Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет291/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   772
tusipkaliev pediatria

Ажырату диагнозы.
Тағамдық аллергияны аллергиялық емес этиологиялы тері, 
асқорыту жолы, тыныс жҥйесі ауруларынан ажырату қажет болады.
Емі.
Тағамдық аллергияларды емдеуде қолданылатын негізгі бағыттар: 
1. Емдҽм; 
2. Байқалған аллергиялық аурулар мен реакцияларды емдеу (аллергиялық 
реакцияның иммунологиялық, патохимиялық кезеңдерін тежеу шаралары); 
3. Қосарланған аурулар мен асқынуларды анықтап, емдеу. 
Емдәмі. 
Тағамдық аллергияны емдеудің негізі. Анасы гипоаллергенді емдҽмді 
сақтаса, балаларды емшекпен тамақтандыру тиімді келеді. Анасында сҥт жоқ немесе ана 
сҥтіне жоғары сезімталдық байқалғанда, ақуыз гидролизі жоғары қоспаларды (Альфаре, 
Алиментум, Пепти-Юниор жҽне басқа) жҽне сҥт ақуызының бҿліктік гидролизин 
(Хумана ГА1, Хумана ГА2, Фрисопеп) қолданады. Қосымша тамақтарды кҿкҿніс 
пюрелерінен (қырық қабат, картоп, кҽді, самсар (патиссон) ) бастайды. Екінші қосымша 
тамақ ретінде сҥтсіз ботқа (арпа, жҥгері, кҥріш) береді. Сиыр сҥті белоктарымен 
аллергендігі ҧқсас сиыр етіне аллергия байқалғанда, жылқы, шошқа, тауық етін 
қолданады. Жҧмыртқа, сҥт. Бидай, сояға аллергиясы бар балалар тағамдық 
элиминацияны бірнеше жыл қата сақтаса, аллергия жойылуы мҥмкін, бірақ IgE-
антиденелер сақталады. Клиникалық белгілері айқын болғанда, толеранттылық дамуы 
мҥмкін. Арахис, орман жаңғағы, шаян тҽріздестер, балық аллергендеріне сезімталдық 
ҿмір бойы сақталады.
Элиминацияның ҧзақтығы емдҽмді қай жастан сақтайтынына байланысты. 
Ҿмірінің алғашқы жарты жылында рационнан сҥт тағамдарын алып тастау элиминация 
уақытын 3-6 айға шектейді. Одан кем болса, ем 6-12 айға созылады. 
Аллергиялық емес жоғары сезімталдықта жҽне ішек-қарын жолдарының кедергілік 
қызметінің тҿмендеуі мен фермент тапшылығы себебінен болатын екіншілік тағамдық 
аллергияда бҿлікті элиминация қолданылады. 
Толық емес элиминацияға табиғи сҥт орнына сҥтқышқылды тағамдарды қолдану 
жатады, ақуыздардың бҿлектік гидролизінің нҽтижесінде олардың антигендігі біршама 
тҿмен болады. ТА-да толық емес элиминацияны қолданғанда клиникалық белгілерінің 
басылуы бҧл аурудың ҿткінші жҽне ағымының қолайлы екенін кҿрсетеді. ТА бар 
баланың диетасынан гистамин либераторлары болатын немесе ҿздерінде гистаминнің 
кҿп мҿлшері бар облигатты аллергендерді алып тастайды (бҥлдірген, цитрус, қырық 
қабат, жаңғақтар, кофе жҽне т.б.).
Тағамның антиген арнамалы ҽсері тҿмендететін шараларға жатады: тағам 
дайындау технологиясын сақтау, тағамдарды қажетті шарттар мен мерзімдерге дейін 
қолдану, тыңайтқышсыз ҿсірілген жеміс-жидектерді пайдалану, етті екі рет қайнату, 
ауыз суды тазарту. Қант пен ас тҧзын 50%-ға шектеу.
Элиминациялық диета минеральды заттарды, соның ішінде кальцийді, В 
6
, А, Е, В

витаминдерін қалыптастыруды талап етеді. ТА бар балаларда ішек-қарын жолдарының 
бездерінің қызметінің бҧзылғанын ескеріп, емде ферментті препараттарды (фестал, 
панзинорм, ораза, креон) кең қолданады. Хеликобактериоз, лямблиоз, гельминтоздарды 
уақытында анықтап, ем қолдану керек. ТА бар балаларда холецистопатияның ҽсер 


301 
механизмі толық зерттелмеген, дегенмен ҿт айдаушы терапия кешенді терапиясының 
маңызды бҿлігі.
Басталған аллергиялық реакцияларды емдеу ҥшін клетка мембранасын тҧрақтанды-
ратын антигистаминді дҽрілерді (налкром, кетотифен, димефосфан, ксидифон) 
қолданылады. Налкром (натрий недокормилі, 100 мг капсулада). Асқазан жолының 
клеткаларынан биологиялық активті заттардың бҿлініп шығуын тежеп аллергиялық 
жауаптың ерте фазасының алдын алады. Бҧл дҽрілерді антигистаминді препараттармен 
қосып аллергиялық реакцияның жедел фазасында (1-3 жастағы балаларда кҥніне 3-4 рет 
1 капсуладан, тағамнан 30-40 минут бҧрын береді; 4-6 жас аралығында 4 рет кҥніне 1 
капсуладан; 7-14 жастағы балаларға 2 капсуладан кҥніне 4 рет) қолданады. Ем ҧзақтығы 
1,5- 6 ай. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау