Барлығы – 135 сағат


Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 1,45 Mb.
бет7/9
Дата18.12.2017
өлшемі1,45 Mb.
#4535
1   2   3   4   5   6   7   8   9


7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Теориялық материалдарды оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар:

а) семинар сабақтары:

Қылмыстық атқару құқығы пәні бойынша семинар сабақтарын өткізудің мақсаты –студенттердің қылмыстық жазаны өтеу мен орындаудың аясында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді, сонымен қатар Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу тарихы, қаралып отырған жүйедегі халықаралық ынтымақтастық және басқа да мәселелерді тереңдетіп оқуы болып табылады. Оқу-әдістемелік кешенде белгіленген арнайы семинар тақырыптарына дайындала отырып, студенттер осы аталған курс бойынша теориялық білімін жетілдіреді, жан-жақтылығын арттырады және емтиханға дайындық негізін қалыптастырады.



Семинар сабақтарын орындау бойынша нұсқаулар:


  • студент семинарға силлабуста берілген тақырып бойынша дайындалуы тиіс;

  • семинарға дайындалу барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы қажет;

  • студент тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдануы тиіс;

  • семинар тақырыбы бойынша конспектісі болуы тиіс;

  • конспект негізінде қысқаша баяндама жасауы тиіс

  • тақырып бойынша берілген кесте талапқа сай болуы қажет.

ҚР қылмыстық атқару құқығы пәні бойынша семинар сабақтарын өткізудің әдістемелік нұсқаулықтары: әңгімелесу, семинарлық баяндамалар, дөңгелек үстел.


1 семинар

Тақырып: ҚР-ның қылмыстық атқару заңдары.

Мақсаты: Қылмыстық атқару құқығына байланысты заңдарды талқылау.

Семинар мазмұны:


Қылмыстық-атқару заңдарының түсінігі, маңызы, мақсаттары мен түрлері.

Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы.

Қылмыстық-атқару заңдарының принциптері.

Қылмыстық-атқару құқық қатынастары.



Әдістемелік нұсқау: Сабаққа семинар тақырыбы бойынша баяндамалар жазып, оларды студенттер арасында талқылау

Әдебиет:

1. Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

2. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

3. ҚР Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002ж.



2 семинар

Тақырып: Сотталғандардың мінездемесі.

Мақсаты: Сотталғандардың мінездемелерінің түрлерін талдау.

Семинар мазмұны

Әлеуметтік-демографиялық мінездеме.

Қылмыстық-құқықтық мінездеме.

Қылмыстық-атқару мінездеме.



Әдістемелік нұсқау: Сабаққа семинар тақырыбы бойынша баяндамалар жазып, оларды студенттер арасында талқылау

Әдебиет:


1. Уголовно-исполнительное право России. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под.ред. заслуженного деятеля науки РФ, доктора юрдических наук, профессора А.И.Зубкова. – М.: Издательская группа ИНФРА. М-Норма, 1997.

2.Уголовно-исполнительное право: Учебник/ Под ред. проф. И.В.Шмарова – М.: Издательство БЕК, 1998.


3 семинар

Тақырып: Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар және олардың қызметіне бақылау жасау.

Мақсаты: Жазаны атқаратын органдарға түсініктеме беру.

Семинар мазмұны

Қоғамдық байқау комиссиясының өкілеттігі.


Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалау.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде болу.



Әдістемелік нұсқау: Сабаққа семинар тақырыбы бойынша баяндамалар жазып, оларды студенттер арасында талқылау.

Әдебиет:


1. Уголовно-исполнительное право РК (сборник нормативно-правовых актов)/ Составитель Диденко П.В. – Алматы: Данекер, 2001.

2. Уголовно-исполнительное право России. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под.ред. заслуженного деятеля науки РФ, доктора юрдических наук, профессора А.И.Зубкова. – М.: Издательская группа ИНФРА. М-Норма, 1997.


4 семинар

Тақырып: Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару.

Мақсаты: Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару тәртібін анықтау.

Семинардың мазмұны

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару мерзімдерінің есептелуі.


Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімін орындамаудың салдары.

Әдістемелік нұсқау: Сабаққа семинар тақырыбы бойынша баяндамалар жазып, оларды студенттер арасында талқылау

Әдебиет:


1. ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

2. Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару Нұсқаулығын бекіту туралы ҚР Әділет министрнің бұйрығы 11желтоқсан 2001ж.

3. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

5 семинар

Тақырып: Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару.

Мақсаты: Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі және түзеу жұмыстары түріндегі жазаларды салыстыру және талдау.

Семинардың мазмұны

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару тәртібі.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару ережелері.

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары.

Еңбекпен түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшін жауаптылық.

Әдістемелік нұсқау: Салыстыру түрінде өткізу.

Әдебиет:

1. Уголовно-исполнительное право России. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под.ред. заслуженного деятеля науки РФ, доктора юрдических наук, профессора А.И.Зубкова. – М.: Издательская группа ИНФРА. М-Норма, 1997.

2.Уголовно-исполнительное право: Учебник/ Под ред. проф. И.В.Шмарова – М.: Издательство БЕК, 1998.

6 семинар

Тақырып: Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен шарттары.

Мақсаты: Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі анықтау.

Семинардың мазмұны

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын жазалау шаралары.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі.



Әдістемелік нұсқау: Сабаққа баяндама дайындап, студенттер арасында тадқылау

Әдебиет:

1. ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

2. Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару Нұсқаулығын бекіту туралы ҚР Әділет министрнің бұйрығы 11желтоқсан 2001ж.

3. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.


7 семинар

Тақырып: Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару.

Мақсаты: Жазалардың ішіндегі ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару мәселесін толықтай ашу.

Семинардың мазмұны

Түзеу мекемесінің түрін өзгерту.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелеріне қабылдау.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың б? кіл жаза мерзімін бір түзеу мекемесінде өтеуі.



Әдістемелік нұсқау: Сабаққа баяндама дайындап, студенттер арасында тадқылау

Әдебиет

1. ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.



  1. Әпенов С.М. Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМЗА, 2001.

  2. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.


8 семинар

Тақырып: Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары.

Мақсаты: Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайларын талдау.

Семинардың мазмұны

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың түзеу мекемелерінің шегінен тысқары жол жүруі.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету.

Әдістемелік нұсқау: Схема түрінде әзірлеп келу.

Әдебиет:

1.ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

2.Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

3.Уголовно-исполнительное право России. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под.ред. заслуженного деятеля науки РФ, доктора юрдических наук, профессора А.И.Зубкова. – М.: Издательская группа ИНФРА. М-Норма, 1997.


9 семинар

Тақырып: Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі.

Мақсаты: Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі жөнінде жалпы түсінік беру.

Семинардың мазмұны

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі жөнінде жалпы түсінік.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбегінің жағдайлары.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегіне ақы төлеу.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбегіне ақы төленбейтін жұмыстарға тарту.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың кірісінен ұстап қалу.



Әдістемелік нұсқау: Реферат әзірлеп клу.

Әдебиет

1. ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

2. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

3.Бас бостандығынан айырылған адамдардың еңбегіне ақы төлеу шарттары мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы. ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысы 8 қаңтар 1993ж.


10 семинар

Тақырып: Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету.

Мақсаты: Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету түрлерін анықтау.

Семинардың мазмұны

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын жазалау шаралары.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзуы.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану тәртібі.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айыптық оқшаулау орындарында, камералық үлгідегі үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда ұстау ережелері.

Әдістемелік нұсқау: Баяндама дайындап келу.

Әдебиет:

1. Әпенов С.М. Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМЗА, 2001.

2. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.


  1. ҚР Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002ж.

  2. Исполнительное производство (сборник номативно-правовых актов)./ Составитель: Суюндуков М.С.- Астана: Данекер, 2002г.


