Барлығы – 135 сағат



жүктеу 1,19 Mb.
бет2/7
Дата07.12.2017
өлшемі1,19 Mb.
#3462
1   2   3   4   5   6   7

мазмұны:

  1. Дауларды шешу жолдары.

  2. Мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметіндегі жанжалдар, олардың түрлері мен себептері.

25 ОЖСӨЖ тақырыбы: Педагогтың сана-сөзімі мен педагогикалық рефлексия.

26 ОЖСӨЖ тақырыбы: Байқағыштық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті.

27 ОЖСӨЖ тақырыбы:

25 СӨЖ мазмұны: Мұғалім сөйлеуін жетілдіру жолдары.

26 СӨЖ мазмұны: Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.

27 СӨЖ мазмұны: Дауларды шешу жолдары.


10 апта

10 кредит сағат

28 дәріс тақырыбы: Мектеп мұғалімінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы.

Дәрістің мазмұны:


  1. Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби шеберлікті қалыптастырудың құралы ретінде.

  2. Мұғалімнің өз бетінше кәсіптік білімін көтеруі және жетілуі.

29 дәріс тақырыбы: Мектеп мұғалімінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Мұғалімнің өз мәдениетін көтеруі педагог қызметінің компоненті ретінде.

  2. Мұғалімнің сана-сезімі және педагогикалық рефлексия.

30 дәріс тақырыбы: Мектеп мұғалімінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Педагог шығармашылығы педагог шеберлігін дамыту факторы ретінде.

  2. Педагог шығармашылығының құрылымдық компоненттері.

15 семинар тақырыбы: Өзін-өзі тәрбиелеу – мектеп мұғалімінің педагогтік шеберлігін қалыптастырудың бірден-бір жолы..

мазмұны:

  1. Мектеп мұғалімінің кәсіптік өзін тәрбиелеуі.

  2. Студенттердің өзін тәрбиелеуінің мақсаты мен міндеттері, оның қозғаушы күштері.

28ОЖСӨЖ тақырыбы: Өзін-өзі тәрбиелеудің құралдары мен әдістері.

28 СӨЖ мазмұны: . Педагогикалық қарым-қатынас және оның стильдері.

Иландырудың сөздік формалары.

29 ОЖСӨЖ тақырыбы: Студенттер мен мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуінің арасындағы өзара байланысы.

30ОЖСӨЖ тақырыбы: Өзін-өзі тәрбиелеудің құралдары мен әдістері.

29 СӨЖ мазмұны: Студенттердің ғылыми-зерртеу жұмысын ұйымдастыруда және басқарудағы

оқытушы шеберлігі.

30 СӨЖ мазмұны: Мұғалімнің тәрбие жұмысын жоспарлаудағы шеберлігі.



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:

  • өздік жұмыстардың тақырыптары,

  • салыстыру кестелері, мінездеме т.б.,

  • орындалу уақыты,

  • бақылау түрлері (тестілер, экспресс-сұрақтар, рефераттар, баяндамалар т.б.).



Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Практикалық сабақтағы белсенділігі

Тақырып бойынша негізгі баяндама жасау, сабақ беру

Семинар тақырыбына байланысты

Кесте бойынша

15 балл

Жауап беруі, қатысуы.

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 15 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


30 балл

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабілеті мен білімін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 7 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 8 – 14 тақырыптарға байланысты



№7 семинар

№14 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8 балмен бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

4

Өздік жұмыс

Реферат, баяндама жасау

Бірінші жұмыс 1 – 6 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 8 – 13 тақырыптарға байланысты



№6 семинар

№13 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 3,25 балмен бағаланады

Жазба жұмысын тексеру, баяндаманы тыңдау.

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест





4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра «Педагогика және психология» тьютор Исмагулова Ж.С. Педагогика және психология магистрі, оқытушы;

Калаханова Светлана Бақтыбайқызы, Педагогика және психология магистрі, оқытушы.

(аты-жөні)


Пән Педагогикалық шеберлік

(пән атауы)

Кредит саны: аптасына 3 кредит.







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды

түрі



1

2

3

4

5

6

7



Педагогика мамандығына кіріспе




8













Мамандыққа кіріспе:оқу құралы/рубинский Л.И.А.,1990.

46













3

Мамандыққа кіріспе:оқу құралы.А.,Ана тілі.1990

145













4

Педагогикалық практика мамандыққа баулу сатысы.А.,2000.

38













5

Қазақ педагогикасы мен психологиясының тарихы.Жарықбаев К.Б.,Қалиев С.К. Алматы.Санат.1995

110













6

Педагогика тарихы . Бержанов К. Мусин С. Педагогика тарихы.А.,Санат.1995

110













7.

Педагогика. Әбиев Ж.Ә. Алматы:Дарын.2004.

50













8

Педагогика.Қоянбаев Ж.Б. Астана. ЕАУ.1998.

50













9

Педагогика .Жұмабаев М.Алматы, Мектеп 1979.

347













10

Білім туралы заң.
















11

Педагогика .Хмель А.Т. АГУ.,2004

30













12

История образования и педагогической мысли. Джуринский А.Н.М.,ВЛАДОС, 2003.

10













15

Психология и педагогики: Лекциялар жинағы.П.,Приор-издат.,2003.

12













16

Педагогика и психология. Реан и др. СПБ.Питер.2003

54













17

Педагогика и психология. Андреева И.В. и др. СПБ.Нева..2003

13













18

Педагогика и психология профессиональной деятельности .Самоукина Н.В.,М.Тандем,1999.

8













19

Психология. Педагогика. Этика. М.,ЮНИТИ.1999.

13













20

Педагогика и психология профессиональной деятельности . Громкова М.Т.,М. ЮНИТИ-ДАНА,2003.

20













21

Педагогика и психология.Рыс Ю.И. и др.М.Академ.проект.2002.

8













22

Психология и педагогика делового общения М.Юнити, 2000.

13













23

Педагогика.Подласый И.П.,М., Владос.2000

2001

24

13














24

Общая педагогика. Сластенин В.А. и др.2 бөлімді.М.Владос, 2003.

19













25

Педагогика. Сластенин В.А. и др.2 бөлімді.М. Академ, 2002.

21













26

Педагогика.Харламов И.Ф.Минск:Высшая школа.,2003.

20














5. Дәрістер кешені
Дәріс 1. Педагогикалық шеберлік және оның тәрбиедегі мәні.
Мақсаты: педагогикалық біліктіліктің және оның тәрбиелік, әлеуметтік мәнін ашып көрсету.

Жоспар

  1. Педагогикалық шеберлік және оның компоненттері.

  2. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет.

  3. Педагогикалық іс-әрекеттегі актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтері.

  4. Педагогтарды дайындаудағы К.С.Станиславскийдің театрлық жүйесінің принциптері.

  5. Педагогикалық іс-әрекетті іске асыру және қалыптастыру жолдары.

  6. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі.

1. Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу-тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал педагогикалық шеберліктің ішкі мәні – бұл педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері.

Педагогикалық шеберліктің мәні «Педагогикалық энциклопедияда» былайша түсіндіріледі: «...бұл балаларды жақсы көретін және өз жұмысына бейімділігі бар педагогтардың қолы жетерлік әрдайым жетілдіруді қажет ететін жоғары дәржелі өнер. Өз ісінің шебері бола алатын педагог – бұл өз пәнін терең меңгерген, ғылымның нақты салаларынан және өнерден хабары бар, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін толық деңгейде білетін, жалпы және, әсіресе, балалар психологиясын түсінетін жоғары дәрежелі маман. Осы анықтаманың мағынасына үңілетін болсақ, мынаны көруге болады:


  1. «педагогикалық шеберлік» ұғымының мазмұнына мыналар енеді: жалпы жоғары деңгейлі мәдениет, эрудиция; өз пәні бойынша кең ауқымды және терең білім; педагогикадан, жалпы, жас және педагогикалық психологиядан білімінің болуы; оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану білу іскерлігі; оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін толық меңгеруі. Бұл негізінен, Н.В.Кузьминаның белгілеуінше, педагогтың қалай оқыту және тәрбиелеу керектігін білуден көрінеді.

  2. педагогикалық шеберлікті педагогтың бойында тәрбиелеуге болады, шеберлікке педагог боламын деген әрбір адамның қолы жетеді.

2.В.А.Сластенин педагогикалық шеберлікті тұлғаның кәсіптік бағытталуының жоғары формасы деп белгілейді. Ал кез-келген іс-әрекетте, оның пікірінше, шеберліктің көрсеткіші – бұл іс-әрекетте қажет болатын арнайы іскерліктер мен дағдыны меңгеру.

Педагогикалық шеберліктің құрылымында өзара байланысқан элементтерді көрсетуге болады: гуманистік бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Аталған элементтер педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өз бетімен даму тән. Педагогикалық шеберліктің өз бетімен дамуының негізі – білім мен тұлғаның бағытталуы; оның нәтижелілігінің маңызды шарты – қабілеттер; тұтастықты қамтамасыз ететін құрал – педагогикалық техника аясындағы іскерліктер.

Кәсіптік білім – бұл педагогикалық шеберліктің негізгі іргетасы. Кәсіптік білімнің мазмұнына пән бойынша ғылыми және практикалық білім, оның әдістемесі, педагогикалық және психологиялық білім енеді.

Педагогтың жас, педагогикалық, жалпы психология және педагогикадан жинақтаған білімі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудің теориялық және практикалық сипаттағы күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді, педагогты мектепте білім, іскерлік, дағдыны меңгерту үрдісінің заңдылықтарымен қаруландырады, оқу-тәрбие үрдісін әрі қарай жетілдіру үшін қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық эрудиция әрекетті, фактіні немесе құбылысты дәл психологиялық талдау негізінде ықпал жасаудың дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық қабілеттер – арнайы қабілеттер, педагогикалық шеберліктің меңгерілуі қабілеттерге бағынышты. Психологиялық-педагогикалық әдебиетте педагогикалық қабілеттердің мына түрлері белгіленген:



  1. дидактикалық – бұл оқушыларға материалды қол жетерлік деңгейде, қызықты, айқын және нақты түрде ұсыну іскерлігі. Дидактикалық қабілеттерге ие педагог оқушылардың ой белсенділігін арттырады, оқу-тәрбие үрдісіне тек ақлды ғана емес, сонымен қатар сезімге де әсер ететін жаңа, соны нәрселерді енгізуге дайын;

  2. ұйымдастырушылық қабілеттер оқушылардың түрлі іс-әрекетін ұйымдастыруға, ұжымды қалыптастыруға бағытталған.сонымен қатар, олар педагогтың өзінің әрекетін дұрыс ұйымдастыруды да қамтамасыз етеді. Ол педагогтың дәлдік, ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік сынды 22 қасиеттерімен қамтамасыз етіледі;

  3. коммуникативті – бұлар оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қабілеттер;

  4. перцептивті – бұл баланың ішкі дүниесіне ену іскерлігі. Баланың психикалық күйін анықтауға бағытталған;

  5. суггестивті – бұл сендіру және иландыру қабілеті. Олар педагогтың беделімен, еріктік қасиеттерімен байланысты;

  6. ғылыми-танымдық (академиялық) – ғылымның белгілі бір саласы бойынша ақпаратты, білімді меңгеру қабілеті.

  7. эмоциональдық тұрақтылық және болжамдық қабілеттер.

Педагогикалық техника – оқушыларға, ұжымға педагогикалық ықпал жасаудың әдістер жүйесін тиімді қолдануға қажетті іскерліктер мен дағдылар жиынтығы: тәрбиеленушілермен дұрыс қарым-қатынас стилін таңдау іскерлігі, олардың назарын аударту, басқару және т.б. іскерліктер.

Педагогикалық техниканың негіздерін меңгеру – қарым-қатынас технологиясын меңгерудің қажетті шарты. А.С.Макаренконың айтуынша, «Мен «мында кел» сөйлемін 15-20 түрлі дауыс реңімен айтуды, бет-әлпет, дене тұрпаты, дауыс көмегімен 20 түрлі ақпаратты беруді үйренген шақта ғана шебер атандым» дейді.

Педагогикалық техниканың құрылымы: сөйлеу шеберлігі, мимика және пантомимика мәнерлілігі, өзінің психикалық күйін және эмоционалдық-шығармашылық күйін басқару іскерлігі, актерлік-режиссерлік қасиеттер.

Педагогикалық қызметті тиімді орындау үшін қазіргі педагогке педагогикалық қызметтің құрылымын, оның негізгі компоненттерін, педагогикалық іс-қимылды және кәсіби маңызды іскерліктер мен психологиялық сапаларды ұғыну қажет.


3. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс-әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез-келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді.

Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогиканы бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. бұл жағдайда пеждагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы-адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс-әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.

К.С.Станиславский жүйесі – бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңейту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызметтегі кез-келген дарындылықтың «пайдалы іс-әрекет коэффициентін» жоғарылату тәсілі.

4. К.С.Станиславский жүйесі бойынша жазылған әдебиеттерді зерттеу, жүйенің негізгі теориялық және практикалық ұстанымдарын талдау мынадай негіздеме жасауға мүмкіндік берді: оларды меңгеру педагогикалық қызметтің қыр-сырын жан-жақты танығысы келетін кез-келген тұлғаның педагогикалық қабілеттерін жан-жақты дамытуға және өзін-өзі дамытуға жол ашады. Педагогикалық мамандықты таңдаған кез-келген адам қызметке қажетті практикалық дағдыларды дамытуға арналған педагогиканың нақты саласы жоқ екендігін біледі. Сондықтан біз театр педагогикасына жүгініп отырмыз. Мұғалімге, актерге сияқты, К.С.Станиславскийдің айтқан сөзін есте ұстағаны жөн («Работа актера над собой»): «Алғашқы, бастапқы, содан кейінгі кезеңдерде жаңадан бастап жүрген, тәжірибесі жоқ оқушымен не істеуге болады?.. Оған сольфеджио сияқты қандай жаттығулар қажет? Шығармашылық сезімін және күйлерін дамыту үшін қандай гаммалар, арпеджио қажет болады? Оларды мектепте және үйде жүйелі түрде жаттығу үшін есеп жинақтарындағы сияқты нөмірлеу керек». Педагогикада «жалпы», жуықтау ештеңе болмауы тиіс.

Зерттеушілер К.С.Станиславский жүйесін ішкі және сыртқы өзін сезінудің элементтері ретінде де қарастырады. Бірақ Станиславский рольмен жұмыс жасау барысында өзін сезінуден емес, ерік пен санаға дұрыс бағынбайтын психикалық күйден емес, дене әрекеттерінің логикасынан шығуды ұсынады. Дене әрекеттерін дұрыс жүзеге асыру рефлекс деңгейінде қажетті сезімдерді оятады, психикаға әсер етеді.

Педагогты даярлау жүйесінің негізіне салынған дене әрекеті, қажетті сезім логикасы, санаасты саласы жайындағы Станиславскийдің тұжырымдамасы педагогикалық іс-әрекет жағдайында мұғалімнің қабылдау мүшелерін жаттықтыруды талап етеді. Кез-келген әрекет, соның ішінде педагогикалық әрекет қабылдаудан басталады. Бұл заңның бұзылуы педагогтың аудиториямен үйлесімділігіне кедергі келтіреді.

Станиславский іс-әрекетті дене және психикалықтың бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл түсіндірме педагог тәртібіндегі ішкі және сыртқы, денелік және рухани элементтердің өз алдына бөлек дамуына жол бермейді, бұл әдіс пен педагогикалық техниканың тығыз байланысын талап етеді.

Міне, сондықтан, педагогикалық шеберлік үш өзара байланысқан бөлікпен белгіленеді: педагогикалық теория, педагогикалық техника және сабақта жұмыстану әдісі және оны ұйымдастыру, өткізу.

Теорияны оқып білуге болатын болса, педагогикалық техника мен әдісті меңгеру қажет. Ал меңгеру үрдісі белгілі бір пратикалық дағдыларды қажет етеді. Бұған қол жеткізу үшін өте ұзақ және жүйелі жаттығу жүргізу керек.
5-6. Бүгінгі күні мұғалім болу өте оңай нәрсе деп ойлайтын адамдар баршылық. Бұл үшін арнайы педагогикалық оқу орнында оқу да қажет емес деп санайтындар да бар. Әдетте былай ойлайды: мұғалім болу оңай, әсіресе, тарих, география, әдебиет пәндерінің мұғалімдері болу...Оқулық бойынша материалдың белгілі бір көлемін жаттап алып, сыныпқа балаларға бар да әңгімелеп бер. Бұндай адасушылықты өз уақытында К.Д.Ушинский сынға алған.

Шынымен де, кімде-кімнің еске сақтау қабілеті жоғары болса, оқулықтың бірнеше бетін жаттап ала алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып бере алар. Әрбір педагог оқушыларға ғылымның заңдылықтарын қол жетерлік деңгейде түсіндіре алады ма? Дамыта оқытуды жүзеге асыра алады ма? Оқу-тәрбие үрдісін ғылымилық ұстанымы негізінде ұйымдастыра алады ма? Тек арнайы білімге ие педагог қана бұл міндеттерді шешуі мүмкін.

Педагогикалық шеберлікке қол жеткізудің алғашқы шарты ғылым мен білімнің әдіснамасын білу және соның негізінде арнайы және психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру болып табылады. Болашақ педагог жоғары оқу орнында оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ кәсіби бағытталуды қалыптастыру үшін жұмыстанып, өзін оқыту-тәрбиелеу үрдісімен айналысуға жан-жақты әзірлеу керек.

Педагогикалық университеттердің оқу жоспарларында мамандық бойынша педагогтарды даярлауға басым көңіл бөлінеді. Студент оқу барысында ғылымды меңгеріп, лның ұғымдық аппаратын білгені жөн. тек белгілі бір пән бойынша білім алып қана қоймай, сол пәннің тәрбиелік мәнін де ұғынуы тиіс. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласынан терең де жан-жақты теориялық және практикалық дайындықсыз оқыту-тәрбиелеу міндеттерін шешу оңай емес.

Әрі қарай қалыптасқан кәсіби іскерлік пен дағдының тексерілуі және өңделуі педагогикалық сараман барысында жүреді. Педагогикалық сараманның әрбір кезеңі нақты міндеттерге ие.

Шебер-педагог – бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік щақта қол жеткізу мүмкін емес.



жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау