М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
институт директоры
__________ Нестеренко Г.И.
«__»__________ 200_ж.
Экономика және басқару институты
«Есеп және қаржы» кафедрасы
050509 Қаржы
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Қаржы
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 2
Семестр – 4
Кредит саны - 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.) – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – 4 -ші семестрде
Барлығы – 135 сағат
Орал 2010ж.
Пәннің оқу әдістемелік кешені 050509 «Қаржы» мамандығына арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. 2 бөлім (профильдік пәндер)
Алматы 2007ж Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Құрастырушы: экономика магистрі Баудиярова Элеонора Нұрлыбекқызы
«Есеп және қаржы» кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » қыркүйек 2009ж. № хаттама.
Кафедра меңгерушісі_______ Искакова Б.Г.
«Экономика және басқару» институтының ОӘК төрағасы __________ Мустафина А.С.
1. ТИПТІК БАҒДАРЛАМА. Алматы 2007ж Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті 050509 «Қаржы» мамандығына арналған «Қаржы» пәні 2 бөлім (профильдік пәндер)
Орналасу жері: корпус № 2, 407 каб.
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
«Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушысы экономика магистрі Баудиярова Элеонора Нұрлыбекқызы
М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ
Офис: « Есеп және қаржы » кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Достық даңғылы 218/2. каб 401
Жұмыс телефоны: 535846
Пән туралы мәлімет
Пән атауы: Қаржы
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада мысалы 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(2 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 3
(1 практика)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Несие саны – 3
Өту орны: № 2 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Несие саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
2
|
4
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат:
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылады. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
«Қаржы» - арнаулы пән және қаржы қатынастарының теоиясын зерделейтін бұл курстың мақсаты – студенттердің қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалықпроцестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық жәнен практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және қаржыны қоғамның дамуының нақты жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады.
Пререквизиттер: Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Осы пәнді игеру үшін «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша игерілген білімдер қажет етіледі.
Постреквизиттер: «Қаржы» пәні бойынша игерілген білім студенттің бойында әрі қарай оқылатын «Корпоративтік қаржы», «Мемлекеттік бюджет», «Қаржы менеджменті», «Салық және салық салу», «Сақтандыру», «Қаржы нарығы және делдалдары» пәндері бойынша білімдерінің негізін қалауға мүмкіндік береді.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |