Барлығы – 135 сағат



жүктеу 2,59 Mb.
бет3/25
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#22520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Практикалық сабақтың мазмұны: Есептер шығару

Әдебиет:

(18) 53-56, 92-93 беттер

ОЖСӨЖ мазмұны: Өтілген тақырып бойынша конспект жасау

СӨЖ мазмұны: Үй тапсырмасымен танысу. Практикалық сабаққа дайындалу теориялық материалдарды оқу
2.5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы, А., Экономика, 1998

2. Теория статистики/под ред. Р.А.Шмойловой, М.,Финансы и статистика,2001

3. Гусаров В.М. Теория статистики, М.,Аудит,1998

4. Елисеева И.И., Юзбашев М.М.,Общая теория статистики, М.,Финансы и статистика,2004

5. Статистика. Курс лекции/под ред. В.Г.Ионина, М.,Инфра-М,2001

6. Общая теория статистики/под ред. А.А.Спирина, М.,Финансы и статистика,1999

7. Практикум по общей теории статистики,М.Р.Ефимова, О.И.Ганченко, Е.В.Петрова, М.,Финансы и статистика,2001

8. Соцально-экономическая статистика, Уч. Пособие, А., Экономика,1999

9. Соцально-экономическая статистика/под ред. С.Р.Нестерович, Минск, БГЭУ,2000

10. А.И.Гинзбург, Статистика, С-Петербург,Питер,2005

11. Курс соцально-экономической статистики/под ред. М.Г.Назарова, М.,Финансы и статистика,2000

12. Соцальная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, М.,Финансы и статистика,1999

13. Л.А.Голуб, Соцально-экономическая статистика,М.,Владос,2001

14. Н.В.Бендина, Общая теория статистики, М., Приор,1999

15. М.Р.Ефимова,Е.В.Петрова,В.Н.Румянцев, Общая теория статистики, М., Инфра-М,2002

16. И.Г.Переяслова,В.Б.Колбачев, Основы статистики, Ростов на Дону, Феникс,1999

17. Шмойлова Р.А., Практикум по теории статистики, М.,Финансы и статистика,2000

18. А.В.Сиденко,В.М.Матвеева, Практикум по социально-экономической статистике, М., 1998

19. В.Н.Самин, М.Шпаковская, Соцально-экономическая статистика, М., 2000

20. Соцальная статистика. И.И.Елисеева, Н.К.Бельгибаева, А., 1999

21. Экономическая статистика, Иванова Ю.Н., М., 1998

22. Авров А.П., Нурлыбаева А.А., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 1997

23. Бельгибаева К.К., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 2000

24. Бельгибаева К.К.,Сборник задач по финансово-банковской статистике, А., 2000

25. Бельгибаева К.К.,Мухамбетова С.М., Қаржы және банк статистикасы бойынша есептер жинағы, А., 1999

26. Международная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, Минск, 1995

27. В.Д.Мельников, К.К.Ильясов, Финансы, А., 1997

28. Национальные счета в переходный период, Методология СНС ООН, 1994

29. М.М.Новиков,И.Е.Тесмак, Макроэкономическая статистика, Минск, 1997

30. Статистика финансов/под ред. В.Н.Самина, М., 2000

31. Статистика, Уч. пособие , Н.В.Толстин, Н.М.Матегорина, Ростов,2000

32. Г.М.Молдакулова, Международная экономическая статистика, Уч. пособие, А., 2004

33. Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі 2000-2003 ж.ж., Статистикалық жинақ, А., 2004

34. БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, БҚО статистика басқармасы, Орал, 2004

35. Практикум по статистике промышленности, В.Н.Сивцов, Г.Я.Киперман, М., Финансы и статистика, 1985

Қосымша әдебиеттер:


36. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе» туралы заңы, Алматы, 1996

37. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика» туралы заңы, Егеменді Қазақстан, мамыр, 1997


3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)



Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты



№4 семинар

№10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

4

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест



4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ








Әдебиет атауы


Барлығы

Ескерту


Кітапханада


Кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Элек-тронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Статистика. Курс лекции/под ред. В.Г.Ионина, М.,Инфра-М,2001

2




2,1







2

Общая теория статистики/под ред. О. Э. Башиной, А. А. Спирина. М., Финансы и статистика, 2002

6




6,5







3

Ы. Әміреұлы. Статистиканың жалпы теориясы, А., Экономика, 1998

3




3,2







4

Теория статистики/под ред. Г. Л. Громыко. М.,Инфра-М,2000

3




3,2







5

Елисеева И.И., Юзбашев М.М.,Общая теория статистики, М.,Финансы и статистика,2001

5




5,4







6

Статистика. Н. В. Толстик, Н. М. Матегорина, Ростов на Дону, Феникс,2001

5




5,4







7

Теория статистики/ под ред. Шмойловой Р.А. М., Финансы и статистика., 2001.

5




5,4







8

Практикум по статистике/под ред. А. П. Зинченко, М., КолосС, 2003.

4




4,3







9

Соцальная статистика/под ред. И.И.Елисеевой, М.,Финансы и статистика,1999

5




5,4







10

Практикум по общей теории статистики, М.Р.Ефимова, О.И.Ганченко, Е.В.Петрова, М.,Финансы и статистика,2001

8




8,6







11

Л.А.Голуб, Соцально-экономическая статистика,М.,Владос,2001

5




5,4







12

Соцально-экономическая статистика/под ред. С.Р.Нестерович, Минск, БГЭУ,2000

5




5,4







13

Практикум по статистике транспорта, М., Финансы и статистика, 2002.

1




1,1







14

Бельгибаева К.К., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 2000

2




2,1







15

Авров А.П., Нурлыбаева А.А., Финансово-банковская статистика., Уч. пособие, А., 1997

3




3,2







16

В.Н.Самин, М.Шпаковская, Соцально-экономическая статистика, М., Финансы и статистика, 2003.

1




1,1






5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Тақырып: Әлеуметтік-экономикалық статистиканың пәні, әдістері мен міндеттері.

Дәрістің мазмұны: 1.Әлеуметтік-экономикалық статистиканың пәні, мазмұны және мақсат- міндеттері,әдістері.

2.Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылым ретіндегі негізгі категориялары.

Әлеуметтік-экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді. «Статистиканың» қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты - Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.

Бақылаудың объектісі - барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер:

а) микродеңгейде - шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;

ә) мезодеңгейде - экономика саласы, экономика секторы, аймақ;

б) макродеңгейде - елдің жалпы экономикасы.

Әлеуметтік-экономикалық статистикасының теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық статистика экономикалық теориямен және басқа ғылымдармен қалай байланысады?

Экономикалық теория коғамның даму заңдылықтарын, олардың мәні мен шығу табиғатын анықтайды.

Диалектикалық тану әдісіне сәйкес, статистика қоғамдағы үздіксіз өзгерістер мен даму құбылыстарын, процестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, тарихи оқиғалардың тізбегіндегі нақты фактілерді жинақтап зерттейді.

Статистикада жалпы сандық ақпараттарды қолданғанда, бір жағынан, жалпы заңдылықтарды сандық жағынан негіздеп, дәлелдерді немесе кейбір теориялық ұсыныстарды терістейді, ал екінші жағынан, нарықтық экономикадағы жаңа құбылыстарды, процестерді дұрыс бағалап, экономикалық теорияны одан әрі дамытады. Осыдан әлеуметтік-экономикалық статистиканың экономикалық теория, философия және өзге ғылымдармен байланысы көрінеді: математика (жоғары математика, ықтималдықтар теориясы және т.б.); салалық экономика (қаржы, банк ісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық экономикасы, өнеркәсіп экономикасы және т.б.); қоғамдық (тарих, әлеуметтану, саясаттану, демография және т.б.) сияқты ғылымның басқа да түрлерімен өзара байланыстылығын көруге болады.

Әлеуметтік-экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді. Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады:

1. Статистикалық бақылау (алғашқы статистикалық ақпараттарды жинау).

2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау.

3. Ақпараттарды талдау. Әлеуметтік-экономикалық статистика жалпы әлеуметтік-экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырыл, алғашқы сатысында (мысалы, халық, жалпы шығарылым туралы) келесі функциялар орындалады:

- бастапқы ұғымдарды, категорияларды қалыптастырады, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды;

- көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды;

- алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды, отбасыларды санақ нарығы формасы түрінде, барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе үй шаруашылықтарына ішінара, жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.

Статистикалық зерттеудің екінші сатысында ақпараттардың жинақталуы және топтастырылуы жиналған барлық фактілерді бөлу және біріктіру жолымен реттеліп, қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі. Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі. Әлеуметтік-экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды, кіші топтарды басты, мәнді белгілері бойынша зерттейді. Мысалы, Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді.

Статистикалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, кәсіпорындардың, салалардың, секторлардың және еліміздің тұтас экономикасындағы экономикалық іс-әрекет нәтижелеріне факторлардың ықпалы бағаланады. Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуелділік үшін жалпылама көрсеткіштер әдісі қолданылады: қатысты, орташа шамалар, вариация белгілерінің көрсеткіштері, динамика құбылыстары индекстерінің корреляциясын есептеу, детерминация есебі. баланстық. теориялық-ықтималдық әдістері.

