Билирубиндік энцефалопатия (БЭ
)
– сиректеу ҿмірінің алғашқы 36 сағатында кли-
никалық кҿрінісі байқалады, ҽдетте 3-6 кҥндері анықталады. Ағымын тҿрт фазаға бҿледі:
1. билирубиндік уыттану белгілернің басымдылығы, ОНЖ тежелу синдромының ҥдеуі:
монотонды жылау, Моро рефлексінің текқана бірінші фазасының анықталуы, бҧлшық
ет тонусының тҿмендеуі, тағамнан бас тарту, лоқсу, қҧсу, патологиялық есінеу,
кезбелі кҿзқарас;
2. ядролық сарғаюдың классикалық белгілерінің пайда болуы: спастикалық кҿрініс, желке
бҧлшық еттерінің тартылуы (ригидтілігі), опистотонус, дыбыстық қоздырғыштарға
жауаптың жоюлыуы, кезеңдік қозу жҽне қатты «милық» айқай, ҥлкен еңбектің
томпаюы, бет бҧлшық еттерінің тартылуы немесе толық амимия, ҥлкен амплидулалы
тремор, қҧрысу; кҿздік белгілер: «батып бара жатқан кҥн кҥн», нистагм, Грефе белгісі;
тыныстың тоқтауы, жҥрек ырғағының бҧзылуы, летаргия, кейде дене қызуы
жоғарлауы байқалады;
3. жалған жағымдылық кезеңі – неврологиялық белгілер кері дамып, сауығып келе
жатқаны туралы жалған пікір тудырады;
4. неврологиялық асқынулардың клиникалық кҿрінісінің қалыптасу кезеңі – балалар
церебральды салының клиникасы қалыптасады; атетоз, хореоатетоз, садар, креңдік;
нервтік-психикалық дамуының тоқырауы; дизартрия – бҧл белгілердің бҽрі нҽрестелік
кезеңнің соңында немесе 3-5 айлығында білінеді.
Анемиялық тҥрі
НГА-ның 10-20%-да байқалады. Салыстырмалы тҥрде жеңіл ҿтеді.
Баланың тері жамылғысы туылғаннан кейінгі 1-ші аптаның соңында бозғылттанады,
ҽсіздігі байқалады, емуі нашарлап, салмақ қосуы азаяды. Сарғыштық физиологиялық
сарғаю кезіндегідей айқын емес. Талақ пен бауыры ҧлғаяды. Баланың жалпы жағдайы
аздап ҿзгереді. Қанда ҽртҥрлі деңгейдегі анемия анықталады. Кҿбіне ол сфероцитозбен,
нормобластозбен, ретикулоцитозбен (яғни, анемия регенераторлы болады) қосарланады.
Кейде гипорегенераторлы анемия байқалуы мҥмкін, ол сҥйек миының тежелуіне, одан
жетілген жҽне жетілмеген эритроциттердің қанға шығуының, гемопоэтикалық факторлар-
187
дың жетіспеуінен (мҥмкін цитокиндердің), азаюына байланысты. ББ-нің мҿлшері қалыпты
немесе аздап артуы мҥмкін. Кейде анемия кездейсоқ анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |