Барлығы – 135 сағат


Тақырып: Тұтыну несиесі және ипотекалық несие



жүктеу 1,29 Mb.
бет11/15
Дата21.01.2020
өлшемі1,29 Mb.
#27138
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тақырып: Тұтыну несиесі және ипотекалық несие

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Тұтыну несиесі: әлеуметтік-экономикалық мәні, түрлері, берілу мақсаттары

2.Ипотекалық несие түсінігі, мәні және ерекшеліктері

3. ҚР ипотекалық несиелендіру жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы қызметі

4. Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін дамытуда шетелдік тәжірибені қолдану

Дәріс мазмұны:

1. Тұтыну несиесі- бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті-тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан- тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлеміде өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан- тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.

Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Тұтыну несиесі ел экономикасында белгілі–бір функцияларды орындайды:


  • шаруашылық салалары арасындағы капиталды қайта таратуды жеңілдетеді осының арқасында пайданың орташа болуына жол ашады;

  • еңбек тиімділігі;

  • тауар шығару нарығын кеңейтеді;

  • тауарлардың сату процесін жылдамдатады және пайда алуды жылдамдатады;

  • капиталды орталытандыруда күшті қару болып табылады;

  • капиталдың жинақтау процесін жылдамдатады;

  • зиянның қысқаруын қамтамасыз етеді.

Несиелеу обьектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік (шұғыл мұқтаж) несиесіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алу несиесіне, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді.

Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді. Әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.

Өнеркәсібі дамыған елдерде тұтыну несиесінің бірнеше түрі пайдаланады. Алайда, олардың арасында тауарларды төлем мерзімін ұзарту мен сатудың үлес салмағы басым.

Тауарлардың несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы жарнамен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзарту мен сатуда тауардың бағасы комиссиялық сауда үйінің мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан жоғары көтеріледі. Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға, оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну несиесін алудың, атап айтқанда, қолма–қол ақша мен төленетін тауар бағасын арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдік шарттары енгізілді.



Тұтыну несиесі түрлі мақсаттарға беріледі:

1.қозғалмалы мүлік сатып алуға;

2.қозғалмайтын мүлік сатып алуға;

3.түрлі қызметтер төлеуге.

Тұтыну несиесінің басқа несиелерден айырмашылығы мынада; онда несиелендіру объектісі ақша немесе тауар бола алады. Несиеге сатылатын тауарлар мен банкке төленетін несиелер, ұзақ мерзімді қолданатын тұтыну болып табылады. Несие субъектілері бір жағынан несие берушілер яғни банктер, дүкендер, ломбардтар, ал екінші жағынан борышкерлер.

Бүгінгі таңда Қазақстан банктері тұтыну ссудасының екі түрін ұсынады:



  • ағымдағы мақсаттарға (кезек күттірмейтін мұқтажға берілетін) арналған несие;

  • капиталдық сипаттағы шығынға берілетін несие.

Кезек күттірмейтін қажеттілік несиесін (орта мерзімді несие) Халықтық банк дербес табыс көзі бар азаматтарға (оның ішінде зейнеткерлерге де), олардың тұрғылықты жері бойынша бөлімшелері арқылы береді.

Тұтыну несиесінің екінші түрі – капиталдық шығындарға арналған несие (ұзақ мерзімді) – кезек күттірмейтін қажеттілікке арналған несиеден айырмашылығы – халықтан оны қалай пайдаланатыны жөнінде есеп беруді және банктен алынған соманың мақсатты бағыты туралы құжаттарды талап етеді.



2. Қозғалмайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады.

«Ипотека» термині алғаш рет б.э.д. 6 ғасырдың басында Грекияда пайда болды. Ол борышқордың кредитор алдында иелігіндегі жерімен жауапкершілікте болуын қамтамасыз етумен байланысты болды.

Ипотекалық несие - бұл жылжымайтын мүліктерді, жерді өндіріс және тұрған ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық банк несие алушыға қарыздар куәлігін көрсетеді. Ипотекалық несиенің ақшалы қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады.

Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

- ипотекалық несие - бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алажағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады;

- ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй - жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдалынылады;

- ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.

Ипотека кепілдік берушінің сатуына болатын немесе басқаша жолмен шеттете алатын кез келген жылжымайтын мүлкіне қойылуы ықтимал:



  • жер учаскесі;

  • кәсіпорын, үй-ғимарат, құрылғы және кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын кез келген жылжымайтын мүлік;

  • тұрғын үйлер мен пәтер;

  • саяжай, бау-бақша үйі, гараж және тұтынылатын өзге де құрылыстар;

  • басқадай жылжымайтын мүліктер.

Азаматтардың несие алуына және тұрғын үй сатып алуына көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің үш түрін ұсынады:

  • алдағы тұрғын үй құрлысына жерді сатып алуға және жайғастыруға арналған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер (жер несиесі);

  • тұрғын үй құрылысына, яғни құрылыс жұмыстарын тікелей қаржыландыруға араналған қысқа мерзімді несие ( құрлыс несиесі);

  • тұрғын үй сатып алуға арналған ұзақ мерзімді несие.

3. Ипотекалық несиелендіру бүгінгі күні отандық қаржылық нарықтың дамуы мен жүзеге асырылуында басты мәселе болып табылады.

Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің дамуының басты сатысы-тұрғын үй құрылысының ұзақ мерзімді қаржыландыру концепциясы және 2000 жылы тамыз айында Үкіметпен қолдау көрсетілген Қазақстан Республикасының ипотекалық несиелендіру жүйесінің дамуы болып табылады.

Осыған орай тұрғын үй құрылысының ұзақ мерзімді қаржыландырылуының бағытында 2000 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысының жинақталу қоры» туралы Заң қабылданды.

Ипотекалық несиелендіру жүйесін дамытудың тағы бір жолы ол 2004 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығындағы Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдар аралығындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

Бұл мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты- тұрғындардың көп қабатын тұрғын үйге қол жеткізумен қамсыздандыруда тұрғын үй құрылысын дамытудың басты мәселелерін шешу.

Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің дамуына әсер ететін басқа да мәселелер бар:



  • салық салу жүйесі, мысалы, ипотекалық бағалы қағаздар бойынша инвесторлардың табысына салық салу;

  • ипотекалық несие көмегімен тұрғын үй алу бойынша мемлекеттік тіркеу тәртібінің қымбаттылығы және ұзақ жүргізілуі;

  • ипотекалық бағалы қағаздар бойынша инвесторларды бағалы қағаздар өтімділігі кезінде қажеттілікті қанағаттандыратын бесінші топқа кіргізу.


4. Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің классикалық модельдері АҚШ-тың “Фанни Мэй”,”Фредди Мак” және Малайзияның “Кагамас Берхады” жүйесі енгізіле бастады.

Қазақстанда ипотекалық несиелендіру жүйесін дамытуды жүзеге асыруда 2 мүмкін үлгісі бар. Сол модельдерге кеңірек тоқталатын болсақ:

1.Еуропалық модель. Ипотекалық несиелендіруді жүзеге асыратын банктерді қолдау деңгейін қарастырады. Мұндай қолдаудың құралдары салық салу жеңілдіктері, несиелендіру жеңілдіктері және тағы басқа. Басты институт негізінде жоғары капитализацияланған мемлекеттік емес мекемелер болып табылады.

2.Американдық модель. Тұрғын үй механизмін белсенді қаржыландыруды құрудың маңызды бағыттарының бірі тұрғындарды ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру. Қозғалмайтын мүлікті кепілге беру арқылы ипотекалық несие облигацияларын шығаруды қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың қатысуымен қалыптастыруды қарастырады. АҚШ-та ипотекалық облигациялар нарығы көлемі жағынан мемлекеттік облигациялардан қалыспайды, ол бірақ бағалы қағаздар көлемінің 1/3-ін құрайды. Сонымен қатар, АҚШ-та бұл сала қарқынды дамушылардың бірі болып табылады. Соңғы 25 жыл ішінде оның үлесі екі еселенеді (1975 жылы ипотекалық облигациялар үлесі тек 16%-ды құрады).

АҚШ-та ипотекалық облигациялар нарығы тек ірі ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымы, қатысушылардың түрлілігі, реттеу жүйесі тұрғысынан қиын орналастырылған болып табылады. Ипотекалық облигациялар нарығының қалыптасуы “екінші нарықты” қосқанда тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесінің толықтай өзгеруімен байланысты.

Ипотекалық несиелендірудің американдық үлгісінің жағымды жақтары ипотекалық несиелендіру бойынша арнайы мекемелердің есебінен ипотекалық несиелендірудің бірінші және екінші нарығының жоғары дамуы.

Ал Қазақстанда бүгінгі таңда қолданылып отырған несиелендірудің Малайзиялық моделі өз қызметін арнайы мамандандырылған ипотекалық компания құру жолымен атқарады. Онда коммерциялық банктер өздерінің ипотекалық облигацияларын сата отырып, қаржы қалыптастырып, сол жинақталған қаржыны тұрғын үй алуға несие ретінде ұсынады. Оны екінші ретті нарық моделі деп те атайды.

Қазіргі кезде Еуропа және АҚШ елдерімен қатар азиялық аймақта, әсіресе Малайзияда тұрғындарды ипотекалық несиелендіру жүйесі дамыған.

Малайзияның ипотекалық несиелендіру жүйесі өзінің бастамасын «Кагамас Бергхард» Ұлттық ипотекалық корпорациясының дамуынан алды. Оған Малайзия Банкі (20%), қаржылық компаниялар (19,5%), коммерциялық банктер (60,5%) кірді. Корпорацияның жарғылық капиталы қазіргі кезде 40 млн.АҚШ долларын құрайды. Нақты корпорацияның негізгі ролі құрылыс құнының төменділігінде, ипотекалық несиелердің ұзақ мерзімділігінде, тұрғын үй сатып алушылар үшін қаржыландыру таңдауында жатыр.

Малайзияда ипотекалық несиелендіру процессі 2 этапқа бөлінген: тұрғын үй құрылысы процессі және тұрғын үй құрылысының толық аяқталуы процессі.



Тақырып: Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару

  1. Несиелік портфель және несиелік портфельді басқарудың түпкі мақсаты, бағыты, әдістері.

  2. Несиелік портфельді басқарудың негізгі кезеңдері

  3. Несиелік портфельді басқарудың құрамдас бөлігі - несиелік тәуекелдерді басқару.

  4. Дәріс мазмұны:

Қазақстанда несиелеу келесі заңдар мен ережелерге сүйеніп жүзеге асырылып, реттеледі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы». Бұл заңдар мен нормативті актілерді барлық меншік формасындағы банктер қолдануға тиісілі.

Несиелік операциялар – ақша қаражаттарын пайдалануға беру барысында пайда болатын несие мен несие алу шарасындағы қарым-қатынастар 1995 жылдың 30 наурызында шыққан Қазақстан Республикасының «ҚР – дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 34 бабына сәйкес жүргізіледі. Банктік несиелік немесе ссудалық операциялары банктің директорлар кеңесімен (жабық акционерлік қоғам болған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысымен) бекітілген ішкі несиелік саясат туралы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Ішкі несиелік саясаты жүзеге асыратын мүше – банктің несиелік комитеті. Ішкі несиелік саясат туралы ережелер ссудалық операцияларды жүргізу барысында туындайтын тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында жасалады және келесілерді анықтайды.

А) заңды және жеке тұлғаларға несие беру шарттарын;

Б) лауазымды тұлғаларға және банк қызметкерлеріне несие беру шарттарын;

В) несиелік комитет ұйымдық құрылымын, қызметтерін, өкілеттілігін;

Г) несиелік комитет мүшелерінің жауапкершілігін;

Д) несиелеу шектерін;

Е) несиелік шарттарын бекіту процедурасын.

Несиелік қарым- қатынасқа қатысушыларды былайша атайды: несие беруші – кредитор, несие алушы – дебитор.

Банктік несиелік операцияларды 2 топқа бөлінеді:



  • Актив немесе белсенді, яғни банк ссуда беріп, кредитор ретінде қатынасқа түссе;

  • Пассивті, бұл жағдайда банк басқа банктерден және клиенттері ақша қаражаттарын таратып; дебитор ретінде шықса. Бұдан біз несиелік операциялардың екі формасын – ссудалар мен депозиттерді шығарамыз.

Дегенмен, несиелік операциялар – өте кең ұғым, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың түрлі формаларының негізін қалаушы ұғым.

Нарық қатынастарына өту жағдайында несие халық шаруашылығы дамуының маңызды факторы болып табылады. Несие қосымша ресурстар түрінде кәсіпорындар мен ұйымдарға меншіктік капитал шеңберінен шығуға мүмкіндік беріп, өндірістің өркендеуіне жаңа күш- қуат беретін экономикалық алғышарттар жасайды.

Несие алушыға обьективті қажеттілігін қанағаттандыру үшін беріледі.

Несиеліе операциялардың обьектісі – бұл белгілі- бір зат, құндылық. Бұл затқа деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін ссуда беріледі немесе несиелік мәміле жасалынады. Бірақ несиелеу обьектісі ретінде тек материалды зат, не құндылық қана бола бермейді, ал сонымен қатар несие алушының қосымша ресурстарға деген де қажеттілігі де болуы мүмкін. Сондықтан несиелеу обьектісі – материалдық құндылық, жалпы материалды процесс.

Қазақстан Республикасының тәжірибесінде банктердің несиелік салымдарының обьектілері негізінен экономиканың өңдеуші секторларының кәсіпорындарының ; жеңіл тамақ өнеркәсіптерінің, сауда және қызмет көрсету салаларының, шағын және орта бизнестің қысқа мерзімді айналым қаражаттары болып табылады.

Несиелеу субьектілері – бұл несие алушы ретінде қатынасқа түсетін кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар.

Қазіргі несиелеу жүйесінің негізгі ережелері келесі қалыпта:


  • Несиелеу жүйесі коммерциялық банктің ресурстарына негізделеді;

  • Несиелік операциялар коммерциялық сипатқа ие;

  • Несиелік салалардың көлемі банк ресурстарына ғана емес, сонымен бірге міндетті резервтер мен экономикалық нормативтерге де байланысты өзгеріп отырады;

  • Банктік несиелік саясаты келісім негізінде жүзеге асырылады;

  • Ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін несиелердің формасын өту көзделіп отыр;

  • Несиелеу жүйесі келесі принциптерге негізделеді: мерзімділік және ақылық немесе төлемділік. Қайтарымдылық пен несиені көзделген мақсатқа жұмсау;

  • Сонымен бірге несиелеу моделін құрастыру үшін сол несие алушы өндірісінің экономикасы оған негіз болуы қажет.

Несиелік саясатты қалыптастырған кезде банктер көптеген факторларды есепке алуы қажет:

  • Сыртқы факторлар, яғни банк қызметіне тәуелсіз, инфляция, ссудалық деген ұсыныс пен сұраныс, т.б;

  • Ішкі факторлар, яғни банктердің жеке қызметіне байланысты капиталдың жеткіліктілігі, несиелердің түрлеріне тиісті табыстылық пен тәуекелділік деңгейі, депозиттердің келіп тұру тұрақтылығы, банк қызметкерінің қабілеттілігі мен мамандану дәрежесі.

Әр банк өзінің несиелік портфелінің көлемін беретін ссуда мөлшері мен түрлерін жеке өзі анықтайды. Бірақ та бір несие алушыға шаққанда берілетін несиенің шекті мөлшері банк капиталының 25 пайызынан аспауы керек екенін е%сте сақтау қажет.

Несиелік операциялар – банкке табысты ең көп әкелетін операциялар түрі, %сондықтан банк салымдарының көп бөлігі несиелік операцияларға келеді.

Қолайлы макроэкономикалық жағдайлар және банктердің өсіп отырған ресурстық базасы аясында кредиитік нарық 2005 жылы қаржы нарығының серпінді даму үстіндегі сегменттерінің бірі болып қалды. Банктердің зкономикалық кредиттерінің көлемі 2592,1 млрд. теңгеге дейін (19,4 млрд. долл. жуық) 74,7% өсті. Банктердің экономикалық кредиттерінің ЖІӨ-ге қатысты көрсеткіші 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 26,8%-дан 34,8%-ға дейін аса қарқынмен жоғары өсті.

Ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі шетел валютасындағы кредиттермен салыстырғанда басым сипатта болады. 2005 жылы ұлттық валютадағы кредиттер 1255,8 млрд.теңгеге (10,0 млрд.долл) дейін , яғни 73,5% өсті. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 48,1%-дан 48,5%- ға дейін өсті.



2005 жылдың ішінде ұзақ мерзімді кредиттердің (1 жылдан астам мерзімі бар) өсуі қысқа мерзімді кредиттермен салыстырғанда басым сипатта болды. Ұзақ мерзімді кредиттер 1722,9 млрд. теңгеге дейін , яғни 76,6%, қысқа мерзімді кредиттер- 869,14 млрд. теңгеге дейін, яғни 70,9 өсті, ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 65,7-дан 66,5- ға дейін өсті.

Кредиттік қызмет көрсету нарығындағы негізгі заемшылар корпоративтік клиенттер болып отырғанына қарамастан, 2005 жылы экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінде кәсіпорындарға берілген кредиттердің үлес салмағы 79,5дан 74,2- ға дейін төмендеді, ал жеке тұлғаларға берілетін кредиттердің үлес салмағы 20,5-дан 25,8-ға дейін өсті. Бұл негізінен ипотекалық және тұтынушылық кредиттер сияқты банктік өнімдердің түрлерін айтарлықтай көбейтуге байланысты. Мәселен. 2005 жылы ипотекалық және тұтынушылық кредиттер тиісінше 220,5 млрд. және 320,5 млрд. теңге болып 2,2 есе өсті.

2005 жылы банктердің шағын кәсіпкерлікке берілген кредиттерінің көлемі 470,2 млрд. теңгеге дейін, экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемі 18,2 -ға өсті. Кредиттер бойынша ставка динамикасының түрлі бағыттағы үрдісі бар. Мәселен, 2005 жылғы желтоқсан айын 2004 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда жеке тұлғаларға ұлттық валютамен ьерілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 19,5- дан 19,7- ға дейін өсті, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер 13,7 -дан 13,0-ға дейін төмендеді. Кесте 1

Мысал ретінде «Тұран Әлем » Банкі АҚ-ның несиелік портфелін талдайық :



  • Несиелік портфелдің құрамына кіретін ссудаларды бағалау критерийлерін таңдау;

  • Таңдаған критерийлер негізінде ссудаларға бағалау жүйесін жасау;

  • Сапасын бағалау негізінде ссудаларды классификациялау;

  • Несиелік портфельдің құрамын анықтау;

  • Классификацияланған ссудалар топтарының әрқайсысы бойынша несиелік тәуекел процентін анықтау;

  • Жалпы банк және ссудалар тобының әрқайсысы бойынша несиелік тәуекел деңгейінің абсолютті мөлшерін есептеу;

  • Ссудалар бойынша мүмкін болатын шығындарды жабатын арнайы жеткілікті резерв мөлшерін анықтау ;

  • Несиелік портфельдің сапасына талдау жасау;

  • Несиелік портфельдің сапасын көтеруге арналған шаралар жасау мен жеткілікті резеов мөлшерін құру.

«Тұран Әлем » Банкі АҚ-ның несиелік портфелінің классификациясын қарастырайық.

Кестеден көріп отырганымыздай,2004 жылдан бері несиелік портфельдің құрамындагы стандартты несиелердің жалпы үлес салмағы өсіп отыр2004ж.-87,2005ж.-91 күмәнді несиелердің үлесі төмендеп отыр,2004ж.-8,8,2005ж.-1,4 дейін кеміп отырғанын коріп отырмыз.

Қазақстандағы банк жүйесі-ұдайы дамып келе жаткан эканомика секторларының бірі.Макроэканомикалық өэгерістер жағдайында:импорттың либерализациялануы,бағалар реформаларының өту жағдайында,фискалды тәртіптің күшеюін жекешелендіру,т.б. орын алган жағдайда банк ісі де озгерістер жолында тұр.

Қазіргі банк жүйесі-бұл клиенттерге корсетілетін әр түрлі дәстүрлі және жаңа қызметтердің жиынтығы.Қазақстан эканомикасының қазіргі жағдайында коммерциялык банктер қысқа мерзімді несиелік операцияларды жзеге асырумен айналысады.Бұл несилелік операциялар түрінің жалпы бактік несиелік портфелдегі үлесін «Тұран Әлем» Банкі АҚ-ның мысалында көрсетсек,77-ға тең болып отыр.Сонымен қатар несиелік операциялар банктің табысты ең көп әкелетін бабы болып саналады,несиелер бойынша табыстар банктің басқа қызыметімен салыстырғанда біріншіорын алып отыр. «Тұран Әлем »Банкі АҚ-ның несиелік операциялардан алатын табысы оның проценттік табысының 91,2 бөлігін алып отыр.

Банктің несиелік операцияларды жүргізу барысында оның несиелік портфелі қатысадыы.Банк баланысының өтімділігі активті операциялардың тәуекел деңгейіне,несиелік портфельдің сапасына тәуелді болып отыр.Сонымен қатар банк жұмысының тиімділігіне қарыз алушының несиелеу барысысында пайда болатын несиелік тәуекел деңгейі де әсер етеді.Сондыктан екінші деңгейдегі коммерциялык банктер,соның ішінде «Тұран Әлем»Банкі АҚ несиелік портфельдің сапасын,несиелік тәуекел мөлшерін басқару мақсатында банктің ішкі несиелік саясатын жасайды.Ақшалай қаражаттарды инвестициялауды жүзеге асыру тиімділігі көп жағдайда банктің қаражаттарды әрі оптималды,әрі тиімді пайдалана алатын қарыз алушыларға беру қабілеттілігіне байланысты болғандықтан,қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдау нарық жағдайында несиелік портфельді басқарудың бір бағыты болып саналады.


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау