Барлығы – 135 сағат


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)



жүктеу 1,45 Mb.
бет9/9
Дата18.12.2017
өлшемі1,45 Mb.
#4535
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 1/3 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама, кесте, конспект т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату, арнайы дайындалған бақылау сұрақтарына жазбаша жауар беру арқылы тексеріледі.




Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі.

  2. ҚР-ның қылмыстық-атқару заңдары.

  3. ҚР-ғы сотталғандардың құқықтық жағдайы.

  4. Сотталғандардың мінездемесі.

  5. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар және олардың қызметіне бақылау жасау.

  6. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде болу.

  7. Айыппұл түріндегі жазаны атқару.

  8. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару.

  9. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару.

  10. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару.

  11. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен шарттары.

  12. Қосымша жазаларды атқару.

  13. Қамау түріндегі жазаны атқару.

  14. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару.

  15. Түзеу мекемелеріндегі режим және оны қамтамасыз ету құралдары.



8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары.

  2. Бас бостандығынан айыруға сотталғадардың материалдық тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуі.

  3. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі.

  4. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету.

  5. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын көтермелеу шаралары.

  6. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын жазалау шаралары.

  7. Жалпы режимдегі түзеу колониялары. Қатаң режимдегі түзеу колониялары.

  8. Ерекше режимдегі түзеу колониялары.

  9. Колония-қоныстар. Түрмелер.

  10. Кәмелетке толмаған сотталғандардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ерекшеліктері.

  11. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты әскери қызмет бойынша шектеу, қамау және тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаларды атқару.

  12. Өлім жазасы түріндегі жазаны атқару.

  13. Жазаны өтеуден бостау.

  14. Жазаны өтеуден босатылған адамдарға көмек және оларды бақылау.

  15. Шартты сотталған адамдарға бақылау жасау.


«Қылмыстық атқару құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары



  1. Мемлекеттің қылмыстық-атқару саясаты және оның қылмыспен күресу аясының мемлекеттік саясаттағы орны.

  2. Қылмыстық-атқару құқығы: түсінігі, пәннің міндеттері, курстың жүйесі.

  3. ҚР қылмыстық-атқару құқығының қағидалары.

  4. ҚР қылмыстық-атқару заңдары: түсінігі, мазмұны, мақсаты мен міндеті.

  5. Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі: түсінігі мен құрылымы.

  6. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымы.

  7. Қылмыстық-атқару заңдарының кеңістік пен уақыттағы күші.

  8. Қылмыстық-атқару заңының нормалары: түрлері мен құрылымы.

  9. Жазаның орындалу негіздері.

  10. Әскери қызметпен сотталғандарға қатысты ҚР қылмыстық-атқару заңдарының әсері.

  11. Қылмыстық-атқару құқықтық ара қатынастары.

  12. Соталғандарды түзеудің негізгі құралдары.

  13. Жазаны өтеуді орындау негіздерін құқықтық реттеу және түзеу түріндегі шараны қолдану.

  14. Жазаны өтеуші адамдардың құқықтық жағдайларының түсінігі.

  15. Сотталғандардың негізгі міндеттері және құқықтары.

  16. Жазаны орындаушы мекемелер мен органдар, олардың мақсаттары мен қызметіне бақылау жасау.

  17. Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауына байланысты жазалардың орындалуы, олардың түрлері, мақсаты, орындалу тәртібі.

  18. Айып түріндегі жазаны орындау.

  19. Белгілі бір қызметпен айналысудан немесе арнайы кәсіппен шұғылданумен айналысуды шектеу түріндегі жазаны орындау.

  20. Қоғамдық жұмыстарға тарту.

  21. Еңбекпен түзеу түріндегі жазаны орындау.

  22. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау.

  23. Арнайы әскери немесе құрметті атағынан, кластық шенінен, дипломатиялық рангілерден, дәрежелік класынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы соттың үкімін орындау.

  24. Мүлікті тәркілеу туралы соттың үкімін орындау.

  25. Қамауға алу түріндегі жазаны орындаудыңтәртібі және жағдайы.

  26. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау орны.

  27. Түзеу мекемелері: олардың түрлері мен мақсаты.

  28. Түзеу колонияларының түрлері мен мақсаты.

  29. Режим: түсінігі, қамтамасыз ету құралдары, негізгі талаптары.

  30. Шартты түрде сотталғандарға бақылау жасаушы органдар және оны жүзеге асыру тәртібі.


Білімді тексеру үшін тест сұрақтары:
1. Қандай жаза тағайындағанда сотталған адамға үкімнің орындалуын кейінге қалдыру қолданылуы мүмкін:

a) түзеу жұмысына;

b) айыппұлға;

c) екіқабат немесе 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталған ретте;

d) шартты жазаға сотталғандар;
2. Сотталмаған адамдар деп мыналар танылмайды:

a) шартты жазаға сотталған, сынақ мерзімі ішінде қылмыс жасамағандар;

b) айыппұлға сотталған адамдар;

c) қоғамдық жұмысқа тартуға сотталғандар;

d) қамауға алынғандар.
3. Шартты жазаға соттағанда, сот қандай қосымша жазаларды қолдануға құқылы?

a) мүлікті тәркілеу;

b) айыппұл салу;

c) белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану қүқығынан айыру;

d) бостандыққа шек қою;
4. Бас бостандығынан айырмайтын түзеу жұмысы мынадай мерзімге та-ғайындалады:

a) бір жылдан 2 жылға дейін;

b) екі айдан 2 жылға дейін;

c) бір жылдан 5 жылға дейін;

d) алты айдан 2 жылға дейін;


  1. Ауыр қылмыс жасаған әйелдер жазасын қандай түрдегі түзеу колониясында өтейді?

a) жалпы режимдегі ТК-да;

b) күшейтілген режимдегі ТК-да;

c) қатаң режимдегі ТК-да;

d) ерекше режимдегі ТК-да;


6. Кешірім беру арқылы өлім жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстырғанда қандай мерзім белгіленеді?

a) он алты жылға;

b) он сегіз жылға;
c) жиырма бес жылға немесе өмірлік тұтқында болуға;

d) жиырма жылға;


7. Кәмелетке толмаған қыздар жазаны кандай түрдегі тәрбие колониясында өтейді?

a) күшейтілген режимдегі тәрбие колониясында;

b) қоныс колониясында;

c) жалпы режимдегі тәрбие колониясында;

d) қатаң режимдегі тәрбие колониясында;
8. Жазаның мақсатына жатпайтын белгілерді анықтаңыз:

a) қылмыс үшін сазайын тарттыру;

b) сотталған адамды түзеу;
c) әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру;

d) қылмыс істеуден сақтандыру;


9. Төмендегілердің қайсысы негізгі жазаға жатпайды?

a) бас бостандығынан айыру;

b) арнаулы атақтарынан айыру;
c) қамау;

d) айыппұл;


10. Мыналардың ішінен қосымша жаза түрін тауып, анықтау қажет:

a) айыппүл салу;

b) түзеу жұмысы;

c) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

d) құрметті немесе арнаулы атағынан айыру;
11. Өлім жазасын кімдерге қолдануға болады?

a) әйелдерге, 65-тен асқан ерлерге;

b) бірінші, екінші топтағы мүгедек азаматтарға;

c) он сегізге толмаған адамдарға;

d) емшекте баласы бар аналарға;
12. Бас бостандығынан айыру жазасының ең төменгі мерзімі көрсетілген санкцияны анықтаңыз:

a) бір айдан 10 жылға дейін;

b) екі айдан 10 жылға дейін;

c) үш айдан 10 жылға дейін;

d) алты айдан 25 жылға дейін;
13. Қоныс колониясы мына қылмыстардың қайсысын істегенде тағайындалады?

a) ауыр деп саналмайтын қасақана қылмыс үшін бес жылдан аспайтыи мерзімге бас бостандығынан бірінші рет айырылғанда;

b) ауыр деп саналатын қасақана кылмысы үшін 3 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан бірінші рет айырылғанда;
c) абайсыздықпен істеген қылмысы үшін бұрын сотталып, тағыда сондай қылмыс істеп 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғанда;

d) абайсыздықпен істеген қылмыс үшін бас бостандығынан бірінші рет 7 жыл мерзімге айырылғанда;


14. Қатаң режимдегі түзеу колониясында кімдер жазасын өтейді?

a) аса ауыр қылмыс үшін сотталғандар;

b) бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп, қайта сотталғандар;

c) бірінші рет қылмыс істеп, 10 жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

d) ауыр қылмыс үшін сотталғандар;
15. Бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерге түзеу колониялары қалай тағайындалады?

a) қатаң режимдегі

b) қасақана қылмыс жасаған адамдарға арналған қоныс колониясында;

c) жалпы режимдегі түзеу колонияларында;

d) абайсыздықпен қылмыс жасаған адамдарға арналған қоныс колонияларында;
16. Жалпы режимдегі түзеу колонияларына қандай қылмыс жасаған ер адамдар жіберіледі?

a) бірінші рет ауыр қылмыс істеп, 7 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырылғандар;

b) бірінші рет ауыр қылмыс істеп, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғандар;

c) бірінші рет абайсыздықпен қылмыс істеп, 7 жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

d) Барлық жауаптар дұрыс.
17. Жасөспірімдерге қандай түрдегі тәрбие колонияларының түрі белгіленген?

a) жалпы режимдегі, қатаң режимдегі;

b) қатаң режимдегі;
c) ерекше режимдегі;

d) күшейтілген режимдегі;


18. Бас бостандығынан айыру жазаның бүкіл мерзімінің немесе оның бір бөлігін түрмеде өтейтін етіп, кімдерге тағайындалады?

a) бес жылдан асатын мерзімге сотталған ауыр немесе өте ауыр қылмыс істегендерге;

b) бандитизм жасағаны үшін 4 жылға сотталған адамға;
c) қылмыстың аса қауіпті түрін қайталап істегендерге;

d) ауыр кылмысы үшін 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталгаи жасы он сегізге толмаған адамдарға;


19. Бостандығынан айырмай қолданатын түзеу жұмыстарының мерзімі қандай?

a) бір айдан бір жылға дейін;

b) екі айдан екі жылға дейін;

c) алты айдан үш жылға дейін;

d) бір күннен екі жылға дейін;
20. Белгілі бір лауазым иесі болу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде қандай мерзімге тағайындалады?

a) 6 айдан 3 жылға дейін;

b) бір жылдан 10 жылға дейін;

c) екі жылдан 7 жылға дейін;

d) бір жылдан 5 жылға дейін;
21. Қылмыс жасаған әскери қызметкерлерді әскери тәртіп бөліміне жіберу қалай жүзеге асырылады?

a) бірінші рет қылмыс жасаған мерзімді әскери қызметкерлерге екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғанда;

b) бұрын сотталып, екінші рет қылмыс жасаған мерзімді әскери қызметшілерге 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтан айырылғанда;

c) мерзімнен тысқары әскери қызметшілерге қылмыс істегені үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғанда;

d) бұрын гаупвахтада отырьш шыққан мерзімді әскери қызметшінің қылмыс істегені үшін тағыда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғанда;
22. Бостандыққа шек қою жазасы кімдерге тағайындалады?

a) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;

b) алпыстан асқан еркектерге;
c) бұрын қасақана қылмыс істеп сотталғандарға;

d) елуге толған әйелдерге;


23. Қоғамдық жұмысқа тартудың шарттары:

a) қоғамдық жұмысқа 60-тан 240 сағатқа дейін;

b) қоғамдық жұмыс тегін;
c) еңбек стажына қосылып;

d) еңбек стажына қосылмай жүзеге асырылады;


24. Жазадан шартты түрде мерзімінен бүрын босатуды кімдерге қолдануға болмайды?

a) ерекше ауыр қылмысты қайталағандарға;

b) ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға;
c) қасақана қылмыс істегені үшін екі реттен артық сотталған адамға;

d) өлім жазасы өмірлік тұтқында болу жазасымен ауыстырылған адамдарға;


25. Қандай реттерде жазаны өтеуден босатуға жол берілмейді?

a) рақымшылық актісі бойынша;

b) кешірім беруді қолдану арқылы;

c) соттың жазаны жеңілдетуі арқылы;

d) заңда көрсетілмеген басқа негіздер болған ретте;
26. Есі ауысқан адамдарға медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдануға мыналар негіз болады:

a) есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау;

b) мас күйде қоғамға кауіпті іс-әрекет жасау;

c) ішімдіктен емделіп жүрген кезде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау;

d) жазасын өтеп болғаннан кейін есі дұрыс емес күйге душар болған, бірақ қылмыс істеген адамға;
27. Кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелік сипаттағы шараларға не жатады?

a) ескерту;

b) айыппұл салу;

c) басқа жаққа жер аудару;

d) жұмысқа орналасудың міндеттеу;
28. Мына жазалардың қайсысы жасы кәмелетке толмаған қылмыскерге тағайындалмайды?

a) бас бостандығынан айыру;

b) әскери қызмет бойынша шектеу;

c) қоғамдық жұмыстарға тарту;

d) айыппұл;
29. Аса қауіпті қылмысты қайталаған адамдар түзеу колониясының қай түріне жаза өтеуге жіберіледі?

a) жалпы режимге;

b) қатаң режимдегі;

c) қоныс колониясында;

d) ерекше режимдегі;
30. Шартты жазаға сотталғандарға белгіленетін сынақ мерзімі қандай болады?

a) бір жылдан 2 жылға дейін;

b) екі жылдан 5 жылға дейін;
c) алты айдан 3 жылға дейін;

d) бір жылдан 3 жылға дейін;




12. Сабақтарға бағдарламалық және мультимидиялық жетекшілік. (қаралмаған)

13. Мамандырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалар тізімі. (арнайы аудиториялар жоқ)
жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау