Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Үй шаруашылықтары субъектілерінің қаржысының мәні, функциялары
Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстарының ұғымы, оларлың құрамы мен құрылымы
Үй шаруашылықтарының бюджеті
Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың сыныптамасы
Ү шаруашылықтарының шығыстары, олардың сыныптамасы мен құрылымы
Тақырып: Сақтандыру
Мақсаты: Сақтандырудың экономикалық мәні және оның іс-қимыл сферасы анықтап, оның түрлеріне сипаттама беру
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Сақтандырудың экономикалық мәні, оның іс-әрекет сферасы.
Әлеуметтік сақтандырудың мәні мен қажеттігі. Халықты әлеуметтік қорғау.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Сақтандыру нарығы
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы иіс. Мұндай ақша қаражаттары әлде резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
Оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
Сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
Ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
ҚР-ның Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары табылады:
Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
Сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік;
Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төиенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орныынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жрналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, сақтық қорларды құрайды.
Жазатайым жағдайдан және аудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара нмесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыр
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметті қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады.
Қазіргі зманғы сақтық нарықтың толыққанды жұмыс істеуі, сонымен бірге актуарийлер институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптар қажет етеді.
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі ір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру сияқты екі оқшауланған нысанда іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.
Әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік кепілдіктер, еңбекке ақы төлеу кепілдіктер,і, зейнетақылар, жәрдемақылар, материалдық көмек, халықтың аз қамтылған жігіне көрсетілетін тегін ең аз қызметтер жүйесі арқылы және әлбетте, ең төменгі күн көріс деңгейін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Зейнетақы – бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамады көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Тақырып: Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.
Мақсаты: Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу қажеттілігін анықтау
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу ұғымы, оның қажеттігі
Экономиканы қаржылық реттеудің сыныптамасы
Микроэкономикалық тепе-теңдік және оны қамтамасыз етудегі қаржының ролі.
Фискалдық саясаттың нұсқалары
Экономикан мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық теп-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу.
Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламаын әзірлеу.
Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.
Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық және әкімшілік реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады:мысалы, бюджетте – қаржыландыру, салықта – тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параматрлерді теңдестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында тепе-теңдңкті тудыратыны анық.
Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тударған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды.
Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің құны формула бойынша қалыптасады:
ЖҰӨ=С+Ig+G+Xn
Мұндағы: С – үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі;
Ig – жалпы жекеше ішкі инвестициялар;
G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу;
Xn - таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.
Инфляцияны немесе дефляцияны ескере отырып түзетілетін ЖҰӨ көрсеткіші ЖҰӨ деп аталады.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі «үнемдеуге шекті бейімділік» - МРS және «тұтынуға шекті бейімділік» - МРС ұғымдармен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеудеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде - тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы.
Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырып экономикалық йиклдің сипатына қарай дискридийиялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:
1) мемлекет шығыстарының көбеюі
2) салықтардың төмендеуі
3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды.
мемлекет шығыстарының азаюы;
салықтардың көбеюі;
бұл бағыттардың үйлесуі.
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағыттан қарастырады: сұранымға, ұсынымға. Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі.Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.
Тақырып: Қаржы нарығы
Мақсаты: Қаржы нарығының құрылымын анықтап, оларға сипаттама беру
Достарыңызбен бөлісу: |