571
4.
Еx juvantibus
диагностикасы, яғни диагноз қойылды жҽне соған сҽйкес ем
тағайындалады. Емнің ҽсері болған жағдайда диагноз нақтылануы мҥмкін. Егер орын
басу емі нҽтиже бермесе, аурудың басқа себептерін іздеу керек.
5.
Рентгенологиялық зерттеу: тҥрік ері кішірейуі, оның диафрагмасының ізбестенуі
болады, гипофиз ісігінде тҥрік еріні ҧлғаяды, қабырғасының деструкциясы
анықталады. Білезік буыны жҽне саусақтардың рентгендік зерттеуінде қаңқаның
сҥйектенуінің жҽне даралануының тежелуі байқалады.
6.
Қосымша белгілер: гипохромды анемия, ЭЭГ-да ҿзгерістер.
Емі.
Орын басу емі – бҧл емдеу тҽсілінің негізгісі. Соматотропин 0,1-0,25 Бір/кг тері
асты немесе бҧлшық етке 3 апта бойы беріледі. Одан ҽрі 1 апта ҥзіліс жасайды жҽне
қайтадан 3 апталық соматотропин курсын бастайды, ҥзіліс жҽне қайтадан СТГ – 3 апта
енгізеді – ҥш айлық курс. Сосын 3 ай ҥзіліс, одан ҽрі осы курсты басынан бастап қайтадан
жҥргізеді.
Соңғы жылдары ДНК-рекомбинатты технология негізінде дайындалған хуматроп
(фирма Eli Lilly) дҽрісі қолданылады. Оны қолданғанда жағымсыз ҽсері сирек кездеседі,
ҿйткені ол тазартылған дҽрі, СТГ сияқты кестемен қолданылады – 0,06 мг/кг мҿлшерде
теріасты немесе бҧлшықетке ҧзақ (жылдар) қабылдайды. Басқа дҽрілерден: Нордитропин
(фирма Novo Nordisk), Генотропин (фирма Farmacia Apjohn), Сайзен (Arec Serono)
қолданылады.
Гипофизарлы нанизм емінде анаболикалық стероидтар (метандростенолон,
ретоболил жҽне т.б.) кеңінен қолданылады. Емдеу кезінде бала қҧнды тағамдар,
витаминдер, биоынталандырғыштар, ферменттер, кальций, фосфор жҽне симптоматика-
лық дҽрілік заттар қабылдауы керек. Сонымен алдында айтылғандай айқын ҿсудің тежелуі
балалардың басым кҿпшілігіне тиреоидты, жыныстық гормондардың, жетіспеушілігі жҽне
басқа да анаболикалық гормондардың негізінде дамиды.
Туа пайда болған гипотиреозға «сҥйектік» жастың жҽне ҿсудің тежелуі тҽн болады.
Туа
болған
гипотиреоздың,
соматотропты
жеткіліксіздігі
бар
науқастардан
айырмашылығы, ҿсудің диспропорционалды тежелуі ерекше орын алады жҽне аурудың
негізгі клиникалық симптомдары анықталады.
Гипогонадизм жҽне жыныстық дамуы тежелген науқастарға «сҥйектік» жастың жҽне
ҿсудің тежелуі тҽн. Алайда бҧл симптомдар жасҿспірімдік жаста ғана ҿзіне назар аудара
бастайды. Балалық шақта «сҥйектік» жасы жҽне ҿсу тездігі ҽдете хронологиялық тҽртіпке
сҽйкес келеді.
Ҿсудің айқын тежелуі, этиологиясы ҽр тҥрлі уақытынан бҧрын жыныстық жетілуде,
Иценко-Кушинг синдромында, ҧзақ уақыт глюкокортикоид дҽрілерін қабылдаған
науқастарда байқалады. Бірінші жағдайда – бҧл эпифизарлы саңылаудың уақытынан
бҧрын жабылуы, екінші жағдайда катаболикалық ҽсер кҿрсететін глюкокортикоидтардың
деңгейінің жоғары болуы. Ҿсудің тежелуінің осындай жолдарын анықтау қиындық
туғызбайды, ҿйткені бірінші кезекте клиникалық кҿрінісінде негізгі ауруға тҽн
симптомдары білінеді. Жиі ҿсудің тежелуі бар науқастарда эндокринді бездер
қызметтерінің бҧзылу белгілері болмайды, яғни кҿптеген балаларда ҿсудің тежелуі
эндокриндік емес факторлардан туындауы ықтимал (нанимзмнің эндокринді-тҽуелсіз
варианттары). Осы топтан примордиальды нанизмге назар аударғанды жҿн кҿрдік.
Достарыңызбен бөлісу: