- Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы
- Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектебі
Балалардың төрт мезгіл қыс, көктем,жаз,күз туралы түсініктерін кеңейте отырып , әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері жайлы әңгімелеп айтуға үйрету. - Балалардың төрт мезгіл қыс, көктем,жаз,күз туралы түсініктерін кеңейте отырып , әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері жайлы әңгімелеп айтуға үйрету.
- Күтілетін нәтиже:
- Жыл мезгілдері туралы түсінігі кеңейеді, өзгенің пікірімен санаса біледі.
- Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
- Қорытындылау. Бағалау (10мин)
- Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)
- Жаңа тақырыпқа кіріспе (10 мин)
- Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
- а) топқа бөлу (түске байланысты)
- б) топ басшысын сайлау
- в) бағалау көрсеткіші, бетшесімен таныстыру
2-топ 1-топ 3-топ Бағалау парақшасы - ескерту:10-12 ұпай- «өте жақсы»
- 8-10 ұпай- « жақсы»
- 5-8 ұпай – «қанағаттанарлық»
-
- Таңдайық, таңданбайық-
- жауабын бірден табайық!
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Ертегі қандай емен жайлы ?
- Менмен сөзін мағынасы жуық тағы қандай сөзбен алмастыруға болады?
- Таккапар,
- өзімшіл,
- мақтаншақ.
-
-
- Қарадауыл еменнен өшін қалай
- алды?
- Оның жалғыздығын
- пайдаланып
- түбірімен
- қопарып тастады
- Михаил Юхма
- аударған
- Ә Ыдырысов,
- Р. Жұматова
- Ертегіні қандай мақалдармен
- түйіндеген ?
- «Бірлік – түбі тірлік»,
- «Жалғыздың үні
- шықпас, жаяудың
- шаңы шықпас»
- ІІІ топ
- Терезеде ою, жер беті аппақ, ақ боран ....
- ІІ топ
- сарғайған жапырақ, қайнаған еңбек, қайтқан құстар , егін ...
- І топ
- Көбелек, гүл , көк майса, өрістен қайтқан малдар...
- ІV топ
- Мал төлдеп, жер бусанып, күн ұзарған, ояну ...
- Тірек сөздер
- арқылы қай жыл мезгілі екенін табу, жалғастыру.
- Сабақтың тақырыбы:
- « Жыл мезгілдері."
- Болжау арқылы жаңа сабақ тақырыбын табу.
- Әр топқа жыл мезгілдері туралы ертегі ,әңгімелер беріледі, әр топ
- өздері талдап, баяндайды.
- І топ
- Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты. — Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге
- үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты. — Мен дайынмын!-дейді қызу қанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап. — Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп. — Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып. — Мен де, – депті жадыраған Жаз. Жыл ақсақал оларға риза болады. — Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да,
- — мына әр қағазға ай аттары жазылған. Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар, – деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды… Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алап жатады. — Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар. Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар, –
- дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады. Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.
- Табиғат құбылысының үнемі өзгеруі, оның төрт мезгілге бөлінуі адамзат
- баласын сонау ерте заманнан толғандырған екен.
- Жыл мезгілінің төрт маусымға бөлінуі туралы ел ішінде сақталған
- Жыл ақсақал туралы аңыз бар. Жыл ақсақал бір жыл ішінде қолын төрт рет
- сермейді екен . Әр сермеген сайын жеңінен үш құс ұшып шығады.
- Әрбір құста төрт қанат, әрбір қанатта жеті қауырсыннан және әрбір
- қауырсынның бір жағы ақ, екінші жағы қара болады екен.
- Бұл не?
- Бұл жылдың төрт мезгілі,
- он екі ай, әрбір ай
- ішіндегі төрт апта және
- аптадағы жеті күнді,
- ауысып отыратын күн
- бен түнді білдіреді екен.
- Есте жоқ ерте заманда, алып Алтай тауын қоныстанған елде жер бетіне тіршілік себуші
- Табиғат патша өмір сүріпті. Оның жал дегенде жалғыз, Ару атты сұлу қызы болыпты. Аса ақылды да
- сымбатты Табиғат патшасыз, оның ғажайып сұлу қызы Арудың сыңғырлаған күлкісінсіз жер бетінде
- ешнәрсе өспейді, өнбейді екен.
- Бір күні Ару қыз өзінің бағында хош иісті шегіргүлді, қызыл раушангүлді, әппақ лалагүлді теріп
- ойнап жүреді. Кенет аяқ астындағы жер жарылып қара атқа мінген Жер асты патшасы шауып келіп,
- Ару қызды өз патшалығына ұрлап әкетеді. Осыдан кейін Табиғат патшаны ауыр қайғы басады. Біраз
- уақыттан кейін жер бетінде ештеңе өспеуге және барлық тіршілік атаулы құрып кетуге шақ қалады.
- Мұндай жағдайды естіген Жер асты патшасы қызды жылдың төрттен үш бөлігінде әкесіне
- жіберуді ұйғарып, қалған бір бөлігінде өзіне қайтып келу керек екені туралы шарт айтып әкесіне
- қайтарады. Осыдан күні бүгінге дейін Жер асты патшасының шартын Ару қыз мүлтіксіз орындап
- келеді. Ару қыздың әкесіне қайтып келіп, шаттыққа, күлкіге, байлыққа кенелетін мезгілдері – көктем,
- жаз, күз мезгілдері де, қыздың күңіреніп, қайғыға батып, жер астына қайтатын шағы қыс мезгілі.
- Содан бері қыздың туған еліне келетін мезгілі көктемде тіршілік атаулы Табиғат патшамен бірге
- ұйқысынан оянып,табиғат керемет сұлулыққа бөленеді. Ал сұлу қыздың әсем күлкісі болса таңғажа
- йып кереметтер тудырады: барлық өсімдіктер көктеп, жемістері өніп-өсіп, тіршілік атаулы сұлу бой
- жеткенге шексіз риза болысады. Осылайша шаттық толы көктем, жаз, күз айлары өте шығады да,
- қыздың жер асты патшалығына қайтатын мезгілі таяп, қызды да, әкесін де қалың уайым басады.
- Айнала сұрғылттанып, ағаштардың жапырақтары сарғайып, оларды жел ұшырып, гүлдер солғын
- тартып, қаһарлы қыстың аяқ алысы жақындай түседі.... Табиғат болса келер жылы келетін жадыраған
- көктемді күтіп, ұйқы құшағына енеді. ..
- Осылайша, әр жыл сайын Табиғат төрт рет өзгеріп, жыл мезгілдері айналып, кезекпен
- келіп отырады.
- Авторы: Калина Малина болгар ақыны
- Әр топ өз жыл мезгіліне келетін шумақты
- тауып оқу.
- "Шығармашыл жұп"
- (5 минут уақыт)
- І жұп - бейнелеуші жұп - сурет салу
- ІІ жұп – сөз тапқыштар - эссе, мақал
- мәтел, өлең
- шығару не
- жатқа айту.
- Әр шумақты жалғастыру ...
- І топ – “Алтын күз” бен “қоңыр күзді “салыстыр
- ІІ топ – Көктемді тағы қалай атауға болады?
- ІІІ топ - Егінді жаз мезгілінде орады дегенге келісесің бе ?
- ІV топ – “ боранды қыс”, “қыстың бір ашық күні”, “ақ қар
- күмістей жарқырайды”деген теңеулерді пайдала-
- нып, қыс мезгілін суреттеп айт.
- Екі жақты пікір
- Жыл мезгілдерінің өзіңе ұнайтын, ұнамайтын жағын жазу.
- Өлеңді жаттау.
- Кестенің ІІІ бөліміне дайындалу
Достарыңызбен бөлісу: |