Жиналған және топтастырылған ақпараттарды тиімді етіп көрсету үшін статистикалық кестелер мен графиктердің барлық түрлері пайдаланылады.

Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикалармен де байланысады. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді (еңбек ресурстары, жалпы ішкі енім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді жинайды.


Тақырып: Ұлттық шоттар жүйесі.

Дәрістің мазмұны: 1.ҰЕЖ түсінігі мен мазмұны.

2.ҰЕЖ құрудың жалпы принциптері.

1. Ұлттық шоттар жүйесінің мазмұны

Ұлттық шоттар жүйесі - қоғамдық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын және экономикалық цикл теориясына негізделген статистикалық көрсеткіштер жүйесі. Экономикалық өмірдің сандық көрінісін неғұрлым кең көлемде, көрнекі түрде қамтып корсету ұлттық шоттар жүйесінің негізгі міндеті болып саналады. Пәннің зерттеу объектісі - ел экономикасы, экономиканың жеке салалары мен секторлары. Өз объектісін зерттеу үшін ҮШЖ статистикалық әдістерді, соның ішінде халыкаралық стандартты жік-темелерді, кестелерді, графиктік, баланстық әдістерді, әртүрлі талдау әдістерін кеңінен қолданады.

ҮШЖ - экономиканы макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық жүйе болғандықтан экономикалық саясаттың барлык сферасында кеңінен қолданылады. Кұрылымдық, конъюнктуралық саясат мәселелерін шешу ушін, экономикалық өсуді, табысты реттеу ушін, әлеуметттк және қаржы саясатын дұрыс жургізу үшін алғашкы аппарат ретінде УШЖ-нің негізгі көрсеткіштері пайдаланылады. УШЖ мэліметтері ұдайы өндіріс процестерін зерттейтін және оған болжам жасайтын талдаушыларға, кәсіпкерлерге, коғамдық ұйымдарға да қажет. УШЖ-нің көрсеткіштеріне халықаралык ұйымдар да кызығушылық танытады, өйткені халықаралык ынтымақтастық бағыты мен нысаны, халықаралық ұйымдарға телейтін осы елдін жарнасы, тағы да басқа проблемалардың шешілуі ел экономикасының даму деңгейіне байланысты болады.

УШЖ-нің даму тарихын екі көзеңге бөлуге болады. Бірінші көзең екінші дүниежүзілік соғыска дейін жылдарды қамтиды. Осы көзде мемлекеттік басқару органдары ұлттық табыс статистикасының ақпараттарына айтарлықтай көңіл беле бастады. Бұған 1929-1933 жылдардағы ұлы экономикалық тоқырау себеп болды. Нарықтық экономикадағы инфляция, жұмыссыздық, өндірістік қуатты толық пайдаланбау сияқты құбылыстармен куресу үшін мемлекеттік басқару органдарына статистикалық ақпараттар өте қажет болды. Дамудың алғашкы көзеңінде акпараттарды интеграциялауға қадам жасалды, ұлттык табысты есептеу әдістері жетілдірді. Ақпараттарды интеграциялау анықтамаларды, жіктемелерді үйлестіру аркылы іске асырылады.

Дамудың екінші көзеңі екінші дуниежүзілік соғыстан кейін басталды. Бұл көзде дамыған капиталистік елдердің үкметтеріне соғыстан кейінгі жағдайда экономикалық саясаттың бағытын анықтау керек болды, сондыкқан экономикалық процестердің әр турлі аспектілерін қорытындылап баяндауды қамтамасыз ететін макроэкономикалық статистикаға деген қажеттілік туды.

УШЖ-нің дамуының екінші көзеңінің ерекшелігі болып ұлттық байлық, қаржы ресурстарының козғалысы, сыртқы эконо­микалық байланыстар, салааралық баланс сияқты экономикалық статистиканың белімдерінің ұлттық табыс туралы мәліметтермен үйлестірілуі, аталған блоктардың бір жүйеде интеграциялануы саналады. Осы көзеңде халықаралық экономикалық ұйымдар (БҰҰ, ХВҚ, ЭЫДУ, т.б.) ұлттық шоттардың әдістемесін даярлау және оны практикада қолдануды дамытуда белсенді роль атқарды. БУУ-ның ұлттық шоттар саласындағы бірінші стандарты 1953 жылы, екінші стандарты 1968 жылы, үшінші версиясы 1993 жылы кабылданды. Қазақстанда ұлттық шоттар 1994 жылдан бастап құрылады.

