15.6.5. ГИГАНТ ИЗ М
Гигантизм
– (бой 2-метірден артық) –
аденогипофиздің ӛсу гормонының шектен
тыс артық ӛндірілуіне байланысты ауру.
Себептері:
-
туа пайда болған (СТГ-ға тіндердің генетикалық детерминацияланған жоғары
сезімталдығы);
-
жҥре пайда болған (жарақат, инфекция, гипофиздің эозинофилді аденомасы)
факторлар.
Ауру пре- жҽне пубертатты кезеңде ер балаларда жиі байқалады. Жоғарғы ҿсу
жылдамдығы тҽн (белгілі хронологиялық жасы жҽне жыныстық ҿсу жылдамдығы 2
стандарттық сигмадан артық). Гигиантизмде қанқаның пропорциональды дамуы
байқалады, алайда мектеп жасында акромегалия белгілері пайда болуы мҥмкін (мҧрын,
табан, қас ҥсті доғаның ҧлғаюы, саусақтардың ҧзаруы жҽне т.б.) шаршағыштық, ҽлсіздік,
бас ауру, кҿру бҧзылысы байқалады. Қант жҽне қантсыз диабет симптомдары қосылады.
Диагностикасы.
-
анамнез;
-
физикалық зерттеудің мҽлҽметтері;
-
сҥйектік жас;
-
глюкоза енгізгеннен кейін қанда СТГ-деңгейін анықтау;
-
бастың – МРТ;
-
алыптылықтың сирек тҥрлерін жоққа шығару ҥшін несепте жҽне сарысуда
аминқышқыларын (гомоцистинурия), 17-гидроксипрогестерон деңгейін (туа пайда
болған бҥйрекҥсті безі қыртысының гипоплазиясы), андроген немесе эстроген
деңгейін (уақытынан бҧрын жыныстық дамуда) анықтайды. Цитогенетикалық анализ
(Клайнфельтер синдромы) жҥргізеді.
Егер алыптылық этиологиясы ісіктік емес болса, онда
болжамы
қолайлы, бірақ
мҧндай адамдар астенизацияға, инфекцияға бейім келеді жҽне қантты, қантсыз диабет
пайда болуы мҥмкін.
Емі
симптоматикалық, егер ісік болса, онда хирургиялық, сҽулелі ем
жҥргізіледі.
15.6.6. КОНСТ ИТ УЦИОНАЛ ЬДЫ ЖАНҦЯЛ ЫҚ ҦЗ ЫНБ ОЙЛЫЛЫҚ
Туылған кезде дене ҧзындығына, дене салмағына, ата-анасының, жақын
туыстарының бой ҧзындығына назар аудару керек. Жанҧялық ҧзынбойлылықта бала осы
кҿрсеткіштер бойынша барлық жас кезеңдерде қҧрдастарынан бойы ҧзын болады. Кейде
жыныстық дамудың тежелуі байқалады, ҽдетте пубертат жасымен бірге ҿршиді.
Конституциональды ҧзынбойлылық, тҿл қҧжаттық жастан, сҥйектің даралану
процессінің тежелуімен жҥруі мҥмкін, бірақ жыныстық жетілуі ҿткен сайын ҿсу аймағы
жабыла береді. СТГ шығарылуы жоғарлайды, 12-14 жас балаларда тҽуліктік ырғақтықта
тҥнгі шыңдар болуы мҥмкін, бҧл пубертатты кезеңге тҽн.
574
Достарыңызбен бөлісу: |