10.1. Үміткерлерге қойылатын талаптар
10.1.1 Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысы) ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың магистратурасына, докторантурасына оқуға түсушілердің өтініштерін қабылдау 2018 жылғы 3 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
10.1.2 Магистратурасының бағдарламасына көлемі кемінде 240 ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) құрайтын жоғары білім берудің тиісті немесе ұқсас, кәсіптік оқу бағдарламасын меңгерген тұлғалар қабылданады.
Егер үміткердің мамандығы таңдаған бағдарламаға сәйкес келмеген жағдайда немесе ұқсас мамандық болып саналмаған жағдайда, ерікті тыңдаушы ретінде сабаққа қатыса алады, бұл ретте таңдаған бағдарлама бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы міндетті болып табылады. Бұл тізімге тәртіпаралық бағдарламалар жатпайды.
10.1.3 Магистратураға, докторантураға адамдарды қабылдау түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу қорытындылары бойынша мынадай балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады:
Ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураға:
шет тілінен - кемінде 50 балл;
мамандық бойынша – кемінде 50 балл;
бейінді магистратураға:
шет тілінен - кемінде 30 балл;
мамандық бойынша – кемінде 50 балл;
ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және ағылшын тіліндегі бейінді магистратурада – кемінде 19 балл, оның ішінде:
оқуға дайындығын анықтау жөніндегі тест – кемінде 5 балл;
мамандық жөніндегі тест:
бір дұрыс жауап таңдаумен – кемінде 6 балл;
бір не бірнеше дұрыс жауап таңдаумен – кемінде 8 балл.
10.1.4 Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидаларының 9-1-тармағына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Университеттің магистратурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.
10.2. Құжаттар тізілімі
10.2.1 Магистратура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсыруға тиіс:
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Ректорының атына өтініш (9-қосымша);
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім туралы құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
шет тілінің деңгейін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмыстың басталған уақытын немесе оның ұзақтығын көрсетіп жұмыс орнынан анықтама);
3x4 сантиметр мөлшеріндегі 6 фотосурет;
086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
жеке куәлігінің көшірмесін;
ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса) тапсырады.
10.3. Шет тілінен түсу талаптары
10.3.1 Магистратура мен докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандары және оқыту ағылшын, орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2018 жылғы 10 – 15 тамыз аралығында тестілеу нысанында өткізіледі (өзінде үш топтаманы қамтиды: дыбыстау, хат, оқу).
10.3.2 Үміткердің мынадай пәндер бойынша халықаралық үлгідегі сертификаты болған жағдайда, аталған түсу емтиханынан босатылады:
ағылшын тілі:
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – 460 балл кемінде),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test
(TOEFL IBT, шекті балл – 87 балл кемінде),
(TOEFL шекті балл – 560 балл кемінде),
International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – 6.0 кемінде).
неміс тілі:
Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, NiveauС1/С1 деңгейі),
TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі).
француз тілі:
TestdeFranсaisInternational™ (TFI – оқу және дыбыстау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес);
Diplomed'Etudesen Langue francaise (DELF, В2 деңгейі);
DiplomeApprofondi de Langue francaise (DALF, С1 деңгейі);
Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл).
10.4. ЭЖМ магистратура бағдарламаларына оқуға түсушілерге қойылатын талаптар
10.4.1 ЭЖМ ғылыми-педагогикалық магистратурасына оқуға түсушілер мыналарды тапсыруы мүмкін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін шет тілінен түсу емтиханы;
мамандық бойынша ішкі түсу емтиханы;
қазақ және орыс тілдерінде (таңдау бойынша) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест тапсырмаларынан және ағылшын тілінде мамандық бойынша тест тапсырмаларынан тұратын кешенді тестілеу.
10.4.2 Оқу ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға оқуға түсетін адамдар қазақ не орыс тілдерінде (таңдау бойынша) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест тапсырмаларынан және ағылшын тілінде мамандық бойынша тест тапсырмаларынан тұратын кешенді тестілеу тапсырады.
10.4.3 Оқуға деген дайындықты анықтауға арналған тест өзінде сыни ойлауды тексеруге арналған тест тапсырмаларын (қарапайым математика, ақпарттың түрлі нысандарын түсіндіру) және аналитикалық ойлау (академиялық және ғылыми-көпшілік мәтіндерді талдау, жасырын заңдылықтарды, себеп-салдар байланысын анықтау), сондай-ақ мамандық пәндері бойынша тест тапсырмаларын қамтиды (8-қосымша).
10.4.4 Қаржы, Экономика бағдарламаларының курстарына тіркелу үшін міндетті шарт GMAT нысанындағы тесттің тапсырылуы және әңгімелесу болып табылады. GMAT ішкі емтиханын тапсырудан және әңгімелесуден мынадай Университеттердің сабақтас және ұқсас мамандықтар бойынша GPA 2,67-ден төмен емес түлектері босатылады:
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti;
Назарбаев Университеті;
ҚБТУ;
KIMEP.
Комиссияның ЭЖМ магистратура бағдарламаларына түсушілерді GMAT ішкі емтиханы тапсырудан және әңгімелесуден босату құқығы бар.
10.4.5 Ұқсас емес мамандық бойынша магистратураға түсетін және түсу емтихандарынан табысты өткен адамдар ЭЖМ бағдарламаларының талаптарына сәйкес пререквизиттерді меңгеруге тиіс.
10.5. ҚЖМ магистратура бағдарламасына түсушілерге қойылатын талаптар
10.5.1 «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға оқуға түсушілер мыналарды тапсыруы мүмкін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін шет тілінен түсу емтиханы;
мамандық бойынша ішкі түсу емтиханы;
қазақ және орыс тілдерінде (таңдау бойынша) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест тапсырмаларынан және ағылшын тілінде мамандық бойынша тест тапсырмаларынан тұратын кешенді тестілеу.
10.5.2 Оқу ағылшын тілінде жүргізілетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бейінді магистратураға оқуға түсетін адамдар қазақ не орыс тілдерінде (таңдау бойынша) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест тапсырмаларынан және ағылшын тілінде мамандық бойынша тест тапсырмаларынан тұратын кешенді тестілеу тапсырады.
10.5.3 Оқуға деген дайындықты анықтауға арналған тест өзінде сыни ойлауды тексеруге арналған тест тапсырмаларын (қарапайым математика, ақпарттың түрлі нысандарын түсіндіру) және аналитикалық ойлау (академиялық және ғылыми-көпшілік мәтіндерді талдау, жасырын заңдылықтарды, себеп-салдар байланысын анықтау), сондай-ақ мамандық пәндері бойынша тест тапсырмаларын қамтиды (8-қосымша).
10.5.4 ҚЖМ-ның «Заңтану», «Сот сараптамасы» мамандықтары бойынша оқыту орыс тілінде жүргізілетін магистратура бағдарламасына оқуға түсушілер мыналарды тапсыруға тиіс:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін шет тілінен түсу емтиханы;
2. мамандық бойынша ішкі түсу емтиханы.
10.5.6 ҚЖМ мамандықтарына магистратураға қабылдау ұқсас мамандықтар бойынша ғана немесе жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар кезде ғана іске асырылады.
«Халықаралық құқық», «Заңтану», «Сот сараптамасы» магистратураның бағдарламалары үшін мамандық бойынша емтихан практикалық кейс шешу нысанын болжайды.
Мамандық бойынша түсу емтиханының нысаны – жазбаша. Жауапты дайындау мен жазуға бөлінетін уақыт – 120 минут.
10.6. Докторантура
10.6.1 Докторантура бағдарламасына көлемі кемінде 120 ECTS құрайтын жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті немесе сабақтас кәсіптік оқу бағдарламасын меңгерген адамдар қабылданады.
10.6.2 Докторантура бағдарламаларына түсушілер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Ректорының атына өтініш (10-қосымша);
отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген, жоспарланатын диссертациялық зерттеудің негіздемесі;
жеке куәлігінің көшірмесі;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі;
шет тілінің деңгейін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
3x4 сантиметр мөлшеріндегі 6 фотосурет;
086-У нысанындағы медициналық анықтама;
кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).
10.6.3 Докторантураға түсушілер үшін салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну міндетті. Салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар қайтарылады. Докторантураға оқуға түсу туралы өтініштерді қабылдау 2018 жылғы 03 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
10.6.4 Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидаларының 9-1-тармағына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Университеттің магистратурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.
10.6.5 Докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін түсу емтихандарына мыналар жатады:
шет тілінен емтихан;
мамандық бойынша емтихан.
10.6.6 Докторантураның «Халықаралық құқық» және «Заңтану» бағдарламалары үшін мамандық бойынша емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша – практикалық кейс шешу нысанын болжайды және ауызша – комиссия мүшелерімен әңгімелесу, оның барысында үміткерлер ғылыми зерттеудің негіздемесін ұсынуға тиіс.
Емтиханды өткізу тілі үміткер түсетін бағдарламамен айқындалады (қазақ, орыс, ағылшын).
ҚР азаматтары докторантура бағдарламаларында тегін негізде (ғылыми-педагогикалық бағыт үшін – мемлекеттік грант алу арқылы, немесе бейінді бағыт үшін – ректорлық грант арқылы) немесе ақылы негізде (азаматтардың өз қаражаты немесе басқа көздер есебінен) оқи алады.
Достарыңызбен бөлісу: |