Қазіргі заманғы ұлттық шоттар жүйесін мынадай ақпараттар жиынтығы турінде карауга болады:

- тұтас экономиканың жиынтық шоттары;

- экономика секторларының шоттары;

- экономика салаларының шоттары;

- «Калған әлем» секторының шоттары.

Сол сияқты ұлттық шоттарды ағымдағы және кор жинау шоттары деп те бөледі. Ағымдағы шоттарға өндіріс, табыстардың пайда бөлуы, алғашкы табыстарды бөлу, табыстарды кайта бө­лу, табыстарды пайдалану шоттары, ал қор жинау шоттарына капиталға байланысты операциялар, қаржы, акгивтер мен пассивтерді қайта бағалау, активтер мен пассивтердегі басқа өзгерістер шоттары жатады.

УШЖ-де ұдайы өндіріс процесінің әр көзеңіне (өндіру, та­быстарды алғашкы рет бөлу, табыстарды қайта бөлу, табыс­тарды ақырғы тұтыну және кор жинау үшін пайдалану) арнайы шот құрылады. Ұлттық шоттарда бухгалтерлік есептегі екі жакқты жазу принципі колданылады. Шоттар екі бөліктен тұрады және баланстық кесте турінде беріледі, яғни шоттың ресурстар бөлігінің жалпы сомасы сол шоттың пайдалану бөлігінің жалпы сомасына тең болуы керек.Әр шоттың ресурстарды пайда­лану бөлігі баланстык, статьямен аяқталады. Баланстык, статья шот бөліктерінің арасында арифметикалық тепе-теңдік сақталу үшін және шотты жабу үшін қолданылады. Шоттың баланстық стаьясы келесі шоттың ресурстар белігіне көшіріледі. 1-кестеде ішкі экономиканың ұлттық шоттарының баланстық статьялары көрсетілген.


1-кесте. Ұлттық шоттардың баланстық статьялары

Шот

Баланстық статья

Өндіріс

Жалпы ішкі өнім (жалпы қосылған құн)

Табыстардың пайда бөлуы

Жалпы пайда немесе жалпы аралас табыс

Алғашкы табыстарды бөлу

Жалпы ұлттык табыс (алғашкы табыстар сальдосы







Табыстарды қайта бөлу

Қолда бар жалпы ұлттық табыс

Табыстарды пайдалану

Жалпы ұлттық жинақ

Капиталға байланысты

Таза несие (+) немесе таза борыш (-)

Операциялар




Активтер көлеміндегі басқа

Меншікті капиталдың таза құнындағы

өзгерістер

өзгерістер

Қайта бағалау

Холдингті пайда/шыгын нәтижесінде




меншікті капиталдың өзгеруі)

Ұлттық. шоттарды кұру әдістемесін оқып үйренбес бұрын осы жүйеде қолданылатын стандартты ұғымдарды, анықтамаларды, топтаулар мен жіктемелерді білу қажет. Бұл әр турлі елдердің эко­номика мамандарына ортақ бір статистикалық тілде түсінісуге, макроэкономикалық керсеткіштерді халықаралық, салыстыруларда қолдануға мүмкіндік жасайды.

2. Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі ұғымдары мен категориялары


УШЖ-де мынадай ұғымдар қолданылады: тауар, қызмет, өнім, өндірістік әрекет, экономикалық аумақ, анклавтар, экономикалық мудде орталығы, рөзидент, ішкі және ұлттық экономика, экономикалық; операция, трансферттер, институционалдық, бірлік, сала, сектор.

Тауар деп - материалдық-заттық. түрдегі енбектің нэтижесін айтады.

Қызмет - жеке және қоғамдык қажеттіліктерді қанағаттандыратын әрекет нәтижесі, ол материалдық-заттық нысанда болмайды.

Өнім деп - сатуға арналған тауар мен қызметті айтады. Әдетте өнімде оны өндіруге жұмсалған шығындарды жабатындай бағамен сатады.

Трансферт - ақша немесе зат түріндегі қайта бөлінген табыстың бір жақты ағымдары. Трансферттің орнына ештене талап етілмейді, ол - өтемсіз экономикалық операция (стипендия, зейнетақы, әр турлі жәрдемақылар, салықтар, т.б).Трансферттер ағымдағы және курделі болып екіге бөлінеді.

Өндірістік әрекет - әр түрлі тауарларды, қызметтерді шығару барысында еңбек, капитал шығыны, сондай-ақ. тауар және қызмет шығындары болатын, шаруашылық субъектісінің бақылауымен жүргізілетін әрекет.ҰШЖ-нщ қазіргі тұжырымдамасы бойынша тауар өндіруге, қызмет көрсетуге байланысты болған барлык әрекет экономикалық өндіріске жатқызылады.


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау