Барлығы – 135 сағат


Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны



жүктеу 0,65 Mb.
бет6/13
Дата21.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#23295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:


  1. Қаржыға қатынасты «жүйе» ұғымы.

  2. Қаржы жүйесінің элементтері, сыныптаудың белгілері

  3. Қаржы жүйесінің құрылымы. Қаржы жүйесінің сызбасы

  4. Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары және олардың ролі мен маңызы

«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табыоады.

Біртұтас қаржы жүйесі – өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин: а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығ, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезіндегі қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектеледі. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:


  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;

  2. ақша қорларының жиынтығы;

  3. басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастары негізінен мынандай екі сфераны қамтиды:

1)мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтаңдырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

2)кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.



Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы, бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элемені болып келеді, екінші жағынан, өзінің функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.қаржыларда функционалдық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарларының, қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуінің және басқа қосалқы жүйелері

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

мемлекеттік бюджет жүйесі;

арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

мемлекеттік несие;

жергілікті қаржы;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

халықтың қаржысы.

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискальдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің функционалдық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:

біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алмайды, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретіндегі қаржының қағидалы мәндік сипаттамалына және функционалдық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:



Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Бұл қағидат қаржы қатынастарында аймақты дамытудың қабылдауға болатын деңгейі сияқты ұлттық теңдікті қамтамасыз етуді де талап етеді.

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жргізіп отырған біріңғай мақсаттарымен0 алдын ала айқындалып отырады.

Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функционалдық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығнан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді.

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қарржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.


Тақырып: Қаржы саясаты және қаржы механизмі

Мақсаты: Қаржы саясатының мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы орнын анықтау, қаржыны басқаруды және бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастырып, қаржылық жоспарлаудың әдістеріне, кезеңдеріне және қаржылық құқықтық актілердің түрлеріне сиптттама беру

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:


  1. Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны,міндеттері, мақсаттары және қағидаттары.

  2. Қаржы механизмі мазмұны мен құрылымы, нысандары мен әдістерінің диалектикасы.

  3. Қаржыны басқару ұғымы. Басқару қағидаттары. Басқару элементтері.

  4. Кәсіпорындар мен ұйыдардың қаржысын басқарудың құрылымы мен функциялары.

  5. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеті, мақсаттары, ерекшеліктері, қағидаттары және қаржылық жоспарлауда пайдаланылатын әдістер мен кезеңдері

  6. Қаржы құқықтық қатынастар және қаржы-құқықтық нормалары, олардың түрлері Қаржы-құқықтық актілері.

  7. . Мемлекеттің қаржылық қызметі, оны жүзеге асырудың әдістері

  1. Қаржылық бақылау мәні мен маңызы және оны ұйымдастыру, қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасау элементі болып табылатын қоғамдық қатынастарының сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы қарастырылады. Қаржы саясаты қаржыны басқарудың басты мақсаты. Оның негізгі мәселесі болып: өзінің қызметі мен міндеттерін жүзеге асырудың қаржы саласында жүргізетін мақсатты ойлар мен шаралардың құрамдық бөлігі болып табылады. Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, несие, баға және кеден саясатын қамтиды. Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдылықтардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғам дамуының міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлыұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады. Сол себепті ол шаралардың ацқымды кешенін қамтиды. Олар:

1. Экономикалық заңдылықтардың әрекеті. Қоғамдық әлеуметтік экономиканың дамуы негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу.

2. Экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау.

3. Белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы іс-жүзінде жүзеге асыру.

Осы негізде үш буын қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттер қатарына келесілер жатады:

1) елдің дамуының әрбір нақты кезеңін ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстары неғұрлым үлкен болатын көлемінің жасаудың жағдайын қамтамасыз ету.

2) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану.

3) Экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизімін жасау. Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес нарық жағдайында қажетті қаржы саясаты мен ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды қаржыландыруға және материал, еңбек, ақша ресурстарын, мақсатты жиі тиімді пайдалануға бақылау жасауды ұйымдастыру болып табылады.

Әрбір экономикалық категорияның өзіндік ерекшелігі болады. Қаржы механизмі экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысадарын және әдістерін , олардыңсаны жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығы. Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйенің талдауы ретінде қосалқа жүйесі, бөлігі, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланып, қарастыруы керек. Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі бұл – оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар қаржымен жоспарлар, қаржы тұрақтылығы, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі.



Қаржылық басқару – қаржылық, аралас экономикалық және әлеуметтік жүйелерін оларды

жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау