Білім саласы: «Қатынас»
Кіші сала: «Ағылшын тілі»
ҰОӘ тақырыбы: «Fruits and vegetables», «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: «Жемістер мен көкөністер» тақырыбына байланысты балалардың білімдерін тереңдете түсуде «What is this? Мынау не?», «What colour is it? Түсі қандай?» сұрақтарына жауап бере білуге үйрету.
Жемістер мен көкөністерді бір – бірінен ажыратып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жаңа сөздер арқылы баланың ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайту.
Сөздік жұмыс: apple – алма, pear – алмұрт, grapes – жүзім, apricot – өрік, peach – шабдалы, banana – банан, plum – алхоры.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі жемістер мен көкөністер суреттері, дидактикалық ойындар құралдары.
Әдіс – тәсілдер: АКТ қолдану, сұрақ – жауап, түсіндіру.
Қостілділік: fruits – жемістер, vegetables - көкөністер, tomato – қызанақ, cucumber – қияр, carrot – сәбіз, onion – жуа, garlic – сарымсақ, sweet pepper – тәтті бұрыш, pumpkin – асқабақ
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Шаттық шеңбері:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I’m glad to see you!
Сұрақтар:
- Good morning children’s?
- What is your name?
- How are you?
- How old are you?
- Where are you from?
- Балалар бүгінгі біздің оқу іс – әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы болады. Сонымен қатар «What is this? Мынау не?», «What colour is it? Түсі қандай?» сұрақтарына жауап бере білуді үйренеміз.
- Қане, балалар қандай жемістер мен көкөністерді білесіңдер?
- Олай болса, жемістер мен көкөністердің әрқайсысымен жеке – жеке танысайық.
Жаңа сөздер:
Fruits – жемістер, vegetables – көкөністер, apple – алма, pear – алмұрт, grapes – жүзім, apricot – өрік, peach – шабдалы, banana – банан, plum – алхоры, orange – апельсин, cherry – шие, pineapple – ананас, strawberry – құлпынай, raspberry – таңқурай, tangerine - мандарин, сabbage – қырыққабат, beetroot – қызылша, potato – картоп, tomato – қызанақ, cucumber – қияр, carrot – сәбіз, onion – жуа, garlic – сарымсақ, sweet pepper – тәтті бұрыш, pumpkin – асқабақ сөздерін қайталайық.
What is this?
Мынау не?
What colour is an apple?
Алманың түсі қандай?
What is this?
Мынау не?
What colour is an grapes?
Жүзімнің түсі қандай?
What is this?
Мынау не?
What colour is an pear?
Алмұрттың түсі қандай?
Сергіту жаттығуы:
One, one, one,
Little dog run.
Two, two, two,
Cats see you.
Three, three, three,
Birds in a tree.
Four, four, four,
Frogs on the floor.
Ойын: «Себеттегі не?», «What is in the basket?»
Мақсаты: жемістер мен көкөністерді бір – бірінен ажырату.
Шарты: қызыл себетке көкөністерді, жасыл себетке жемістерді салу. Себеттерге не салғандары жөнінде айтып беру.
Сұрақтар?
What fruit do you like?
Сендер қандай жемісті жақсы көресіңдер?
What vegetables do you like?
Сендер қандай көкөністі жақсы көресіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |