналады. Егер психотерапиялық әңгіменің бірінші кезеңіндегі (ауру адамның өмірімен, сырқаттың дамуымен танысу кезеніндегі) мәліметтер ауру адамның белсенді түрде айтып берумен әрі дрігердің өзінің қатысуымен алынса, рнда бұл психотерапиялық әсер қалдыра алады.
Психотерапиялық әңгіменің келесі кезеңі анамнез мәліметтеріне және басқа объективті тексерулерге негізделіп, дәрігер ауру адамға оның сырқатының ерекшелігі, дамуы мен аяқталу мүмкіншілігі туралы түсіндіреді. Дәрілер мен процедураларды белгілей отырып, дәрігер ауру адамға түсінікті түрде олардың организмге әсері туралы айтып беруі керек.
Сонымен психотерапияның түсіндіру элементтерін кез – келген дәрігер өз практикасында кеңінен пайдаланады. Жалпы терапиялық шаралардың негізгі ережелерін кез – дәрігер орындай алады. Психотерапияның сендіру, өзін - өзі сендіру, гипноз, өзін - өзі жаттықтыру сияқты әдістерін мамандығы жоғары психотерапевт дәрігерлер невроз, жүйке – психикалық және психосоматикалық ауруларды емдеуге қолданады.
№ 3 Дәріс
Тақырыбы: Психологиялық стресс теориясы
Сұрақтары: 1. Стресс және стрессогендер
2. Депрессивті невроз
3. Конструктивті және деструктивті стресстер
4. Психоэмоциялық стресстер
Психотерапия ерте заманнан белгілі. Сол кезден бастап – ақ бір адамның келесі адамға көрсететін ықпалы ерекше сөздер арқылы, құдіреті күшті Алла тағаланың қатысуымен деп есептеледі. Психотерапиялық әсерлер жалбарыну, үшкір, денені ұйыту, сендіру арқылы беріледі. Бағзы заманнан – ақ адам психикасына еткен ықпалдардың бейнесі өнер туындыларында да жақсы сақталған. Орта ғасырда адамдардың бір – біріне ықпалы сиқыршылық не көзбайлау деп бағаланады. Пәлсапашылар, діндарлар, емшілер мен дәрігерлер темірдің магнитке тартылуы – магнитизмге тән деп, табиғаттың ерекше құбылысы ретінде қарады. Магнетизм туралы трактаттар жазылады. Осы құбылысты ұғындыру үшін көптеген зерттеулерде түсініксіз, табиғаттан тыс күштер туралы айтады. Магнетизм құбылысына ХVІ ғасырдың Парацельс (1493 – 1541) көңіл аударды. Оның ойынша, магниттің құпия күшін емдеу ісіне көңіл аударды. Оның ойынша, магниттің құпия күшін емдеу ісіне пайдалануға болады. Магнит темірдің кесегін өзіне тартқандай, ауруды өзіне тартып, организмді аурудан босатады. Парацельс дифтериядан тынысы тарылған емшектергі балалар мен миына қан құйылған, өлім халіндегі шалдарды емдеуге магнитті қолданды. Парацельстің тәжірибесінде магнитті қолдану сіңірдің түйілуі мен құрысып қалуды тоқтатты, адамдарға көмектесті. Мұндай өзгерістер истериялық сал ауруы мен истериялық тіл байлану кезінде болатыны қазір белгілі. Нәтижелі зерттеулер а болды, бірақ олар туралы лақап жылдам тарады. Әсіресе бұл мәліметтер жын – шайтан мен құдайға сенетін адамдарға ерекше әсер етті.
Магнит күші арқылы емдейтін Парацельстің даңқы арта бастады. Тек ғылымның мерзімсіз өлімі бұл салтанатты тоқтатты. Парацельс өлген соң магнетизм қайтадан астрологтар мен пәлсапашылардың қолына ауысты.
Екі ғасырдан соң, 1766 жылы веналық дәрігер Франц Месмер «Планеталардың адамға әсері» деген тақырыпта медицина ғылымы докторының дәрежеін алуға диссертация қорғады. Мұнда ол әлем магнетизмі жайында және планеталар мен алыс жұлдыздардың адамға ететін әсері туралы жазды.
Месмер медицинада ғана емес, заң мен пәлсапа саласында да танымал, әмбебап ғалым еді. Ол Венаның бай адамдарының бірі, әуезшілердің меценаты Леопольд Моцартпен және оның шыны гармоникада жақсы ойымен таңдандырған данышпан баласы Вольфганг Амадеймен бірге әуезбен шұғылданды. Ғылымнан және концерттерден қолы бос уақытта ол дәрігерлік қызмет атқарды. Месмер де магнитпен емдеудің тәсілін байқап көруге шешім жасады. Парацельс сияқты ол да жасына қарамай, аурулардың бәрін қабылдады. 15 – 20 адамның 2 – 3 уі жеңілденіп, 1 – 2 уі мүлде жазылды. Осыдан соң Месмердің даңқы елге жайылып, жан – жақты адамдар ағыл – тегіл келе бастады.
Екі ғасыр ішінде Франц Месмердің есіміне байланысты түсініксіз, ғажап күші бар магниттің флюид ілімі тарады. Месмердің тсінігі бойынша біздің айналадағы ортада флюид сұйық ретінде тараған. Оны табуға, өлшеуге, сезінуге болмайды. Әлем осы сұйыққа толы. Ол планеталарға және Жердегі адамдар тағдырына ғажайып әсер етеді. Ол сезілмейтін сәуле ретінде де таралады, адамдардың қарым – қатынасын осы сәуле билейді.
Месмер магнитпен емдеу кезінде магниттік теорияға қайшы болатын нәрселерді байқады. Кейбір ауру адамдардың айтуы я айықпауы магниттің жанасуы мен жанаспауына байланысты емес екен. Келушілердің көптігі соңшалық, Месмер өзінің ғажап әсерлі тағасын кейбіріне кигізіп те үлгермеді. Алайда келушілерге ғажайып емшіні көрудің өзі сырқатын жеңілдеткендей әсер етті. Ауру адамдаар өздерінің неліктентәуір болғанына мән беріп жатпады.оларға бәрібір еді. Олар Месмерге, оның қолындағы магнит пен кебісіндегі алтын тағаға қол тигізіп, жанасуды ғана ойлайды. Месмер әбден абыржыды. Парацельстің магнитті қандай ауруларға және қалай қолдану керектігі жайында айтқандарын ойына түсірді. Онда әр мүшеге магниттің қалай әсер ететіні туралы анық жазылған – ды. Алайда ол магнитсіз де әсердің болатынына көзі жеткізді.
Егер ол кезде магниттік флюид туралы теорияны емес, дәрігердің, яғни емдеушінің күшіне сенгенде, қазіргі тілмен айтқанда, сену мен өзін - өзі сендіру болатынын ескергенде, психотерапия бір ғасырға кешеуілдемес еді.
Алайда Месмер ғылыми тәжірибе жүзінде анықталған теорияны емес, өзінің ойдан шығарған теориясын іс жүзінде қолдануға тырысады. «Магнит болмаса да, барлық тірі клекткалардың бөлінетің құдіретті флюид бар» дейді Месмер. Сөйтіп ол жануарлар магнитизмді туралы ілімді жасады.
Месмер емдеуге шөлмекті, бақты пайдаланады, оларға «өзінің флюидін беріп», «әлемнен қайтадан флюдті жинайды». Барлық емдеу жағдайы құпия сақталады. Магниттік бөлменің төріне құрылған шымылдықтың ар жағынан ұнамды әуез естілісімен, үстіне алтынмен апталып, күміспен қапталған қамзолы бар, қолы гауһар сақиналарға толы Месмер бір топ шәкіртттерімен сахнаға шығады. Ол әуез ырғағымен ауру адамдарды сипап өтеді. Осы кезде бірнеше әйелдерде истерикалық дерт қозады. Олардың бұл күйі «аурудың дағдарыс кезеңі» деп саналып, осыдан кейін ауруынан айығады деп есептелген. Айтарлықтай нәтиже беремегенмен, ел арасында Месмердің даңқы арта бастайды. Ол белді дворян семьяларының құрметті қонағы атанды. Венадан Парижге келіп, Людовик ХVІ корольдің сарайында да болды. Сыры беймәлім, осы түсініксіз құбылыстарды әуес көретіін аристократтар сарайлары мен салондарында Месмердің есімі жиі айтылып жүреді.
Ол кезде де итальяндық Калисторо сияқтылар адамдардың тағдырын болжап, дұға оқып, ішірткі беретін. Месмердің кейін оның жолын қуушы, әуечқой магнетезер Пюнсегюр мүлде күтпеген жерден гипноз ілімінің ең маңызды мәселесі ретінде жасанды сомнамбулизм ең маңызды мәселесі ретінде жасанды сомнамбулизм (ұйқы ауруы) қбылысын ашты. Ол дененің қатты дірілі, истериялық бұлығу кезінде магнит қолданған. Бұл орайда ауырған адамның ерекше ұйқыға кеткені байқалады. Оны ояту мүмкін емес, бірақ ол берілген нұсқауларды орындайды («лунатиктердегі» сияқты орнынан тұрады, сөйлейді).
ХІХ ғасырдың 40 – жылдары Манчестерге белгілі француз магнетизері Шарль Лафонтен келді. Оның сеансына Джемс Брэд қатысты. Ол магнетизмнің ғылымға қайшы екенін әшкереледі. Гипноз құбылысына ғылыми тұрғыдан қарау осы кезден басталған еді. Гипноз (грекше – ұйқы) терминін тапқан да – осы Брэд. ӨЗінің «Нейрогипнология» деген кітабында Брэд гипнозды физиологиялық құбылыс деп қарады.
Жылытырағыш затқа ұзақ қадалып қарағаннан, көру мүшесі шаршап, гипноз пайда болады дейді ол. Брэд өзінің хирургиялық практикасында гипнозды анестезияның (жансыздандырудың) тиімділігін арттыруға қолданды.
ХІХ ғасырдан белгілі Сальпетриер неврологиялық клиникасының директоры, француз невропотологы М.Ж. Шарконың (1825 - 1893) тексерулері гипноздың психофизтологиялық негізін ашуға көмектесті. Шарко гипнозды жасанды неврозды (гипноз кезінде истериялық бұлығу), нерв жүйесінің зақымдануы деп қарады. Бұл гипнозға деген ғылыми көзқарастың жетілуін тежеді. Франциядағы Ненси мектебінің бастығы Берегейм жоғарғы айтылғандарға қарсы шықты. Беренгеймнің айтуы бойынша, гипноз9 – үйретуден болған ұйқы. Алайда осыған дейін француз дәрігері Льебо да осылай айтқан екен.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басныда гипнозды психологиялық және физиологиялық тұрғыдан пайдалану жөнінде арнайы жұмыстар жүргізілді. Сендіру, түсіндіру сияқты әсерлерді қолданатын психотерапияляқ әдістің бір түрі – рационалды психотерапия туралы алғашқы сөз осы кезде айтылады. Бұл ілімді жасаушы неміс физиологы Э.Дюбуа – Реймон былай дейді: «Ауру адамның өз ауруы туралы теріс пікірін өзгерту үшін оған дау – дамайларды ақылмен шешуді түсіндіру және үйрету керек».
Орыс клиницистері де ауырған адамға психотерапиялық әсерді қолданды. Бұдан жүз жыл бұрын М.Я. Мудров: «Өнер арқылы қайғырушыны жұбатуға, шыдамсызды тыныштандыруға, қорқақты батыр, тұйықты ашық, өткір сезімді етуге болады. Бұл өнер дененің ауырғанын, зарығуды жеңеді» деген екен. Ауру адамға дәрігердің игілікті әсері туралы орыс клиницистері В.А. Маккасеин, С.П. Боткин, Г.А. Захарьин, Б.С. Корсаковтар жазған. Психотерапия мен гипнотерапияның практикада іс жүзінде пайдалануда А.А. Токарский көп еңбек сіңірді. Ол ресейде бірінші болып Мәскеу университетінде гипнология кафедрасын ашты. В.М.Бехтерев бірінші гипнология кафедрасын ашты. В.Н.Мясищев, М.С. Лебединский, Н.В. Иванов, В.Е. Рожнов және басқалар психотерапия саласында көп еңбек сіңірді. И.П. Павло сендіру мен гипноздың физиологиялық механизмін ашты. И.П. Павловтың ілімі И.М. Сеченовтың орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежеу процестеріне негізделген.
№ 4 Дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |