Басқарма шешімімен 2018 жылғы 18 маусымдағы



жүктеу 403 Kb.
бет1/6
Дата19.11.2018
өлшемі403 Kb.
#20518
  1   2   3   4   5   6

БЕКІТІЛГЕН

Басқарма шешімімен

2018 жылғы 18 маусымдағы

№ 162-хаттама

«M.S. Narıkbaev atyndaģy

KAZGUU Unıversıteti» АҚ

Басқарма Төрағасы

Т. Нарикбаев

______________


M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің

білім алушыларын оқуға қабылдау саясаты


(2018 жылы жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларына

M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не оқуға қабылдау қағидалары)

Дана № түпнұсқа


Көшірмесі № _________

Астана, 2018



АЛҒЫСӨЗ



1 Жұмыс тобы ӘЗІРЛЕДІ

Жұмыс тобының басшысы – «M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıtetі» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы М.А. Крушинский


2 «M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıtetі» АҚ Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы ЕНГІЗДІ
3 «M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıtetі» АҚ Басқармасының шешімімен (2018 ж. «___» ________ №________ хаттама) БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ


4 ӘЗІРЛЕУШІЛЕР:
5 САРАПШЫЛАР ТОБЫ:

Басқарма Төрағасының орынбасары – қаржы директоры – Г.Ш. Успанова

Басқарма Төрағасының орынбасары –Г.Б. Кудайбергенов
6 ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 1 жыл
7 «M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıtetі» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген, 2018 жылы жоғары (бакалавриат) білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларына КАЗГЮУ Университетіне оқуға қабылдау қағидаларының орнына ЕНГІЗІЛДІ (2018 ж. «___» маусымдағы №___ хаттама).

Осы Қағидалар «M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıtetі» АҚ Басқарма Төрағасының рұқсатынсыз толықтай немесе бөлшектеліп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды.

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Белгілеулер мен қысқартулар

4. Жауапкершілік және өкілеттіктер

5. Жалпы ережелер

6. M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не оқуға қабылдау тәртібі

7. Талапкерлерге арналған шет тілінен түсу емтиханына қойылатын талаптар

8. Құқық жоғары мектебіне талапкерлерді қабылдау қағидалары мен рәсімі

9. Экономика жоғары мектебіне талапкерлерді қабылдау қағидалары мен рәсімі

10. Магистратура мен докторантураға қабылдау қағидалары

11. Қашықтықтан білім беру технологияларының қолдануымен сырттай оқу нысанына талапкерлерді қабылдау қағидалары мен рәсімі

12. Шетел азаматтарын бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдауға қойылатын талаптар

13. Өзге шарттар

1. Қолданылу саласы


1.1. Осы 2018 жылы жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларына M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) азаматтарды университетке оқуға қабылдау процесін ұйымдастыру және бақылау мақсатында әзірленді.
1.2. Осы Қағидаларды M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нің (бұдан әрі – Университет) барлық бөлімшелері қолдануға міндетті.
1.3. Осы Қағидалар азаматтарды университеттің білім беру бағдарламаларына қабылдау тәртібі мен рәсімін анықтау мақсатында M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде және оның құрылымдық бөлімшелерінде ішкі қолдануға арналған.

2. Нормативтік сілтемелер


2.1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Заңына, өзге нормативтік құқықтық актілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және нұсқаулық құжаттарына, Университет Жарғысына, Университеттің Академиялық саясатына, ««M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti» АҚ атқарушы органының (Басқарманың), Ғылыми кеңесінің шешімдеріне, сондай-ақ «M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti» Басқарма Төрағасының бұйрықтарына сәйкес әзірленді.

3. Белгілеулер мен қысқартулар


3.1. Осы Қағидаларда мынадай белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

ҚҚБ — Құқықтық қамтамасыздандыру басқармасы;

МТЗБ — Маркетингтік талдау және зерттеулер бөлімі;



СЖҚБ – Студенттерді жинау және оқуға қабылдау бөлімі

ҚЖМ — Құқық жоғары мектебі;

ЭЖМ — Экономика жоғары мектебі;

ЖББПМ — Жалпы білім беру пәндері мектебі;

ҚОО — Қашықтықтан оқыту орталығы;

ҰБТ — Ұлттық бірыңғай тестілеу;

КТ — кешенді тестілеу;

ЖОЖ — жұмыс оқу жоспары;

ТжКБ — техникалық және кәсіптік орта білім мекемесі.

4. Жауапкершілік және өкілеттіктер


4.1. Осы Қағидалар M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti Басқармасының шешімімен бекітіледі және Ректор қол қояды.
4.2. Осы Қағидалардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti ішкі актілеріне сәйкестігі үшін ҚҚБ басшысы жауап береді.
4.3. Осы Қағидаларда көзделген талаптардың енгізілуі мен орындалуы, Қағидалардың нақты кезеңдерін орындау бойынша қызметті ұйымдастыру және үйлестіру үшін СЖҚБ басшысы жауап береді.
4.4. Бөлімшедегі құжаттардың сақталуы мен заңсыз көшірілуі және қызметтік ақпараттың жария етілгені үшін M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жауап береді.

5. Жалпы ережелер


5.1. M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.
5.2. Университетке түсуші адамдарды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
5.3. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
5.4. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
5.5. Университетке түсуші адамдарды қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Сертификаттар ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) немесе эксперименттік алаң болып табылатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша, сондай-ақ тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) 2016, 2017, 2018 жылдардағы жеңімпаздарына (бұдан әрі – халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) беріледі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдары ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырылады, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкілге сәйкес қорытынды бағаларды балға ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаты беріледі. Білім беру грантын беру конкурсы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес өткізіледі.


5.6. КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.
5.7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Үлгілік қағидалардың (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ, КТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға, КТ-ге қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ, КТ қайта өткізіледі.
5.8. Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орындарына күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.
5.9. 5.8 -тармаққа сәйкес түсуші адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе КТ қайта өткізіледі. Осы ҰБТ немесе КТ-дің қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар Университеттен шығарылуға тиіс. Тізілімге сәйкес курстың ақысы төленген жағдайда, бұл тұлғалардың сабақтарға ерікті тыңдаушылар ретінде қатысу құқығы бар. Әрбір пәннің соңында курстан өткені туралы сертификат беріледі.
5.10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары Университетке жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қысқартылған оқу мерзімімен оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарды ұқсас мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары білім саласындағы ұқсас мамандықтар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не жоғары білімі бар адамдарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
5.12. Мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу мекемелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti жеке өзі жүзеге асырады.
5.13. Шетел азаматтарын ақылы негізде M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-не қабылдау мектептердің (факультеттердің) қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
5.14. M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti-нде оқу жүргізілетін мамандықтардың тізілімі жалпы орта білім, кәсіптік білім және жоғары білім бөлінісінде 1, 2, 3, 4-қосымшаларында келтірілген.
5.15. Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, бакалавриат мамандықтарының тізбесі ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген (5-қосымша).
5.16. 1-курстың оқу пәндеріне тіркелуге және жеке кестені құруға рұқсаттың міндетті шарты тілдік деңгейді анықтау үшін студенттің қазақ/орыс тілінен және ағылшын тілінен түсу емтихандарын тапсыруы болып табылады (тілдік топтарға бөлу үшін).
5.17. Түсу емтихандарын өткізу кезеңіне Университетте жоғары мектептердің емтихан комиссиялары құрылады.

Комиссиялардың құзыретіне:



  • шетел азаматтарын қабылдау үшін түсу емтихандарын өткізу;

  • магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылдау үшін түсу емтихандарын өткізу;

  • магистратура және бакалавриат бағдарламаларына математика мен ағылшын тілінен түсу емтихандары бойынша сұрақтар.




жүктеу 403 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау