Барлығы – 135 сағат



жүктеу 1,19 Mb.
бет3/7
Дата07.12.2017
өлшемі1,19 Mb.
#3462
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер тізімі

  1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А., 1987.

  2. Асылов Ұ.Ж. Әдеп. Инабаттылық дәрістері. А., 1998.

  3. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1995.

  4. Грехнев В.С. Культура педагогического общения. М., 1990.

  5. Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. М., 1989.

  6. Бәшірова Ж. Университет жүйесінде педагог біліктілігін қалыптастыру.//Қазақстан мектебі. – 2004.-№ 3. – 15-18 б.

  7. Мұқашева Ф. Кәсіби біліктілік биік болсын. // Қазақстан мектебі. – 2004.-№ 3. –32-35 б.

  8. Мәшенбаев Т. Мұғалім іс-әрекетіндегі дәстүрлі мәселелер.// Қазақстан мектебі. – 2004.-№ 11 –11-13 б.

  9. Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Киев., 1987. – 82-96 б.

  10. Булатова О.С. Педагогический артистизм: Учебное пособие. М., 2001.

  11. Ершов П. И др. Общение на уроке. Или режиссура поведения учителя. М., 1998.

  12. Орлов Ю.М. Восхождение к индивидуальности. – М., 1991.

  13. Леви В. Искусство быть собой. М., 1979.

Дәріс 2. Педагогикалық шеберліктің элементі – педагогикалық техника.

Мақсаты: педагог әрекетіндегі педагогикалық техниканың мәнін ашу.

Жоспар

  1. Педагогикалық техника – педагогтың әрекетін ұйымдастыру формасы.

  2. Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.

  3. Педагогтың сырт келбеті.

  4. Мимика және пантомимика – байланыс орнату құралдары ретінде.

1. Шебер-педагогтардың жетістіктеріне қарап отырып, олардың қолданған педагогикалық әсер ету құралдарының нақтылығын, түрлі практикалық міндеттерді дұрыс қоя білуде және шешуде шеберлігін көреміз. Нағыз шеберлік тәрбиешінің тұлғасына, оның тәрбие міндеттерін терең ұғынуына, оқу пәндерін, педагогика мен психологияны негізді білуімен байланыстырады. Сонымен қатар, бұнда арнайы білім мен тәрбиелік іскерліктердің (ұжыммен, жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату іскерлігі, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қимылын билеу іскерліктері) де орны ерекше. Бұл іскерліктерді әрбір педагог меңгеруі қажет.

А.С.Макаренко «дауысты дұрыс орнатудың мәні тек әдемі ән айтып, әңгімелесуде емес, өз ойын, сезімдерін нақты, бұйыра, иландыра көрсете білуде. Бұның бәрі тәрбиелік техниканың мәселелері» деп бұндай оқытудың маңызын ерекше атап көрсеткен.

«Педагогикалық техника» терминімен мұғалімнің оқушыға жеке әсер етудің түрлі құралдарын белгілеуге болады, дейді А.С.Макаренко. Оның құралдары: икемделу қабілеті, дауысты орнату, мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті.

«Педагогикалық техника» ұғымына екі компоненттер тобы енеді. Бірінші топ: педагогтың өзін-өзі, өзінің әрекетін билеу іскерліктері - өз денесін билеуі (мимика, пантомимика); эмоцияларын, көңіл-күйін басқаруы; әлеуметтік перцепция іскерлігі (бет-әлпетінен тану); сөйлеу техникасы (дем алу, дауыс, дикция). Екінші топ компоненттері тәрбие үрдісінің технологиялық жақтарын ашады, тұлғаға, ұжымға ықпал ету іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден тұрады: педагогикалық қарым-қатынас техникасы, талап қою техникасы, тәртіп орнату техникасы, ертеңгі қуанышты ұйымдастыру техникасы, күн тәртібін ұйымдастыру техникасы, жазалау техникасы.

Бірқатар педагогтар жүргізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жас педагогтардың педагогикалық техникасында кездесетін кемшіліктер баршылық. Олар: оқушымен ашық әңгіме құра білмеуі, оның ата-аналарымен қарым-қатынас орната алмауы, ашуын ұстай немес, керісінше, көрсете алмауы, өз-өзіне сенімсіздігін жоя алмауы. Практиканттар өздерінің алғашқы сабақтары жайында жазған шығармаларында өздерінің сөйлеу мәнері үшін мазасызданғандарын, балаларға шектен тыс жылы қарап қалмаудан қорыққандарын, тым тез сөйлегендерін, тым қатал болғандарын, тіпті кейбіреулері қорыққандарын, немесе тақтаның алдында көп жүгіріп, жанталасқандарын, қолдарын жиі сермегендерін, немесе тас мүсін секілді қатып қалғандарын, қолдарын қайда жіберетіндерін білмегенін жазған. Көптеген студенттерде денесін тік ұстай білмеуі, бүкірлік, басын салбыратып жүру, қолдарын дұрыс орналастыра білмеу жиі кездеседі. Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктер – бір қалыптылық, сөздің сылбырлығы, мәнерлеп оқу дағдысының қалыптаспағандығы болып табылады. Сөздегі үзіліс және екпін қою ешқандай мән берілмей айтылады. Сөйлеуде жеке кемшіліктер де аз емес: солғын дикция, дауыстың қажетті қаттылығын орната білмеуі.

Аталған қателіктер педагогқа оқушылармен жұмыс жасауда кедергі келтіреді. Оларды жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде жою – мұғалімді даярлаудың маңызды міндеттерінің бірі.

Педагогикалық техникасын арттыру үшін педагог өз жұмысын неден бастағаны жөн? Сөйлеу техникасын, мимика және пантомимикасын жаттықтырудан, сыртқы келбетін дұрыстаудан бастайды.

Тәрбиешінің денесін ұстауына, мимикасына, пантомимикасына қандай нақты талаптар қойылады?
2. Педагогтың әрдайым аудитория алдында сөйлеуі жас педагогтардың бойында сенімсіздік, қорқыныш сезімін тудырады. Мұғалімдердің, балалардың, ата-аналардың алдындағы іс-әрекет, яғни «көз алдында» әрекеті мұғалім ойының жүйелілігіне, дауыс аппаратының күйіне, өзін денелік сезінуіне, психикалық күйіне ерекше әсер етеді. Бұның бәрі болатын сабаққа, шараға психофизиологиялық жағынан алдын ала дайындалуды, қарым-қатынас барысында өзінің эмоционалдық күйін басқарудың іскерліктері мен дағдысының болуын талап етеді.

Аутогендік жаттығулар (психикалық өзін-өзі реттеу) – ерекше психофизикалық жаттығу. Олар дем алу және артикуляциялық жаттығулармен бірге мұғалімнің педагогикалық даярлық жэүйесіне енгізілуі тиіс. Психикалық өзін-өзі реттеу – бұл кәсіби қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатында релаксация (босаңсу) және өзін-өзі иландыру.

Сабаққа, балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыруға дайындық мұғалімнен шығармашылық өзін-өзі сезінуін тудыратын психологиялық күйге келтіруді қажет етеді. Бұл күйге көшу үшін сабақ материалынан, әдістемесінен тартымды ядроны іздеуге, тақырыпқа сәйкес эмоционалдық күйді қамтамасыз етуге болады.
3. Тәрбиешінің сырт келбеті эстетикалық мәнге ие болуы тиіс. Өзінің сырт келбетіне селқос қарауға болмайды, сонымен бірге тым қатты көңіл бөлу де қажет емес. Педагогтың сырт келбеті оқушыларға ықпал жасаудың құралы, тәрбиешінің ішкі рухани дүниесінің бейнеленуі ретінде қолданылады. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет-әлпетінің қаншалықты жылы шырайлылығынан, іс-әрекетінің жинақылығынан, ұстамдылығынан, орынды қимылдарынан, денесін тік ұстауынан, жүрісінен көрінеді. Оған мазасыздану, қимылдардың жасандылығы, солбырлық жараспайды. Сіздің сыныпқа қалай кіргеніңіз, қалай қарайтыныңыз, қалай амандасатыныңыз, отырғышты қозғау қимылыңыз, сынып ішіндегі жүріп-тұруыңыз, осы «ұсақтарды» барлығы да сіздің балаға ықпал жасаудың күші болып табылады. Сіздің барлық іс-әрекетіңізден, қимылыңыздан, көзқарасыңыздан балалар үлкен күш-жігерді, өзіне сенімділікті сезінуі тиіс. Тап осындай салмақты, сенімді, ашық болсаңыз, сіз адам, тәрбиеші ретінде қуатты бола аласыз.

Егер мұғалім оқушылардың алдына дұрыс үтіктелмеген костюммен, өте таза емес бет орамалмен, таралмаған шашпен келіп тұрса, тәрбиеленушілерден ұқыптылықты, тазалықты талап етуге болмайды.

Мұғалімнің киіміне қойылатын негізгі талап – қарапайымдылық, сымбаттылық, артықшылықтың болмауы, жақсы талғам. Қайсыбір шаш үлгісі, көйлектің айрықша тігісі, шаштың түсін жиі өзгерту оқушылардың назарын аударады.

Мұғалімнің киім киісіндегі әшекей бұйымдар, костюмі, шаш үлгісі әрдайым педаогикалық міндетті – тәрбиеленуші тұлғасының қалыптасуына тиімді ықпал етуге – шешуге бағытталуы тиіс. Мұғалім әрқашан киім кигенде орнын және белгілі бір шекті сезінуі керек. Сондықтан, ол сабаққа және театрға барарда түрліше киінеді.

Балалар педагогтың ішкі және сыртқы әдемілігінің бірлігін, тұтастығын өте жоғары бағалайды. Сондықтан, әрбір мұғалімнің бойында өзінің сырт келбетінің эстетикалық мәнерлі болуын арттыруға ұмтылысы болуы тиіс.

Тәрбиешінің сырт келбетінің мәнерлілігі, сымбаттылығы оның өз денесін тік ұстауына да байланысты. Денені тік ұстау тұлғаның ішкі абыройының көрсеткіші. Бүкірейген, әлсіз адам күштің нағыз қуатты көрсеткіші бола алмайды. Бүкірлік, салбыраған бас, бос жатқан қолдар адамның ішкі дүниесінің әлсіздігін, оның өз-өзіне сенімсіздігін, жұмыс жасауға деген ықыласының жоқтығын білдіреді. Адамның бойының ұзындығына қарамай тік жүруі, жинақылығы оның ерекше күштілігін көрсетеді; оқушылар бұл педагогтың өзінің біліміне, күшіне сенімді екенін көреді, мұғалім оларды баурап алады.

Денені дұрыс, тік ұстау үшін спортпен, арнайы әдістермен айналысу қажет.

Мұғалім сабақта оқушылардың алдында дұрыс тұру мәнерін, сыныпта ешкімге кедергі жасамай қозғалуға үйренуі тиіс.


4. Мимика - өзінің ойын, сезімдерін, көңіл-күйін беттің бұлшықеттері көмегімен білдіру өнері. Кейде бет-әлпет, көзқарас арқылы сөзден гөрі күштірек әсер етуге болады. Кинетикалық қарым-қатынас жүйесінің элементтері ретінде қимыл және мимика ақпараттың эмоционалдық мәнін арттырады, оның жақсы меңгерілуін қамтамасыз етеді.

Әрине, бет-әлпет айтылатын сөзге сәйкес өзгертілуі тиіс. Типтік педагогикалық мимика бет-әлпеттің қаталдығы, қуаттылығы. Бет-әлпет, тұтас сырт келбет секілді, сенімділікті, қуаттауды, кінәлауды, ренжуді, көңілі толмағандықты, қуанышты, қызығушылықты, ашулануды бірнеше варианттарда көрсетуі тиіс. Күлкі де сезімдердің кең түрін білдіре алады.

Мимиканың мәнерлі бөліктері – қас-қабақ, көз.

Пантомимика – бұл дененің, аяқ-қолдың қозғалысы. Ол негізгіні көрсетуге қолайлы, бейненің суретін салады. Педагогтың қимылы негізгі ойды және сезімді күшейте отырып, ұстамды және ұйымдасқан болғаны жөн. қимылдың түрлері: бейнелеу және психологиялық. Бейнелеуші қимылдар ой жүйесін көрсетсе, психологиялық қимылдар сезімді білдіреді.

Сонымен, жас педагогқа өзіңі сырт келбетінде неге көңіл бөлуі қажет?

Денені тік ұстауы. Бүкірейе ме? Аудиторияда қысылады ма? Өзінің тұрыстары жасанды емес пе? Қалай тұрады? Отырады? Орнынан тұрады?

Мимика. Әңгімелесіп отырған адамына қарайды ма? Сыныпқа ше? Бет-әлпетінде өз-өзіне сенімділік сезімі білінеді ме? Жылы шырайлы ма?

Пантомимика. Қимылдары үйлесімді ме? Қаншалықты табиғи? Олар тым көп емес пе? Сынпта қалай қозғалады? Кітапты қалай қарайды?
Әдебиеттер тізімі


  1. Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. А., 1987.

  2. Шыныбекова Э.И. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика. А., 1987.

  3. Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А., 1989.

  4. Битяева М.Р. Культура самосовершенствования преподавателя. М., 1994.

  5. Введение в педагогическую культуру./Под ред. Е.В.Бондаревской. Ростов-н/Д., 1995.

  6. Гребнев В.С. Культура педагогического общения. М., 1990.

  7. Десяева Н.Д., Лебедева Т.А., Ассуирова Л.В. Культура речи педагога. М., 2003.

  8. Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического мастерства. Ростов-н/Д., 2003.

  9. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Ростов-н/Д., 2001

  10. Рогинский В.М. Азбука педагогического труда. М., 1990.

  11. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания учителя. М., 1989.

  12. Станкин М.И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения. М., 1998.

  13. Поль Л.Сопер Основы искусства речи. М., 1992.

  14. Мудрик Л.В. Учитель: мастерство и вдохновение. М., 1986.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Педагогикалық техниканың педагог әрекетінде алатын орны?

  2. Жас педагогтың педагогикалық техникасының кемшіліктері. Оларды жою жолдары?

  3. Педагог сырт келбетіне қандай талаптар қойылады? Сырт келбет пен адамның ішкі дүниесінің көрінуі, олардың өзара байланысы қандай?

  4. Коммуникацияның вербальды емес құралдарының тәрбиелік мәні неде?

  5. Мимика мен пантомимиканың педагог әрекетінде алатын орны қандай?

  6. Қимылдың эмоционалдық және пластикалық бейнелілігі неден көрінеді?

Дәріс 3. Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.
Мақсаты: педагог әрекетіндегі сөздің орнын белгілеу.
Жоспар.

  1. Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында.

  2. Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы.

  3. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзіне қойылған талаптары.

  4. Сөз мәдениеті, оның элементтері.

  5. Сөз сөйлеу техникасы.

  6. Педагог сөзін жетілдіру жолдары.

1. Тіл – тұлғаны қалыптастырудың, әлеуметтік тұрақтануының маңызды құралы. Оқу-тәрбие үрдісінде тіл ерекше орынға ие.

Егер сөзді педагог белгілі бір мақсатта тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланса, оның ықпалы, сөзсіз, артады. Кез-келген мамандық бойынша мұғалімнің, тәрбиешінің сөйлеу материалы дұрыс, мотивті түрде таңдалып, тәрбие мақсатына, ситуацияға, белгілі бір жағдайлардың ерекшеліктері мен сипатына сәйкес жүзеге асырылуы үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Тіл және сөз объективті ақиқатта әрдайым біртұтас, ажырамас бөлік ретінде танылғанмен, олар бірдей емес. Тіл – бұл берілген ұжымның барлық мүшелері түгел қабылдайтын жалпыға бірдей мазмұнға ие, сөйлеу практикасында бекітілген тілдік белгілердің (морфема, сөз, сөйлем) жүйесі. Сөз (сөйлеу) – бұл ұжымның тілі өзінің нақты практикалық қолданысын табатын жеке индивидтердің тілдік әрекеті.

Тіл мен сөздің айырмашылықтары бірін-бірі толықтырады. Егер кез-келген нақты қолданыстан абстракцияланған тіл қарым-қатынас жсаудың әмбебап құралы болып танылса, нақты тілдік ситуацияда белгілі бір мазмұнға ие аталған қарым-қатынас құралды сөз болып табылады. Яғни, сөз және тіл – бұл өзара байланысқан тілдік әрекеттің екі түрлі формасы.
2. Қарым-қатынас құрылымын таңдауда адамның, әсіресе, педагогтың жалпы мәдениет деңгейі айқындалады.

Егер педагог алдын-ала міндеттерді белгілеп, оларды көз алдына елестетсе, оқушылармен қарым-қатынас орнату тиімді болар еді: ол қандай мақсатпен сөйлеуі керек, ол нені айтуы керек, қалай сөйлеген дұрыс. Яғни, сөздің психологиялық құрылымын осы мақсатқа бағындыруы тиіс.

Осылайша, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның ауызша сөйлеудің тәрбиелеу қасиеттерін меңгеру іскерлігіне тәуелділігі анықталды. Осыған байланысты педагогикалық кадрларды даярлаудың маңызды шарты – студенттердің бойында тілге мұқият қарауды және олардың сөйлеу мәдениетін дамытуға нақты бағытталуды белгілеу қажет. Себебі, тіл және сөз – болашақ кәсіптік әрекеттің басты құралы бюолып табылады.
3. Педагогтың оқушылармен қалай сөйлесетіні, оларды қалай түсінетіні, олардың ойлау әрекетін бағыттауы, бағалауы үлгірім мен тәрбиелік ықпалға ерекше әсер етеді. Педагогтың қызметі – сыныпта қолайлы психологиялық ахуал тудыру, материалды оқушылардың мүмкіндігінше меңгеруіне қол жеткізу, тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру.

Мынадай ситуацияны көз алдымызға елестетейік. Мұғалім сыныпқа кірді. Балалар 5-ші сабақтан кейін шаршап отыр. Үй тапсырмасын тексеруге ұзақ дайындалып жатыр, біреудің тіпті дәптері де жоқ. Педагог бұнда тұтас сыныпқа, немесе тапсырманы орындамаған оқушыларға ескерту жасауына болады. Сөгіс, ашулы дауыс, үзілді-кесілді сөздер балаларға жағымсыз әсер етіп, олардың белсенділігін, әңгімеге қатысу тілегін, жауапты толықтыру, мысал келтіру және т.б. ұмтылыстарын төмендетуі мүмкін. Бұл жағдайда мұғалім жұмыс жасау ахуалын тудыра алмайды. Сыныппен дұрыс қарым-қатынас орната алмас еді.

Ал бұл ситуацияда тәжірибелі шебер мұғалім шыдамдылықпен оқушылардың кітап, дәптерлерін алып шығуларын күтіп, егер бір-екі оқушы тапсырманы орындамаған болса, тұтас сыныпқа «нотация» оқымай (олармен соңынан бөлек әңгімелеседі), оқушыларға қызықты тапсырма беруді ойлар еді. Әрбір сұрақты жан-жақты ойластыра отырып, мұғалім олардың белсенділігін құптайды. Сабақ оқушылар үшін де, педагог үшін де жеңіл әрі тиімді өтер еді. Оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдану, теориялық дайындықтан басқа мұғалімнің оқушылармен тіл табыса білуі де маңызды. Сондықтан, оқушыларға бағытталған сөз салмақты, байсалды болғаны жөн. Мұғалім сөзі дөрекі, тіл тигізуші болмауы дұрыс. В.А.Сухомлинский былай жазған: «Байқаңыз! Сөзіңіз өмір бойы тыртығы қалатын нәзік тәнге тиген қамшыдай болмасын...Егер сөз шын жүректен шығып, шынайы болса ғана, сөзде өтірік, теріс түсінік, «ұрсу», «сөгіс беру» тілгеі болмаса ғана, сөз жасөспірімнің жүрегін қорғайды және сақтайды...Педагог сөзі ең алдымен жұбатуы керек»

Мұғалім сөзі оқу-тәрбие жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ауызша сөйлеу шеберлігі, балалардың назарын өзіне аудару және ұстау іскерлігі, сендіру, қызығушылығын ояту іскерлігі, көңіл-күйіне әсер ету – бұл қасиеттерсіз мұғалімді елестету мүмкін емес.


4. Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бірі.

Сөйлеу мәдениеті – бұл әдеби тіл нормаларына сәйкес сөздерді қолдану, айту, өзгерту, басқа лексемалармен біріктіріу, сөйлемді дұрыс құрастыру. Тіл нормалары (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) дегеніміз қарым-қатынаста қажет болатын құралдардың жиынтығы. Олар әдеби тілге тән, оларсыз сөйлеу мәдениеті болмайды.

Сөйлеу мәдениеті екі компоненттерден құралған: тілдік элементтер мәдениеті және қарым-қатынасты орнату мәдениеті.

Сөйлеу мәдениеті жайындағы ғылым тілтану саласына жатады, ол, ең алдымен, лексика, орфография, орфоэпия, морфология, синтаксис, стилистикамен байланысты. Бірақ тілдік құралдардың мәнерлілігі жайындағы ғылым басқа ғылымдардың элементтерін жинақтайды, олар: әдебиет теориясы, психология, педагогика, анатомия және физиология, физика (акустика) және т.б. Жоғары оқу орны оқытушысының, мұғалімнің сөзі нақты, дұрыс, түсінікті, әдемі, қысқа да нұсқа және т.б. қасиеттерге ие болуы тиіс.

Сөйлеу мәдениеті ұғымына сөздік қордың байлығымен анықталатын лексикалық мәдениет енеді. Бай сөздік қоры – бұл сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тілдің байлығы сөздердің санымен емес, оларды түрлі мағынасында қолдану қасиетімен де анықталады. Бұл құбылыс полисемия деген атауға ие. Сөздерді қолдануда өте абай болған жөн. Сөйлеу барысында ең қажетті және келісті сөздерді қолдану дәлдікке – сөйлеу мәдениетінің маңызды сапаларына әкеледі.

Сөздің мәнерлілігіне және дәлдігіне тілдік құралдардың алуан түрін қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Олар: синонимдер (әйгілі, атақты, даңқты, танымал), паронимдер (абонемент – абонент, адресат – адресант) және т.б.

Педагогикалық қарым-қатынас үрдісіндегі сөзге қойылатын маңызды талаптардың бірі – қарапайымдылық және ықшамдық. Егер материал артық сөзсіз, үнемді ұсынылса, осы арқылы нақтылыққа, дәлдікке, тиімділікке, сенімділікке жол ашылады. Керісінше, көп сөз, бос сөз педагогикалық ықпалдың әсерін төмендетеді.

Сөздің сапасын тавтология да, яғни бір нәрсені бірнеше рет қайталама сөздермен жеткізу, төмендетеді. Мысалы, әрбір оқушымен жеке жұмыс, бос вакансия, өз өмірбаянын жазу және т.б.

Ауызша сөйлеуде қыстырма сөздерді (жаңағы, осылайша, яғни, әрине, сосын, ия және т.б.) қолдану да тыңдаушыларға кері әсерін тигізеді.

Педагог сөзі бейнелі де мәнерлі болуы керек. Бұл талаппен шаблонды сөз тіркестері мен сөздерін қолдану сәйкес келемейді. Олардың нақты мағынасы көбінесе болмайды, сөзге бюрократтық, кеңселік сипат береді. Дайын трафарет, штамптарды қолдану адамның шығармашылық ойын тежейді.

Сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі – сөздің грамматикалық сауаттылығы, яғни сөздің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің формаларын қолданудағы норматив. Әрбір сөз таптарына (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік) белгілі бір бекітілген өзгертулер тән. Синтаксистік ережелерге сүйене отырып, мұғалім өз сөзінде оқушылардың қабылдауына жеңіл болатын жай сөйлемдерді қолданғаны жөн. Әрдайым тек жай сөйлемдерді қолданып қоймай, сөздің бірізділігін, мәнін, ырғақтығын жоймау үшін күрделі құрмалас сөйлемдерді қолданған дұрыс. Хабарлы сөйлемдермен қатар материалдағы негізгі мәселені көрсетуде, оқушылардың назарын аударарда, олардың ақыл-ойын белсендендіруде, проблемалық ситуацияны тудыруда сұраулы, риторикалық сөйлемдер қолдану орынды.

Педагог сөзі сауаттылығымен қатар мәнерлілігімен, бейнелілігімен, эмоционалдығымен ерекшеленеді. Оған фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер, анафора, градация, инверсия сынды стилистикалық фигуралар жатады.

Интонация – ауызша сөйлеудің жүрегі. Оның екі түрі бар: логикалық және эмоционалдық-экспрессивті. Логикалық интонацияның мақсаты – сөйлемде маңызды мәнге ие сөздерді айқындау. Эмоционалдық-экспрессивті интонация мұғалімге өзі әңгімелеп отырған адамдарға, құбылыстарға, оқиғаларға деген қарым-қатынасын, көзқарасын, сезімін, бағасын көрсетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, тіл – бұл маңызды ақпарат құралы, педагогикалық қарым-қатынас құралы, тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ықпал ету құралы. В.А.Сухомлинский сөздің маңызын былайша көрсетеді: «...Сөз – адамның мінез-құлқының өте нәзік салаларына өз әсерін тигізуге қабілеті бар өте жіңішке пышақ. Оны дұрыс қолдана білу іскерлігі – ұлы өнер. Сөз арқылы жан сұлулығын тудыруға болады, керісінше, сөзбен оны бүлдіруге де болады. Ендеше, тек сұлулықты тудыратын іскерліктерді меңгерейік».


5. Мұғалімнің сөзін қабылдау және түсіну процесі тыңдау процесімен бірге жүреді. Оған, ғалымдардың айтуынша, оқу уақытының шамамен ¼ - ½ бөлігі келеді. Сондықтан, оқушының оқу материалын дұрыс қабылдау процесі мұғалім сөйлеуінің сапасы мен жетілу деңгейіне байланысты.

Балалар педагогтың сөйлеу қабілеттерін өте жақсы сезеді. Кейбір дыбыстардың дұрыс айтылмауы олардың күлкісін келтіруі мүмкін, бір сарынды үн олардың іштерін пыстырса, дұрыс қойылмаған интонация, ашық әңгімедегі қатты дауыстап сөйлеу, өтірік, жасанды нәрсе ретінде қабылданып, оқушыларды мұғалімнен алыстатады.

Кейбіреулердің айтуынша, дауыс пен ырғақ – бұл адамға берілетін табиғи дарындылық. Бірақ қазіргі эксперименталдық физиологияның зерттеулері бойынша, дауыстың сапасын түпкілікті өзгерту әбден мүмкін. Тарих мәліметтеріне сүйенсек, осы бағыттағы адамның өзін-өзі жетілдіруінің таң қаларлық нәтижелерін көруге болады. Әйгілі Демосфен өзінің денелік кемшіліктерін жеңе отырып, Ежелгі Грецияның әйгілі саяси шешені атанған. Осылайша, Владимир Маяковский да 20 жасында аузына кішкентай тастарды толтырып алып, шулы Рион жағасында сөз сөйлеп, өзін халық алдында сөйлеуге дайындаған.

Бұлардың бәрі бізге үлгі болғанмен, олардың әдістемесін біз қолданбаймыз. Бұл тек техниканы меңгеруде адамға үлкен ұмтылыс, күшті ерік және жүйелі дайындық қажеттігінің дәлелі бола алады. Қазір театр педагогикасына негіздеоген сөйлеу техникасын дамытуға арналған жаттығулар жүйесі жинақталған.



Сөйлеу техникасы – бұл мұғалімге сөз мазмұнының барлық байлығы мен мәнін оқушыға жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлеу дем алысының, дауыс шығару және дикцияны орнату дағдыларының кешені.

Дем алу физиологиялық қызметке ие. Ол ағзаның жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол сөздің энергетикалық базасы. Сөз дем алысы – фонациялық (грек сөзі phono –дыбыс) болып табылады.

Күнделікті өмірде біздің сөзіміз негізінен диалогтық сипатта болғандықтан, ешқандай қиынға соқпайды. Бірақ сабақта, мұғалім, әсіресе, көп сөйлеген шақта, жаттықтырылмаған дем өзінің кемшілігін байқатады. Жаттықпаған, яғни дұрыс дем алу ұйымдастырылмаған, мұғалімнің жүрек соғысы жиілеп, беті қызарып, демікпе пайда болуы мүмкін.

Дем алу техникасының негізгі қағидалары: дем алу процесіне қатысатын бұлшықеттерге сәйкес оның төрт түрін ажыратады.



Жоғарғы дем – иықтың және кеуде қуысының жоғарғы жақ бұлшықеттері қатысатын әлсіз, үстіртін дем, бұнда өкпенің тек ұшы ғана белсенділікке ие.

Кеуде демі – қабырғааралық бұлшықеттер арқылы жасалады. Кеуде қуысының көлденең көлемі өзгереді. Диафрагма аз қозғалады, сондықтан дем шығарудың энергиясы жеткіліксіз.

Диафрагмалық дем – диафрагманың қысқаруы нәтижесінде (әдетте, бұл жағдайда қабырғааралық дем алу бұлшықеттерінің сәл қысқаруы байқалады) кеуде қуысының ұзына бойы көлемі өзгеріп, дем алу процесі жүреді.

жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау