6. M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не оқуға қабылдау тәртібі 6.1. Күндізгі оқу нысаны бакалавриат бағдарламаларына M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не оқуға қабылдау
6.1.1.Студенттерді Университетке қабылдауды қабылдау комиссиялары 2018 жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
6.1.2. Оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
қабылдау туралы өтініш;
жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3 х 4 көлеміндегі 6 фотосурет;
086-У нысанындағы медициналық анықтама;
ҰБТ немесе КТ сертификаты;
білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса);
КЕРТ сертификаты;
комиссияның түсушілерді ҚЖМ-ге және ЭЖМ-ге қабылдау туралы хаттамасы (бар болса);
жеке куәлік түпнұсқасы мен көшірмесі, туу туралы куәлік түпнұсқасы мен көшірмесі (егер оқуға түсуше кәмелеттік жасқа толмаған болса);
тіркелу туралы куәлік не әскери билеттің көшірмесі (күндізгі оқу бөліміне түсетін жігіттер).
6.1.3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
еңбек кітапшасын;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.
6.1.4. Қашықтықтық білім беру технологияларының қолданылуымен сырттай оқу бөліміне оқуға түсушілер мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынады:
атқарып жатқан лауазымы көрсетіп, жұмыс орнынан анықтама;
жеке куәлік көшірмесі (2 дана);
байланыс ақпарат (электрондық пошта, ұялы телефон);
жақын туыстарының не жұбайының байланысты деректері;
мекенжай анықтамасы;
шартқа онлайн түрде қол қою үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбаның) болуы.
6.1.5 Ақылы бөлімге түсетін тұлғалар белгіленген нысандағы Білім беру қызметтерін ақылы көрсету туралы шарт жасасады.
6.1.6 M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не ақылы бөлімге үстіміздегі жылы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері, өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері, сондай-ақ ҰБТ не кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 140 балдан кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері қабылданады.
Міндетті пәндер бойынша балдардың шекті деңгейі:
1-топтаманың әрбір бөлімі бойынша кемінде 5 балл (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі);
бейінді пәндер бойынша кемінде 5 балл (адам, қоғам және құқық, тарих, география, биология);
5В050700 – Менеджмент мамандығына түсу үшін математикадан 15 балл;
5В050600 – Экономика, 5В050900 – Қаржы, 5В050800 – Есеп және аудит мамандықтарына түсу үшін математикадан кемінде 25 балл;
5В020700 – Аударма ісі мамандығына түсу үшін шет тілінен кемінде 27 балл (1-қосымша).
6.1.7 M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не ақылы оқуға КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша:
70 балдан кемінде 25 балл;
жалпы бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл;
бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады (2-қосымша).
6.1.8 Университеттің ҚЖМ және ЭЖМ оқуға қабылдану үшін қосымша талаптар осы Қағидалардың 7, 8, 9-тармақтарында белгіленген.
6.1.9 Университет студенттерінің қатарына қабылдау Ректор бұйрығының негізінде іске асырылады.
6.1.10 Шет тілінде ұсынылатын құжаттардыі қазақ және орыс тілдеріне нотариалдық расталған аудармасы болуға тиіс.
6.1.11 Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
6.1.12 M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti ҚР Білім және ғылым министрлігіне белгіленген нысандар бойынша ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынады, ал білім алушылар оқуға қабылданғаннан кейін – он күндік мерзімде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін, сондай-ақ білім беру грантынан бас тартқан оның иегерлері куәліктерінің түпнұсқаларын және ЖОО-ға келмеген адамдардың деректерін (тегі, аты, әкесінің аты, мамандығы).
6.1.13 Осы Қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің қабылдау комиссиясы дербес шешеді.
6.2. Кешенді тестілеуге (КТ) азаматтардың құжаттарын қабылдау және тіркеу 6.2.1 КТ-ға қатысу үшін оқуға түсушілер M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
нысан бойынша өтініш;
3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
086-У нысандағы медициналық анықтама;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 2018 жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген, Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама (2018 жылғы 10 мамырдағы № 196 бұйрықпен енгізілген өзгерістермен);
жалпы орта (орта жалпы) білім немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері жалпы орта (орта жалпы) білім немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа).
6.2.2 КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2018 жылғы 1-20 маусым аралығында қабылдау комиссиясында жүргізіледі. КТ 2018 жылғы 14 – 18 шілде аралығында жүргізіледі.
6.2.3 Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балл жинай алмаған адамдар, нәтижелерінің күші жойылған оқуға түсушілер және ҰБТ-ға және КТ-ға қатыспаған адамдар үшін құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 25 шілде – 3 тамыз аралығында жүргізіледі.
Бұл ретте, оқуға түсушілер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
жеке басты куәландыратын құжат бойынша толтырылған, нысан бойынша өтініш;
3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
086-У нысандағы медициналық анықтама;
жалпы орта (орта жалпы) білім немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа).
ЖОО-ларға ақылы негізде оқуға түсу үшін қайта ҰБТ не КТ 2018 жылғы 15-29 тамыз аралығында жүргізіледі.
6.2.4 Түсушілер КТ-ны қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдеріндеТжКБ түлектері және өткен жылдардағы мектеп түлектері үшін бес пән бойынша орта білім берудің оқу бағдарламаларының көлемінде өткізіледі. Үш міндетті пән: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Екі бейінді пән (1-қосымша).
6.2.5 Қысқартылған оқу нысанына ұқсас мамандықтар бойынша оқуға түсетін колледж түлектері үшін КТ екі бейінді пән бойынша өткізіледі (2-қосымша).
6.2.6 ҰБТ және КТ бейімді пәндері көрсетіле отырып мамандықтардың тізілімі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының сыныптауышы ҚР БҒМ бекітіледі.
6.2.7 КТ нәтижелері бойынша әрбір қатысушыға белгіленген нысандағы сертификат беріледі.
7. Талапкерлерге арналған шет тілінен түсу емтиханына қойылатын талаптар
7.1 5В030200 – Халықаралық құқық, 5В050600 - Экономика, 5В050700 - Менеджмент, 5В050900 - Қаржы, 5В050800 – Есеп және аудит, 5В050300 - Психология, 5В090200 – Туризм мамандықтары бойынша M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін (күндізгі бөлім) міндетті шарттардың бірі KAZGUU English Placement Test тапсыру болып табылады (7-қосымша).
7.2 Жоғарыда көрсетілген білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдану үшін шет тілін меңгерудің шекті деңгейі Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттіліктеріне (Common European Framework Language System сәйкес А2 (Pre-Intermediate) және одан жоғары.
1-кесте. Ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Мамандық
|
KEPT(CEFR) нәтижелеріне сәйкес ағылшын тілін білу деңгейі
|
Academic IELTS
|
TOEFL IBT/PBT (IELTS баламасы)
|
5В050600 – Экономика
5В050900 – Қаржы
5В050800 – Есеп және аудит
5В050700 – Менеджмент
5В090200 – Туризм
5В050300 – Психология
|
Pre-Intermediate (А2)
(100%-дан 40%)
|
Кемінде 3,0*
|
30-40 IBT
397-433 PBT
|
5В030200 – Халықаралық құқық
|
Pre-Intermediate (А2)
(100%-дан 40%)
|
Кемінде 3,0*
|
30-40 IBT
397-433 PBT
|
5В020700 – Аударма ісі
|
Intermediate B1
(100%-дан 60%)
|
Кемінде 5,0**
|
64 IBT 510 PB
|
5В030100 – Заңтану
5В030300 – Құқық қорғау қызметі
|
Талап етілмейді
|
Талап етілмейді
|
Талап етілмейді
|
7.3 KAZGUU English Placement Test тапсырудан мыналар босатылады:
талап етілетін және одан да жоғары деңгейге сәйкес келетін TOEFL және/немесе IELTS халықаралық сертификаты бар талапкерлер;
2018 жылғы Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері;
ЭЖМ Ынтымақтастық және рекрутинг орталығы және Маркетинг бөлімі өткізген олимпиадада 70-тен жоғары балл жинаған мектеп түлектері (ЭЖМ АСК хаттамасына сәйкес);
Жалпы білім беру пәндері мектебінің Ағылшын тілі департаменті және Маркетинг бөлімі өткізген олимпиадада 60-тан жоғары балл жинаған мектеп түлектері (ЖБПМ АСК хаттамасына сәйкес).
Жоғары мектептердің талаптарына сәйкес ағылшын тілін меңгеру туралы растайтын құжатты ұсынған талапкер (Academic IELTS 3,0 балдан жоғары немесе оның баламасы TOEFL IBT/PBT) KAZGUU English Placement Test тапсырудан босатылады.
Талапкер қабылдау комиссиясына IELTS сертификатының көшірмесі мен түпнұсқасын (салыстыру үшін) ұсынуға тиіс. Түпнұсқалылығын ағылшын тілінің кафедрасы тексереді.
7.4 Талапкер КЕРТ бағалар тізіліміне сәйкес ақылы негізде шектеусіз сан рет қайта тапсыра алады.
7.5 Егер талапкер:
- 20 - 35% жинаса, оған 1-семестрде ағылшын тілін оқу үшін Foundation бағдарламасына түсу ұсынылады;
- 35 - 40% жинаса, онымен қосымша келісім жасалады.
7.6 2018 жылғы 24 тамызға дейін Қабылдау комиссиясының жұмыс кезеңінде KAZGUU English Placement Test өткізу кестесі:
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден – 16.00-ге дейін (үзіліс 13.00 – 14.00 сағат аралығында)
09:00 - 10:00 – Емтиханға тіркелу
10:00 - 10:50 - Listening (тыңдау)
11:00 - 12:00 - Reading (оқу)
12:00 - 13:00 - Writing (жазу)
14:00 - 16:00 - Speaking
16:00-ден кейін – Нәтижелерді жариялау
Өткізу орны – 434-аудитория
Емтиханды өткізуге бөлінген уақыт – 4 сағат.
Балл және ағылшын тілін меңгеру деңгейі анықталмай, «Шет тілі» пәніне, сондай-ақ ағылшын тілінде жүргізілетін пәндерге тіркелу мүмкін емес.
8. ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНЕ (ФАКУЛЬТЕТІНЕ)
талапкерлерді қабылдау қағидалары және рәсімі
8.1 ҚЖМ бағдарламаларына оқуға түсу кезінде Университеттің оқуға түсу жөніндегі жалпы талаптарын орындау қажет (5, 6, 7-бөлімдерінде көрсетілген).
8.2 5В030200-Халықаралық құқық мамандығына түсетін және 5.0-ден бастап 6.5-ке дейін Academic IELTS BandScore сертификаты немесе TOEFL IBT/PBT баламасы бар талапкерге 100% («үздік», 4,0) баға қойылып, «Шет тілі» пәні есептеледі.
5В030200-Халықаралық құқық мамандығына түсетін және 7.0-ден бастап 9.0-ге дейін Academic IELTS BandScore сертификаты немесе TOEFL IBT/PBT баламасы бар талапкерге 100% («үздік», 4,0) баға қойылып, «Шет тілі» және «академиялық ағылшын тілі» пәндері есептеледі.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің және Халықаралық бакалавриат мектептерінің түлектерін оқуға қабылдауға қойылатын талаптар
8.3 «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ (бұдан әрі – НЗМ) түлектеріне ҚЖМ бағдарламаларына оқуға түсу кезінде мынадай жеңілдіктер беріледі:
Құқық жоғары мектебінің білім беру бағдарламаларына оқуға түсу кезінде KAZGUU English Placement Test ағылшын тілінен түсу емтиханынан босату;
НЗМ бұрын оқыған пәндер бойынша кредиттерді қайта есептеу (2-кестені қараңыз).
АСК пәндер бойынша кредиттерді тану және қайта есептеу туралы шешімді білім беру бағдарламаларын салыстыру, меңгерген пәндердің тізімі және олардың көлемі негізінде қабылдайды.
2-кесте. НЗМ түлектері үшін пәнде бойынша кредиттерді қайта есептеу тетігі
№ р/н
|
НЗМ ББ пәннің атауы
|
ҚЖМ ББ пәннің атауы
|
Ескертпе
|
1
|
Қазақ тілі мен әдебиеті (Т1)/Орыс тілі және әдебиеті (Я1)
|
Қазақ тілі/орыс тілі
|
|
2
|
Қазақстан тарихы (қазіргі әлемдегі Қазақстан)
|
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
|
Студент «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыруға тиіс – емтихан сессиясы кезінде немесе жеке-дара
|
3
|
Ағылшын тілі
|
Шет тілі
|
Академиялық сапа комитетінің қарауына
|
4
|
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
|
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
|
|
5
|
Дене шынықтыру
|
Дене шынықтыру
|
|
3-кесте. НЗМ бағаларын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балл-рейтингтік әріп жүйесіне аудару
НЗМ бағасы
|
Әріп жүйесі бойынша баға
|
Балл цифрлық баламасы
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
А
|
4,0
|
95
|
Үздік
|
B
|
В
|
3,0
|
80
|
Жақсы
|
C
|
С+
|
2,33
|
70
|
Қанағаттанарлық
|
D
|
D+
|
1,33
|
55
|
Қанағаттанарлық
|
7 не 6
|
А
|
4,0
|
95
|
Үздік
|
5
|
В
|
3,0
|
80
|
Жақсы
|
4
|
С+
|
2,33
|
70
|
Қанағаттанарлық
|
3
|
D+
|
1,33
|
55
|
Қанағаттанарлық
|
9. ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНЕ (ФАКУЛЬТЕТІНЕ)
талапкерлерді қабылдау қағидалары және рәсімі
9.1.1 ЭЖМ-ға оқуға түсетін талапкерлер M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің қабылдау комиссиясына құжаттар топтамасын ұсынуға тиіс (5, 6, 7-бөлімдерде көрсетілген).
ЭЖМ мамандықтарына (Аударма ісі мамандығынан басқа) оқуға түсетін және 5.0-ден бастап 6.5-ке дейін Academic IELTS BandScore сертификаты немесе TOEFL IBT/PBT баламасы бар талапкерге 100% («үздік», 4,0) баға қойылып, «Шет тілі» пәні есептеледі.
ЭЖМ мамандықтарына (Аударма ісі мамандығынан басқа) оқуға түсетін және 7.0-ден бастап 9.0-ге дейін Academic IELTS BandScore сертификаты немесе TOEFL IBT/PBT баламасы бар талапкерге 100% («үздік», 4,0) баға қойылып, «Шет тілі» және «академиялық ағылшын тілі» пәндері есептеледі.
9.2 5В020700-Аударма ісі мамандығы үшін ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар
9.2.1 ҰБТ/КТА нәтижелері бойынша 5В020700-Аударма ісі мамандығы үшін ҰБТ/КТА сертификаты бойынша жалпы нәтижесі кемінде 50 балмен ағылшын тілінен ықтимал 40 балдан кемінде 27 балл жинау қажет.
5.0 бастап 9.0 дейін балл құрайтын Academic IELTS сертификаты немесе 60-100 балл құрайтын КЕРТ нәтижелері ұсынылған жағдайда, шекті балл ҰБТ/КТА сертификаты кемінде 50 балл жалпы нәтижемен ағылшын тілінен ықтимал 40-тан кемінде 5 балл құрайды.
Егер талапкер 5.0 бастап 9.0 дейін балл құрайтын Academic IELTS сертификатын ұсынған жағдайда, ол ағылшын тілінен білу деңгейін анықтау бойынша тест тапсырмай, 5В020700-Аударма ісі мамандығына қабылдануы мүмкін.
9.3. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Халықаралық бакалавриат мектептерінің түлектерін оқуға қабылдауға қойылатын талаптар
9.3.1 Халықаралық бакалавриат мектептерінің және Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектеріне бірінші курстың пәндерін мектеп бағдарламасын бітіру туралы аттестат негізінде қайта есептеу қағидалары.
ЭЖМ-ға оқуға түсетін талапкерлер M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің қабылдау комиссиясына құжаттар топтамасын ұсынуға тиіс (6-тармаққа сәйкес).
4-кесте. Экономика жоғары мектебі бойынша курстарды қайта есептеу
Назарбаев Зияктерлік мектептерінің курстары
|
Экономика жоғары мектебінің курстары
|
Қаржы, Есеп және аудит, Менеджмент, Туризм, Экономика мамандықтары үшін есептелетін курстар
|
Аударма ісі
|
Психология
|
Ағылшын тілі
|
Ағылшын тілі (A2B1)
|
6
|
6
|
6
|
Қазақ/Орыс тілі 1
|
Академиялық сапа комитетінің қарауына
|
3
|
3
|
3
|
Қазақ/Орыс тілі 2
|
Академиялық сапа комитетінің қарауына
|
3
|
3
|
3
|
Математика
|
Түсу емтиханы тапсырылған жағдайда, Экономика мен бизнестегі математика
|
3
|
0
|
0
|
Экономика
|
Академиялық сапа комитетінің қарауына
|
3
|
0
|
0
|
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
|
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы (мемлекеттік емтихан бірінші оқу жылының соңында қабылдануы тиіс).
Сондай-ақ студенттің «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсына тіркелу мүмкіндігі бар.
|
3
|
3
|
3
|
Кемінде 7.0 балл құрайтын IELTS сертификаты ұсынылған жағдайда
|
Академиялық ағылшын (B1+)
|
6
|
6
|
6
|
|
Арт бағдарламалау
|
0
|
0
|
0
|
|
Философия
|
0
|
0
|
0
|
|
Сыни ойлау
|
0
|
0
|
0
|
Кредиттердің барлығы
|
|
28
|
15
|
15
|
Достарыңызбен бөлісу: |