11 семинар

Тақырып: Әр түрлі режимдердегі түзеу мекемелеріндегі жазаларды атқарудың ерекшеліктері.

Мақсаты: Әр түрлі режимдердегі түзеу мекемелеріндегі жазаларды атқарудың ерекшеліктері сипаттау.

Семинардың мазмұны

Жалпы режимдегі түзеу колониялары.

Жалпы режимдегі түзеу колонияларында жазаны өтеу.

Қатаң режимдегі түзеу колониялары.

Қатаң режимдегі түзеу колонияларындағы жазаны өтеу.

Әдістемелік нұсқау: Өзара пікір алмасу

Әдебиет:

1. ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

2. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

3.Уголовно-исполнительное право РК (сборник нормативно-правовых актов)/ Составитель Диденко П.В. – Алматы: Данекер, 2001.


12 семинар

Тақырып: Әр түрлі режимдердегі түзеу мекемелеріндегі жазаларды атқарудың ерекшеліктері.

Мақсаты: Әр түрлі режимдердегі түзеу мекемелеріндегі жазаларды атқарудың ерекшеліктері сипаттау.

Семинардың мазмұны

Ерекше режимдегі түзеу колониялары.

Ерекше режимдегі түзеу колонияларында жазаны өтеу.

Өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеуші сотталғандарға арналған ерекше режимдегі түзеу колониялары.

Өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеуші сотталғандарға арналған ерекше режимдегі түзеу колонияларында бас бостандығынан айыруды өтеу.

Колония-қоныстар.

Колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруды өтеу.

Түрмелер.

Түрмелерде бас бостандығынан айыруды өтеу.

Әдістемелік нұсқау: рефераттарды дайындап келу

Әдебиет:

1. ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

2. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

3.Уголовно-исполнительное право РК (сборник нормативно-правовых актов)/ Составитель Диденко П.В. – Алматы: Данекер, 2001.


13 семинар

Тақырып: Сотталған әскери қызметшілерге қатысты әскери қызмет бойынша шектеу, қамау және тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаларды атқару.

Мақсаты: Сотталған әскери қызметшілерге қатысты әскери қызмет бойынша шектеу, қамау түріндегі жазаларды атқаруға қатысты талдау жасау.

Семинардың мазмұны

Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны атқару.

Әскери қызметшілерге қатысты қамауды атқару.

Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары.



Әдістемелік нұсқау: баяндама дайындап келу

Әдебиет:

1. ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

2.Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

3.Уголовно-исполнительное право РК (сборник нормативно-правовых актов)/ Составитель Диденко П.В. – Алматы: Данекер, 2001.


14 семинар

Тақырып: Жазаны өтеуден босату.

Мақсаты: Жазаны өтеуден босату жағдайларын анықтау.

Семинардың мазмұны

Жазаны өтеуден босатудың негіздері.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатуға ұсыну тәртібі.

Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты-мерзімінен бұрын босатуға ұсынудың еркшеліктері.

Жүкті әйелдер және жас балалары бар әйелдер жөнінде жазаның атқарылу мерзімін кейінге қалдыру.

Жазаны өтеудің тоқтатылуы және босату тәртібі.



Әдістемелік нұсқау: Сабаққа семинар тақырыбы бойынша баяндамалар жазып, оларды студенттер арасында талқылау

Әдебиет:

1.Уголовно-исполнительное право РК (сборник нормативно-правовых актов)/ Составитель Диденко П.В. – Алматы: Данекер, 2001.

2.Уголовно-исполнительное право России. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под.ред. заслуженного деятеля науки РФ, доктора юрдических наук, профессора А.И.Зубкова. – М.: Издательская группа ИНФРА. М-Норма, 1997.

3.Уголовно-исполнительное право: Учебник/ Под ред. проф. И.В.Шмарова – М.: Издательство БЕК, 1998.



15 семинар

Тақырып: Шартты сотталған адамдарға бақылау жасау.

Мақсаты: Шартты сотталған адамдарға бақылау жасау тәртібін сипаттау.

Семинардың мазмұны

Шартты сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асырушы органдар.

Шартты сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру тәртібі.

Сынақ мерзімінің есептелуі.

Шартты сотталушылардың жауаптылығы.

Әдістемелік нұсқау: семинар тақырыбы бойынша баяндамалар жазып, оларды студенттер арасында талқылау

Әдебиет:

1.Жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігің неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 13 желтоқан 2001ж.

2.Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

3.Уголовно-исполнительное право: Учебник/ Под ред. проф. И.В.Шмарова – М.: Издательство БЕК, 1998.




б) ОЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар.

ОЖСӨЖ екі қызмет атқарады: кеңес беру және бақылаушы. ОЖСӨЖ – оқытушы мен студенттің бірлескен жұмысы, өйткені сабақ барысында тақырыптарды өзара талқылап, ұсыныстар енгізіп, пікірталас жүргізіп, топтық жобалар мен кестелер құрады. Әрбір ОЖСӨЖ-на арнайы тақырыптар беріледі (оқу-әдістемелік кешенде белгіленген). Орындалатын тапсырмалардың нысаны:



  • дәріс сұрақтары бойынша пысықтау сұрақтарына жауап беру;

  • белгілі бір тақырыпта кесте құру,

  • басқа әдебиет көздерінен қосымша тезистер жазып келу,

  • баяндамалар мен рефераттар жазу және т.б

  • баяндамалар мен рефераттар жазу;


ОЖСӨЖ баяндама, реферат, кесте, сөжұмбақ құру, пікір алмасу нысандарында жүргізіледі.

1 апта

Тақырып 1-3: Қылмыстық атқару құқығының ұғымы, мәні мақсаты мен міндетері. ҚР-сы қылмыстық-атқару заңдарының сотталған әскери қызметшілерге қатысты қолданылуы. Жазаны атқару негіздемесі. Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары. ҚР-ң қылмыстық-атқару заңдарының кеңістік пен уақыт тұрғысында қолданылуы.Қылмыстық-атқару құқық қатынастары.

Мақсаты: Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту.

Сабақ жүргізу нысаны: Реферат дайындап, қорғау.

Тапсырмалар және сұрақтар:

Қылмыстық атқару құқығының ұғымы, мәні мақсаты мен міндетері. ҚР-сы қылмыстық-атқару заңдарының сотталған әскери қызметшілерге қатысты қолданылуы. Жазаны атқару негіздемесі. Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары. ҚР-ң қылмыстық-атқару заңдарының кеңістік пен уақыт тұрғысында қолданылуы. Қылмыстық-атқару құқық қатынастары.



Әдістемелік нұсқаулық: Рефератты жазбаша дайындап, СОӨЖ-дің сұрақтарын сабақта ауызша талқылау.

Әдебиеттер:

  1. ҚР Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж.

  2. Әпенов С.М. Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМЗА, 2001.

  3. Уголовно-исполнительное право России. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под.ред. заслуженного деятеля науки РФ, доктора юрдических наук, профессора А.И.Зубкова. – М.: Издательская группа ИНФРА. М-Норма, 1997.


2 апта

Тақырып 1-3: Бас бостандығынан айырылуға сотталғандардың тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілігі. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері. Сотталғандардың мінездемесі. Сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі. ҚР-ғы сотталғандардың құқықтық жағдайы. Қылмыстық-атқару мінездеме.

Мақсаты: Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, рефераттарды және баяндамаларды дайындауға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру.

Сабақ жүргізу нысаны: Баяндама түрінде дайындап келу.

Тапсырмалар және сұрақтар:

Бас бостандығынан айырылуға сотталғандардың тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілігі. Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері. Сотталғандардың мінездемесі. Сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі. ҚР-ғы сотталғандардың құқықтық жағдайы. Қылмыстық-атқару мінездеме.



Әдістемелік нұсқаулық: Баяндаманы жазбаша дайындап дөңгелек үстел ретінде өткізу.

Әдебиеттер:

  1. Әпенов С.М. Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМЗА, 2001.

  2. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

  3. ҚР Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002ж.


3 апта

Тақырып 1-3: Қоғамдық байқау комиссиясының өкілеттігі. Қоғамдық бақылау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде болу. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар және олардың қызметіне бақылау жасау. Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалау.

Мақсаты: Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, рефераттарды және баяндамаларды дайындауға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру.

Сабақ жүргізу нысаны: Баяндаманы дайындап келу.

Тапсырмалар және сұрақтар:

Қоғамдық байқау комиссиясының өкілеттігі. Қоғамдық бақылау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде болу. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар және олардың қызметіне бақылау жасау. Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалау.



Әдістемелік нұсқаулық:

Жазбаша түрде баяндаманы дайындап келу.



Әдебиеттер:

  1. Әпенов С.М. Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМЗА, 2001.

  2. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

  3. ҚР Қылмыстық-атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002ж.

  4. Исполнительное производство (сборник номативно-правовых актов)./ Составитель: Суюндуков М.С.- Астана: Данекер, 2002г.


4 апта

Тақырып 1-3: Қосымша жазаларды атқару.

Мақсаты: Қажетті материалдарды өз бетінше іздеуге, рефераттарды және баяндамаларды дайындауға, материалдарды жүйелендіруге дағдыны қалыптастыру.

Сабақ жүргізу нысаны: Дөңгелек үстел ретінде өткізу.

Тапсырмалар және сұрақтар:

Айыппұл түріндегі жазаны атқару. Белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты қайтып алуға құқықты органдардың міндеттері. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқарылуын ұйымдастыру. Ұйымдар әкімшіліктерінің сот үкімін атқару жөніндегі міндеттері. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаға сотталушының міндеттері. Айыппұл төлеуден қасақана жалтару. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқарылуын ұйымдастыру.



Әдістемелік нұсқаулық:

Қысқаша баяндамаларды дайындап келу.



Әдебиеттер:

  1. Уголовно-исполнительное право РК (сборник нормативно-правовых актов)/ Составитель Диденко П.В. – Алматы: Данекер, 2001.

  2. Уголовно-исполнительное право России. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под.ред. заслуженного деятеля науки РФ, доктора юрдических наук, профессора А.И.Зубкова. – М.: Издательская группа ИНФРА. М-Норма, 1997.


5 апта

Тақырып 1-3: Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу орны бойынша ұйымдар әкімшілігінің міндеттері. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың оны өтеу орны бойынша ұйымдар әкімшілігінің міндеттері.

Мақсаты: Адвокаттың өкілеттіктерін анықтау.

Сабақ жүргізу нысаны: Пікір-талас ретінде өткізу.

Тапсырмалар және сұрақтар:

Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу орны бойынша ұйымдар әкімшілігінің міндеттері. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуші адамдардың жауаптылығы. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың оны өтеу орны бойынша ұйымдар әкімшілігінің міндеттері. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақасынан ұстап қалуды жүргізу тәртібі. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары. Еңбекпен түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшін жауаптылық.



Әдістемелік нұсқаулық: Баяндамалар мен схемаларды дайындап келу.

Әдебиеттер:

  1. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу РК. Алматы, Баспа. 1998.

  2. Уголовно-исполнительное право России. Учебник для юридических вузов и факультетов. Под.ред. заслуженного деятеля науки РФ, доктора юрдических наук, профессора А.И.Зубкова. – М.: Издательская группа ИНФРА. М-Норма, 1997.

  3. Уголовно-исполнительное право: Учебник/ Под ред. проф. И.В.Шмарова – М.: Издательство БЕК, 1998.


6 апта

жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау